Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет39/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі 
ерітінділерінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған 
минералды 
және 
органикалық 
қосылыстарды, 
микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне 
сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Топырақтың сіңіру 
қасиеті бірнеше түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, 
физико-химиялық, химиялық және биологиялық сіңірулерге 
бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933). 
Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті деп, оның 
сумен немесе желмен бірге келген әр түрлі заттардың топырақ 
кеуектерінде ұсталынуын айтады (топырақ кеуектері арасында 
топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған, әр түрлі 
заттар). 
Топырақтың 
физикалық 
сіңіруі 
деп, 
топырақ 
бөлшектерінің 
беткі 
қабатының 
топырақ 
ауасы 
мен 
ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) 
айтады. 
Топырақтың физика-химиялық сіңіруі деп топырақтың 
қатты 
фазасындағы 
катиондардың 
өзіне 
жұғысқан 
ерітінділердегі катиондарға тең мөлшерде алмасуын айтады, 
сондықтан мұны кейде алмасу сіңірілуі деп те айтады. Былайша 
айтқанда, бір катиондар алмасу реакциялары арқылы екінші 
катиондармен орын алмастырады. 
Топырақтың химиялық сіңіріуі деп, топыраққа жуысқан 
ерітінділерден топырақтың кейбір иондарды сіңіру арқылы суға 
ерімейтін немесе өте аз еритін тұздарды құру процесін айтады. 
Мәселен, карбонаттар мен гипстердің түзілуі.
Топырақтың биологиялық сіңіруі деп, топырақтың тірі 
бөлігі (микроорганизмдер мен өсімдік тамырлары) арқылы әр 
түрлі заттарды сіңіруін айтады. 


75 
Топырақтың көп қасиеттеріне өзінің шешуші әсерін 
тигізетіндердің бірі - топырақтың физико-химиялық немесе 
алмасу сіңіруі. Сондықтан бұл процесті зерттеуге академик 
К.К.Гедройц баса назар аударған болатын. Оның зерттеуі 
бойынша алмасу реакцияларына қатысы бар қосылыстарды 
топырақтың сіңіру комплексі деп атайды. Топырақтың сіңіру 
комплексіндегі катиондар әр уақытта өзіне тең мөлшердегі 
басқа катиондарға алмаса алады. 
Топырақтың сіңіру мүмкіндігі әр түрлі топырақтарда 
түрліше. 
Топырақ 
неғұрлым 
қара 
шірікке 
бай 
және 
механикалық құрамы ауырлау (балшықты) болса, соғұрлым 
оның сіңіру қасиеті де мол болады. Ал топырақта неғұрлым 
қарашірік аз, құрамы жеңілдеу (құм, құмдақ) болса, соғұрлым 
сіңіру мүмкіндігі шамалы болады. 
Топырақтың сіңіру қасиетінің оның құнарлығына әсері 
өте зор. Топырақ әр түрлі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу 
арқылы (әсіресе өсімдік тіршілігіне керекті заттарды ұстап қалу 
арқылы) құнарлығын арттыра түседі. Осы сіңірілген заттардың 
ішінде өсімдіктерге қажетті негізгі макроэлементтер: азот, 
фосфор, калий, кальцийлермен қатар, аз да болса көптеген 
микроэлементтер кездеседі. Сондықтан да топырақтарда әр 
түрлі өсімдіктер өсіп, нәр алады. Топырақта сіңірілген 
заттардың құрамына, әсіресе топырақтың алмасу реакциясына 
мүмкіндігі бар, сіңірілген катиондарға байланысты топырақтың 
физикалық қасиеттері де әр түрлі болады. Әдетте, құрамында 
кальций катионы бар топырақтардың физикалық қасиеттері 
жақсы, ал құрамында натрий катионы мол топырақтардың 
физикалық қасиеттері өте нашар, сортаң топырақ болып келеді.
Ал топырақ құрамында СО
3-
, Сl
-
SO
4-
иондары мол 
болса, ондай топырақтар өсімдіктер үшін улы, онда ештеңе 
өспейді. Олар сорланған, сор, тұзы мол топырақтарға жатады. 
Бұл топырақтарды егістікке пайдалану үшін оның тұзын 
шайып, мелиорациялау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет