Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет99/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Бақылау сұрақтары 
1. Жер қорларының табиғи қорлар арасындағы 
ерекшелігі.
2. Жер бетіндегі құрғақ жерлер көлемі.
3. Жер бетінде өнім беретін алқаптардың көлемі.
4. Әлемдегі жер қорларының пайдалануы.
5. ТМД елдерінің топырақтар қорларының сипаттамасы.
6. Қазақстанның топырақ қорлар ының сипаттамасы.
7. Жер шары қанша адамзатты қамтамасыз ете алады?
8. Қазақстан жері қанша халықты асырайды?


226 
 
1У бөлім. ТОПЫРАҚТАНУ ПӘНІНЕН 
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 
1. Далада топырақтармен танысу әдісі. Топырақ 
үлгілерін алу. 
Далада 
топырақпен 
танысу 
үшін 
зерттейтін 
территорияны 
зер 
салып 
қарап 
шығып, 
оның 
беткі 
құрылысының қандай екендігін байқау керек. Себебі әртүрлі 
жер бедерінде қалыптасқан топырақтар әртүрлі болады. 
Топырақтың қасиетін білу керек жерде топырақ шұңқырын қазу 
керек. Шұңқыр мөлшері мынандай: көлденеңі 80 см, ұзындығы 
150-200 см. Ең терең алдыңғы жері.
Шұңқыр 21-суретте көрсетілгендей, оған адам түсе 
алатындай етіліп, басқышталып қазылады. Шұңқырдың терең 
бөлігін оңтүстікке қарай орналастыру керек. Сонда топырақтың 
сипаттама жасалатын алдыңғы қабырғасы көлеңке жаққа 
қарайды. Көлеңкеленген топырақ баяу құрғайды және бүкіл күн 
бойынша сәуле біркелкі түседі. 
Шұңқырдан шығарылған топырақты оның ұзынына 
қарай екі жағына тастау керек. Ал, терең бөлімінің 
қабырғалары шығарылатын топырақтан таза болуы тиіс. Қара 
гумусы бар топырақты бір жаққа, терең қабаттарынан шыққан 
топырақты екінші жаққа тастау керек. 
Шұңқыр дайындалғаннан кейін оның сипаттамасын 
жазуға кіріседі. Ең алдымен шуңқыр қазылған жерге қандай 
дақыл егілгенін жазады. 
Шұңқырдың қабырғаларын дұрыстап қарап, жырту 
қабатының, оның астындағы гумусы бар қабаттың және басқа 
төменірек жатқан, бірінен бірі жақсы ажыратылып тұрған 
қабаттардың қалыңдығын өлшеп жазып қою керек. Қабаттарды 
жақсы байқау үшін пышақпен одан шамалы кесіп алып, оны 
саусақпен уқалап көру керек. Әрбір қабаттың ылғалдығын , 
түсін, механикалық құрамын, тығыздығын, құрылымын 
көрсету керек. 
Егер қабатта тамыр, жертесер, құрт және шіріген тамыр 
жолдары, тас не тұз қоспалары болса, мұны да көрсету керек. 
Одан кейін барлық қабаттардың НС1 дан қайнайтынын немесе 
қайнамайтынын тексереді. Ол карбонаттың барын немесе 
жоғын сипаттайды. Бұл үшін әрбір қабаттан алынған топыраққа 


227 
оте сұйық ертілген тұщ қышқылды тамызып көреді Егер бұл 
қышқыл болмаса кәдімгі сірке суын пайдалануға да болады. 
Қышқыл 
тамызған 
топырақтан 
көпіршіктер 
бөлініп, 
шыжылдайтын болса, топырақ қышқылдан қайнайды деп 
жазады. Бұл онда әктің көп екендігін көрсетеді. Қайнау 
топыраққа қышқыл тамызған кезде әктің бұзылып, бөлінген 
көмір қышқыл газының көпіршіктеніп шығуынан болады. 
Топырақ сипаттамасында жыл, ай, күн, облыс, аудан, 
пункт және шұңқыр қазылған даланы, сондай-ақ жер бедерінің 
жазық, ойпаң екенін міндетті түрде көрсету керек.
Топырақ сипаттамасын жазып болғаннан кейін оны осы 
кітапта сипатталған топырақтардың біреуімен салыстыру керек, 
сондай-ақ шұңқыр қазылған жердің картасындағы орнын табу 
керек. 
Егер топырақпен толығырақ танысу керек болса, анализ 
жасау үшін шұңқырдан үлгілер алады. Үлгілер жырту 
қабатынан және басқа бірінен бірі жақсы ажыра тылатын 
қабаттардан алынады. Пышақпен салмағы жарты кг не одан 
көбірек топырақты текшелеп кесіп алады. Оны құрғақ қағазға 
мұқият орап, жіппен байлап қояды. Орама қағаздың ішінде 
үлгіні қай жерде, қашан, қандай тереңдіктен, кім алғандығы 
жазылған қағаз салады. Осындай жазуды үлгінің орама 
қағазының сыртына да қайталап жазады. 
Сипаттамасын 
жазып 
біткеннен 
кейін 
топырақ 
шұңқырын дереу көміп тастау керек, топырақтың табиғи 
құрылысын бұзбау үшін гумусы бар қара топырақты қайтадан 
шұңқырдың бетіне тастау қажет.
Алынған үлгілерді құрғақ жерде сақтау керек, егер олар 
ылғал кезінде алынса, үй ішінде оларды ашып, құрғату керек, 
сонан кейін оны қайтадан орап, немесе жеке -жеке кішкене 
қорапқа салып, оның сыртына тиісті жазуларды жазып, ішінде 
де сондай жазуы бар қағақ салып қою керек. 
Қазіргі кезде топырақ үлгілері көбінесе топырақтардың 
ластану деңгейін зерттеу үшін алынады. Ол кезде мұндай үлкен 
шұңқыр қазу қажет емес. Бірақта барлық жоғарыда айтылған 
дайындау жұмыстарын істеу керек. Топырақ үлгісін зерттеуге 
таңдалған орыннан әрбәр 10 см тереңдікте (жарты метрге дейін) 
алу қажет. Генетикалық қабаттарға сәйкес алу қажет емес.
Мысалы 0-10, 10-20, 20-30, 30-40, 40-50 см. Осындай түрмен 
бірнеше жерден алынып, осы топырақтардан орта үлгі алынады.


228 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


229 
21- сурет. Қазылған топырақ щұңқыры


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет