Жамалбеков Е.Ү


 Топырақ ортасының реакциясы



Pdf көрінісі
бет40/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
2.4. Топырақ ортасының реакциясы 
Топырақ ортасының реакциясы да тоыпарқтың маңызды 
көрсеткіштерінің бірі. Әр түрлі топырақтарда топырақ 
ортасының реакциясы әр түрлі болады.. Бұған негізінен әсер 
ететін нәрсе - жоғарыда сипатталған топыраққа сіңірілген, 
алмасу реакциясына мүмкіндігі бар катиондар құрамы. 


76 
Топырақтардың сіңірген комплекстеріне қарап, әдетте, олардың 
реакциясын қышқыл, бейтарап, сілтіленген деп ажыратады.
Топырақтың қышқыл ортасы, топырақтың сіңіру 
комплексі 
негізінен 
сутегі 
катионымен 
толықтырылған 
топырақтарда кездеседі. Бұл жауын-шашыны мол аймақтарда 
тараған күлгін және қызыл топырақтарда болады.
Топырақтың бейтарап ортасы, топырақтың сіңіру 
комплексі 
негізінен 
кальций 
катионымен 
қаныққан 
топырақтарда көп. Бұл қара топырақты, қара қоңыр топырақты 
аймақтарда тараған. 
Ал топырақтың сілті реакциясы, топырақтың сіңіру 
комплексі негізінен натрий катионымен толықтырылған 
топырақтар да болады. Мұндай топырақтар елімізді ң оңтүстік 
аймақтарындағы жартылай шөл және шөлді аймақтардағы 
сортаң, сорланған жерлерде кездеседі. 
Топырақ ортасының реакциясы оның ерітіндісінде бос 
күйінде кездесетін сутегі иондарының концентрациясымен 
анықталады, оны рН-пен белгілейді. Әр түрлі топырақ 
ерітінділеріндегі рН-ның мөлшері 3-10 сандарының арасында, 
яғни күшті қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға шейін 
кездеседі. 
рН-тың көрсеткіші 3-тен 6,5-ке дейін болса - қышқыл 
топырақтар, 6,5-7,5-га дейінгі - бейтарап топырақтар, ал 
одан жоғарысы сілтілі топырақтар қатарына қосылады. 
Топырақ ортасының реакциясы - топырақ қасиеттеріне, 
ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін бүкіл жәндіктер мен 
микроорганизмдерге, жалпы топырақ құнарлылығына әсер 
ететін негізгі фактордың бірі. Топырақта өсімдік өсу үшін 
топырақ ортасының реакциясы бейтарап болғаны дұрыс. Ал өте 
қышқылды немесе сілтілі ортада топырақтар микроорганизмдер 
үшін де, өсімдік үшін де қолайсыз. Сондықтан егістікке тиімді 
пайдалану үшін оларды қолдан әктендіріп, гипстендіріп, 
топырақ ортасының реакциясын бейтарап күйге көшіреді. Бұл - 
топырақ құнарлығын арттырудағы негізгі шара. Қазіргі 
күндерде Ресей басшы органдардың шешімдеріне сәйкес ауыл 
шаруашылығында игеріліп жатқан кеңбайтақ - қара топырақты 
емес алқаптарын, дәлірек айтсақ, орманды зонаның күлгін 
топырақтарының 
қышқыл ортасын төмендетіп егістікке 
айналдыру әрекеттері жүргізілуде. Ол үшін бұл топырақтарға 
әк, тағы басқа тыңайтқыштар енгізу қажет, өйткені бұл 


77 
топырақтардың реакциясы өте қышқыл және табиғи жағдайда 
құнары аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет