«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет32/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   188
Байланысты:
материал пед

Әдебиеттер тізімі 
1.
Бабенко А. Помочь ребёнку [адаптироваться в детском саду] 
Дошкольное воспитание. - 1990. - №11. - 32-34. 
2.
 
https://melkie.net/vidy-deyatelnosti-v-dou/innovatsionnaya-deyatelnost-
v-dou-v-sootvetstvii-s-fgos.html 
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРҒА БІЛІМ 
БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ 
 
Ибратуллова Индира Акылбаевна
Мектеп психологы 


72 
 «Ботақара ЖББМ» 
Аңдатпа.
Білім берудің заманауи әдістерін қолдану арқылы ерекше білім 
беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау. 
Аннотация.
Создание условий для детей с особыми образовательными 
потребностями с использованием современных методов обучения. 
Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру кез келген ел үшін 
негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл – әркім өз іс-әрекетінің қажеттігі 
мен қатыстылығын сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруға 
қажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа да жағдайларына 
тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда әкелуге және оның 
толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге міндеттіміз. 
Дэвид Бланкет
 
Өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында 
отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын 
зейіні,қабылдауы,есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба 
білетін білім біліктілігі жоғары,жаңашыл,ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды 
міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. 
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді 
мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп 
қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру 
барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын 
жоғарлатуға көмектеседі. Биік жетістіктерге жету үшін, мұғалім баланың мінез-
құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің(түйсігі, 
қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын 
қадағалап әрі дамытып отыру керек. 
Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы 
ақпараттық–коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану: 
біріншіден, 
оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың 
сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру 
болып табылады. 
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін 
жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере 
отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін 
оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- 
тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, 
сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және 
тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы 
маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи 
технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін 
технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм 
терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен 
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 


73 
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін 
жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере 
отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін 
оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- 
тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, 
сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және 
тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы 
маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи 
технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін 
технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм 
терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен 
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім 
қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз 
уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, 
қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, 
қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында 
тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға 
дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала 
жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 
3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін 
ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. 
Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан 
әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында 
жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, 
жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. 
АРТ-ТЕРАПИЯ мүмкіндігі: - балада когнитивтік дағды қалыптастырады: 
назарды, жадыны және ойлау қабілетін дамытады; - әдеттегіден өзгеше ракурс 
арқылы өмірлік тәжірибесін жетілдіреді; - бейнелі, қимылдық және дыбыстық 
құралдарды қолдана отырып, қарым-қатынас жасауға үйренеді; - өзі және 
өзгелер риза боларлықтай мәнерлі сөйлеуге дағдыланады; - құнды, әлеуметтік 
дағды қалыптастырады; - жаңа рольдерді меңгеріп, жеке тұлғаның беймәлім 
қырларын ашып, оны бақылауды үйренеді; - өзін-өзі бағалауын көтереді; - 
шешім қабылдап үйрену дағдысын жетілдіреді; - босаңсу, жағымсыз ойлар мен 
жағымсыз сезімдерге бой алдырмауға көмектеседі; - бейнелеу өнерімен, 
әуенмен шұғылданып, шығармашылық қабілетін шыңдайды. 
Құм терапиясы тактілі-кинетикалық сезімталдығы мен қолдың ұсақ 
моторикасын дамытады; бұлшық етке түскен күшті басады, бала өзін 
өзгелердің қорғайтынын сезінеді, белсенділікті дамытады, бала тіліне түсінікті 
түрде жеткізілетін өмірлік тәжірибені шыңдайды; жағымсыз күшті жеңуді 
үйретіп, көңіл-күй сезімін қалыпқа түсіреді; балаға ойынды шынайы өмірмен 
астастыруға мүмкіндік береді. Болып жатқан жағдайлардың мәнін түсініп, 
мәселенің шешімін табуға көмектеседі; «нашар суретші» кешенінің алдын 
алып, дайын пішіндер арқылы композиция құруға үйретеді; шығармашылығы 


74 
дамиды, сәтті жетістікке жеткізетін өзгеше шешімдер табады; көру мен кеңістік 
бағдарын жетілдіріп, тілдік мүмкіндігін шыңдайды; сөздік қорын молайтады; 
дыбыстық-буындық талдау мен синтездеу дағдысын қалыптастырады; 
фонематикалық дыбыс пен қабылдауды дамытады; лексикалық-грамматикалық 
қатынас тілін дамытуға жағдай жасайды; әріп үйренуге көмектеседі, жазу мен 
оқу дағдысын қалыптастырады. 
Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы бала тәрбиесі мен 
дамуының ерте кезінде қалыптастыру керек екенін айтады. Бірінші үш жылдық 
бала зияттылығының(интелектуалдылығының) қалыптасуына үлкен ықпал 
етеді. Жан-жақты даму кезеңінде әр күн маңызды болып саналады. Баланы 
жастан дейтін едік, дұрыс емес, баланы бесіктен де емес, құрсақтан тәрбиелеу 
керек. Біздің қалыптасқан дағдымыз бойынша адам тәрбиені жүре келе, 
қоғамнан жинақтайтын тәрізді. Алайда, құрсақтағы баланың өзі анасынан 
тәрбие ала бастайды. Автордың пікірі бойынша кішкентай балалар кез-келген 
нәрсені тез қабылдап алады. Бала тәрбиесін ерте кезден дамыту үшін өте 
қарапайым, түсінікті әдістерді ұсынады және оған қоршаған орта үлкен 
ықпалын тигізеді, - дейді Масару Ибука. Оның ойынша, үлкендер әрең 
қабылдап, ұғатын нәрсені, кішкентайлар ойнап жүріп қабылдайды. Бүгінгі 
таңда ана мен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана жастар 
жанашыр және бауырмал болады. Автордың да негізгі ойы мынада жатыр: ерте 
кезеңде дұрыс қалыптасқан тәрбие - надандық, сауатсыздық, өзіңе деген 
сенімсіздікті жояды, сол арқылы кедейшілік, өшпенділік, қылмыс азаю жолына 
түсер. Ешбір бала кемеңгер(гений) болып, не ақымақ болып туылмайды. 
Барлығы бала өмірінің шешуші сәтіндегі, яғни алдыңғы мидың даму кезеңінің 
деңгейі мен стимуляциясына байланысты. Бұл үш жасқа дейінгі уақыт. Бала-
бақшадағы тәрбие кеш болады. 
Ерте дамутудың негізгі мақсаты - бақытсыз балаларды болдырмау. Балаға 
жақсы әуенді тыңдату және скрипкада ойнату, бұның барлығы одан атақты 
музыкант шығару үшін емес. Оған шет тілдерін данышпан лингвист болу үшін 
емес, тіпті оны бала бақшаға не мектепке жақсы дайындау үшін емес. Ең 
бастысы баланың шексіз әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін дамыту, сол 
арқылы оған және әлемге улкен қуаныш сыйлау. Нәрестенің әлеуетті 
мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол дәрменсіз, нақ осы қасиеті үшін оның 
мүмкіндіктері зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет