Жамалбеков Е.Ү


 Бүлінген жерлерді қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет92/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5.9. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру 
 
Өркениеттің үдемелеп дамуына байланысты ауыл 
шаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға 
пайдаланылып келеді. Мысалы, олар әр түрлі құрылыстар 
салуға, жол және электр тораптарын тартуға т.б. мақстаттарға 
жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштатып дамыту үшін көптеген 
минералды заттарды, құрылыс материалдарды барлау, қазып 
алу және байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық 
жұмыстармен салыстыруға болады. Мәселен, 1970 жылдың 
басында жер бетіндегі әрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен 
жыл сайын жер астынан 20 тонна әр түрлі минерал мен тау 
жынысын қопарса, қазіргі кезде әр адам үшін 30 тоннадай 
минерал мен тау жыныстарын шығарады (Василенво В.Н., 
1991). Дегенмен жер қыртысынан шығарылған соншама көп 
заттардың тек 2%-ы ғана пайдалы мұқтаждыққа жұмсалады да, 
қалғаны табиғатқа «ұнамсыз», «сіңімсіз» түрде қайтарылады. 


195 
Бұл жағдай табиғат "денсаулығына" көп нұқсан келтіреді. 
Көптеген пайдалы жерлерді басып қалып, пайдасыз етеді. 
Сондықтан мұндай жерлер көп ұзамай қайта қалпына 
келтіріліп, пайдаға асуы қажет. Себебі бүкіл әлемдегі сияқты 
біздің елімізде де жылдан-жылға халық саны үдемелеп өсуде. 
Адам қоғамының жерден өндіретін тамақтық, киімдік заттарға 
мұқтаждығы, талғамы жылдан-жылға аспаса, кемімейді. Жер-
Ананы пайдалануға негізгі бағыт - әр гектар жерді тиімді 
пайдаланып, ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін 
орынды пайдалана отырып, егістіктердің әр гектарынан түсетін 
өнімді арттыру, жерді талан-тараждықтан сақтау. Жерді тиімді 
пайдаланудың бір жолы - осы айтылған өзіміз бүлдірген 
жерлерді 
қайта 
қалпына 
келтіріп 
культивациялау 
(рекультивация), құнарландыру. 
Баршаға мәлім, соңғы жылдары үкіметіміз біздің 
сарқылмас алтын қорымыз - жерді тиімді пайдалану, оның 
құнарын арттыру, оны дұрыс пайдаланбаған мекемелерге тиісті 
шаралар қолдану жөнінде заңдар қабылдады. 1991 жылы 
республикамыздың жер туралы жаңа заңы қабылданды. Бұл 
заңдарда айтылғандай, жерді жарақаттаған мекемелер, қазба - 
байлықтарды алып болған соң, көп ұзамай өз қаражатымен 
бұзылған жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіруі 
тиіс. Өкінішке орай, бұл мәселе Қазақстанда әлі жөнді қолға 
алынбай келеді. 
Жерді қайта культивациялауда Украинада, Москва 
аймағында, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлер інде 
жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде 
қазылып, 
қазір 
бос 
тасталған 
кен 
карьерлері, 
тау 
жыныстарының 
үйінділері, 
жылу 
электростанцияларынан 
шығарылған күлдер, тағы басқа әр түрлі қоқыс-қалдықтар, 
үйілген жарамсыз жиындылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа 
адам қоғамының дамуымен енгізілген «жарақаттары». Бетінде 
шөп өспейтін болған соң, олар желге ұшып, суға ағып, аймақты 
былғайды. Мұндай жерлер Қазақстанның өндірісі мен 
құрылысы дамыған барлық облыстарында кездеседі. Соңғы 
есептеулерге қарағанда, Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген 
жер көлемі 200 мың гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы 
автомобиль 
жолдары, 
түсті 
металл, 
құрылыс 
т.б. 
министрліктерінің үлесіне тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай 
бұзылған 
жерлер 
көлемі 

млн 
гектардан 
асады. 
Республикамызда осы күнге дейін «жарақат» жерлерді қайта 


196 
культивациялап, қалпына келтіру әлі де жақсы жолға қойылған 
жоқ.
Қазақстанда жерді қайта культивациялау бағытында 
бүкіл республика көлемінде жөнді қолға алынбағанмен, бұл 
мәселені өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана 
бастаған мекемелер бар. Оның ішінде едәуір жетістіктерге 
жеткендердің бірі - Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір 
шахталары бар алқаптарда террикондар - көмірдің үстіңгі бетін 
жауып жататын, көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан 
тұратын үйінділер кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, 
кейбіреулері тіпті жанып, желге ұшып, қаланың санитарлық 
жағдайын нашарлатады. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл 
шаруашылығына қажетті қымбат жерлерді істен шығарады. 
Мұндай террикондар саны Қарағандыда соңғы жылдарға дейін 
жүзден 
астам 
болатын. 
Террикондар 
астындағы 
және 
санитарлық аймақты қоса есептегенде, 7000 гектардан астам 
жер пайдасыз жатқан. Кейінгі кездерде Қарағанды көміршілері 
бұл террикондарды құртуда жақсы нәтижелерге жетуде. 
Көптеген жылдар үйілген тау жыныстары қолдан жасалған 
ойпатты жерлерді немесе табиғи жағдайда кездесетін сай -
саланы тегістеуге, жол құрылысында, жол деңгейлерін 
биіктетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жынысынан босап, 
тазаланған және қолдан тегістелген жерлерге топырақ 
қабаттары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен бұталар егіліп, 
отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сәні жақсаруда. Жүзден 
астам террикондардың жартысына жуығы қазірдің өзінде 
жойылды. Оларға Астана ауыл шаруашылығы институты 
топырақтану 
кафедрасының 
оқымыстылары 
ғылыми-
әдістемелік көмек көрсетіп келеді. 
Біздің республика - үлкен құрылыс алаңы. Оған көп 
құрылыс материалдары қажет. Сол құрылыс материалдарын 
іздеу, оны қазып алып, пайдалану кезінде жерге көп жарақаттар 
салынды, әсіресе әртүрлі заводтары зор зиян әке лді. 
Сондықтан мұндай «жарақаттарды» «емдеу» мәселесіне 
алғашқының бірі болып кіріскенде осы министрліктің 
мекемелері. 
Құрылыс 
материалдарын 
өндіру 
министрлігінің 
жанында жерді қайта культивациялау жөнінде тәжірибе - 
әдістеме бөлімі біраз жылдан бері жемісті жұмыс істеген еді. 
Бұл бөлімнің жерді қайта культивациялау жөнінде алғаш 
жасаған жобалары жүзеге асты. Мәселен, Шымкент цемент 


197 
заводы бүлдірген, көлемі 30 гектардай топырақ карьері қайта 
жақсартылып, бұрынғы иесі Сайрам ауданының ұжымшарына 
қайтарып берілді. 
Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын 
жобалары министрлікте баршылық, алайда іс жүзіне асуы баяу 
жүргізілуде. Себебі бұл жұмыс әлі де сыннан өтуді қажет етеді. 
Жерді қайта культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы 
бүлінбеген жағдайына, яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы 
қалпына келтіру деген сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз 
карьерлер тегістеліп болғаннан кейін оның бетіне құнарлы 
топырақ қабаттары төселінуі тиіс. Әңгіменің негізгі түйіні осы, 
бірақ төсейтін құнарлы топырақ қабаттары көпшілік жағдайда 
табыла бермейді. Мұның себебі қайта культивациялауға қажет 
карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы уақыттарға шейін карьерлер 
қазудан бұрын топырақ қабаттары алынып, оларды жерді қайта 
культивациялау мақсаты үшін арнайы сақталған емес. Табиғи 
жағдайда ғасырлар бойы түзіліп, пайда болатын топырақтың 
негізгі қарашіріндісі бар, ең құнарлы қабаттары кезінде 
өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рәсуә болып, 
үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны табу өте 
қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы 
мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта 
культивациялауға дейін сақтау қажеттігі айтылған. Демек, 
бұдан былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп 
оңайға түседі. 
Қазіргі 
кезде 
республикамызда 
бүлінген, 
«жарақаттанғанң 
жерлерді 
культивациялау 
негізінен 
топырақтың құнарлы қабаттары сақталмаған жағдайларда 
өткізілуде. Мұндай жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз 
топырақтың төменгі қабаттарын немесе құнарлануға бейім 
ұнтақталған, 
таза 
тау 
жыныстарын 
жерді 
қайта 
культивациялауға пайдалануға тура келеді. Құнарсыз тау 
жынысында немесе құнары аз жер қыртысының төменгі 
қабаттарында ештеңе өсіп жарытпайтыны белгілі. Сондықтан 
оны ауыл шаруашылығымызға пайдалану үшін құнарын 
арттыру керек. Ол үшін бұл жерлерге әр түрлі тыңа йтқыштар 
енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім өсімдіктерді таңдап 
өсіру керек. Бұған культивациялауға пайдаланылған тау 
жыныстарының құрамы, қасиеттері көп әсер етеді. Мәселен, тау 
алқаптарында тараған лесс және осыған тектес тау жыныстары 
көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер мен ағаштардың 


198 
кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей реттерде топырақтың 
құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ оның көлемі қайта 
культивациялауға қажетті жерлерге төселуге жетпейді. Бұл 
кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір өсімдіктерге онша 
көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мәселелердің барлығын өндіріске 
енгізбей тұрып, тәжірибе жүзінде алдын ала тексеріп алу 
пайдалы. Мұндай тәжірибе жұмыстары Украинада, Мәскеу 
төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның өзінде жер, климат 
жағдайларының әр түрлілігінен бір жерде жүргізілген тәжірибе, 
екінші жерде ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан 
Қазақстанның әр түрлі топырақ-климат жағдайларында бұл 
бағытта тәжірибе жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Мұндай дәлелді тәжірибе жұмыстарынсыз өндіріск е 
жерді қайта культивациялау жобаларын енгізу, мемлекеттің көп 
қаржысын негізсіз жұмсауға әкеп соғады. Ондай жобалар іске 
асудан бұрын жоғарғы айтылған мәселелерді тәжірибе жүзінде 
шешіп, ғылыми түрде негіздеп, жобаға енгізу керек.
Бұл 
бағыттағы 
ғылыми-тәжірибе 
жұмыстары 
Қазақстандағы жерді қайта культивациялау жұмыстарының 
пионері болып отырған кезіндегі құрылыс материалдарын 
өндіру министрлігі мен ғалымдардың бірлескен істерімен 
басталды. 
Алматының 
тау 
алқабындағы 
суарылмайтын, 
бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда егілетін егістерді 
сынау жұмыстарын Қазақ ауыл шаруашылық институты 
ғалымдары жүргізсе, Оңтүстік Қазақстан облысының тау 
етектеріндегі бүлінген жерлерді қайта культивациялағанда 
егуге қажетті дақылдарды сынау, әр түрлі тыңайтқыштар енгізу 
жұмыстары 
Топырақтану 
институтының 
ғалымдарына 
жүктелген болатын. Соңғы жылдары кезіндегі Түсті металдар 
министрлігінің 
өтініші 
бойынша 
мұндай 
жұмыстар 
республикамыздың шығысындағы кеңді Алтайда жүргізілді. 
Топырақтану институты мен Орталық ботаника бағының
ғалымдары бұл салада көптеген игілікті істерді бірлесіп 
өткізуде. 
Бүлінген жерлер Қазақстанның оңтүстік немесе шығыс 
облыстарында ғана емес, басқа да облыстарда да баршылық. 
Жерді «жарақаттайтынң тек құрылыс материалдарын өндіретін 
және түсті металл министрліктер мекемелері мен Қарағанды 
көміршілері ғана емес, ондайлар көптеп кездеседі. Бұл 
жағдайға бұдан әрі төзуге болмайды. Үкіметтің жер туралы 
арнайы қаулылары мен заңдарын бұлжытпай орындауға тиіс.


199 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет