Жамалбеков Е.Ү


Бұрынғы КСРО елдерінде жыртылған жерлер мен



Pdf көрінісі
бет97/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Бұрынғы КСРО елдерінде жыртылған жерлер мен 
жыртылуға мүмкін жерлердің көлемі млн га есебімен (.Розов 
Н.Н, Шувалов С.А.бойынша) 
Аймақтар, зоналар 
1970 ж 
Көбею 
мүмкіншілігі 

Тайга-тундра 
1,7 
8,8 

Орманды алқап 
43,4 
25,2 

Орманды дала 
71,8 
7,5 

Дала 
63,5 
3,0 

Құрғақ дала 
23,0 
8,1 

Шөлдер 
5,0 
2,2 

Шөлді субтропиктер, тау етегі 
8,2 
3,1 

Таулы жерлер 
3,0 
4,9 
Барлығы 
224,6 
62,8 
Сонымен қазір бұрынғы Одақ елдерінің халқы 300 млн -
нан астам. Жыл сайын 2,0-2,2 млн-ға көбеюде. Халықтың 62%-
ы қалада тұрса, 38%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Ал Қазан 
төңкерісіне дейін Ресей халқының 82%-ы ауылдық жерлерді 
мекен еткен. Ауыл шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы 
бұрын негізінен далада көшіп-қонып жүрген, жығуы, тігуі оңай 
киіз үйлерді мекен еткен. Сонымен қазіргі жер бетіндегі 6,3 
млрд халық одан әрі арта түспек. Айта кететін жай қазірдің 
өзінде БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жер шарындағы 
халықтың 200-500 млн-ға дейіні аштыққа жиі ұшырауда, әр 
секөнт сайын бір адам аштан өледі, ал 1,5 млрд адам сапалы 
тамақ жемейді. Сонда мұндай қынжыларлық шы ндықты немен 
түсіндіруге болады? Жер шарының адамды асырау мүмкіншілігі 
таусыла бастағаны ма, жоқ басқаша себептер бар ма? 
Қазірдің өзінде ашаршылық жер шарының кейбір 
бөліктерінде кездесіп отырса, келешекте адам саны қазіргіден 
бірнеше есе көбейген кезде не болмақ? Бұл сұраққа әркім әр 
кезде әрқалай жауап берген. Мәселен, XVІІІ ғасырдың аяғында 
ағылшын эпископы Мальтус қоғамның тұтыну қажетінің шексіз 


217 
өсуі мен өңделер жердің шектелуі арасындағы үйлесімсіздік, 
сондай-ақ 
жер 
құнарының 
жылдан-жылға 
кемуі 
қайыршылықтың, кедейліктің т.б. бақытсыздықтың себептері 
болып табылады деп санады. Былайша айтқанда, мальтус 
«теориясың 
бойынша, 
Жер 
бетіндегі 
халық 
үдемелі 
геометриялық прогрессиямен өссе (2, 4, 8, 16, 32...), халықтың 
тұтыну заттары арифметикалық прогрессиямен (2, 4, 6, 8, 10...) 
өседі, сондықтан адам баласы бақытты өмір сүргісі келсе, 
халықтың өсуін тұтыну заттардың өсуіне үйлесімді етуді 
қадағалап отыруы керек деді, яғни ол халықтың жиі -жиі соғыс 
арқылы немесе эпидемия аурулар арқылы қырылып тұруын 
мақұлдады. БүгіндеМальтустің «теориясын» жақтаушылар әлі 
де аз емес. Оларды жер бетіндегі халықтың қазіргі жағдайда 
үдемелеп өсуі қатты үрейлендіруде. Олар: «Адам тіпті көбейіп 
барады «демографиялық апат» деген терминді қолдануда. Жер 
шарының сонша адамды асырауға шамасы келмейді», - дейді. 
Мұндай жағдайда аштық, жалаңаштық етек алады, сондықтан 
індет ауыру, соғыс арқылы немесе тууды тежеу арқылы адамзат 
қоғамының көбеюін қадағалап отыру керек дегенді уағыздауда. 
Бұлардың ойлауынша, экономикалық жағынан нашар дамы ған 
елдерде халықтың көптеп өсуі бұл елдердің дамуына кедергі 
жасайтын негізгі фактор болып табылады. 
Кейбір жаңа мальтусшілердің болжауынша, жер 
бетіндегі 
тіршілік 
апатқа 
жуықтап 
келеді. 
Мұндай 
сарыуайымды уағыздаушылардың негізгі ойы - қазіргі жағдайда 
кездесіп отырған жұмыссыздықтың, ашаршылықтың себебін 
тұтыну заттарының табиғи жағдайда таусылуынан деп 
түсіндіру. Олардың мақсаты - бұқара халықты болашақтан 
күдер үздіріп, өзінің бас бостандығын, болашақ өмір үшін 
күресуін тоқтатып, жұмысшы қозғалыстарына іріткі салу. 
Адамзаттың 
прогресшіл 
оқымыстылары 
қоғам 
қайраткерлері бұл сұраққа тіпті басқаша жауап береді. 
Бұлардың айтуынша, аштық пен жалаңаштықтың себебі 
халықтың көбеюінен, жердің адамды асырау мүмкіншілігінің 
таусыла бастағанынан емес, әңгіме табиғат байлығын тиімді 
пайдалануда, ал жердің адамды асырау мүмкіншілігі іс жүзінде 
таяу болашақта бола қоймайды. 
Мальтус «теориясына» кезінде сын айтылыпп, соққы 
берілген болатын. Ол «техника күннен күнге өскен жағдайда 
«топырақ құнарының азаю заңы» өмірде орын алмайды, бұл 


218 
«заңң тек техника өспей, бір қалыпта тұрған жағдайда аздап 
орын алуы мүмкін» делінген еді. 
Шындығында техникалық прогрестің нәтижесінде қоғам 
өмірінде 
адамды 
тұтыну 
заттарымен 
қамтамасыз 
ету 
мүмкіншілігі әр уақытта мұқтаждықтан бұрын дамып, өсуде. 
Мұндай жағдайда ашаршылық пен қайыршылыққа жол жоқ. 
Техникалық прогресс келешекте қазіргіден де тез дамуы тиіс. 
Сондықтан келешекте аштық адам қоғамынан аулақ болмақ. 
Бұл пікірді көптеген прогресшіл оқымыстылар қолдап, 
дәлелдеуде. Олардың ішінде орыс оқымыстылары, аадемиктері 
Н.Н.Семенов, Е.К.Федоров, Н.М.Жаворонков, профессорлар 
К.М.Малин, В.А.Ковда т.б., шетел оқымыстылары - ағылшын 
оқымыстысы және қоғам қайраткері Дж.Бернал, неміс 
экономисі Ф.Баада, американ оқымыстысы Р.Ревель тағы 
басқаларды айтуға болады. 
Енді осы оқымыстыларының мәліметтеріне сүйене 
отырып, мекендеп отырған жеріміздің қанша адамзатты 
қамтамасыз ету мүмкіншіліктері бар екеніне тоқталайық. 
Жоғарыда келтірілгендей, Жер шарындағы барлық жердің 
қазіргі уақытта тек 1,5 млрд гектарға жуығы немесе құрғақ 
жердің 10%-ейі ғана жыртылған. Сонда қалған жерлер егістікке 
мүлде жарамай ма? 
Шынында құрғақ жерлердің басым бөлігі жыртуға 
жарамсыз жерлер, бірақ жыртуға жарамды жерлердің көлемі де 
аса аз емес. Кейбір мамандардың есебі бойынша, дүн ие жүзінде 
ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын жер көлемін 
күрделі мелиорациялаудан кейін 5 млрд гектарға, яғни құрғақ 
жердің 33%-не жеткізу мүмкіншілігі бар. Ал таяу болашақта аса 
күрделі мелиорациялаусыз-ақ құрғақ жердің 20-25%-ін, яғни 
3,0-3,2 млрд гектар жерді егістікке игеруге болады. Бұл жағдай 
1974 
жылы 
Мәскеуде 
өткен 
халықаралық 
топырақ 
зерттеушілердің Х конгресінде анықталды. Ал сонда бұл Жер 
қанша халықты асырай алады? 
Қазіргі жағдайда астықты дақылдардың орташа түсімі 
жер жүзінде 15 центнердей екен. Қазір 1,5 млрд гектар егістік 
жерлер 6,3 млрд-тай халықты асырап отыр, яғни бір адамды 
асырау үшін орта есеппен 0,3 гектар егістік жер пайдаланылып 
жүр. Ал егістік жерлерді 3,2 млрд гектарға жеткізген уақытта, 
жоғарыдағы есеп бойынша, 9-10 млрд халықты асырай алады 
екен. Ескеретін нәрсе, бұл егістік жерлерден дәнді дақылдар 
өнімдері қазіргідей гектарына тек 15 центнердей ғана қала 


219 
бермесі анық, оның өнімі күн санап өседі. Мәселен, орта 
есеппен болып 2000 жылдардың алғашқы ширегінде әр гектар 
егістік жерден алынған өнім қазіргі 15 центнер орнына 20 
центнерге жетсе, бұл азық-түлікпен 10 млрд халық орнына 12-
13 млрд халықты асырауға мүмкіндік туады
Ал алыстағы болашақта күрделі мелиорациялауды қажет 
ететін батпақты жерлерді құрғатып, шөлді жерлерді суарып, 
теңіз бен мұхит суларын тұшытып егін суаруға пайдалану 
арқылы игеруге мүмкін 5 млрд гектар жермен 18 -20 млрд 
халықты асырауға толық болады. 
Американың 
көрнекті 
прогресшіл 
оқымыстысы, 
профессор Р.Ревельдің ғылыми негізде жасаған есебі бойынша, 
қазіргі техникалық жетістіктерімізді ауыл шаруашылық 
өндірісіне енгізіп, бос жатқан жерлерді мелиорациялап, түгел 
игерген кезде 100 млрд адамға тамақ өндіруге болатынын 
дәлелдеді. Жер бетіндегі халықтың өсу қарқыны соңғы 
жылдарғы мөлшермен дамыса жылына 1,5-2%, жер шарындағы 
халықтың 100 млрд-қа жетуіне 200 жылға жуық уақыт керек. 
Осыған шамалас есепті Қазақстанның белгілі топырақ 
зерттеуші ғалымы, академик, В.М.Боровский де жүргізген 
(1975). 
Бұл келтірілген есептеулер мен мүмкіншіліктер «жаңа 
мальтусшілердің» айтқанындай, жер бетіне ақыр заманды ертең 
орнатып отырған жоқ. Керісінше, жер шарының адамды асырау 
мүмкіншілігінің әлі де болса, өте мол екендігін, оның 
қазіргіден бірнеше есе көп адамды асырай алатындығын 
дәлелдейді. Дегенмен, бұл есептеулер Жер бетіндегі егістікке 
игеруге жарамды жер қоры қанша мол болғанымен, оның 
шексіз емес екендігін, адам саны көбейген сайын оның қоры 
кеми беретіндігін көрсетеді. Адам саны артқан сайын игеруге 
оңай түсетін жақсы жерлер қоры кеміп, игеруге қиын жерлер 
көбейеді. Сөйтіп бірте-бірте егістікке игеруге жарамды жер 
қорының таусылуы ақиқат. Сондықтан қазірден бастап қолда 
бар жерді, бізді қоршаған табиғатты қорғау, тиімді пайдаланыу 
қазіргі күн талабы. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның 
ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, 
табиғатты жоспарлы түрде, адам мұқтаждығына ыңғайлап 
өзгерту - өте күрделі мәселе. Сондықтан онымен жеке 
мемлекеттер емес, бүкіл дүние жүзілік масштабта шұғылдануға 
тура келеді. Көптен бері бұл мәселемен Халықаралық 
биологиялық бағдарлама шеңберінде шұғылданса, соңғы 


220 
уақытта «Адам және Биосфера» атты жаңа бағдарлама бойынша 
шұғылдана бастады. Бұл бағдарламамен айналысуда дүние 
жүзіндегі ең ірі, әрі дамыған мемлекеттер - ТМД елдері мен 
Америка Құрама Штаттары жетекші рөл атқаруға тиіс.
Демограф-ғалымдардың болжауынша, келешекте жер 
бетіндегі халықтардың өсу қарқыны бәсеңдейді. Мәселе, қазір 
жалпы халықтың өсуі жылына 1,3-1,4% болса, келесі ғасырдың 
алғашқы жартысында ол 1,1-1,2 %-ға төмендеп, одан соңғы 
жылдары әрі қарай бәсеңдейді. Белгілі демограф-ғалым 
Б.И.Урланистің болжамы бойынша, ХХ ғасырдың аяғында жер 
шарында халық саны 6 млрд-қа, келесі ғасырдың екінші 
жартысында 12-13 млрд-қа жетпек. Сол кезден бастап Жер 
бетіндегі халықтың санын әрі қарай өсірмей, бір қалыпта ұстап 
тұру туралы ойлануға болады (Урланис Б.И., 1976). Дәл осыған 
шамалас жер бетіндегі халықтың өсуі туралы болжам 
В.А.Вронскийдің еңбегңнде (1997) келтірілген.(20 сурет)
Осыдан жүз жылдай бұрын Энгельстің өзі келешекте 
халықтың әрі қарай өсуіне шек қоятын мезгіл жетеді де п жазған 
болатын. Қазірдің өзінде көптеген Еуропалық елдерде адамның 
өсуі тіпті шамалы. Ал Швеция мен Жапонияда халықтың өсуі 
тіпті жоқтың қасы. Басқа көптеген елдерде, әсіресе дамыған 
елдерде адамның өсіп-өнуі жөнінде санаға сиятын бақылау 
жасалуда. Мұндай жағдай ерте ме, кеш пе, барлық елдерде 
болмақ. Мұны заң арқылы немесе халықты үгіттеу арқылы 
жасау 
қиын. 
Бұл 
әлеуметтік-экономикалық 
дамудың 
нәтижесінде бүкіл халықтардың сана-сезімінің өсуі нәтижесінде 
келетін тұжырым. Дегенмен аса маңызды мемлекеттік 
мәселемен кейбір мемлекеттер заңды түрде шұғылдана 
бастағанын айта кету керек. Мысалы, әлемдегі халқы жөнінен 
ең үлкен Қытай мемлекеті соңғы кездерде халықтың өсуін 
қолдан тежеу, тіпті заң арқылы жүзеге асыру саясатын 
жүргізуде. Бұл заңға сәйкес - әр отбасында тек бір ғана перзент 
сүю қарастырылған. Міне осы заңның жүзеге асуы нәтижесінде 
Қытайда соңғы уақыттарда халықтың өсу қарқыны бұрынғы 
жылдарға қарағанда көп төмендеген. Егер жоғарғы айтылған 
Заң күшіне толық енген кезде Қытайда халықтың өсуі тіпті 
тоқталып, алғашында бірқалыпты, ал одан кейін шамалап кемуі 
де мүмкін. Ескеретін жағдай, соңғы жылдарғы Қытайда 
жүргізілген реформаларға сәйкес ондағы экономикалық жағдай 
біршама жақсарып, халықтың әл-ауқаты жоғары деңгейге 
көтерілуде. Мүмкін бұл жағдай, Қытайда халықтың өсуін тежеу 


221 
туралы заңына біршама өзгерістер енгізуіне әкеп соғар, бұл 
мәселе Қытай мемлекетінің ішкі жұмысы . 


222 
Сурет орны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет