223
Қытайға көршілес жатқан, әлемдегі халқы жөнінен
екінші орын алатын мемлекет - Үнді мемлекеті. Бұл мемлекетте
халықтың өсуін қолдан тежеу әзірше жоқ. Соның нәтижесінде
мұнда халықтың өсу қарқыны өте биік. Соңғы мәліметтерге
қарағанда Үндістандағы халық саны 1 млрд-тан асты. Егер де
онда халықтың өсу қарқыны осы деңгейде сақталса, үстіміздегі
ғасырдың алғашқы жылдарының басында-ақ Үнді мемлекеті
халқының саны жөнінен Қытайды қуып жетеді. Бұл мәселеге
жол беру, не бермеу де Үнді мемлекетінің ішкі саясаты.
Міне осы жоғарғы келтірілген
кейбір мәліметтерге
сүйене отырып айтарымыз - кезіндегі «Мальтус теориясын»
тіпті «негізсіз» деп сынау қисынға келмейді. Біздіңше, ол
сындарға қазіргі көзқарастар, ғылыми мәліметтерге қарап,
біршама өзгерістер енгізу керек сияқты.
Әлемге танымал Америка ғалымы Ю.Одумның бағалауы
бойынша әлемдегі тіршіліктің үйлесімді болуы үшін, яғни тек
материалдық тамақтық, киімдік заттармен қамтамасыз етілуі
ғана емес, сонымен қатар масайрап дем алуы үшін әлемдегі әр
адамға орта есеппен 2 гектардай жер қажет екен. Оның 0,6
гектары тамақ өндіру үшін, 0,2 гектары өндірістік қажет пен
мекендеуі үшін, ал 1,2 гектары бос болуы керек. Ол
жерлер
халықтың дем алып, саяхат жасауы және биосфераның қалыпты
экологиялық жағдайда болуы үшін қажет.
Ескеретін жағдай, қазіргі әлемде 6,3 млрд халық үшін
қажетті үйлесімді жағдай көптен бұзылған. Мәселен әлемнің әр
тұрғынына 0,6 гектар егістік жер орнына, не бары соның
жартысына жуық-ақ жер тиеді. Басқа жерлер көлемі де жылдан-
жылға азаюда. Ормандардың азаюы, көптеген аймақтардың
құрғақтануы, тіпті шөлге айналуы, ластануы үдемелеп өсуде.
Дегенмен бұл жағдайлар әлемнің әр бұрыштарында әр түрлі.
Мысалы, Канадада әр тұрғынға шаққанда жыртылған жер
көлемі 2 гектардай, Аргентинада 1 гектар, Америкада - 0,8
гектар, Испанияда - 0,5 гектар.
Ал бұрынғы КСРО-да бұл көрсеткіш 0,85 гектар,
Түркіменстанда - 0,33, Өзбекстанда - 0,22, Грузия мен
Арменияда не бары 0,17 гектардан келеді екен.
Қытай мен
Үндістанда әр адам басына келетін жыртылған жер көлемі бұл
көрсеткіштен де төмен, шамамен 0,10-0,12 гектар (Прошляков
В.П., 1979). Ал Қазақстан әлемдегі ең жері бай елдің бірі, оның
ішінде жыртылған жер көлемі әр адамға 1,3 гектардан келеді.
Ескеретін тағы бір жағдай, гәп тек жыртылған жер көлемінде
224
ғана емес, оның өнімділігінде. Мәселен, көп жағдайларда
суармалы жерлер, суарылмайтын жерлерге қарағанда өнімді
бірнеше есе артық береді. Кейбір аймақтарда, ауа райы бұл
жерлерден жылына 2, тіпті 3 рет өнім алуға мүмкіндік береді.
Тағы
есте болатын жағдай, тамақтық заттарды еске алғанда,
әңгіме тек астықты дақылдар туралы ғана емес, сонымен қатар
жердің басқа тамақтық және техникалық заттарды өндіру
мүмкіншілігін ескеру керек. Мәселен, бір гектардан алынған
шай, кофе, жүзім, темекі, мақта өнімдері бір гектар жерден
алынған астық өнімдерінен көп қымбат. Оның үстіне соңғы
дақылдар
барлық
аймақтарда
өсе
бермейді.
Астықты
дақылдардың да барлық жерлерде өсе бермейтіні анық.
Дегенмен олардың өсу географиясы жоғарғы айтылған
дақылдарға қарағанда көп тарағаны анық.
Міне сондықтан да
жердің халықты қамтамасыз ету мүмкіншілігін есептегенде,
әңгіме тек тамақтық, астық өндіруде болмауы керек, қай
жерлерде адам өміріне қажетті, аймақтың ауа -райына сәйкес
келетін заттарды мол өндіру тұрғысында болуы қажет. Қазіргі
әлемдік интеграция, нарық заманында жер шарының, бір
жерінде өндірілген адам қоғамына қажетті заттар жер шарының
басқа бөлігінде өзінің тұтынушыларын табатыны анық.
Дегенмен бұл мәселе де экономикалық
тиімділік заңына
бағынатыны күмәнсіз.
Қазақстан жері қанша халықты қамтамасыз ете
алады?
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда Қазақ
жері кең байтақ ұтымды жағдайда екені байқалады. Асыраушы
- анамыз Жерді жақсарту шараларын әрі қарай өрістету,
игерілген жерлердің өнімін арттырып. қосымша тағы да
игерілмеген жерлерді игеру - республикамыздың халқы
қазіргідей бірнеше есе көбейген кезде де асырай алатыны анық.
Дегенмен республикамызда халық саны жоғарыда келтірілген
демографиялық заңдылықтарға сәйкес аса көп өсе бермейді, бір
кездерде еліміздің табиғи жағдайларына үйлесімді санға жетеді
де, одан әрі қарай аса көп өсе қоймайды.
Дәп осы санды қазір ашып-кесіп айту қиын.
Кейінгі
кездерде республика баспасөзінде Қазақ жері тіпті 1 млрд
халықты асырай алады деген пікірлер де айтылып жүр.
Дегенмен Қазақ жері 1 млрд болмағанымен 80-100 млн халықты
асырай алуы мүмкін. Ал Қазақстанда халықтың саны қай
кезеңдерде 80-100 млн жетеді? Бұл мәселе жөнінде демограф
225
ғалым М.Тәтімов мәліметтеріне сүйенсек (1996) қазіргі
жағдайда Қазақстанда экономикалық жағдайға байланысты,
халықтың жалпы өсу деңгейі бұрынғыдан көп төмендегені
байқалады. Оған қоса бұрынғы Одақтың тарауымен, әр
республика өз тәуелсіздіктеріне ие болғандықтан, бұл
территорияларда ірі көші-қон көштері басталды. Қазақ жерін
бұрын көп мекендеген ұлт өкілдері (орыс, неміс, еврей т.б.)
өздерінің тарихи мекендеріне көшіп жатыр.
Қазақстанға, өзінің
бұрынғы тарихи Отанына келіп жатқандар да бар. Дегенмен
бұлардың келуі, көшіп кетіп жатқан
халықтардың орнын әзірше
толтырар емес. Осыған байланысты Қазақстанда халықтың өсуі
орнына соңғы жылдары азаюы байқалады. Бұл құбылыс әрі
қарай жалғасып, 2005-2010 жылдарға шейін созылмақ. Одан
арғы жылдары қайтадан біршама өсу басталмақ. Дегенмен
халықтың өсу деңгейі бұрынғы өткен уақыттарға қарағанда көп
төмен болмақ. Оның себебі бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда
да цивилизацияның дамуы нәтижесінде әр отбасы өз балаларын
тек тамақтық заттармен,
киіммен ғана емес, жоғарғы рухани
байлық білім, іліммен жақсы мамандықтармен қамтамасыз ету
үшін, отбасындағы бала санын аса көбейте бермеуі анық. Яғни,
халықтың өсуі тек сан жағынан емес, сапа жағынан да жоғары
болуын ойластырады деген сөз. Міне, осы себептерден
Қазақстандағы халық санының анық қай жылдары 80-100 млн-
ға жетуін кесіп айту қиын. Бұл мерзім бір ғасырмен шектелмесі
анық.
Достарыңызбен бөлісу: