Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет14/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

 
 
1.3 Топырақтың түзілуінің материалдық негіздері 
 
Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзуші 
факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық 
негіздер әсерін тигізеді.. Топырақ түзуші материалдық негіздерге: 
аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, 
мекендейтін бүкіл жоғарғы және төменгі сатылы организмдер 
қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің 
өзгешелігі нәтижесінде әр түрлі топырақтар түзіледі. Ескеретін жай, 
бұл топырақ түзуші материалдық негіздердің кейбіреулері, мәселең, 
аналық жыныстар, тірі организмдер қосындылары жоғарыда 


29 
сипатталғандай, әрі топырақ түзуші факторлар, әрі топырақ түзуші 
материалдық негіздер ролін атқарады. Сондықтан олардың қай ролде 
маңызы басымырақ екенін бөліп айту қиын. Ол жағдайлар тек шартты 
түрде бөлінеді.Әдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдық 
негіздерінің үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан 
басталады. Биосферадағы әр түрлі табиғат денелерінің химиялық 
құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы әр түрлі элементтердің орта 
есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы 
элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан 
американдық ғалым Ф.У.Кларк еді. Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші 
деп атайды. Кейінірек жаңа қосылған мәліметтерге байланысты бұл 
кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А.Е.Ферсман, 1934-
1939, А.П.Виноградов, 1962). Сонымен қатар ауа құрамындағы, судағы 
және тірі заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды. 
Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы. Тау 
жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне 
байланысты олар үш топқа бөлінеді: 
1. Мол элементтер, кларк көрсеткіштері - n10-n10
-2
2. Аз элементтер, кларк көрсеткіштері - n10
-2
-n10
- 3
3. Өте аз элементтер, кларк көрсеткіштері - n10
-3
-n10
-5
Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы, % 
есебімен 
(А.П.Виноградов, 
1962; 
М.А.Глазовская, 
1981 
оқулығынан). 
Мол элементтер (n10-n10
-2)
0 – 47
Sі – 29 
Al - 8,05 
Fe - 4,7 
Са - 3,29 
Na - 2,5 
K - 2,5 
Mg - 1,87 
Ті - 0,45 
H - 0,15 
Mn - 0,10 
P - 0,10 
Ғ - 0,06 
S - 0,047 
Sr - 0,035 
С -0,023 
Cі- 0,017
Zr -0,017 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет