Жамалбеков Е.Ү


  Топырақты тыңайту мәселелері



Pdf көрінісі
бет93/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5.10. 
Топырақты тыңайту мәселелері 
 
Егілген егіннен мол өнім алу үшін топырақта 
өсімдіктерге қажетті минералдық және органикалық заттар 
жеткілікті болуы шарт. Әдетте топырақтың қай жерде 
орналасуына және басқа табиғи жағдайларға қарай оның 
құрамында өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың 
қоры шексіз емес, олар жыл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп-
жетілуінен, түскен өніміне қарай жұмсалып, белгілі мөлшерде 
кеміп отырады. 
Егістіктердің 
топырақ 
құрамынан 
қаншалықты 
мөлшерде қоректік заттар алатынын мына мысалдан анық 
көруге болады. Мәселен, жүгерінің гектарынан 600 центнер көк 
балауса жинау үшін өсімдік өсіп жетілу дәуірінде жерден 150 
кг азот, 70 кг фосфор, 200 кг калий тұздарын алады. Ал қант 
қызылшасының әр гектарынан 400 центнер тәтті тамыр алу 
үшін қызылша өзінің вегетация кезеңінде бойына орта есеппен 
160 кг азот, 60 кг фосфор, 260 кг калий сіңіреді екен 
(Иманғазиев К., 1970). Өнім бұдан жоғары болған жағдайда 
өсімдіктердің жерден алатын қоректік заттарының мөлшері де 
арта түседі. Егер егістік жерлерден тұрақты әрі жоғары өнім 
алғымыз келсе, онда қосымша тыңайтқыштар енгізу қажет. 
Егістікке тыңайтқыштарды топырақтағы минералдық және 
органикалық 
заттардың 
мөлшеріне, 
егілген 
егіндердің 
физиологиялық ерекшеліктеріне қарап енгізеді. 
Бұл жөнінде республикамыздың барлық облыстарында 
жұмыс істейтін агрохимиялық лабораториялар бар. Бұл
лабораториялардың 
қызметкерлері 
облыстардағы 
барлық 
ұжымшарлардың 
егіс 
танаптарының 
агрохимиялық 
картограммаларын жасап, әрбір шаруашылық басшыларына қай 
жерге қандай тыңайтқыш және қандай мөлшерде енгізу туралы 
ұсыныстар береді. 
Республиканың 
Білім 
министрлігі 

Ғылым 
академиясының Ө.О.Оспанов атындағы Топырақтану институты 
қызметкерлерінің көп жылдық жүргізген агрохимиялық зерттеу 
жұмыстары мынаны көрсетеді: 
1. Қазақстанның барлық топырақтары табиғи жағдайдың 
өзінде 
калиймен 
жақсы 
қамтамасыз 
етілген. 
Калий 
тыңайтқышын тек картоп пен қызылша үшін енгізген жөн.


200 
2. Қазақстанның барлық топырақтары фосфорлы 
тыңайтқыштарды керек етеді. Сондықтан оны барлық егістіктер 
үшін тиімді пайдаланған жөн. Әсіресе суармалы жерлерде 
фосфорлы тыңайтқыштар ауадай қажет. 
3. Қазақстанның топырақтары азотты тыңайтқыштарды 
да көп қажетсінеді. Әсіресе олар оңтүстік облыстардың 
суармалы техникалық дақылдар мен суармалы жерлерде 
өсірілетін басқа дақылдар үшін өте қажет.
4. Қазақстан топырақтары микроэлементтермен - 
жылжымалы бормен және марганецпен қамтамасыз етілген. 
Жылжымалы бордың Каспий маңы ойпатында мөлшерден артық 
екендігі анықталды. Молибден мен мырыш оларда тапшы 
болса, мыс орта мөлшерде кездеседі. Кобальт Қазақстанның 
барлық жерінде мөлшердегіден аз. Тәжірибе көрсеткендей, 
егістікке тек қана жоғарыда айтылған макротыңайтқыштарды 
ғана емес, сонымен қатар микротыңайтқыштарды да қажетті 
мөлшерде енгізу егістіктің өнімін едәуір арттырады, сондай -ақ 
дақылдардың сапасына әсер етеді. 
Минералды 
тыңайтқыштар, 
әсіресе 
фосфор 
тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. 
Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат 
негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, 
Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай -ақ 
фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий 
тыңайтқыштарын 
өндіретін 
зауыттар 
соңғы 
жылдары 
Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.
Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш 
макроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік 
тіршілігіне 
өте 
аз 
мөлшерде 
болса 
да, 
қажетті 
микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан 
топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, 
молибден, 
кобальт 
екендігі 
анықталып 
отыр. 
Осы 
микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық 
жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал 
жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан 
агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.
Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз 
еттік. 
Ал 
негізінен 
егіс 
өнімдеріне 
тек 
минералды 
тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа 
түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар - органикалық 
тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және 


201 
бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық 
тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң 
садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл 
шөптер. 
Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді 
тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында 
органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да 
бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі - жоғарыда 
айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар 
немесе сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап 
етпей, өніп-өсіп, жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық 
шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып 
тастауды 
айтады. 
Тыңайтқыштың 
бұл 
түрі 
еліміздің 
оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы 
жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту 
үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан -ақ 
белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: 
жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның 
құнарлылығына 
микроорганизмдердің, 
оның 
ішінде 
бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар 
түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) 
түйіртпекті (клубни) болып өсіп, ауадан бос азотты өз денесіне 
жинап, топырақтың тыңаюына көп «қолқабысң тигізеді. 
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны 
өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы 
микроорганизмдер. 
Табиғи 
жағдайда 
көбінде 
топыра қ 
микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы 
жағдайларды 
күшейту 
үшін 
топыраққа 
бактериялы 
перпараттардың 
ішінен 
нитрагин, 
азотбактерин 
мен 
фосфорбактерин т.б. енгізеді. 
Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар 
енгізу 
мәселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық 
қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті 
химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін Кеңестік 
заманның соңғы жылдары барлық облыстарда, аудандарда 
арнайы 
химияландыру 
басқармаларын 
ұйымдастырды. 
Дегенмен қайта құрумен басталған кейінгі үлкен өзгерістер 
кезінде бұл жүйелерде бұзылып қалпына келе алмай 
жатыр.Мәселе - осыларды қалпына келтіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет