Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

көкек, 1996 жыл) деп, тап басып тауып айтқан тәрiздi. 
Оқырмандардың көзiн жеткiзу үшiн, мысалға жүгiнейiк:
Ғажап өмiр, 
Көрсем-дағы не күйдi, 
Құштарлығым қалай оған кемидi. 
Кең дүниеге кеберсiген ернiме 
Ұлпа қарлар қонбай жатып еридi...
дейдi «Қар жауған күн» өлеңiнде (5-бет). Жүгiре оқып келе 
жатсаңыз да жүрекке жылы суретке қалт кiдiресiз. Өмiрге 
ғашықтықты талай ақын ежелден, тегiннен-ақ жырлап 
келедi, жырлай бередi. Қазыбек те өз орнын өз үнiмен ойып 
алып өрнектейдi.
Тағы да мысал:
Тобыменен түйеқарын томсарып, 
Қызыл жыңғыл қырауланды соншалық. 
Құм қойнынан қардың қызы қарсы алып, 
Ойнайтындай мойыныма қар салып...
Құйрыгы алдар қу түлкiнi қуатын 
Қуатымен сонарға сап жыр-атын, 
Сұлулықтың суықтығын ойламай, 
Қар астында қалқып жүрдi бiр ақын... (6-бет)
Менiңше бұл өлеңдi ешқандай түсiндiрудiң, дәрiптеудiң 
қажетi жоқ сияқты.
Ақын табиғатты жырлап отырып, өмiр жайлы толғанады. 

255
 Әдебиет – жан нұры 
Жалпы не туралы жазса да, тiптi тас жайлы жазып отырып 
та, өз жүрегiнiң дүрсiлiн қабат сездiрiп алады. Көңiлдiң 
нәзiк пернесiн сипай бiр басып өтедi.
Тебiренгем сазды үннен, 
Жанарымнан жас тамып. 
Сағындым деп жаздым мен, 
Дауыстауға жасқанып...
Талай тарлан жырлаған қасиеттi сағыныш туралы қазiргi 
айқайлап айтушылар көбейiп кеткен кезде «дауыстауға 
жасқанған» ақын жүрегiнiң кiрпияз нәзiктiгiне куә боласыз.
Қыспен бiрге күнiмдi ойлап өткен аз,
Көп өкiнiп отырамын. Iшiм-от.
Көңiл байгұс көктем келсе – көкке мәз,
Уақыт өтiп кеткенiмен iсi жоқ, – 
деп ендi бiрде дүние жалғанға, жылт етпеге жұбанған өтпелi 
тiрлiк пен жүрдек уақытқа өзегiн тiлдiредi.
«Қызғалдақты жыл туралы жыр» өлеңi тұнып тұрған 
сурет. Табиғаттың тартымды көрмесi. Тамашалап отырған 
көрiністі көз алдыңызға жақындатып, әрбiр үзiгiн үзiлдiре 
бейнелеп, мөлдiрете қояды.
Қызыл гүлдi қырқаның алабы бау, 
Жанып жатқан секiлдi дала мынау. 
Ақбоз аттың бауыры қызыл тартып, 
Құйғытады – өртенiп барады ма-ау?..
Қызық өлең. Оқырман сезімін әр қиырға жетелейді. 
Қызғалдаққа жайылған қойдың сүтi мен «сабылысқан сап-
сары көбелектердiң қонып-ұшқан соң қызаратыны» (бояуды 
көре бiлу), жауыннан кейiнгi көк балаусаның бырт-бырт 
 
етiп, буын үзiп өсетiнi (дыбысты есiту, сезе бiлу), тағы бас-
қа, тере берсек тiлге тиек болар тармақтар мен шұрайлы 
шумақтар жетiп артылады.
«Жазғы түн» өлеңiнен мысал келтiрейiк: 
Байыз тауып бар үнi, 
Тынып қапты айнала. 

256
Жанат Ахмади
Тыныштықтың тамыры, 
Бүлкiлдейдi жай ғана... 
Қыбыр етпей шөп басы, 
Сыбыр етер үн де жоқ.
Тұрмын мен де тырп етпей, 
Ырыс түнге ынта артып. 
Сатырлатып жыр төкпей, 
Сары майдан қыл тартып...
Құм қойнынан құт дарып, 
Жусап жатыр қара дөң. 
Айлы түннен сүт емiп, 
Балбырайды бар әлем. 
Қызық. Ешқандай үн жоқ, тым-тырыс қимылсыз әлемде 
бүлкiлдеп жатқан жалғыз нәрсе... Ол – тыныштықтың 
тамыры. Көз алдымызға айлы түннен сүт емiп балбырап 
жатқан құм көрiнiсi келедi. Жаныңды жылытады.
Қазыбек жырларында керiм кеңiстiк-қызғалдағы мен 
қызыл жыңғылы сыңсыған қыр, сұр жүзгендi сусыма құм, 
яғни жазира жазықтық бар бедер-бейнесiмен көрiнедi. Қы-
зылқұмның шағылына табан күйдiрiп, Шардараның шаға-
ласына қанат байлап өскен дала шайырының қаламына, бұл, 
әрине, табиғи заңдылық шығар...
Ендi жаңбырлы күнде аурухана әйнегiне есiмiн жазған 
қыз, сыртта сарыла күткен жiгiт жайлы «Аурухана 
маңында» өлеңiнен мысал алайық:
Ән етерлiк дәнекерлiк тауып алып әйнектен, 
Сүп-сүйкiмдi саусағымен атын жазды бойжеткен. 
Әрiптердiң әрқайсысын аққан жұлдыз сияқты, 
Ағызады тамшы бiткен – Ақымақтық ой, неткен!.. 
Әйнекке қыз жазып жатыр, жатса жаңбыр жасырып, 
Әлемге бұл сәндi есiмнен жатты сәуле шашылып.

257
 Әдебиет – жан нұры 
Өшiрмек боп тасырлаған тамшылардан тартып ап, 
Көңiлiмнiң әйнегiне көшiремiн асығып... 
Кезiнде М. Жұмабаевқа арналған мүшәйрада қазақтың 
тарлан ақыны, таланттардың тамыршысы Ғафу Қайырбеков 
қорытынды сөзiнде осы өлеңдi ерекше бөлiп атап, сүйсiне сөз 
етiп едi. Бiздiң оған алып-қосарымыз жоқ.
«Керiмсалдың» өзегi, менiңше, «Өмiр – өлең». Бұндағы 
«Сы 
рымды айттым далаға», «Аттанарда» жырларында 
ауыл мен қоштасқан ақын көңiл-күйi әсерлi берiледi. Бұл 
– барлық ақындар жырлаған тақырып. Бiрақ әрбiр жақсы 
ақын – өзінше әлем екенi анық.
Жүрдiм, жүрдiм, жүрдiм де, 
Кетiп қалдым бiр күнде... 
Немкеттiлеу ағайын, 
Неге кеттiм, – бiлдiң бе?!
... Сөз жүгiртiп әр саққа, 
Iлiнсем де қанша атқа 
Жырды жығып бермедiм 
Мыңды жыққан мансапқа... 
Құм iшiнде құмыққан 
Күндерiмдi ұмытпан. 
Шығарып сап құстарды 
Шыққам талай ырықтан.
...Қызылқұмның қуатын, 
Бойға жинап бiр ақын 
Алматыға аттанды – 
Алладан деп рақым.
... Сыздауын-ай жараның 
Сызданып-ақ бағамын. 
Жамырап-ақ келiп ем, 
Жалғыз кетiп барамын, 
Жалғыз кетiп барамын.

258
Жанат Ахмади
...Дүбiрi көп мынадай
Бұлдыр күндер бұлағай 
Шылбырымды шарт үздiм, 
Жылқы жылы шыдамай...
Қазыбектiң қысқа да, нұсқа бiр өлеңi бар. Желiгiп өткен 
жастық шақ, серi күндер мен дулы да шулы думандарға нүк-
те қойған ақын бар ойын екi ауыз сөзбен былай түйiптi:
Ұшқыр тiлi сағаттың, 
Үшкiр екен ол тегi – 
Жүрегiмдi қанатты, 
Өзегiмдi өртедi.
Болды. Бiттi. Жеттi ендi, 
Осы менiң бар тұлғам. 
Қолыма алып өкпемдi 
Қудым, Уақыт, артыңнан...
«Сырлы әуен» бөлiмi «Тағдыр толқыны» топтамасында- 
ғы «Ойыншықтар», «Ақботаға» өлөңдерiн толқымай оқу 
мүмкiн емес... «Ақын – тағдырымен ақын» деген осы шығар. 
Осы өлеңдерден қысқаша үзiндiлер келтiре кетейiк.
...Құлыншағымның қуыршақтарын шашылған 
Айналып жүрмiн, айналып дүние басымнан...
Кiм шашса дағы тазарып кеудем кiрбiңнен, 
Ботамды еске ап, боталап көзiм тұрмын мен. 
Ойыншықтарды шашатын сәби көңiлi, 
Жинайтын жанмен толарын бұрын кiм бiлген... 
... Өзiмнен көрiп жаныма түскен жараны, 
Ойыншық бiткен оңдырмай маған қарады.. 
Қуыршақ қыздың құрмадай өткiр жанары,
 Қуырып тiптi барады... 
Өркеуде жан ем ерегiсетiн тағдырға, 
Өмiрге мынау өгейсiп мүлде қалдым ба?.. 

259
 Әдебиет – жан нұры 
Ойсырап тұрып жеңiлдiм өзiң ойнаған, 
Ойыншықтардың алдында... (10-бет)
Ендi екiншi өлеңге көз жүгiртейiк: 
Атаудамын сенiң туған күнiңдi 
«Атауыммен» – айтқан шешең қатесiз. 
Бiлем мен де, 
Желтоқсанды бүгiнгi
Томпағым-ау тойлап жатсың әкесiз... 
Суық бөлме маған суық қарайды... 
Есiтiлмей жылытатын сөздерiң...
Ел өсегi емес екен тек қана 
Үнсiздiк те табалайды екен ғой...
Тастап кеткен темекiмдi тартым ем, 
Түтiнiнен сенiң бейнең жасалды...
...Балабақша – бақыттылар мекенi 
Маған ендi қарайды ол да жатсынып... 
Бүлдiршiндер саған ұқсап кетедi 
Келе жатқан әкелерi ап шығып...
Тағдыр толқынында қалқыған ақын шер тұңғиығына 
батып кетпей, «Жұбату» жырын жазады:
Түлкi де тiсiн батырар 
Сорлы тазыға 
Соңына түсiп қумаған
Қамшының сабы сынбай-ақ 
Қысымыңа толмаса 
Қалап алған қайыңың 
Қара ағаштай болмаса – 
Қалың орманға көз тiккей, 
Қайран да күнiң далбаса.
Сапта кетсе сақина,
Таңдайыңа тати ма -

260
Жанат Ахмади
Жүрегiңнiң сазғаны
Опынғанмен не шара?
О, дағы бiр Құдайдың
Маңдайыңа жазғаны.
Сонымен қатар «Керiмсалдағы» жеке тоқталып, талдау- 
ды талап ететiн «Азанама», «Мұңлық-Зарлық мұқамы» хам-
саяты, «Құлажан батыр» балладасы, «Кескiн-келбет» пор-
треттерi ақынның өзiндiк қолтаңбасын айқындайтын, ой 
мен сезiм қатар өрiлген туындылар. Ал «Мұңды әуен» бөлiмi 
– мөлдiр махаббат әлемi.
Ойымызды түйiндей алсақ ақын тiлге бай, сөз жасап, 
тiркестердi еппен ұқыптап, шебер өредi. Бұ жағынан Қазыбек 
қамшы салдырмайды.
Мысалы:
Шаруаға тоңми торы атты, 
Шал қайтып келдi жоқ iздеп.
 
Қызылқұмның қырмандоз қыз-жiгiтi 
Қызыл жинап, шырқайды күрiштiкте ән. 
Үрерге иттi жоқтайсың, 
Үрияты елдiң не қылсын?
Жасырымыңды айтып беруiң 
Қажет пе... iштей ұғамыз.
Мұзы да оның мұздата алмас жүректi 
Мәрмәр жүздi Мәрқия қыз секiлдi...
Маңдайына тиген сайын мекенмөр, 
Мұртшығынан мысықтың жаралғандай. 
Түсiрмегенмен күн көзi қылау 
Түсiрген құнын.
Түйсiксiз ұрпақ тасқұммен сылап... 
Сертбұзар жiгiт емес ем, 
Дерттiзар қылдың неге сен?

261
 Әдебиет – жан нұры 
Осы жерде тiркелгi, тiркеме деп тiлге түйткiлдеу ау-
дарылып жүрген пропискаға – мекенмөр дөп мағынасы 
дәл берілуі әдемi сөз табылғанын айтуымыз керек. (Бұл – 
терминкомның құлағына алтын сырға.) Сонымен бiрге тас-
құм да (цемент), тартымтас та (магнит), емине де (шприц) 
жақсы табылған баламалар.
Қазақ поэзиясына «Керiмсалдың» керiм лебiн әкелген 
Қа зыбектiң жыр кiтабынан ақынның өлеңмен өрiлген өмiр-
баянын оқығандай болдық. Көңiл күмбiрi, жүрек дүрсiлi 
ой оранып, сезiм пернелерi сөйлейтiн жинақ-жырымызға 
қосылған үлес деп бiлдiк.
Қорыта келгенде, ақын-жазушы атаулы дер кезiнде өз 
бағасын алып отырғаны абзал. Жарық дүниеде жүрек қа-
лауына iлесiп өмiр кешетiн Адам баласы үшiн ең бiр қастерлi 
iлiм – поэзия майданында өз орны бар ақынымыз Қазыбек 
Исаға сөз күйiгi жүректе, күйiнгенiң қайыр демекпiз. 

262
Жанат Ахмади
«ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙ ҚОЯМ БА, БАСПАЙДЫ ДЕП»
Кітаптың аты айтып тұрғандай, «Кешіккен сый» жинағы 
– ақын Естеу Нүсіпбековтің өмірімен жарыса келіп, автор-
дың жасы 70-ке тақағанда жарық көрген кітап... Қазақта 
«Істің ағы біле ме, жігіттің бағы біле ме» деген ұлағат бар. 
Бір таңқаларлығы – 1933 жылы Шығыс Түркістанның Іле 
аймағында дүниеге келіп, Үрімжідегі Шынжаң халық бас-
пасында редактор, Жазушылар одағында нұсқаушы, «Шұ-
ғыла» журналында редакция меңгерушісі болған, бірнеше 
жинақ шығарған Естеу Нүсіпбеков атажұрты Қазақстанға 
оралған 1961 жылдан бері қолынан қаламын тастамапты. 
Жастайынан көкейін тесіп, жанын жаулаған өлең-жырды 
жүрегінің туы етіп келіпті.
Адам тағдыры тәрізді шығармашылық тағдыры да әр-
түрлі болатыны ешкімге таңсық емес. Республикалық басы-
лымдарда там-тұмдап болса да, үзбей жарияланып келе 
жатқан Е. Нүсіпбеков жазу-сызу жолына төпелеп түскен 
танымал қаламгер емес, сыртта, ауданда тұратын, негізінен, 
мұғалім болғанын біреу білсе, біреу біле бермес, әрине. Кітап 
шығаруды айтпағанның өзінде мерзімді басылымдарда шы-
ғудың өзі көбіне иін тірескен сен тұр, мен атайындардың 
айналасынан аспағаны мәлім. Ең жоғы тамыр-таныстық 
керек. Әрі оңайлықпен «рақмет» ести қоймайтын мұғалімдік 
жұмыс та сәбеттік қызыл саясат кезінде «Сен өлең жазумен 
айналыса ғой демегені рас»... Сонымен «Кешіккен сый» 
атты өлең, толғау-дастандар жинағы әйтеуір бір жақ сының 
түсірген жарығы арқылы дүниеге келіпті.
Қазақ «өлмегенге өлі балық жолығады» дегенді де тек-
ке айтпаған. Басы ашық бір жай – Е. Нүсіпбековтің қа лам 
ұстаудағы әрекеті ел жазады, мен неге жазбаймын де ген 
қысастықтан туған қара көбейтудің, қалмайшаптың әу-
регершілігі емес. Тіл өнері дертпен тең дейтін тапжылтпас 
қағиданың жан ауыртуы екеніне көз жеткізесіз. «Тауық 
талдан асып ұшпайды» деп, ұшқысы келетін, ұша алатын 
құсты торда ұстап, топ қанат қып, талдан асырмай қою 
қиянат болатыны кімге де болса мәлім. Жанына батқан 

263
 Әдебиет – жан нұры 
зардапты болсын, асқақ сезім күйін болсын, айтпай, жазбай 
қоя алмайтын байырғы «өзіндік сүрлеуі бар ақынның кітабы 
жетпіске таяғанда жарық көруін қандай сөзбен жуып-шаюға 
болады. Жазбай тұра алмайтын ақын үшін бала-шаға, дүл-
дүние, денсаулық бір басқа да, қағаз-қалам бір басқа. Көкейін 
жегідей жеген, жанына жақын ой дүниесі бір төбе.
Е. Нүсіпбековтің поэзияға жаны құмар, тумысынан ақын-
жанды жаралғанын оның үлкен ақындарымыз X. Ерғалиев,  
Т. Молдағалиев сияқты саңлақтарымызға арнаған өлеңдері-
нен де ұғынуға болады. Сондай-ақ, кітап бөлімдеріне 
қойыл ған аттарға да ақын айрықша мән берген. Бес бөлім: 
«Аспан тау бойлап келемін», «Халқыммен ханмын, өремін», 
«Алашты жырлап беремін», «Антына адал өлеңім», «Та-
рихтан маржан теремін» деп аталады. Әрі бұл жалаң 
ұйқас қуалау емес, әр бөлімінің мазмұнын ашып орынды, 
қонымды, жүйелі ойланудан дерек беріп тұрғандай.
Ал «Кешіккен сый» жинағында өлең, толғау, топтама, 
дастан жазудағы сөз нақышы тіл ұшындырады. Ұмытыла 
бастаған бірталай бейнелі тіркестер қажетіне орай сызат сыз, 
ақаусыз жіктеліп, әр-әр тұста селт еткізіп отырады. Нүсіпбе-
ков Естеу бұ жағынан ешкімнен кенде емес, мақаламызда 
келтірілген шумақтардан мүкіс таппайтыныңыз сияқты, 
сезім екшеу, ойлау дүниесі мен шумақ түзу мүмкіндігі кі-
тапты ақсатып тұрған жоқ. Керісінше, тұтастай кәделі еңбек 
дүниеге келгенін айту арқылы емес. Мысал ала түсуге болар 
еді, оны мақала көлемі көтермейді. 
Кітаптағы «Қанды тасқын» дастаны бұдан қырық жыл 
бұрын Қытайдағы Маршыл, ішмерез саясаттың құрбаны 
болған ақын Тоқтархан Жекібаевтың тауқыметті тағдырына 
арналған. 
Алдымен дастан эпилогіне назар салайық. 
Бұл әңгіме көп етті ой-електен, 
Қалып еді үзіліп мың әлекпен. 
Аяқтадым Пайғамбар жасына кеп, 
Қолым тиген бір жазда шыр көбектен.

Ажал алғыш кімге де айтпай келер
Уақыт шіркін алдамшы аттай желер. 
Алды – қызық тірліктің, арты– өкініш, 
Қызығын да шыжығын сатпай берер.
Сатпай алды Тоқтархан азапты да, 
Жәбірлеген, қорлаған мазақты да. 
Ажалды да ақыры «ақталуды», 
Тірі кешкен басынан тозақты да.
Естеу Нүсіпбековтің бозбала жасынан табысқан досы 
Тоқтархан Жәкібековтың тәлкекті тағдыры, жан толқы-
ныстары Шыңжаңның аса ауыр тарихи кезеңін көз алдыға 
әкеледі. Ол өлкедегі аз санды ұлттар зиялысы атаулы ның 
«оңшыл», «ұлтшыл», «халық жауы» деген жалалы «қал-
пақ пен» қудалап, қай жерде ауыр жұмыс болса соған топ-
тобымен айдап апарып, еріксіз еңбекке жеккен заман еді.  
Ол – қазақтың да бас көтерер азаматы атаулысын «қоғам-
ға жат пиғылды», «байдың тұқымы», «жасырын ұйымы 
бар» деген сияқты таусылмас желеумен «тамырына балта 
шапқан», ұлт қаймағын қалқып жатқан кез еді. Ол – ұлттың 
ақылын, миын, рухани дүниесін әбден жұтатқан тұсы еді. 
Сондай-ақ, оның есесіне қай-қайдағы дардан қашқан қу, 
құлағын кестірген шұнақ, ешкімді аяй білмейтін, обал-
сауап атаулының иісі мұрындарына бармайтын, түпсіз, 
тексіздерді арқаға қағып құтыртатын. «Алабұтаға ат бе-
кітіп, мәстекке үкі таққан» дейтін, кеще, мұндарларды, 
«жүген салса ауыздығын сал 
майтын, ауыздығын салса 
суарғанда алмайтын» дей 
тін тоғышарларды, атқа мінсе 
– атасын танымайтын» әуме серлерді халықтың қыр жел-
кесіне мінгізіп қойған. Бір сөзбен айтқанда, көкірегінде 
саңлау бар, ұлтын сүйетін есті адамдарды Қытайдың өртеніп 
тұрған қызыл саясатына әдейі арандатып, көзбен кезеп, 
тілмен безеп беретін сондай құдайсыз белсенділерді әдейі 
дестендіріп құтырта түсетін. Дастанға осындай ой-пікірлер 
өзек болған. Еріксіз айдалған тұтқындар Такламакан шөлі 
Жанат Ахмади
264

265
 Әдебиет – жан нұры 
мен Тарым өзені ортасындағы әйгілі Лобнор көлі маңындағы 
тозақ өңіріне басарық канал қазуға әкелінеді. 
Жұмыс күші – тұтқындар, бекер еңбек
Қайда айдаса байқұстар кете бермек. 
Күнә артылып өмірлік кесілгендер, 
Осы өңірде айыбын өтеп өлмек. 
Автор осындай жазықсыз, жасанды тұтқындарды тауып 
сүргінге айдар алдында ана құрсағынан қара тырнақ болып 
түскен Мао саясаты «стиль түзеу» науқанын 1958 жылы 
шұғыл бастап жіберген кезеңін суреттейді. Алдымен аз 
ұлт тар арасынан «хан іздеу» жанданды. Шығыс Түркістан 
бойынша қазақтан Жағда Бабалықов, ұйғырдан Зия Сәме ди 
ілінуін дастан былай бейнелейді: 
«Ұлттық жол ма? Ол – нағыз феодалдық, 
Сақтамаған Жұғоға шын адалдық» 
Делінді де басталды «Хандық іздеу», 
Жауды табу сүреңі лаң дан қып.
Ұйғырдан хан ізделді, қазақтан хан, 
Іздеушінің жаны жоқ азаптанған. 
Хан қаулады мекеме, мектеп сайын, 
Асып түсті ғажаптар ғажаптардан. 
Ұйғыр Зия «хан» екен, Қазақ Жағда, 
Жоймақ болып Жұңғоны қыпты уағда. 
Бар зиялы солардың «құйрығы» екен, 
Бірі бауда, қалада, бірі тауда.
Газеттегі Тоқтархан соның бірі, 
Ел жиятын маңына сөзі пірі. 
Университетте пікірлес Задаханмен, 
Студенттен тобы бар ірі-ірі.
Осындай жымысқы әрекетпен мыңдаған ақын-жазушы 
зиялы, ілікке алынатын жақсы ұстаз, тіпті ұлт жөнін ойлай 

266
Жанат Ахмади
алатын есті – басты студент жастарға дейін сыпырылып 
айдалып кетіп, ел-жұрт тағдыры әлгі құтырған тобырға 
қалған. «Жалшы, малайлар теңдікке жетсін» деген 
қитұрқы жылым ұран астында жергілікті әумесерлер 
ішкеріден кел тірілген қытай кадрлармен нағашы-жиендей 
етене кірігіп табысқан. Ел-жұрт тағдыры, ұлт мәселесі 
осылай қорланған.
Бұрыннан да түсінікті мұндай көңілсіз жайларды тағы 
қайта қозғап отырғанымыз «Қанды тасқын» дастанының 
арқалаған қасірет жүгі де тап осында жатқандығы. Бұл 
орайда жан жарасы асқынған Естеу Нүсіпбеков талантты 
ақын досы Тоқтарханның ғана емес, сондай мыңдардың 
сұ раусыз кеткен қанды кегін қуалап, атажұртындағы елі- 
не поэзия құдіретімен шағып отыр. Автор сонысымен 
сыйлы. Оқырманын амалсыз мойындатып, көнбес ахуалға 
тізе бүктіре алады. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, балаң- 
ның баласына табыстап кетерлік ұлт тарихы қасіретінің 
үлкен бөлшегі осы дастан оқиғасынан жел естіретіндей 
сезіледі.
Дастанда әдейі жасалған су тасқынынан опқынға кеткен 
Тоқтарханды Қытай саясаты өлгеннен кейін «ақтайды». 
Бұның астарында «міне, осылай өле біліңдер» деген сарыаяқ 
сайқалдық жатқаны аян. Яғни, әртүрлі сылтаумен жасанды 
өлім шығарып, өздеріне қауіпті саналған шынайы қайсар 
зиялылардан осы жолғы апат тәрізді алдымен іріктеп 
алып елулеп, жүздеп көзін құртып құтылуға болатынын 
меңзейтіндей. Автор дастанын былай аяқтайды. 
Құдайсынған Сталин, Мао да өлді,
СССР-дің тағдырын әлем көрді.
Уақыт ісі – бәрі де бұл күндері,
Талай «көсем» шарлап жүр, талай жерді. 
Адам баласына ажал ұрығын сеуіп, өзгеге өлім тілеген 
бас жендеттерді және олар арам қолмен жасаған обыр қоғам 
сиқын жалғыз шумақ өлең жер қаптырып тұр. Бұл – тарих 
үні. Поэзия құдіреті бұл.

267
 Әдебиет – жан нұры 
Бір ғажабы – 1961 жылы небары 25 жасында қайғылы 
қазаға ұшыраған Т. Жекібаев туралы жазылған дастан бұл 
ғана емес-ті.
Жұмысшы ақын аталып жүріп, арамыздан ертерек көз 
жұмған тағы бір дарын иесі Хұсман Мұқаметқалиевтің төрт 
дастаннан тұратын жинағында Тоқтархан туралы «Зар-
ғұмыр» атты сәтті поэмасы жарық көрген. Жекібаевты біле-
тіндерден оған өлең арнамағандары аз. Мәселен, Қытайдағы 
ақындардың да өлең, дастан арнағандары бірталай. «Зар-
ғұмыр» десе дегендей. Жас, бұла өмірі айдаумен өткен 
Тоқ 
тарханның соңындағы жұртты жұбатарлық тағы бір 
көңілге медеу, дәтке қуат іс 1986 жылы «Жазушы» бас-
пасынан ақынның «Арман даусы» атты едәуір көлемді жыр 
жинағының шығуы еді. Талантқа іздеуші қай-қашанда та-
былады екен. Жинақты құрастырушы үлкен азамат, белгілі 
қаламгер, марқұм Заманбек Жәкенов пен A. Әшенов екен. 
Ал пікір жазғандар Жұматай Жақыпбаев пен Есенғали 
Раушанов. Міне осының бәрі: «Кешіккен сый» авторы 
E. Нүсіпбеков, «Зар-ғұмырдың» авторы X. Мұқаметқалиев 
және кітабын құрастырғандар мен оған мөлдіретіп пікір 
жазғандардың бір мекенжайдан табылуы көк пен жерден 
іздесіп табысқандай әсер қалдырады.
«Кешіккен сый» авторына «ердің көмулі несібесі қырық 
жыл сақталады» демекші, осы жасыңызға дейін алтындай 
сақтаған сыйыңызға сый қосыла берсін демекпіз! Сабырда 
қайыр бар. 
Жақсы күндер, жырлы күндер жалғассын! 

268
Жанат Ахмади
ДАРИЯ БУЛАНБАЙ, ДАЛАҒА  
ШЫҚ ТҮСПЕЙДі
«Дария буланбай, далаға шық түспейді,
Шық түспей тұрып шөп буыны іспейді.
Шөп буыны іспей, шыбышқа шыр бітпейді.
Қойға шел бітпейді, шел бітпей, төл бітпейді».
(Халық даналығы)
Иә, дария буланса шық түседі... Ал ақынның жанары 
буланса, жақсы жыр туады. Қ. Бегмановтың «Ағаш бесіктен 
жер бесікке дейін» деп аталатын кітабы: «Өлең үшін елден 
кеткем», «Бар өмірім тұрады сағыныштан», «Бабам көрген, 
атам көрген ескі бел» деп аталатын үш бөлімнен тұрады 
екен. Көлемі 10 баспа табақтай жыр жинағы екі жүзге тарта 
тақырып бас қосқан өлеңдерден, баллада, толғаулардан 
құралған.
Кітаптың аты алғаш көрген кісіге жас адам қоятын 
тақырыптан гөрі мосқалдау ақындардың тіліне оралса құп 
болғандай сезіледі. Бірақ бұл Қасымханның ішкі рухани 
дүниесінің бір көрінісі екенін кітапты оқи келе аңғарасыз. 
Өмір дегеннің бір тұтам ғана уақыт екенін түп қазықта 
ұстаған автор осы тақырыптың өзімен өзекті пендеге тұсау 
салғандай. 
Мысалы «О, Түркістан», (4-бет), «...кептерлер» (5-б), 
«Маңдайыма сезбеппін сыймасын-ай» (5-б.) сияқты өлең-
дерден бастап көптеген жырлары ақынның жан-жүйелік 
әлемін қорғалап тұр, яғни кітаптың тақырып аясына 
үркердей үйіріліп шоқтанған. 
«Қандай ойға бастамайды мына қыр,
Қабірлерге бәйіт арна, дұға қыл.
Еркектерге жылау қылмыс болса да,
Айдалада ағыл-тегіл жыла бір» (О, Түркістан ) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет