Жамалбеков Е.Ү


 Топырақтың радиоактивтігі



Pdf көрінісі
бет41/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

2.5. Топырақтың радиоактивтігі 
Топырақтың радиоактивтігі топыраққа табиғи немесе 
антропогендік жолмен келген радиоактивті элементтерден 
пайда болады. Ол уақыттың бір мөлшерінде бөлінетін ядролық 
сандарымен белгіленеді. СИ жүйесінде радиоактивтік өлшем 
беккерельмен өлшенеді (1Бк=1с/ бөлшек) немесе белсенділіктің 
тағы бір өлшемі - кюри (1 Ки=3,
7.10
1 0
Бк). 
Топырақтың 
радиоактивтігі 
негізінен 
табиғи 
радиоактивті 
элементтермен 
байланысты 
(ТРЭ). 
Бұл 
радиоактивтіктің түрі әрқашанда азды-көпті мөлшерде барлық 
топырақтарда кездеседі. Олар екі топқа бөлінеді: біріншісі - 
топыраққа аналық жыныстармен немесе геохимиялық ағынмен 
келетін, екіншісі космогендік (топыраққа атмосферадан 
келген), яғни космостың сәулелерімен тұрақты элементтердің 
ядроларының қарым-қатынасынан пайда болатын топ. ТРЭ-нің 
концентрациясы әлемдік орта мөлшері 1000 Бк/кг (25.10
-9
Ки/кг) белсенділік құрады, бірақ концентрациясының өзі өте 
үлкен аралықта өзгеріп тұрады (100 еседен кем болмайды), ол 
ТРЭ-нің топырақ түзуші жыныстардың ішіндегі мөлшеріне 
байланысты. 
Топырақтағы табиғи радиоактивтік изотоптар
Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе ауыр металдардың 
реттік 
нөмірі 
Z>>82 
радиоизотоптарымен 
(радионуклеидтермен) байланысты. Бұлар үш туыстық құрады: 
уранның (баcы 
23 8
U, жартылай бөліну мерзімі Т
1/2
=4,5.10
9
жыл) 
актинийдің ( басы 
2 35
U, Т
1/2
=7,1.10
8
жыл) және торийдің (басы 
232
Th, Т
1/2
=1,4.10
10
жыл). Бұлардың әрқайсысына кезекпен 
көбінесе альфа-бөлшектер (гелийдің ядросы), кейбіреулері 
бета- және гамма-бөлшектерін шығаратын 17, 14, 12 
радиоактивті изотоптар кіреді. 
Бөлінген ең соңғы заттар - қорғасынның тұрақты 
изотоптары: 
2 06
Рв, 
20 7
Рв, 
208
Рв. Бұлардың арасындағы изотоптар 
аз уақыт қана болады және олардың пайда болуы аналық 
радиоизотоптарға байланысты. 
Бүлінбеген 
тау 
жыныстарында 
әр 
туынды 
радиоактивтігінде тепе-теңдік жағдайы байқалады. Ол кезде 
барлық туынды мүшелерінің саны бірдей болады. Топырақта 


78 
радиоактивтік тепе-теңдік сақталмайды, өйткені радиоактивтік 
туыстық құрайтын түрлі элементтердің миграциялық қасиеттері 
әр түрлі болады. Мысалы, әрбір туыстық арасындағы шығатын 
газ түріндегі радон және оның көп бөлшегі атмосфераға ұшуы 
мүмкін. 
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет