Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ


«ТАБИҒАТ – МЕНіҢ ҰЛЫ АНАМ



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

«ТАБИҒАТ – МЕНіҢ ҰЛЫ АНАМ,  
КӨГЕРДіМ БіРГЕ БОЗАРДЫМ»
«Қазығұрт» баспасынан 2001 жылы жарық көрген – 
ақын Нұрлан Оразалиннің «Сырнайлы шақ» атты 8 баспа 
табақ жыр кітабы автордың сонау алпысыншы-жетпісінші 
жыл дары жазылған дүниелерімен толыпты.
Н. Оразалин кітаптың алғы сөзінде «әрбір өлеңнің өз тағ-
дыры болады» дегеніндей; жаңа басылған бұл кітабындағы 
ақынның ертеде жазылған жастық жырларын оқып шық-
қан едім. Өмірге деген шексіз сүйіспеншілік жырлары әсі-
ресе табиғат анамен астасып өрілгенде оқырман еріксіз 
терең сезімдерге бөленеді, жастық шағының тәтті бір қиял 
кезеңдерімен табысқандай болады.
Жинақты оқып шыққанда жалпы аңғаратыныңыз ли-
рик ақын көбінше табиғат сұлулығына арқа сүйей отырып, 
ой өрбітуге жаны құмар екенін ұғасыз. Әрі айтар ойын «ақ 
болды, көк болдымен» жадағайлап жайып салмай, әлгі жа-
ратылыстың кім-көрінгенге сыр ашпас, сезе бермес тылсым 
құпияларын аша отырып; ақыл-сезім түйсігінен туған сан-
алуан жырларын сол табиғат құдіретіне телиді. Және ол 
санап алғысыз, әрбір өлең жолдарынан ұшырасып отырады. 
Жайдақтыққа басқысы келмей, қос-қабат астарлы өрімдей-
ді. Соған қарап түйіндеп айтқанда өзгелерге ұқсамайтын, 
ұқ сағысы келмейтін, тыңнан салған өз сүрлеуі бар, мен-мен 
ақынды танығандай боласыз. Өзіне сенген паңдығы, керек 
тұста керенау сіресетін тәкаппарлығы да жоқ емес.
Көгілдір тау, асқар шың, алқаракөк аспан, ай-жұлдыз, 
көк пен жердің арасы жыр тілімен сүйіспеншілік экранына 
алынған. Ақын өзінің ең қастерлі сезім дүниесін не болса 
соған қимай, кім болса, соған тарту еткісі келмей, алақан-
ға салып аялап; сырқұмар бекзаттарға, ойлы-милыларға 
шаққысы келетінін, сол тұрғыда жазатынын шамалайсыз. 
Олай дейтініңіз Нұрлан Оразалиннің ішкі иірімі терең өлең-
дері зулатып оқып өте шыққаныңызға көнбейді. Керенау 
оқырманға ішін ашпайды. Кері үтір, нүктелеріне дейін мән 
беріп шөкпейінше «етегі-елпі, жеңі-желпі, суыт жүріске 

220
Жанат Ахмади
салып өте шығатын, мүмкіндігі тапшы оқушыға тіпті алаң-
құлаң ақындардың өзіне игертпейді, игерілмейді. Шумақ 
басында көрінген салалас ойлар сынығы кейінгі жолдарда 
күтіп жатады. Мәселен өлең жазар, шабыт шақырар бір 
тұстағы қосастар ойға құрылған өлеңінде: 
Шақырар мені
көгілдір көктем – бүршік тал,
қыздардың оттай жанары;
мөлдірімді менің
ылайлап кеткен «қырсықтар»,
керім бір кезде,
көрінбей көзге қалады, – 
деп келеді де ең бірінші жолдың басындағы «Шақырар» де-
ген үлкен әріптен кейінгі тағы бір үлкен әріп енді басталып: 
Шақырар мені 
Өлеңнің ыстық алабы,
Сондай сәттерде 
асқақтар кеудем сүйіп көк; 
Абайдың жырын, 
Сағидың сырын тыңдаймын, 
теңізім шалқып,
тауларым кетер биіктеп
жырым жазылар
иілмейтіндерді
иіп кеп...
тауым биіктеп...
тауым биіктеп...
     (35 
б. 
1967 
ж.)
Міне осындағы үлкен әріп, кіші әріп, барлық тыныс 
белгілер ұқыпты оқырман зейініне бағынып, зердесіне 
кірігеді. Егер үшінші жолдағы кері үтір-нүкте, (;) бесінші 
жолдағы жай үтірді, көрмей оқысаң (Абай айтқандай, «не 
көзің алаңдап, не көңілің алаңдап» отырып оқысаң) бұл 
өлең сізге сыр ашпайды. Өйткені жыр шумақтары ұзына 

221
 Әдебиет – жан нұры 
бойы тұтас бір ойды толықтырып тұр. Астары арыда, сыры 
бүркеу. Бұл әдейі солай жазылған өлең. 
Талайлар қамығып іздеген
бұл шындық күрес пе?
Елес пе? 
Шиыры бітпейтін бізбенен,
сеземін, тіршілік – егесте. 
Біреудің қызығы тым бөлек – 
бақытын іздейді қыздардан. 
Ал, ақын?.. Жүрекпен мұңды елеп, 
іздейді шындықты ызғардан.
Бұл шындық па... Күрес пе? 
Елес пе?
Ғасырлар, дәуірлер іздеген 
Сеземін, мәңгілік – егесте, 
Сапары бітпейтін бізбенен!
                   (14 б. 1965 ж.)
Бұл өлеңде дүние бітпей – бітпейтін, жаны сірі жаралған 
жамандық атаулы жақсылықтан қалыспай; кейде алдыда, 
кей де іле-шала із бағып, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жал-
ғасып, қалып отыратыны кімнің де болса көкей қылын дөп 
басар еді. Сәтті түзілген философиялық толғам жатыр. 
Дүниеде адам баласы бар жерде жаман атаулы – құрып, 
жалған атаулы – шіріп бітпейді. Бітпек емес. Жақсыларды 
іздеп, аялдап жүретін кідіргіш шындық есік-тесіктен өтіп, 
қуат тауып жеткенше, арындап басатын арсыз, әділетсіздік 
үстемдік құрып, мекен таба тұрады. Бұның сыңары – зорлық 
есіктен енгенде, әділдік түңіліктен шығады. Бірақ түбі сұ-
раулы, есепті дүниеде зомбылықпен көркейген – қарғыстан 
күйрейді. «Киімі жаманды ит қабады, пейілі жаманды Құ-
дай табады», немесе, «Адамнан ағат өтпей, Алладан азап 
жетпейді» дейтін қағиданы малданасыз.
Табиғатқұмар ақын төрт мезгіл жайлы толғайтын бір 
өлеңін мәңгілік тақырып сүйіспеншілікке қабыстырып:

222
Жанат Ахмади
Көзімде тұнып қыр, бағым, 
түнімді оймен жұбаттым; 
Тұманның жазған жырларын 
көрдім, бұлақтың. 
Өртендім... Жандым... Ұнаттым
сұлулар жайлы өлеңді.
Сүйді екен бұлай құлап кім? –
«Үйрендік» сүю дегенді.
                     (30 б. 1966 ж.)
 – дейтін жолдармен бейнелегенінде «сүю» кезеңінің азабы 
оның рақатынан кем болмайтынын даналап айтпаса да; 
сөз сыңайынан, ой қисынынан қосымша сезіп отырасың. 
Қоршаған табиғатсыз оның сұлу көркінсіз аузының дәмі, 
сөзінің әрі кірмейтін лирик ақын ойын жеткізем деп тым 
жайып салмайды. Жадағайлықты сүймейді.
Ақындық үні асқақ, жаралысынан өршіл Нұрекең «Ал-
данға» деген, күйге арналған өлеңінде:
Серпілт, қане! Тарқасын бойдағы мұң,
жанарында ғаламның тамшы іркіліп;
арқандалмас асаудай ойларымның
аспанында қалқысын әнші-тірлік. 
Үздіктірген даламның сүйем кешін,
Сұлу жүзін, қарашы, жасырды Айым.
Тарта түсші!
Тарта түс!
Күй өлмесін, 
Жүректерде толғатқан ғасырдайын.
                     (40 б. 1997 ж.)
Жоғарыда айтқанымыздай, асқақ үнді ақын: 
Серпілт қане! Тарқасын бойдағы мұң, 
Жанарында ғаламның тамшы іркіліп;
– дегеннің орнын басқаша қалай түсіндіре алады. Яғни: 
Жүректерде толғатқан ғасырдайын 
 – дегеннен артық қандай теңеу таппақ. 

223
 Әдебиет – жан нұры 
Немесе «Қайырлы түн – ән аты» дейтін Шопеннің әуе-
ніне ойысқан тұста:
Ән боп мені арбаған түнде мынау 
Қайда қалқып барасың, күндерім-ау?! 
Мазалайды кеудемді шайқап ағын, 
Желді күнгі теңіздей шайқаламын. 
«Қайырлы түн!» – 
Шақырып мың-сан жұлдыз 
Аққу сезім әуелеп айтады әнін. 
Тұла бойым барады еріп мүлде, 
Жүрегімді саз тербеп жерік түнде...
           (44 
б. 
1967 
ж.)
Ақынның жан-сезім, қиял дүниесін қапелімде – сәт 
үсті сілкінтіп қозғайтын оның тұла-бой, бітім-болмысында 
бұғып жататын арқалылық энергиясы тәрізді. Яғни, бақ-
сыны айдайтын құпия әміршісі сияқты, ақындығының 
қарым-қуат қайнар көзі буатындай. Қиялын аспан-көкке 
шарықтатпай басылмастай. Күйкі ой қумай, ұлы табиғат-
анамен сырласады. Соны медет тұтып жырына азық етеді. 
«Жыны жоқ бақсы күншіл келеді» демекші, дарынсыздар 
жөні бір басқа. Нұрлан Оразалиннің бұл тектес өлеңдерін 
өресі биік, талантты ақындар шөгіп ұғынады. Тағы да назар 
аудара түсейік: 
Қоштасар сәт!..
Қара көзің қиылған
Қадалардай кірпігің...
Лүп-лүп етіп түнде мынау жиі ұрған
Жүрегімнің кім жамайды жыртығын?!
Көше...
Қайың...
Құтқарар кім азаптан?
Қайда қашып тығылармын өзімнен?
Қоштасар сәт... Құтқарар кім мазақтан?
Құтқарар кім сенің оттай көзіңнен -
Менің сорлы кезімнен?! 

224
Жанат Ахмади
Бар шынын жасырмайды. «Ғашықта шыдам болмайды, 
шыдам болса ғашық болмайды», дейтін аксиома бар. 
(Сараий). Абайдың өзі де: 
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, 
Саған жар менен артық табылса да, – деген. 
Тегінде зерек жаралған адамдарда болатын сүю дәуірі 
– адам биологиясы мен валеологиясы арқылы зерттеуге 
тұрарлық бір ғылымға жатуы да мүмкін.
Өлеңнің аяғына көңіл бөлейік:
Мөлдір қара көздеріңдей қиылып,
Қарс айырылып, қарайтындай түнгі аспан.
Жүрек... 
Жүрек...
Осы тұста өз-өзіңнен өлең иесінің жанашыры боласың. 
Жүрегін айтып шағынып тұрған бауырың бар... Ол – «ауру». 
Ш. Дюкло «әлдебір жасты ғашық болғаны үшін жазғыру – 
біреуді ауырып қалғаны үшін кінәлағанмен бірдей» дегенді 
текке айтпаған.
Сабайтындай жиі ұрып;
Айдынымды мұң басқан,
Теңселіп тұр түнгі аспан. 
         (79 
б. 
1968 
ж.)
Теңселіп тұрған «түнгі аспан» емес, ақынның өзі, оның 
ми-жүйе, сезім дүниесі ғой. (Күн ысығанда қазақ «аспан 
айналып жерге түсіп тұр» дейтіні миынан өткен ыстықтан өз 
басының айналғанын айтқаны).
Жолы болмаған махаббат үрейі қорқыныш үрейінен, тіпті 
өлім үрейінен кем емес. Бірақ кезінде соққы болған бұл сезім 
өнер адамдарын шексіз ширығудан өткізіп, қайрап өсіреді. 
Махаббат жайлы өлеңді өз басынан шынайы ғашықтық 
дәуренін өткізген ақындар ғана жақсы жазбақ. Өйткені өз 
сезімі шешек атып гүлдемей және өз сезімі быт-шыт болып 
қирамай жазған ақын ортақол жыр тудырмақ. 

225
 Әдебиет – жан нұры 
Чернышевский «Сүюдің жалынына шалдығып білмейтін 
адам, шынайы сүю дегеннің не екенін білмейді» десе, Шек-
спир «Сүю – шегі білінген жерде қор болады» деген. Бүгінгі 
ересек, аға ақын Нұрлан Оразалин бұла жастық шағындағы 
өзін сең соққандай сенделтіп, жан-жүрегін қансыратып 
кеткен жағдаяттағы бұл өлеңін жасырып қала алмай, 
жинақтан шығарып тастамай «өлең шіркін өсекші, жұртқа 
жаяр» ғып отырғаны – сүю шегінің болмағанының дәлелі. 
Яғни, сүйекке емес, жүрекке тыртық түсірердей қатерлі сүю 
кезеңінен өткені. 
Махаббат – сүю кезеңі есерсоқ, әумесер жаралғандарға 
да уақытша қасиет пайда қылады. (Онысы өшкен соң таз 
қалпына барады.) Ал қай-қай салада болсын, шынайы өнерге 
жаралған адамдардағы мол сүйіспеншілік күші сүю дәуірінің 
дертіне қалайда бір шалдықтырмай өтпейді. Ақын-жазушы 
болып жаралғанның қасиет киесі де сонда. «Қайырымдының 
қарғысы қатты» дейтініміз де айналып келіп осыған саяды. 
Мен – бақытын қызғанбаймын басқаның, 
өсектерге сенбе Сен! Жаңыларсың... 
Жүрегімде – басқа мұң, 
сезінбессің, кезіп ішін көрмесең. 
(Ақын сізге адами адал есеп беріп отыр).
Ұға алмассың кеудемде бір таң барын 
Самал барын, қыз-көктем;
Мені іздеген мына өмірде жан барын,
Арманымды адастырып іздеткен. 
Жасыра алман.
Талай қызық кез кешкем.
Ғашық болу – ән басы.
Ей, Періштем! Махаббат боп кездескен,
Арманымды арманыңа жалғашы. 
           (72 
б.1968 
ж.)
Өзгенің бақытын көре алмай, күндейтін адамнан бақыт 
жериді. 

226
Жанат Ахмади
Одақты басқарып алуан мінезді; әрқайсысы бір әлем 
– ақын-жазушылармен жұмыс істеп отырған авторды 
кей жағдайда дұрыс түсіне алмай қалсақ, оның осы өлеңі 
тәріздес, сіздің алдыңызда қақ жарылған тұнық сырларын 
кеудемізге серт ұстасақ болғандай. «Сыбаға үлестірген не 
қарғыс алады, не өзі мақұрым қалады» демекші, көптің 
көңілінен шығып, үнемі діттеген жерден мүлтіксіз шығып 
отыру менің ойымша, тек Нұрлан Оразалиндей мінезге бай 
кісінің ғана қолынан келер деймін. 
Сағынба мені! 
Елігі таудың сағынба, 
Сені іздеп енді бармаймын. 
Өртеніп-жанып, сағымға 
Айналып кетті бар қайғым. 
Кеттім мен ұзап 
Оралмау үшін қайтадан, 
Оранып отты лағылға; 
Самал кеп кеште шайқаған 
Айналды қайың сағымға. 
Бұл өлеңдегі әрбір бес жолды тұтас түйіндеп, ой үзбей, 
тыныс белгімен оқу керек. «Отты лағылға оранып» – сағымға 
айналған «қайың» автордың өз бейнесі екенін түсінесің. 
Кешкі самалға шайқалып-жайқалып тұратын «қайың» 
ғайып – сағымға, жоққа айналған. Махаббат дүниесінен кө-
ңілі қалған, кірпияз ақын соның өзінде: 
Кеттім мен ұзап, 
Оралмау үшін қайтадан, 
Оранып отты лағылға, – 
дегенінде әрі отқа оранады, әрі сол оттың өзін лағылмен 
бағалайды. Осы өлеңнің жалғасы: 
Кеудемде менің 
өмірге ынтық бір арман, 
айдын бар шалқып теңселген; 
таңдар бар сұлу таранған, 
сағаты, сәті өлшенген. 

227
 Әдебиет – жан нұры 
Өлшеулі күндер...
Бал-дәурен кезді қалдырды, 
қалды алыс таудың биігі; 
ғашық қып мені жандырды 
даланың сұлу киігі... 
Сағынба мені! 
бал күнім енді сағынба, 
бал іздеп саған бармаймын; 
айналып желге, сағымға 
өртеніп кетті бар қайғым.
  
 
(93 б. 1968 ж.) 
Сүйе білмеген адам – дос іздей де білмейді. Ал дос 
іздемес адам жүрек жолы тар, мейірім-шапағаты жабылған; 
жарымжан, жансар, жарты адам. Қалта қамынан аспайтын
пайдадан өзгені білмейтін – өлі пысықтарға жан сөзің 
жазылған кітабыңнан гөрі, он долларға у жағып ұстатсаң 
соған ырза. Құныққан байлар бауырмал емес, шынайы 
бауырмал – бай емес. «Бер» десең бедірейіп, «ал» десең жа-
дырайтын, дүниеқоңыз «мырзаларды» түбінде мешкей нәпсі 
алып жейді. (Пәниде болмаса, бақида дегендей.) 
Жоғарыдағы өлеңнен ұғатыныңыз – өлшеусіз асыл се-
зімдер өртеніп күлі қалған. Ақын қайырылғысы келмей 
қоштасады, бірақ, қимас, қымбат күрсініс сезім көмескіле-
ніп шарқ ұрады. Оқырманға еріксіз ой салады. Оның да 
жа 
лақтанып жазылған жайдақ жарасының бет жағын 
шы тынатып «әттең» дегізгендей. Кезінде қандай асқақ, 
қандай биік тартылыс бар еді! Сол кездегі жас автордың 
көкірегін өксулі де, киелі бір арман кернегендей. Өмір 
көктемінің көк мөлдір аспанынан тырау салып ұшып өткен 
тізбек тырна керуеніндей сағыныш сезім енді күрсініс 
болып оралғандай. Әлдебір тәтті мұңның бұлдыр елесі 
ғана болып қалғандай. 
Жинақты оқып отырып, Н. Оразалинді өзіміз көріп жү-
ретін біраз ақындарша байбалам салмайтын; не болса – содан 
түңіліп, үміт-күдерін бел астында тұрған жақсылықтан 

228
Жанат Ахмади
үзбейтін, жолы жарқын, жігері асқақ ақындар санатына 
жа татынын танисыз. Аузынан айналаға аждаһадай жалын 
ша шып, жан ашуын шығарған боп, өмір сүрген маңайына 
жөнді-жөнсіз топырақ шаша, қарғыстап, назаланып жаза-
тын ақындардан Нұрекеңнің жолы бөлектеу. 
Жұртты сол арқылы жалт қаратқысы келетін, шағым-
паз шайырлардан Н. Оразалиннің басты айырмашылығы да 
осын да ма дейсіз. Кектендіріп, ширықтырған нәрсесіне де 
дұш пандыққа кетпейді. Сүйіспеншілік сүрлеуі азайған жер-
де өмір құнсыз. Мейірімсіздіктен барып кісілік жоғалады. 
«Қо лыңдағы құсты қусаң орманға кетеді, маңыңдағы досты 
қусаң дұшпанға кетеді» деп атам қазақ айтқандай, Оразалин 
өзіне жөнсіз тиіскен кісіге де тиіспейді, салауатшыл. 
Нұрлан Оразалин ең әрі кеткенде былай дейді: 
Орта қайғы... 
Орта шаттық... 
Орта мұң... 
Мені ортайтты қу мінезі ортаның! 
Өстіп жүріп адал жүрек бір күні, 
Арлан болып кете ме деп қорқамын.
Жөн ғой... Бұл ендігі ел ағасы – ақынның бұдан ширек 
ғасыр бұрын (1977 ж.) жазған өлеңі болса да, дәл бүгінгі күні 
де бізге, сізге, жора-жолдас қауымға базына-назын, керек 
болса реніш-өкпесін мәдениетті түрде артуы деп білген жөн. 
Әрине бұл өлеңнен ақынның өзіне тән еңселі көкжалдығы да 
таңбаланып тұр. Бірақ елуден асқанша ешкімге қасқырлық 
көрсетіп, бөтен қылық танытпаған; мінезді де, кісілікті 
азамат ақын енді байыбы мен пайымы қапысыз толысқан 
шақта өзінің де, өзгенің де жанын жаралай қоймайтынына 
сенеміз. Адам игісі – ашынған сайын ашылар.
Қорытып айтқанда, «Сырнайлы шақ» жинағын сүзіп 
шыққан көзі қарақты оқушы поэзия керуенінің бел орта-
сында бұйда тартқан аға буын шайырларымыздың бірі Нұ-

229
 Әдебиет – жан нұры 
рекеңнің осынау ертеде жазған жырларының өзінен-ақ, 
өзге ге ұқсамайтын; өзіндік тың ырғағы, салмақты үні, соны 
сүрлеуі бар дарын екеніне ешкім көз жұмбаса керек. 
...Оқырман кешірер – негізгі тақырыптан ауытқысам 
да айта кетейін, бұл кейіпкеріміздің ақындығы осындай 
болғанда, мен өз басым Нұрлан Оразалин баяндама жасайтын 
жиналыстарға оның сөзін тыңдауға барғым келеді. 
Қағазсыз қара сөзге «еһ» деп мүдіріп қоймайтын, нағыз 
шешендігін құдайшылықпен мойындайтындардың бірімін. 

230
Жанат Ахмади
ТЕМIРШЕ САРЫБАЕВ
Тағы бiр шүбәсiз мықты ақынның жинағы Темірше Са-
рыбайұлының «Отырар кiтапханасы» сериясымен шық-
қан «Дүрия дәурен» атты кiтабы. «Иса пайғамбар өз жо-
лымен, Мұса пайғамбар өз жолымен» дегендей. Әрбiр 
жақ сы ақынның өз сүрлеуi, өз дауысы бар. Сол ретте атал-
мыш «Дүрия дәурендi» қалай айтсаңыз да тiлге тиек етуге 
тұратын, шынайы көркем дүние деуге болады. Нақтап айт-
қанда, автордың әсiресе азаматтық биiк әуенге құрылған, 
әлеуметтiк толғақты сарынға соғатын жырлары айырықша 
әуездiлiгiмен екшеленедi. Өзінің турашыл мiнезiне және 
от тұтанған шабытты сезiмiне орай кеудесiн еркiн керген, 
қайсар ақынның тасқынды үнiн аңғарасың.
Депутаттар мерзiмсiз таратылған,
Ақиқатты айтқандар ар атынан.
Хан Тәңiрi түлеткен қырандарым,
Қар боратқан қаққанда қанатынан.
Хас батырдай шебiнен шегiнбеген,
Қаймағы еңдер халқымның төгiлмеген.
Мұң-шерiмдi мiнбеден толғағанда,
Төңкерiле тулайтын көгiмде өлең.
Өздерiңмен тең едi төрт құбылам,
Шырқай алмай шығандап кеттi бiр ән.
Үмiтiм де үсiдi-ау үлбiреген,
Пайғамбарлық парасат жоқтығынан.
Тұлғаларым,
Туларым,
Ұстындарым!
Көзден бұлбұл жан-жаққа ұштың бәрiң.
Шiлдедегі шыжыған сезiм қазiр,
Қаңтардағы көрсетті қыстың кәрiн.

231
 Әдебиет – жан нұры 
Бостандық деп, Теңдiк деп сұрап алған,
Өз еркiммен бас тартам, правомнан!
Ашық күнде малтығар жағдайым жоқ,
Қазып қойған Орлардан,
Ұралардан!
Қысқа күнде қырық рет құбылғанша,
Қалды дейсiң бiзде де ғұмыр қанша.
Ендi ешкiмге ешқашан дауыс бермен,
Қос шырағым мәңгiге жұмылғанша!
Түсiнемiн,
Тұрарын құным қанша! (20-бет),  «Таратылған 
депутаттарға ода» атты өлең).
Тегiнде ақын зары сiздiң де зарыңыз. Темiрше Сары-
байұлының мiнезге құрылатын жiгерлi, өткiр жырлары 
сыртқы ұйқас, iшкi бұлқыныс мағынасымен ширыға түседi. 
Сол арқылы сiздiң де жан-сырыңызға соқтығып, сезiм дү-
ниеңдi үйiрiп алады.
«Ей, дүбәра, дүбәра...» (21-бет. «Арал жатыр, ару жатыр 
алқынып» (23-бет) және күйге арналған «Ақпай» сияқты  
(15-бет) көптеген өлеңдерi кiм-кiмнiң де болсын көкей қылын 
дәл басып отырары сөзсiз. 1-бөлiм «Ой ағыс», 2-бөлiм «Қоңыр 
қағыс», онан соңғы «Алдымдағы ағалар мен ізiмдегi iнiлер», 
ең соңғы «Балладалар», тарауларының қай-қайсысында 
бол 
сын Темiрше ақынның өзiндiк үнi, өзiндiк ақындық 
ағымы менмұндалап тұрады. Оны, авторды жайбарақат 
отырып оқи алмайсыз. Немкеттi – сүйейсал, босбеулiкке жол 
қоймайды. 9-беттегi «Болып жатыр не сұмдық естiмеген» 
атты өлеңi бүгiнгi ғасырымыздың ең ұрымтал жүрекжарды 
мәселесiн өзек еткен. Анықтап бақырайтып айтпағанмен 
Шешенстан, Ауғанстан, Ирак уақиғалары сияқты адам 
қанымен өлшенетiн жербетiлiк толғақты құбылыстарды 
ашына отырып меңзейдi. «Мылтық үнi бар жерде заң үнi 
естiлмейдi» дейтiн қағида осыған саяды.

232
Жанат Ахмади
Атқан,
Асқан,
Тiрiлей кескiлеген,
Болып жатыр не сұмдық естiмеген.
Жаңа оянған елдер бар жан-жағымда.
Балапандай ұядан кеш түлеген.
Соның бәрi бiр менiң назарымда,
Бөлiсемiн, қайғысын, азабын да,
Зеңгiрiмнен әлемге зер саламын,
Қалам қамдап, жаңа жыр жазарымда.
Неге,
Қалай,
Нелiктен,
Кiм бiледi?
Сан мың сауал
Жанымды тiлгiледi.
Қайта-қайта мүйiздеп бiрiн-бiрi,
Қасқыр шапқан қойдай-ақ дүрлiгедi.
Дүрлiгедi,
Сонан соң арбасады,
Әне, бiрi қаруға қам жасады.
Күлiп тұрған мына өмiр
Жылап та алып,
Қас-қағымда құбылып алмасады. 
Айла таппай әлемдiк бүлiкке ендi
Ойларымды шарлаған
Iрiккем-дi...
Ала құйын ызалы есiгiмнен
Торғай тiстеп мысығым
Кiрiп келдi.
Мiне, бұл өлеңге қарап Жер бетiнде «жаман атаулы 
құ 
рып, жалған атаулы шiрiп бiтпейтiн» алақол тiрлiкке 

233
 Әдебиет – жан нұры 
амал сыз бас игендей боласыз. Шүйгiп ұшып, шүйiлiп iле- 
тiн тырнақты қырандар мен терiс азу жыртқыштар тұр- 
ғанда – дүние бiтпей бiтпейтiн енжарлық өз ретiмен жасай 
бермек. Олай болса, әрбiр тiрлiк иесi қасжауының кезенесi- 
не iлiкпей тұрғанда өзi үшiн сақтансын, деген қорытынды 
туады.
Жыланға – аяқ, мысыққа – қанат бiтпей тұрып жасап 
жатқан бұл өмiрiмiзге де шүкiршiлiк!

234
Жанат Ахмади
МҰНАР, МҰНАР, МҰНАРЫМ...
Иранбек Оразбаевтың бұл жинағын оқып шыққан кiсі 
атамыз қазақтың «Бауыры жыртық жылауға келеді, бауыры 
бүтiн сынауға келедi» деген ұлағатты нақылын еске алған 
болар еді. Дегенмен де сөз басында айта кетуге тиістi жайт – 
ақын осы кiтап арқылы әрi ерте, әрі тосын қиылып, төбесінен 
жай түскендей етіп кеткен жалғыз ұлына құламас ескерт-
кіш тұрғызатындығы. Замандар бойында талайлар Иранбек 
кешкен күйді басынан кешкенмен, талайда-талай қан жы-
лаған қайғылы заржақтың қасірет тілімен өрілген шешен 
жоқтаулар айтылғанымен, қазақ халқындағы мұндай бір 
шейітке арналған бір кітап толы жоқтаудың қолымызға тиіп 
отырғаны осы. Екінші сөзбен айтқанда, қазақта небір ділмар 
жоқтаулар болғанымен желге ұшып, селге кеткендіктен 
бұрынғы жоқтаушылар бұл жағынан Иранбектің қолына су 
құйып бере алмастай болып жадымыздан өшті.
Бұрынғы қазақтың:
Мал айдаттың қалаға,
Қалмақ ер салдың қараға.
Үйірсек аттай алғаным,
Үйірде болдың далаға.
Қоспаның басы талма екен, 
Қосақсыз қалған зарлы екем... 
Қосылар күнім болмаса, 
Қос оба бізге бар ма екен?! 
– деген тәрізді сан алуан жоқтаулары естiген кiсінi елең 
еткiзіп, ел жадында күні бүгін айтылғанда қуатын азайтпай 
келе жатуы жоқтау – өлең-жыр атаулының ішіндегі ең 
жүрекжарды қайғыдан жаралатындығы. Осы жағынан ой-
лағанда бар нәрсені сырттан реттеп, басқарушы құдірет 
күш осынау қайғыны тек Иран-Ғайыптай ақынның жүрек 
сүзгісінен өткізуі ғажап. Жалғыз ұлдың қасіретін тек 
осының тілімен ғана жырлап қалдырсын дегендей. 

235
 Әдебиет – жан нұры 
«Өшiрiп жанған шырағын
Би-Патыма – Ана жылады.
Мерт болып кенет Мұнарым – 
Ғұмыр-Мұнарым құлады... (5 бет) 
(Патыма ақынның жары, 
Мұнардың анасының аты)
«Мен қараймын анаңа,
Анаң маған үңiлiп –
Күн сөнедi санада
Тiршiлiктен түңiлiп». (40 бет)
Тегiнде Иранбек ақын болғанда да табиғаты басқаша 
жаралған ақын екенi бәрiмiзге мәлiм. Ол өзiнiң сондай бол-
мысын қаза үстiндегi қаралы өлеңiнде өзi де жасыра алмай:
«Кещемiн бе,
Кермiн бе,
Түбiмдi ашып қазамын:
Өлуiн –
Сен өлдiң де,
Өлеңiн мен жазамын» дейдi (33-бет).
Иә, Иранбек кер емес едi деп ешкiм айта алмайды. 
Табиғатынан ымырасыз жаралған қайсар шайыр мына тұста 
өз жарасын өзi қапқан қасқырдай болмасқа шарасы қалма-
ған. Онсыз да қиял-сезiм дүниесi жалаң-қия, жартастың 
ұшар басында тұратын мәмілесi қиын ақын «Мұнар, Мұнар, 
Мұ нарым» кiтабында «Иран-Ғайыптан», «Иран-Қайғы» бо-
лып кеткендей әсер бередi.
«Қайғылыға жақ бол, қайғысыздан сақ бол» дегенде, 
Абай қайғылы адам басқаларға қарағанда мүсәпір келетінін, 
әрі өзгеден гөрі пайымды, ойлы болатынын, ешқандай 
уайым, мұңы жоқ, «керенау, кердең»,қайғысыз пенде ойсыз 
болатынын меңзеген ғой. Дәл осы сияқты Иран-Ғайып та 
өзiнiң кештеу ұғынған түйсігін қайғы үстіндегі ағынан 
жарылған әділдікпен ашып кетіп отырады. Ондай тұстар 
көп, әрі ешнәрсе жасырмайды. Мұның өзі адам пенделер 

236
Жанат Ахмади
жаза баспау, қапы кетпеу, өз қамын сонау басы сау, аманында 
білуге тиісті екенін аңдатады. «Баласы өлмегенге балам өлді 
деме» деген бар... Басына әлі ауыр іс түсіп көрмеген қамсыз, 
мұңсыз адамның, әсіресе, сондай жастар, жағының тәубесін 
дер кезінде бойына түсіретін тұстар оқырманды іштен 
тындырып отырады. Кімнің де болсын, иман-таразысын көз 
алдына құрғызады бұл кітап.
Тәңірмен өзін тең көрер,
Аяғына тұрып алғасын –
 Сезбейтін нәкәс пенделер,
Жазмыштан озмыш болмасын.
Қаперсіз қимыл,
Қау дене –
Санатында едім солардың
Келтіріп ұлым тәубеме,
Көрген түсімдей жоғалдың» (I7-бет) 
Немесе:
«Менiң де жоқ сияқты, 
Құдай сүйер қылығым –
Белден бастым ұятты
Сорға сепкен ұрығын», (15 бет). 
«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген... Мейлi 
қайсымыз болайық, өзiнiң мына жағдайында тағзыммен 
бас иiп отырған бiр бет, мәрт ақынға пендеуи ғұмырда 
әлденеден кiрбiң тартып, ренжіп қалған болсақ, жоғарыдағы 
шумақтарды оқығаннан кейiн рақым мейiрiң оянуға тиiс.
«Қыршын жас өмiрдiң
Көшi өткен жұртымын...
Қайсың бар –
Көңiлдiң
Бүтiндер жыртығын?!
Дүние құбыл – шам:
Жарығын жасырды.

237
 Әдебиет – жан нұры 
Кiмiң бар –
Жығылсам
Сүйейтiн басымды!...» (45-бет). 
Шекспирдiң «Жығылғанды демеп тұрғызу аздық етедi, 
оған сүйеу болу керек» дегенi бар. Бiр күнде көзiне жан 
көрiнбей, азуын айға бiлеген, серпiнi берiк, тебiнi бекем 
ақынның серiппесi жұмсарып, баршамызға шағынуы заң-
ды құбылыс. Тағдыр тәлкегiмен лайықты орнын тауып 
тұр. Бұл үшiн авторды ешкiм табаламайды, кінәламайды. 
Тағдыр iсiн табалау «жаралы құсқа тас атқандық», әрi 
әдепсіз дiлсiздiк болады. Паң кеуде ақынның топшысын бо-
сатып, өзi айтқандай, тiлiн «кәлимаға» келтiрiп отырған 
ауыр дерт қайғысы баршамыздың да адами парызымызбен 
ортақтастырар мұңымыз. 
Қазақта бiр сөз бар: «Жаманның жақсысы өлсе, адам 
бар майды, жақсының жаманы өлсе адам қалмайды» дейдi. 
Жаманның бар бетке ұстар жақсысы кеткен соң қалғанына 
бардың не, бармадың не дегені. Ал, жақсының жаманы өлсе 
де, көзi тiрi тұрған әлгi жақсысының көңiлi үшiн болса да 
«бармаған адам қалмайтынын» «өліге емес, тіріге барады» 
дейтіні де осындайдан айтқаны. Олай болса ұлтымыздың 
бетке ұстар ақындарының бiреуi, Иранбектiң отбасының 
мына тағдыры елдiң елдiгiн бiлдiретiн мейірімімен өлше - 
нерi сөзсiз.
Тегiнде, мiнезсiз талант болмайтыны аян. Әрі талант-
тарды бiраз жерде «кежiр» етiп көрсетiп, кей тұста оларды 
есе, үлестен құр қалдыратын да, сол құрғыр «мiнезi...» 
Бұрын ғыдан қалған ұлағатты сөздiң бiрi «данышпан атану 
үшiн әлемнен асқан ақылды болу аздық етеді, сол ақылың-
ды мүлт жiбермей дәлелдеп тұратын мiнезiң болу керек»  
деген. Ол үшін кез-кезiнде орайына қарай «у болса iшiп, 
жылан болса жұтуға» тура келедi. Сондай мiнез сұлулығы 
дiттеген жерге жеткiзедi. Ал ол Иранбек пақырда қайдан 
болсын! Оның шалымына келмейтін, әлдекiм мәймөңке 
мәмлемен мәйпез деп жүріп, арқан бойы жердiң тұсау бойы 
төтелiгiн тауып жүрiп шөже санар кезде «осы өзi бiр тәуiр 

238
Жанат Ахмади
жiгiт» деген атқа ие болып ананың егiнiне түсіп кетуi 
мүмкiн. Жеке басының пендешiлiгiмен талантты шатас-
тыру серт бұзу сияқты нәрсе. Ол кеше ғана көз алдымыздағы  
өмiр тәжiрибесiнен дәлелденген. Көзi тiрісiнде бiр ауыз ара 
түсуге жарамай, халық көрегендiгi арқылы шыңыраудан 
шыңға шыққаннан кейiн барып жалпы ұранға қосылып, 
«бәленше сондай едi» деп шулап жүрген жағдайымыз жоқ 
емес қой. Олай болса, Иран-Ғайыпты да осы жинағы үстінде 
ауызға алуымыз керек. Темiр қақпаны аштырарлық, те-
бiрентерлiк сөзі бар, дуалы ауыз бiлгiрлерiмiз қайда? 
Сондай жақсыларымыз жалтаңкөзденбей, ашыққа шығып  
«Мұнар, Мұнар, Мұнарым» кiтабын сыйлыққа ұсынса, 
авторды асыра жарылқау болмас едi. Жүрек қанымен 
жазылған әдебиет мерейi үшiн солай ету керек дер едік. 
Бүркiттiң балапанын бiр ұядан қатарынан үш жыл алса, 
Ата бүркiт алды-артына қарамай, басы ауған жаққа қаңғып 
кетедi екен-дағы, олай етуге намысы жетпеген Ана қыран 
көк аспанға шарықтап шығып алып, бар екпiнiмен қайта 
құйылып келiп, өзiн жартастағы ұяға соғып мерт болады-
мыс деген тәмсіл бар... Сол тектес, мұнан бұрын екi рет 
мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылып, ендi үшiншi кезегiн кү-
тiп тұрған Иранбекке елдiгiмiздi тек осы жолы көрсетуiмiз 
керек шығар, ағайын! Бiр қайғылыны аз да болса бақытқа 
жеткiзу – елдiгiмiздiң қолынан келетiндiгiн айтпағанда, 
еңбегiнiң өзi татымды емес пе. «Көптен бақыт құтылмас» 
деген де мақал бар.
«Қарайды бетiме
Анаң жалтақтап.
Қандай ниетiме
Қалдым қалтақтап», – (9 бет)
Автордың өзiн қоя тұрғанда алдыңғы екi жол үшiн, 
жабырқайсыз. 
Бұл – жеке бастың зары, сондықтан жеке тауқыметтi 
ғана жырлау әдебиетке бел ағаш бола алмайды, деген шолақ 
ұғымнан, ескi қоғамдық, әсiреқызыл көзқарастан аулақ 
болуымыз, арылуымыз қажет. Әдебиет жүрек үнi емес пе. 

239
 Әдебиет – жан нұры 
Мәселен, бiр ақын бiраз жыл бұрын жоғарыдағыдай зарын 
айта келiп, «компартиям тұрғанда бұ да түк емес...» деп 
жырлаған болса, ол сол кезеңнiң өзiнде көзге ұрмағанмен, 
ендiгi талғаммен қарасаң анық жасанды, жағымпаз әдебиет 
болып шыққанын ұғар едiңiз.
Ал жоғарыда сөз болып жатқан қалпында автор еңбегін 
таза поэзия дей аламыз. Тағы да пайымдап қарасаңыз:
«Неткен тайқы пешенем, 
Мендей зарлық тумасын.
Ағыл-тегiл көшемен 
Қаңғырады қу басым. 
Өткенге де қараймын, 
Кеткенге де қараймын. 
Жарасын қапқан қасқырдай 
Өзiмдi өзiм талаймын.
Аш өзегiм талады, 
Таусыламын торығып – 
Үнiм де өшiп барады, 
Ұли-ұли қорынып! (8-бет) 
Ең соңғы өлең «Қара тастағы жазудың» ақырғы шу-
мағында: 
«Жалған бәрі!.. Жалғанбыз!
Көр – суық та, Мола – сыз.
«Біз де Сіздей болғанбыз
Сіз де біздей боласыз!..» – дейді.
Классика – мәңгілік өлең дейтініміз бәлкім осы тектес 
болар.

240
Жанат Ахмади

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет