«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет31/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   188
 
 
 
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕ 
ЖАҢАШЫЛ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ибараибекова Майдагуль Кызылбековна 
 
Қарағанды қаласы, "Алтынай" бөбекжайы 
 
Аннотация.
Использование новых и эффективных методов в детском саду 
предполагает введение в образовательный процесс обновлённых, улучшенных 
и уникальных идей, полученных творческими усилиями воспитателя
.
Целью этих методов в дошкольном учреждении является повышение 
эффективности процесса обучения и получение более качественных 
результатов. 
 
Аңдатпа. Бөбекжайда жаңа және тиімді әдістерді қолдану тәрбиешінің 
шығармашылық күш-жігерімен алынған жаңартылған, жетілдірілген және 
бірегей идеяларды оқу-тәрбие процесіне енгізуді көздейді. 
Мектепке дейінгі мекемедегі бұл әдістердің мақсаты оқу процесінің 
тиімділігін арттыру және жақсы нәтиже алу болып табылады. 
Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы - жастардың қолында, 
сондықтан ХХІ ғасыр жастары жан-жақты білімді, саяси сауатты, 
интеллектуалдық қабілеті жоғары болуы міндет. Бұл мәселені шешу жолында 
нәтижеге бағытталған білім берудің негізі тәрбиеленушілердің танымдық және 
рухани қажеттіліктері мен ой-қабілетін, әлеуметтік және коммуникативтік 
қабілеттерін дамытуға бағыттаған жөн. Осы орайда, тәрбиешілерге қойылатын 


70 
талап өте жоғары, себебі, тәрбиеленушінің жоғарыда аталған бағытқа 
жетелейтін - ол тәрбиеші. Бәсекеге қабілетті, жан-жақты, ынталы, күш-жігері 
мол, жаңашыл, патриоттық сезімі жоғары бала тәрбиелеу - әр тәрбиешінің 
басты міндеті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім 
беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және 
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, 
оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге 
шығу» делінген. Міне, осы орайда, әр тәрбиеші тәрбиеленушінің білімнің 
шыңына шығару жолында даңашыл әдіс-тәсілдері қолданып, жетістікке 
жетудің жолдарын қарастырғаны дұрыс [1].
Іс-әрекеттің қазіргі озық технологиялары:
1. Білім мазмұны жаңашыл біліктермен, ақпаратты қабылдаудың 
дамуымен, шығармашылық білім беру бағдарламаларының мықтылығымен 
баюы; 
Балабақшадағы денсаулықты сақтайтын білім беру технологиялары – бұл ең 
алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың валеологиялық мәдениетін немесе 
денсаулық мәдениетін тәрбиелеу технологиялары. Бұл технологиялардың 
мақсаты – баланың адам денсаулығы мен өміріне саналы қатынасын 
қалыптастыру, денсаулық туралы білімдерін жинақтау және оны қорғау, сақтау 
және сақтау қабілетін дамыту, валеологиялық құзыреттілікке, бұл мектеп 
жасына дейінгі балаға салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлық 
мәселелерін, қарапайым медициналық, психологиялық көмек пен көмек 
көрсетуге байланысты міндеттерді өз бетінше және тиімді шешуге мүмкіндік 
3. Тәрбиеленушінің жан дүниесінің рухани баюына, жеке тұлға ретінде 
қалыптасуына басым бағыт беру; 
Дамыта әрекет ету технологиясы. Дамыта әрекет ету – білім беру теориясы мен 
тәжірибесіндегі, өз мүмкіндіктерін пайдалана дене, танымдық және 
адамгершілік қабілеттерін дамытуға бағытталған бағыт. Бұл белгілі бір 
әрекетке, білімге, жаңашылыққа баулу.
Әрбір жаңалық, өзгеріс тәрбиеленушіге де, тәрбиешіге де әсер етері сөзсіз. 
Әсіресе тәрбиеленушінің қызығушылығын арттырып, жеке тұлғаның жетілуіне 
негіз құру бағытын айқындау маңызды. Тәрбиеші өзінің ұйымдастыру іс-
әрекетін өзгертіп, жаңа сатыға көтеру үшін тәрбиеленушінің сабаққа деген 
қызығушылығын арттырып, білімқұмарлық қасиетін шыңдауы тиіс. Әр 
сабағында бірден тәрбиеленушіге күш салмай, ауырды жеңілге қарай 
ойыстырып, балаларды жалықтырмайтындай жағдай туғызып, тиянақты білім 
алуына мүмкіндік туғызуы шарт. Әрбір сабақтың мазмұнына сай, күрделілігі 
мен тиімділігіне орай әдіс-тәсілдерді таңдап, саралап, жекелеп, жұппен, топпен 
жұмыс жасайтындай тиімді оқу іс-әрекеті жолдарын пайдалану керек. Сонда 
ғана алдыңдағы тәрбиеленуші қызыға, бар ынтасымен түсінуге ынталанады. Ол 


71 
үшін әр тәрбиеленуші үнемі шығармашылық ізденісте, жаңашылдыққа жақын 
болуы керек.
Мен өзімнің бірнеше жылдық жұмыс тәжірибемде тәрбиеленушілермен 
бірлесіп, топтасып, жұптасып, ұжымдасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. 
Жеке жұмыс жасағаннан гөрі бірлесіп, топпен жұмыс жасап, жұппен талқылау 
барысында ортақ мәселені шешуге атсалысып, өзіндік пікірі мен ойын ортаға 
салып, басқаның пікірін тыңдап, одан ой түйіп жатса, бұл үлкен жетістік деп 
білемін. Бұнымен өздері келіседі. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, өз 
әлдерінше жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Шамалары келгенше 
жасаған жұмыстарын таласа-тармаса талдауға, қорғауға тырысады. Топпен, 
ұжыммен жұмыс жасау өте тиімді. Ол үшін мынадай қағидаларды есте ұстаған 
жөн деп есептеймін: 

өзара сыйластық (тең дәрежеде болу); 

жауапкершілік (басқаға сенім артпай, белсенді болу); 

топпен жұмыс жасауда кезекпен сөйлеу; 

топта ұтымды ой айтып, белсенді жұмыс жасау; 
Осындай әрекеттер арқылы топта жұмыс жасауда тәрбиеленушілердің 
білімі шыңдалады, нәтижеге қол жеткізеді.
Балалар топпен, жұппен жұмыс жасауда бір-біріне көмектесіп, 
бәсекелестік артып, өздерінің ойлау деңгейін көтереді. Оқуға, жазуға, тыңдауға, 
сөйлеуге кең мүмкіндіктер алады, өз пікірін еркін жеткізуге ынталанады.
Тәрбиеленушілерге жекелеп іс-әрекет жасау технологиясын қолдану 
тиімді. Жекелеп ол – баланың жеке басының қабілетін ескеру, оның ойын 
тыңдап, қарқынын таңдау. 
Қорыта айтсақ, тәрбиешінің ұйымдастыру іс-әрекетінде жаңа технология 
түрлерін қолдануы тәрбиеші үшін қандай тиімді болса, тәрбиеленуші үшін де 
сондай мәнді. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде тәрбиеленушінің 
ынтасы артып, өз бетімен шығармашылыққа толы жұмыс жасауына, өзін-өзі 
бағалап, өз күшіне сенуіне жол салынады. 
Ұйымдастырылған іс-әрекетте жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану 
жолдарының мақсаты мен мән-мазмұнын айқын түсіну – тәрбиеленушілердің 
жеке тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына әсер етері сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет