206
көп
ұзамай
қазіргі
әлемдік
нарықтық
экономикасы н
сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңының
нұсқасы ұсынылды. Біршама пікірталас сараптамалардан кейін
Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшілікті қолдауына
ие болып, 2003 жылдың 20 маусымында қабылданды.
Бұл кодекстегі басты жаңалық - ауыл шаруашылығы
мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік
меншікте болуымен қатар жеке меншікке
төлемақы арқылы берілуі
(сатылуы). Жер кодексіні талқылау кезінде үлкен дау туғызған,
біршама халыққа осы күнге дейін күмәндандырып жүрген мәселе - осы
ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің
ойымызша, бұл мәселеден үрейленбеу керек.. Біріншіден ауыл
шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды,
көп болса Қазақстан
жерлерінің 10-15 %-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке
жерді сатып алу өз еркіндерінде. Сатып алғысы келмесе бірнеше
жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалануға болады.
Жердің ақысын бірнеше жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке
меншікті де, ұжымдық, акционерлік, серіктестік т.б. әртүрлі түрлері
болады. Қай түрін ұйымдастырса да мүмкіндік бар. Әңгіме жерді жеке
меншікке беруде болып тұр. Себебі Қазақстан тарихында ауыл
шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз, совхоздар
меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі, совхоздікі деген
сөз ешкімдікі емес деген сөз.
Сондықтан оны пайдаланудағы
жауапкершілікте жоқ есебінде болған.
Қазақта ‘’иелі жер - киелі’’ деген әдемі сөздер бар, оның
мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып, қорғап, гүлдендіреді
деген мағына береді. Шындығында да жеке меншік жер иесі өз
жерінде еңбек етуге аянбайды, себебі бұл жерден алынған өнім басқа
ешкімге емес, өзіне қалады.
Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодескіне
сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген,
өз табиғи-
экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау
қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру
төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің
құндылығына қарай әртүрлі. Соған сәйкес,
олардың төлемақылары
әртүрлі аймақтарда әрқалай. Төмендегі екі қосымша 11, 12 кестелерде
(Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысына
сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе
мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін
төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау
құқығын сату төлемақысының мөлшерлері берілген. Жер учаскесінің
207
жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге
арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар, (құрылыстар, үймереттер)
мен олардың кешендері
салынған жерлерді берген кезде, олар үшін
төлемақының базалық ставкалары берілген.(11-кесте) Ал 12 кестеде
жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке
берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары көрсетілген.
Қазақстанның жаңа жер кодексі қабылданған біршама уақыт
ішінде аса маңызды істер жүзеге асты. 1. Мыңдаған гектар
ауылшаруашылық жерлері жеке меншікке сатылып, оның
қаржысы
ұлттық қорға аударылды. 2. Ауылшаруашылық жерлерін банктер
кепілге қояр құндылық ретінде қабылдауда. 3. Жеке меншігінде жер
телімдері барлар өз телімдерін субарендаға беру толық күшін жойды
11-кесте
Достарыңызбен бөлісу: