139
жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен
кеңбайтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай,
АҚШ, Бразилия, Австралия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9 -шы
орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие.
Әлем халқының
не бары 0,3% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі
пайызын алып жатыр.
Мұнда, кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр
түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат,
топырақ жағдайлары әр түрлі, ол
табиғаттың негізгі з оналық
заңына
байланысты.
Мысалы,
Қазақстанның
жазық
алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке
қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса,
таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау
етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік
зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында
кездесетін зоналық топырақтардың
қысқаша сипаттамасына
және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану
мәселелеріне тоқталамыз
Төменде сызба-нұсқада келтірілген зонашалардың
сипаттамасы берілген.
1) Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны
жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр.
Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық
мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен
шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық,
ойпатты келеді, сондықтан бұл
аймақта ылғалды -шалғынды
топырақтар көп таралған. негізінен шайылған орманның сұр
топырағы мен шалғынды қаратопырағы және сілтісізденген
қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы
қарашірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір
ойпатында
орналасқан.
Мұнда
суарылмайтын
егіншілік
дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер
өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған.
Егістікке
жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері
орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады.
Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн
(республика жерінің 0,2%) гектар ,зонаның негізгі бөлігі,
терістіктегі Ресей жерінде.
141
2, 3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ
қаратопырақты далалы зона басталады.
Өзінің топырағы мен
климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді:
а)
орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала.
Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік
Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар
облыстарының терістік жағы, Ақмола,
Қарағанды, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада
орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал
мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік
өніміне әсер етеін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек
қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның
Батыс Сібір провинцияларында кездесетін
кәдімгі қара
топырақ (2) (орташа ылғалданған далада) және
оңтүстіктің
қара топырағы(3) (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада).
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл
аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі.
Дегенмен
сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер
күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен
тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25,4 млн гектар,
яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері
1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін
жыртылды.
Достарыңызбен бөлісу: