«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет35/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   188
 
Сауалнама қорытындысы: 
«Мамандық таңдауды қалай шештіңіз?» деген сұрақтың жауабына 
қарасам, оқушылардың жартысынан көбі мамандықты өз бетінше таңдаған. 
11-сынып оқушылары мамандық таңдауды таңдау пәндері арқылы жүзеге 
асырған. 9-сынып оқушылары ата-аналарының кеңесіне байланысты таңдаған.
Мамандық таңдау бойынша зерттелген материалдарды және түлектердің 
сауалнамасын салыстыра отырып, мамандық таңдаудың келесі схемасын 
ұсынамын:
1.Э.Л. Климовтың Дифференциалдық диагностикалық сауалнамасын 
өтіңіз. (әр мектеп бітіруші тестті онлайн тапсырады), осыдан өзіңіздің кәсіби 
бағдарыңызды, өз-өзіңізді бағалауыңызды, қызығушылықтарыңызды және 
өзіңізге сәйкес мамандық түрін анықтаңыз.
2.Йовайши әдісін өтіңіз. (тестті онлайн тапсыру). Алынған мәліметтер 
бойынша сізге келетін мамандықтарды жазыңыз. 
3.Өзіңіздің қызығушылығыңызды, сүйікті іс-әрекетіңізді анықтаңыз. 
4. Өз қызығушылығыңызды қолдана отырып мамандығыңызды талдаңыз.
5. Өткен әдістемелер арқылы және өз қызығушылығыңыз арқылы таңдаған 
мамандықтар тізімін салыстырыңыз. Сәйкес мамандықтарды жазыңыз. 
6. Осы мамандықтардың қайсысы тұрақты табыс және сізге ұнайтынын 
таңдаңыз. 
7. Осы мамандықты игеру үшін, таңдаған оқу орнына түсу үшін қандай 
пәндерді білу қажет екенін біліңіз. 
8. Өзіңізді таңдаған мамандықтың иесі ретінде елестетіңіз, сіздің 
қалауыңыз осыма соны түсініңіз! 
9. Өзіңіз таңдаған мамандықты ұнатпасаңыз, таңдауды басынан бастаңыз. 
Менің мамандығым «Мамандық таңдау кескіндемесі» бойынша талдау 
жұмыстарына Е.Л. Климовтың «Дифференциалдық диагностикалық сауалнама» 
нәтижелерін зерттеп, адам – адам», «адам – техника», «адам – белгі жүйесі», 


80 
«адам – көркем бейне» және «адам – табиғат» мамандықтары бойынша 
анықтама беріп оқушының ой-өрісін кеңейту жұмыстарын жүргізу қажет.
Йоваши әдісінің 9-11 сынып оқушыларынан алынған нәтижелері бойынша: 
A) Йовайши әдісінде кәсіби артықшылықтарды анықтау;
Тестілеу нәтижесі бойынша менің кәсіби бейімділігім келесі бағыттар 
бойынша көбірек ұпай жинады: 
B) Кәсіби бейімділік сауалнамасы; 
Адамдармен жұмыс 10% (Бұл мамандықтапр ветеринар, дәрігер, мұғалім, 
эколог, жаттықтырушы және т.б.) Зерттеу жұмыстары 4% (геология, 
архиология т.б) Өндірістік жұмыс 0%(Өндіріс орындары) Эстетикалық 
әрекеттер 4% (мәдениет, өнер) Төтенше әрекеттер 3% ( өрт сөндіруші, әскери 
қызмет)
Жоспарлау және экономикалық қызмет 3% (есепш», экономист, инженер 
т.б) 
Қорытынды. Мамандықты дұрыс таңдау үшін мектеп оқушысы, мектеп 
бітіруші түлек әртүрлі оқу орындары туралы әдебиеттерді оқып, олардың 
қызығушылықтары мен бейімділігін ескеруі керек. Оқу орындары туралы 
интернеттен, кітапшалардан оқып танысып немесе ашық есік күндеріне баруға 
болады. 
Мамандықты таңдай отырып, кім болғысы келетінін ұзақ зерттеген жөн. 
Таңдау алгоритмін құрастыру керек. Критерийлеріне назар аудару қажет. Әрбір 
мектеп бітіруші түлек мамандық таңдауда «Мамандық таңдау» схемасына 
сүйену қажет. Ең бірінші өз қабілеттеріне сеніп, міндетті түрде алдына мақсат 
қоя білу керек.
Әдебиеттер тізімі: 
• 
Галицкая С. Компас мамандықтар әлемінде немесе Қалай дұрыс таңдау 
жасау керек: жоғары орта мектептің профилін жасау туралы / С. Галицкая //
• Козловский О.В. Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек: әдістер, 
сынақтар, ұсыныстар. - Донецк: БАО, 2006. – [798 б.] 
•Йовайша Л.А. Проблемы профессиональной ориентации школьников. – 
М., Педагогика, 1983.
• Климов Е.А. Как выбирать профессию. – М., Просвещение, 1990.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет