Жамалбеков Е.Ү


Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза



Pdf көрінісі
бет16/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза 
суларының химиялық құрамы. Ауадан түсетін ылғал 
топырақтағы барлық тіршілікті және ондағы жүретін бүкіл 
химиялық реакцияларды қамтамасыз етеді. Суда тез ерігіш 
тұздарды ерітеді, оларды топырақ қабатынан әкетеді.
Ауадан түсетін ылғал, әдетте, таза су емес, ол өзімен 
ауа газдарын, шаң-тозаңдарды, тұздарды, қышқылдарды 
ілестіре келеді. Кей кездерде ауадағы топырақ бетінен немесе 
теңіз беттерінен ұшқан тұздар ылғалмен еріп топырақ бетіне 
қайта сіңіп жатады. 
Мұхит пен теңіз беттерінен желмен ұшқан тұздар 
әдетте, мұхит, теңіз жағалауларында кездесед. Оның мәнісі: су 
толқындарының жағалауға соғылуынан көптеген су тамшылары 
пайда болады. Бұл тамшылар желдің қатты күшімен ауаға 
ұшады да, су тез буға айналады, ал тамшы құрамындағы тұздар 
желмен әр тарапқа ұшады, кейін ауа ылғалымен топыраққа 
сіңеді. 
Кейінгі 
жылдары 
жоғарыда 
айтылған 
табиғи 
құбылыстармен қатар, ауадан түсетін ылғалдың химиялық 
құрамдарына өндірістік күштердің де әсерлері тиіп жатыр, әр 
түрлі жылу электростанцияларынан немесе ірі-ірі зауыттардың 
биік мұржаларынан шыққан түтіндер ауаны ластауда. Аралға 
құятын екі ірі өзендер - Әмудария мен Сырдарияның суын 
түгел жер суаруға пайдаланғандықтан, Ар ал теңізі көп шегініп, 
бірте-бірте 
тайызданып, 
көлемі 
тіпті 
азаюда. 
Осыған 
байланысты бұрынғы теңіз табанының көп алқаптары судан 
босап, құрғап, ал құрғаған жерлерден жыл сайын миллиондаған 
тонна тұздар мен шаң тозаңдар ауаға көтерілуде. Бұлар 
көтерілген жерлерінен алыс аймақтарға тарап, қышқылды 
немесе тұзды жаңбырлар болып түсуде. 


32 
Топыраққа ауадан түсетін ылғалдармен қатар оның 
бетіне жақын жатқан жерасты ыза суларының химиялық 
құрамдарының да тигізер әсері мол. Бірақ әлемде ондай жерлер 
аса 
көп 
емес, 
олар 
өзендер, 
теңіздер 
мен 
мұхит 
жағалауларында, жерасты ағысы нашар өзен бойларының 
төменгі атырауларында, суармалы егіншілік көптен өріс алған, 
жерасты ағымы аз жазиралы алқаптарда орын алады. 
Жерасты ыза суларының топырақтың механикалық 
құрамдарына қарай оған әсерлері әртүрлі. Топырақ құрамы 
неғұрлым жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының 
соғұрлым қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5 -1 м-ге жетеді. Ал 
жер балшықты, саз балшықты болса, жерасты ыза сулары 3 -4 м-
ге көтеріледі. Топырақтағы құбылыстарды жерас ты ыза 
суларының тек көтерілу деңгейімен ғана емес, олар тұздану 
мөлшерімен және химиялық құрамдарымен сипатталады. 
Әдетте, тұщы сулар құрамында гидрокарбонат, ал ашы суларда 
сульфатты-хлорлы, хлорлы-натрийлі құрамды тұз мөлшері өте 
көп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет