78
мамандықтың белгілі бір қасиеттер болуы керек. Кәсіптік бағдар беру әдістерін
негізінен жастармен, соның ішінде кәсіби өзін-өзі анықтау сатысында тұрған
мектеп оқушыларымен жүргізу өте қажет. Кәсіптік бағдар берудің әртүрлі
әдістері әртүрлі теориялық
тәсілдерге негізделген, сондықтан олардың
көмегімен алынған нәтижелер әрқашан бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Мысалы «Дифференциалды диагностикалық сауалнама» және «Кәсіби
дайындық сауалнамасы» әдістері мамандықтардың психологиялық жіктелуіне
негізделген. Бұл әдісті Е.А. Климов іс жүзінде классификация бойынша
жұмысшының жұмыс барысында қандай қызметі бар екеніне байланысты,
барлық мамандық түрін бес түрге бөледі. Бұл «адам – адам», «адам – техника»,
«адам – белгі жүйесі», «адам – көркем бейне» және «адам – табиғат» мамандық
түрлері. Бұл кезде ДДС әдістемесі КДС әдістемесімен салыстырғанда неғұрлым
қысқа болып табылады және бұл екі пайымның бірін таңдауға негізделеді. ДДС
әдістемесінің қарапайымдылығы әр түрлі санаттағы адамдарды жасөспірімдер
мен ересек адамдарды, тіпті жеткіншектерді де тесттілеуден өткізуге жарамды
болып табылады, сонымен қатар кәсіби тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді
Ал, литва психолгі Ляонас Антанович
Йовайша тұлға құрылымында
мамандық таңдауды анықтайтын төрт компонентті ажыратады олар:
белсенділік, мүмкіндік, стиль және бағыт.
Адами тұлға белсенділік көріністерімен (соның ішінде мамандық
таңдауда) және өзін-өзі көрсету сипатымен (адам әрекетінің бағытында), жеке
тұлғаның мүмкіндіктерінде және стилінде ұсынылған тұтас ұйымдасуымен
зерттеледі.
Ал, Холланда әдістемесі де қызықты, өйткені бұл климовтан басқа
мамандықтарды жіктеуге негізделген, сондықтан
басқа кәсіптік бағдар беру
әдістерін тиімді толықтыра алады. Холланда әдістемесі кәсіби тұлғалық
бағыттылықтың алты түрінің бірін анықтауға мүмкіндік береді, олар:
«реалистикалық»,
интеллектуалдық»,
«әлеуметтік»,
«конвенционалды»,
«көркемдік» деп аталады. Бұл әдіс кәсіби қызығушылықтармен бейімділіктерді
анықтаудан гөрі үлкен мүмкіндіктерге ие.
Холланда әдісімен анықталатын жеке тұлғаның кәсіптік бағыттылығының
түрлері белгілі бір дәрежеде Климов мамандықтарының классификациясына
сәйкес келетінін атап өткен жөн. Сонымен, тұлғаның «реалистік» түрі «адам –
технология» және «адам – табиғат» сияқты кәсіптерге барынша сәйкес келеді
және
жұмысшылар
мен
инженерлік-техникалық
мамандықтар
мен
лауазымдарға бағытталғандығын сипаттайды. Тұлғаның «интеллектуалдық»
түрі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары саласымен, яғни «адам-адам»,
«адам-табиғат» сияқты к мамандықтармен көбірек байланысты.
«Әлеуметтік» түрі «адам-адам» типіндегі қызмет көрсету саласындағы,
білім беру мен медицинадағы мамандықтарға бейімділігін анықтайды.
«Кәдімгі» түрі «адам – белгі жүйесі» типіндегі ақпараттық мамандықтарға
бейімділігін сипаттайды.
«Кәсіпкерлік» тип Климов типінің кәсіп түрімен
сөзсіз байланысты емес
және олардың кез келгенінде кәсіп түрінде көрінуі мүмкін, дегенмен
79
басқарушылық кәсіптермен лауазымдарға бағдарлану осы түрдің өкілдерін
«адам – тұлға» кәсіптерімен тығыз байланыстырады. Ақырында, тұлғаның
«көркем» түрін «адам — көркем бейне» типіндегі мамандықтарға оңай
жатқызуға болады.
Әрбір мектеп бітіруші түлек үшін мамандық таңдау оңай емес. Мамандық
таңдаудың көптеген
әдістері бар екені белгілі, мамандық таңдауға көптеген
факторлар да әсер етеді. Сондықтан мектеп оқушылары арасында сауалнама
жүргізіп, қорытындысын жинақтай отырып, мектеп бітіруші түлек үшін
мамандық таңдау жоспарын құру қажет. Жоспардың бірінші сатысы сауалнама
жүргізуден бастау алғаны орынды.
Түлектерге арналған сауалнама 9-11 сынып оқушылары арасында
жүргізілді.
Сіз мамандық таңдадыңыз ба?; Мамандық таңдауды қалай шештіңіз?;
Мамандық таңдауыңызға не көмектесті?; Бұл мамандықты таңдау үшін не істеп
жатырсыз?;
Достарыңызбен бөлісу: