Жамалбеков Е.Ү


Топырақтану ғылымының Ресейде (В.В.Докучаевке



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Топырақтану ғылымының Ресейде (В.В.Докучаевке 
дейін) дамуы. 1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика 



салаларымен 
шұғылданатын 
Ресейдің 
алғашқы 
ауылшаруашылығы қауымы - Ерікті экономикалық қоғам 
ұйымдастырылды. 
Оның 
құрамында 
негізінен 
табиғат 
зерттеушілері мен экономистер болатын. 
Орыс қара топырағы тек Ресейді ғана асырап қойған 
жоқ, сонымен қатар онда өсірілетін астық, бидай Еуропамен 
байланыстыратын негізгі сауда көзі болды.
Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс 
болжам айтқан орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1763). Ол 
"Жер қабаттары туралы" атты кітабында: "Қара топырақтың 
пайда болуы, минералды емес, табиғи екі патшалықтан - 
өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз 
мойындаймыз" деп жазды. В.В.Докучаев бір ғасырдан кейін 
осыны ғылыми негізге алды. Қара топырақтар туралы XVІІІ 
ғасырда профессорлар М.А.Афонин, И.М.Комовтар да жазды. 
Бірақ олар қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған 
жоқ. 
Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасында әр 
түрлі 
топырақтардың 
агрономиялық 
қасиеттері 
туралы 
мәліметтер сұрақ-жауап ретінде жиналды. Сұрақтар әр 
губерниялар мен уездерде қанша жер өңделуде, оны ң 
құнарлылығы, құрамы қалай деген мағынада болатын.
Ерікті экономикалық қоғаммен қатар топырақ туралы 
мәліметтерді 
мемлекеттік 
мүлік 
министрлігінің 
ауылшаруашылығы Департамент есепшілері жинады. Осы 
материалдарды жинастырып, 1851 жылы К.С.Веселовский 
Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызба-нұсқа түріндегі 
картасын жасады. Ал 1879 жылы В.И.Чаславскийдің дәл осы 
территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған 
картасы жарық көрді. Шаруа мен диқаншылардан салық жинау 
мақсатында құрастырылған бұл карта ғылыми тұрғыда 
негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді.
Осы 
кезде 
Петербургтің 
орман 
институтының 
профессоры 
П.А.Костычев 
(1845-1895) 
топырақтанудан 
алғашқы 
оқулық 
жазды 
(1886). 
Батыс 
Еуропаның 
агромәденихимиялық, 
агрогеологиялық 
топырақтанушыларының көзқарасына қарағанда П.А.Костычев 
топырақ 
қасиеттерін 
өсімдіктер 
мен 
микроорганизмдер 
өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын 
зерттеуге 
үлкен 
үлес 
қосып, 
1886 
жылы 
«Ресейдің 
қаратопырақты 
облыстарың 
еңбегін 
шығарып, 
онда 


10 
қаратопырақтағы топырақ шіріндісінің түзілуі, оның топырақ 
құрылымына әсері мен осы топырақтардың құнарын сақтап, 
ұлғайтудың шараларын ұсынды. 
П.А.Костычев топырақтануды тек агрономиялық қана емес
сонымен қатар оны биологиялық ғылымға да жатқызды. 
В.В.Докучаветың 
ең 
жақын 
шәкірті 
Н.М.Сибирцев 
П.А.Костычевті 
топырақтанудың 
ғылыми 
негізін 
салушылардың бірі деп бағалаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет