Жамалбеков Е.Ү


Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы



Pdf көрінісі
бет8/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы. (Бұл 
бөлімшедегі мәліметтер Қазақ ССР Ғылым академиясының 
топырақтану институты туралы еңбектен алынды, 1980 ) 


17 
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы 
Өмірбек 
Оспанұлының 
есімімен 
тікелей 
байланысты. 
Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының 
топырақтану және агрохимия мамандығын алған (1932 ж.) 
Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев 
атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 
1936 жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты 
дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө.Оспанов топырақтану 
саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі 
бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады.
Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым 
академиясының қазақ филиалында геология секторында аға 
ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төралқасында қызмет 
атқарды. Осы кездері филиал төралқасының төрағасы 
К.С.Сәтпаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ Ғылым 
академиясының 
негізін 
қалауда 
көптеген 
ұйымдастыру 
жұмыстарын жүргізді. Ө.Оспанұлы Қазақстанда топырақтану 
секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету 
үшін елімізге аты белгілі профессор А.И.Безсоновты шақырды).
Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы 
ғылыми ұжым пайда болды (1939). Бұл топқа Отан соғысы 
жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым 
академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының 
директоры Л.И.Прасолов бастаған, кейінірек академик болған 
И.П.Герасимов, профессорлар М.А.Глазовская, Е.В.Лобова т.б. 
қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми 
негізде 
зерттеле 
басталды. 
Дегенмен 
сектор 
ұйымдастырылғанға шейін Қазақстан жерінің топырақтары 
туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа 
үйлеспейді. 
Қазақстан 
жерінде 
XVІІІ-XІX 
ғасырларда 
Ресей 
ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: 
Лепехин, 
Гмелин, 
Паллас, 
Краснов, 
Миддендорф, 
Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б. негізінен жалпы 
табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. 
Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы 
үстіміздегі 
ғасырдың 
басында, 
Ресейдің 
халық 
тығыз 
мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, 
Қазақстан 
мен 
Сібірге 
көшіру 
мақсатымен 
құрылған 
Қоныстандыру басқармасы қолға алғанды. 


18 
Бұл 
жұмыстар 
Докучаевтың 
дарынды 
шәкірті, 
топырақтану саласындағы алғашқы академик К.Д.Глинканы ң 
басқаруымен жүргізілген. Бұл экспедицияларға Докучаевтың 
ізбасары, 
кейінірек 
еліміздің 
көрнекті 
топырақтанушы 
ғалымдары: 
С.С.Неуструев, 
Л.И.Прасолов, 
А.И.Безсонов, 
Р.И.Аболиндер 
өте 
құнды 
материалдар 
жинады. 
Осы 
еңбектердің нәтижесінде ел қоныстанып, жерлерін егіншілікке 
пайдалануға жарайтын көптеген аймақтар анықталды. Ескеретін 
жай, осы кездегі зерттеулер еліміздің топырақтану саласына 
үлес қосып, кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аттары 
бүкіләлемдік 
топырақтану 
терминдеріне 
енді. 
Мәселен 
С.С.Неуструевтың Шымкент уезіндегі тау етегіндегі топыраққа 
қойған алғашқы аты - «сұртопырақң (серозем), Перовск 
(Қызылорда) уезіндегі Қазалы маңындағы топырақтарға қойған 
аты "сұрқұба" (серобурые) қазірде әлемдік терминдерге 
айналған (Неуструев С.С., 1910) 
 
 
 
 
 
 
Топырақтану секторының, Мәскеу мамандары қолдаған 
алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын 
ұйымдастыруға негіз болды. Мұндай институт Ғылым 
академиясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институтты әр 
кезеңде мына ғалымдар басқарды: Ғылым академиясының 
корреспондент-мүшесі 
Ө.Оспанов 
(1945-1968), 
академик 
В.М.Боровский 
(1968-1984), 
Ғылым 
академиясының 
корреспондент-мүшесі Ж.У.Ақанов (1984-2000), биология 
ғылымының докторы Жаланкөзев Т., (2000-2003). Қазір ауыл 
шаруашылық ғылымының докторы, профессор Сапаров А.
басқаруда. 
Институт 
осы 
салада 
республикадағы 
ғылыми-
методикалық орталығы бола тұрып, топырақтану ғылымының 
дамуына өте үлкен үлес қосты. 
Халық шаруашылығының дамуының әр түрлі кезеңдерінде 
институт өндірістің талаптарына сәйкес топырақтанудың іргелі 
және қолданбалы мәселелерімен шұғылданып ауылшаруашылық 
өндірістің өрге басуына көп септігін тигізді. Осы еңбектері 
үшін Институт 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен 


19 
марапатталды. Ескеретін жай, топырақтану саласы және оған 
қоса топырақ агрохимиясы ғылымы Қазақтың В.Р.Вильямс 
атындағы егіншілік институтында, Қазақтың А.И.Бараев 
атындағы астық шаруашылық институтында, Қазақтың Үлттық 
аграрлық университетінде көптен өріс алып, дамып келеді.
1996 жылы Қазақ республикасының Ғылым 
академиясының қүрылуына 50 жыл толуына байланысты, 
Топырақтану институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі 
еңбектері үшін және ғалымды мәңгі есте қалдыру мақстатында, 
институтқа Ө.Оспанов аты берілді.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет