Жамалбеков Е.Ү


Ауа райының топырақ түзудегі ролі



Pdf көрінісі
бет11/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Ауа райының топырақ түзудегі ролі орасан зор. 
Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа 
температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қы сқа 
немесе ұзақтығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік, жан -
жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың 
әрекетінен әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, 
шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тон астында 
дамымаған, мәңгі жас, құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы 
жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті 
аймақтарда құнары мол қаратопырақ түзіледі.


25 
Топырақ 
түзілу 
құбылысының 
жылдамдығы 
(белсенділігі) ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей 
байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал 
қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы күні 
жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, 
ылғалы аз, күні суық немесе ыстық аймақтарда бұл 
құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат 
жағдайларына топырақтың 
химиялық 
және минералдық 
құрамдары тікелей байланысты. 
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары 
негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал 
күн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ 
құрамындағы минералдардың басым бөлігі, жөнді үгілмеген 
алғашқы минералдардан тұрады. 
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз 
кездессе, керісінше құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға 
ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келу і 
де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді.
Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзуге 
әсері. Түзілген топырақтың химиялық, минералдық және 
механикалық құрамы өзін түзген тау жыныстарының құрамына 
өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын топырақ 
түзуші аналық жыныс деп атайды. Осыдан топырақтың өзін 
түзген аналық жынысқа ұқсас болуы заңды нәрсе. Сонымен 
аналық топырақ түзуші тау жынысы өзі түзген топырақтың 
көптеген 
химиялық, 
физика-химиялық 
және 
физикалық 
қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ 
түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға 
тән емес құрамы басқа топырақты түзеді. Бұған мысал ретінде 
бұрынғы КСРО-ның кең алқапты, күлгін топырақты аймағында 
кездесетін қара шірікті, әктасты топырақты айтуға болад ы. Бұл 
жерлерде топырақ түзуші тау жыныстарының әкті заттарға бай 
болуы, аймақтың ішінде терістік аймаққа тән емес, қарашірікті, 
әкті заттарға бай топырақ түзуге әсер етеді. Тау жыныстарының 
өзі түзген топыраққа әсері, әсіресе, шөлді аймақтарда айқын 
көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал аз 
болғандықтан, топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып
тау жынысына оның әсері аз тиеді. Сондықтан тау 
жыныстарының құрамына күрделі өзгерістер енгізе қоймайды.
Топырақ түзуге, оның құнарлылығын арттыр уға жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет