Жамалбеков Е.Ү


) Кәдімгі қаратопырақты зонаша



Pdf көрінісі
бет77/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

2) Кәдімгі қаратопырақты зонаша республиканың 11,7 
млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. 
Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - 
кәдімгі 
ортагумусты 
қара 
топырақтар. 
Топырақ 
қара 
шіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи 
күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін 
құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн 
гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал 
жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. 
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. 
Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4 -6%. 
Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар 
түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін 
құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады. 
4, 5, 6) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде 
Қазақстан батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан 


142 
облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр 
топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай 
(республика территориясының 33,3%), яғни бұрынғы КСРО -
дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта 
Павлодар 
облысының 
көп 
жері, 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола 
облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс 
Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. 
Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара 
топырағына өте ұқсас, күңгірт қара-қоңыр топырақ (4). 
Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде 
ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, 
топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара 
қоңырға айналады (5). Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%. 
Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті 
ашық қара қоңырға ауысады 
(6). 
Топырақтың беткі 
қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1,5 -2%. 
Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы.
4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара-
қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ 
олардың алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта 
есеппен 
жылына 
түсетін 
ылғал 
250-280 
мм. 
Мұнда 
құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің 
көлемі 27,7 млн гектардай (республика жерінің 10,3%), 5) ал 
зонаның орталық бөлігінде жай қара-қоңырлы топырақтарда 
құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі 
мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда 
қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның 
көлемі - 24,3 млн гектар жер, Қазақстан жерінің 8,9%. Негізсіз 
жыртылып кеткен жер көлемі 4 млн гектарға жуық. Бұл 
зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара -
қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар 
желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына 
қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен 
қатар топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы 
тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зоанашадағы негізгі егістік 
жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру 
науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара -қоңыр 
топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері 
жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайылымдыққа қайтару соңғы 


143 
жылдары жүзеге асуда. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы 
дамыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет