Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ


ЖАРҚ ЕТIП СӨНГЕН ЖАЛАЛЫ ҒҰМЫР



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

ЖАРҚ ЕТIП СӨНГЕН ЖАЛАЛЫ ҒҰМЫР
(Біләл Сүлеев өмiрiнен)
Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтiң: «Ел кө-
шiн бастау маған сын, менi қостау елге сын» деген мағыналы 
ой айтқаны баршамызға аян. Елбасының аузынан шыққан 
жасампаз қағидасының бiрегейi биылғы 1997 жылды «Жа-
зықсыз жапа шеккен, қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу 
және ұлттар достығы жылы» болсын деген нұсқауы болып 
отыр. Тiзiмдерi ұзағынан созылып жатқан Сталиндiк 
қара саясат құрбандарының бел ортасынан табыларлық 
перзенттерiмiздiң бiрi – Біләл Сүлеев. Оның соңында нақтап 
iздеушiсi болмағандықтан, атаусыз келдi. Өмiрден ешбiр 
қызық көрмей, жаңа жете бергенде қыршынынан қиылған, 
Біләлдiң болмысын оның жары болған Фатима Ғабитованың 
Мемлекеттiк Орталық архивтен алынған мына құжаттан 
толық бiлiп тануға болады. Фатима Ғабитова – Iлияс 
Жансүгiровтан бұрынғы, алғашқы ері болған Біләл Сүлеев 
жайлы былай деп жазған. 
БіЛӘЛ СҮЛЕЕВ КIМ?
Елi Найман, Найман iшiнде – Қаптағай. Әкесi Майлы 
ұлы Сүлей. Шешесi Қамқа. 1898 жылы (жылан жылы) күз-
дiгүнi Қапал қаласының төңiрегiнде Баян-жүрек дейтiн 
жерде дүниеге келген. Балалық шағы Сағабүйенде (осы 
күнгi Жансүгiров атындағы колхозда) өтедi. Біләл алғашқы 
бiлiмдi әкесiнен алады. Әкесi Сүлей де, атасы – Майлы да 
оқыған, бiлiмдi адамдар болады.
1911 жылы 13-ке келген Біләл сол жылы Қараағашта 
ашылған «Мамания» медiресесiне келедi. «Маманияның» 
мұғалiмдерi Түрқияда, Мысырда оқыған: Ғазиз Мусин, Фай-
зырахман Жаһандаровтар сияқты мұғалiмдер болады. Бi-
рер жыл «Маманияда» оқыған аса зерек Біләлдi, Маманов  
Есенғұл болыс өз қаражатымен Уфадағы мұғалiмдер да-

170
Жанат Ахмади
йындай тын татардың «Ғалия» медресесiне жiбердi. Бiрақ 
«Ғалия» Біләлді қанағаттандыра алмайды. Сондықтан 
өздiгiнен жол тауып Оренбургтегi учительская семинарияға 
оқуға түседi. Семинарияда оқып жүргенде Оренбургте шы-
ғатын «Қазақ» газетiнде де iстейдi. «Қазақ» газетiнде Бі-
ләлдiң «Матай», «Қаптағай» деген жасырын ат-псев доним-
дермен бiрсыпыра өлеңдерi, мақалалары басы лып тұрады. 
Татардың «Шура» жорналында татар ұлтшыл да рына қар-
сы «Науширван Әфендi мақаласы жайлы» – деген ғылыми 
мақаласы 1916 жылы «Шураның» 3-санында басылған. 
Және татардың «Уақыт» газетiнде де әлгi лақап аттар: 
«Матай», «Қаптағайлар» сол жылдарда жиi кездесетiн. 
1916 жылы семинарияны үздiк, ағыла дәрежеде тауысқан 
Біләл патша әскерлiгiне, қара жұмысқа алынған қазақтарға 
«мыңбасы» болып, Минскiге барады. Ал 1917–1918 оқу 
жылында Қапал қаласындағы татар мектебiнде оқу iсiн 
басқарушы болып қызмет атқарады. Менiмен Біләл сол та-
тар мектебiнде танысты. Мен ол мектептi содан бiр жыл бұ-
рын тауысып, оқу-ағарту комиссиясының ұйғаруы бойын-
ша осы мектептiң өзiнде мұғалiм болып қа лып едiм. Бiз 
үкiмет iсiмен ауысып Талдықорғанға келгенде, Алматыдан 
келген адамдар iштерiнде Ораз Жандосов бар (большевикке 
өткендердi қабылдап алды және «Садыр – Матай» дейтiн 
Бюро ұйымдастырып, бiздiң жақтан кел ген дерге бүлiнбеген, 
бүтiн ел, Жалайырдан астық сатып алуға мандат берiп, ел-
елдiң арасын жөндеп жатқан кез екен). «Садыр – Матай» 
бюросының да председателi Біләл Сүлеев едi.
Біләл асқан ақылды, келешектi терең болжай алатын 
ардақты азамат едi. Ол Жетiсу ауылдарында екi жылдық 
бастауыш мектеп, аудандарында жетi жылдық орталау 
мек  теп, ал облыста тоғыз жылдық орта мектеп ашты. Бұл 
мек тептердiң барлығы да жатаханалы болатын. Және кей-
бiр пәндер ыңғайына қарай орыс тiлiнде оқылатын. Біләл-
дiң бұл әдiс-тәсiлi Жетiсудағы ұсақ ұлттардың әсiресе, 
қазақ жастарының ешбiр бөгетсiз Сәбет Одағының барлық 
қалаларындағы жоғары оқу орындарына түсiп, оқуларына 
мүмкiндiк берiп едi.

171
 Әдебиет – жан нұры 
1928–29 оқу жылдарында Біләл Ақтөбеге облыстық Оқу 
Бөлiмiнiң меңгерушiсi болып белгiлендi. Сол кездегi әлеу-
меттiк жағдайға орай 1930 жылы Оренбург Орталық Волга 
өлкесiне өткiзiлiп, ал Ташкент тұтасымен Өзбекстанға бе-
рілуi себептi, Қазақстан өз институттарын бұл қалалардан 
алуға тура келдi. Ол күндерде НарКомПростың бар жоғары 
оқу орындарын ұйымдастыруға тәжiрибесi бар қызметкер 
Біләл болғандықтан, Оренбургтегi мұғалiмдер институтын 
Оралға, Ташкенттегi мұғалiмдер институтын Семейге кө-
шiрiп алып барып орналастыру осы, Біләл Сүлеевке тапсы-
рылған болатын. Аталған екi институтты белгiленген қа-
лаларына көшiрiп орналастырып, өзi ректор болған Се-
мей институтына оқытушыларды iрiктеп алып жатқанда, 
Біләл дi НКВД бiрден қамауға алып, Алматыға айдады. Бұл  
1930 жылғы августiң iшi едi. НКВД-да жазықсыз екi жыл 
отырып, 1932 жылы 5-сентябрь күнi босап шықты. Бi-
рақ, ендi Біләл өзi Қазақстанда тұрғысы келмей Мәскеуге 
кеттi. Онда бiр өндiрiс орнында бiрер жыл мәдени-ағарту 
қызметiнде болады да, 1934 жылы Москва оны Қарақалпақ 
НорКомПросына басшылық қызметке жiбередi. Ал 1937 
жылдың соңғы айларында одан бiр сәт көз жазбай отырған 
НКВД қайтадан қамауға алып, Біләл Сүлеевтей асыл 
азаматты бiржола жоқ қылды. Біләл Сүлеев: ағартушы, 
методист, ақын, драматург, журналист, сатирик, юморист 
едi. Оның «Қайтсең көсем боласың» сияқты шаншыма 
өлеңдерi болсын, «Қартаға салынған қатын» дейтiн пье-
сасына дейiн барлығы өткiр, әжуалы жазылған.
Iлияс Біләлдің сатира, юмор түрiнде жазылғандарына 
көп елiктедi. Сөзiм дәлелдi болу үшiн екеуiнiң мына бiр 
өлеңдерiн салыстырып көрейiк. 
Біләл:
«Қазақша, не орысша жөндi бiлмей,
Сөйлесең бәду-шәду шатастырып,
Сөзiңнiң аяғына дұспан күз ғып,
«Жасасын, даздравствуйте» матастырып» десе,

172
Жанат Ахмади
Iлияс:
«Сөз сөйле тiл бiткендi бұзыңқырап,
Боза-ботқа докладын мыжыңқырап,
О күнәңдi жоям деп бақыра түс,
Күшенiп жасасынға қызыңқырап»
Біләл Оренбургте семинарияда оқып жүрген қаршадай 
күнiнен бастап, әруақытта қоғамға ұнамсыз жайларды өт-
кiр тiлмен өлтiре мiнеп-шенеген журналист. Бiрақ ол өзiнiң 
жазғандарын бастыруға асықпайды. Оның жазғандарын 
жол  дастары жинап бастырып жүретiн. Бiр еске алатын жай 
– егер Біләлдiң бiр өлеңi қай жерде басыла қалса да, қа-
зақ газет-журналдары сол өлеңдi әлбетте өз беттерiнде жа-
риялайтын. Тiптi, оның жазған пьесалары қолжазба күйiнде 
Жетiсу сахналарында ойналатын. 
* * *
Міне, осы арада қоса кетер бір сөз – Ф. Ғабитова бұл 
естелікті өз өмірінің кейінгі кезеңінде жазғаны байқалады... 
Біләлдің көзі тірісінде тұрмысқа шыққан, екінші ері Іле-
кең – Ілияс Жансүгіровтен де айырылып, басына қара күн 
туғанда өзінің өткен өмірін қайта бір тексергенде айтылған 
сыр екені мәлім:
«Біләл Сүлеевтiң мен бiлетiн шығармалары»
1 – «Қартаға салынған қатын» бiр перделi, Алматы 
жатақханаларының тұрмысынан алынып жазылған комедия 
едi. 1921 жылы Алматы қаласында бiрнеше рет қойылды.
2 – «Қайтсең көсем боласың», сатира. 1922-жылы 
жазылған.
3 – «Нақысбек» бұл да сатира. 1922-жылы жазылған.
4 – «Қабанбай мен Сазанбай» ұзақ өлеңмен жазылған са-
тира.
(Төмендегі бұл хат 1930 жылы Б. Сүлеевті НКВД ұс-
тағаннан кейін жазылған. Ж.А.

173
 Әдебиет – жан нұры 
Фатима!
Сүйiктiлерiм! Фатима, Жәкен, (Отан соғысында өлген 
ұлы Жәнiбек) Азат! Аман-есен жүрсiңдер ме? Мен денi-
қарным сау, сәлемет жүрiп жатырмын. Былтыр өздерiңнен 
кеткен соң, 27-шi сентябрьде Алматыға келгенмiн... Келген 
соң, екi-үш күннен соң сұраққа iлiндiм. Сұрағандары «1922-
жылы бiр ұйым ашылған екен, сен соған мүше болыпсың» 
деген жала сөз. Мен еш ұйымда жоқтығымды айттым. 
Қыстайғы, жаздайғы сұрақтың, бәрiнде сол сөзiмдi айтып 
келдiм. Болмаған iстi әрине мойынға алуға болмайды ғой. 
Сонымен октябрь айында жұмысымызды зерттеу iсi бiтiп, 
iсiмiз Мәскеудегi коллегияның қарауына жiберiлдi. Маған 
жариялаған статьясы «елу сегiздiң (58) II-шi тармағы.» 
Жалпы жұмыстың ретiне қарағанда коллегия тәптiштеп 
қарап, босатар деген үмiтiм зор. Октябрьдiң 28-де ГПУ.-
дiң үйiнен үлкен абақтыға көштiк. Түрме күйi жаман емес. 
Тамақ тоқ, киiм бүтiн. Бұйырса жақын арада босанып 
қалармын, деп күтiп отырмын.
Ал ендi өз жайларың қандай? Жәкен оқуын жақсы 
оқып жүр ме? Азатай ширап, өсiп келе ме? Әнидiң (қайын 
енесi) денсаулығы жақсы ма? Осы хатты алған соң, тез хат 
жазыңдар. Мен мұнан былай жұма сайын сендерге открытка 
жазып тұрам. Менiң киiм-кешегiм жеткiлiктi, тамақ жайым 
да нашар емес. Қыстыкүнi маған келем деп әуре болмаңдар. 
Қатынасқан сенiмдi адамдардан бiраз май берiп жiберсеңдер 
болады. Оған реттерiң келмесе, әуреленбеңдер. Басқа көп 
жазарлық сөз жоқ. Азатай, Жәкен үшеуiң суретке түсiп 
жiберiңдер.
Әниге көп-көп сәлем! Жәкетайды, Азатайды мен үшiн 
қысып-қысып сүй. Мәжитке, Саматқа сәлем айт. Тәкенге 
үй iшiмен сәлем. Кәрi құдаға, келiнiм мен екеуiне сәлем. 
Сұрағандардың бәрiне сәлем. 
Қош! Қош! Біләл. 19/ II-31

174
Жанат Ахмади
Фатима! 
18-шi ғинуарда жазған хатыңды 25-де алып, 28-шi чис-
лода бiр открытка жазғанмын. Мүкен 30-шы числода келiп 
9-шы февральда қайтты.
Бiраз құрт, май, шай-шекер, етiк әкеп бердi. Несiн ай-
тасың, етiк әйбәт болды! Аяғыма құйып қойғандай шақ екен, 
«Бәйбiшем жарайсың!» деп отырмын. Өзiм денiм сау, көңiл 
бiр қалыпта. Жұмысымыз осы февральдың iшiнде шешiлiп 
қалар деген үмiт бар. Бұл хат барғанша ешнәрсе жiбермеген 
болсаң, ендi әуре болып ешнәрсе жiбермей-ақ қой. Үйге 
қайтсақ, қайтып қалармыз. Жоқ, басқа бiр жаққа кететiн 
болсақ, оны тағы да көре жатармын.
 Қош! Біләл. 5/2-32
Фатима!
Амансыңдар ма? Саған 30-шы апрельде жазған хатымда 
шығуға үмiтiм бар деп жазып едiм. Сол жазғаным жазған. 
Осы майдың онына шейiн шығып қалармын, деген үмiт 
зор. Бiздiң жұмыспен ұсталған адамдардан 14 адамға бес 
жылдан жер аударылуға кесiк майдың үшi күнi iшкi Ресей-
дегi Воронеж қаласына жүрiп кеттi. Ол кеткендердiң iшiнде: 
Жұмақан, Алдаберген тағы басқалар бар. Кесiк естiртiлмей 
үш адам қалып отырмыз. Соның бiреуi мен. Ұзын құлақ ха-
барға қарағанда, бiздi босатуға ұйғарған бiлем. Қай қалыппен, 
не түрде босатар, оны келешек көрсетер. Қалай болғанда да 
еркiндiкке шығарады ғой, деп отырмыз. Менiң ана хатымды 
алған соң, сендер де шыдамай отырған шығарсыңдар. «Ора-
заның 29-ын тұтып, бiрi қалғанда» асықпай-ақ қоя тұрыңдар. 
Игiлiктiң ерте-кешi жоқ қой.
Бұл хат барғанша Мәжит берi қарай шықпаған болса, 
оның келмей-ақ қойғаны да жарар. Маған телеграммамен 
«довостребования» қылып, бiрер жүз сом ақша жiберсеңдер 
де теріс болмас. Аман шыға қалсам, бұл жақтағы жұмыс-
тарымды өлкелiк ұйымдармен бiр жайлы қылып алмай кет-

175
 Әдебиет – жан нұры 
кенiм жарамас, деп отырмын. Ақсақал әлi осында. (Ахмет 
Бай тұрсыновты айтады Ж.А.) Артық жазарлық сөз жоқ. 
Аман-есен жолыққанша қош!
Біләл. 6-шы май, 1932 жыл
Бұрынғы жылдарда Мемлекеттік Орталық архивтің 
аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарып жүргенде, 
түбінде бір керегі болатынын ойлап көшіріп алған едім. 
(Ж.А.) Біләл Сүлеевтiң мына төмендегi үш хатына назар 
аударсаңыз, ол 1930 жылы Ташкенттегi қазақ институтын 
Семейге көшiрiп әкелiп, өзi сол оқу орнына ректор болып 
орналасқан бойы НКВД-ның қармағына iлiнiп кеткен 
жағдайын бiлесiз. 
Осындай қиянаттарды басынан кешкен Біләл соңғы бір 
хатында (20.10.32) төбесiнен жай түскендей болып Фати-
ма Ғабитованың заң орны арқылы ажырасқан (Біләл Сү-
леев екеуiнiң загстен шыққан) қағазын бiрден жiбергенiн 
ұғынасыз. Бейтарап қала алмайсыз. Бұған дейiн Біләлдан 
үш балалы болған, Фатима шешемiздiң Фарида (Пакентай) 
деген қызы бұлар Ақтөбеге қызмет жағдайымен барғанда 
қайтыс болған. Ал Жәнiбек пен (соғыста қайтыс болған) Азат 
үшiн әкесi Біләлдiң шыбын жаны шырқырап еске алады. 
Көзiнiң жасы көл болады. Бұл жөнiнде хат мазмұнынан өзге 
ой қоспақ емеспiз. Жалғыз-ақ, соңында iздер-сұрар адамы 
жоқ, Сүлеевтей оқымысты да, аяулы азаматтың қайғымен 
өткен тағдырын архив құжаты арқылы бүгiнгi қауым және 
келер ұрпақ бiле жүрсе артық болмайтынын шамалатпақпыз. 
Тағы да Біләл Сүлеев хаттары. 
Фатима! 
Амандық па? Сенен бiрсыпырадан берi хат алғаным 
жоқ. Әзiрге тыныш жатырмыз... Жұмысымыздың хабары 
бiлiнбейдi. Февральда еш нәтиже шықпады. Мартты күтiп 
отырмыз. Ден сау, жатын орын, тамақ күйлi. Маған оны 
мұны жiберем деп әуре болма.

176
Жанат Ахмади
Қош, балалардың мен үшiн бетiнен сүй. Әниге, басқа 
сұрағандарға сәлем.
Біләл 26.02.1932
Фатима!
Мiне бүгiн сағат онда ГПУ-ден босанып шығып, тура 
почтаға келiп сендерге және Ташкентке телеграмма соғып 
тұрмын. Мұндағы қағаздарымды, документтерiмдi алуым 
бар, басқалай мекемелермен сөйлесуiм бар, барлығы бiрер 
жұма уақыт алатын көрiнедi. Бұл жұмыстарды бiрыңғай 
қылмай тұрып, сендерге баруға болмайтын көрiнедi. 
Сондықтан асықпай менi күтiп тұра тұрыңдар. Қайыр, ендi 
қош!
Жақсылықпен жолығалық. Біләл. 9.05.32.
Фатима!
Сенiң соңғы жазған жабық хатыңды және загстен жi-
берген айрылу қағазыңды кеше алдым. Хатыңды бiрнеше 
рет оқып шықтым!.. Мазмұны түсiнiктi. Сенiң лайықты 
деп ұйғарған затқа менiң қарсылығым жоқ... (Қарсылығым 
болғанда iстейтiн шарам не?) Бiрақ, бiр ғажап нәрсе, сенiң 
хатыңды оқығаннан бастап, осы сағатқа шейiн көзiмнiң жасы 
буылып... ағуда! Қаншама тыяйын десем де тыя алмаймын. 
Бiлмейiм бұл нелiктен?! Әйтеуiр себебiн бiлмейiм... 
Аққан жас аға берсiн. Ендi басқа сөзге көшейiк, болар iс 
болып қойыпты. 13 жылдық бiрге жасаған тұрмысымызға 
11-шi октябрь күнi қаяу түстi. Бұған сен де, мен де айыпты 
емеспiз ғой дейiм. Жалпы тұрмыстың салдарына келiп шық-
қан нәрсе ғой. Ендiгi сенi мен менiң ойланатын нәрсемiз: ана 
екi баланың тәрбиесi болуы керек. Тiлесең саған бай, тiлесем 
маған қатын табылатынымен балаларға әке-шеше табылмас. 
Мiне, осы мәселенi сен екеумiз бiрлесiп шешуiмiз керек.
Менiң ұсынысым мынау: Жәкетейды (Жәнiбектi) бiр 
жерге әбден орналасып алғаннан кейiн, мен қолыма алуым 
керек. Қалай қылып болса да, әлеумет тәрбиесiн жақсы бе-
ретiн бiр мектепке беруiм керек. Азатай (Азат) әлi жас. 

177
 Әдебиет – жан нұры 
Сондықтан сенiң қолыңда, не әйтпесе Әнидiң қолында тұруы 
керек. Мiнеки, менiң ұсынысым. Бұған не дейсiң? Ойыңды 
ашық, анық қылып жаз.
Ендi өзге ұсақ-түйек мәселелерге келейiк:
1. Үй iшiндегi нәрселер маған өзiңе лайықты дегендерiң-
дi (әрине киiмнен) жiберерсiң!
2. Кiтаптарды берiк жәшiкке салып, Тайырдiкiне 
қоярсың.
3. Қай жаққа барсаң да, маған адресiңдi бiлдiрiп, балалар 
жайында хат жазып жүрерсiң.
4. Балаларға керектi мұқтаж нәрселер болса сұратар сың. 
Мен шамам келгенше жiберiп тұрармын.
5. Менiң жеке түскен суреттерiмдi жiберерсiң. Онан бас-
қа суреттердi жыртарсың... сен екеумiз түскен суреттердiң 
барлығын өртеп жiберуге кеңес берем. Өйткенi ол суреттер 
саған қайғыдан басқа еш нәрсе келтiрмес. Азатайдың, 
Жәкетайдың жеке суреттерiн жiбер!
Жалпы жолдастық кеңес: қолыңнан келсе оқуың керек, 
оқы. Сен әлi жассың. Саған өкпем жоқ, өкпенi көтеретiн 
заман тағы жоқ.
Қай жақта жүрсең де, бақытты болуыңа тiлектеспiн.
Тағы да сенен өтiнетiн нәрсе: Жәкетайды (үлкен Ұлы 
Отан соғысында өлген Жәнiбек Ж.А.) менен жат бауыр 
қылуға тырыспассың! Хат жаздырып тұр. Артық жазарлық 
сөзiм жоқ. 
Қош! Біләл. 20.10.32. адрес бұрынғыша.
Фатима! 
Мен сендердiң хаттарыңды алып, «қосылғандарыңды» 
естiп, көңiлiм орнына түстi. Iлияспен кетпей, басқа бiреумен 
кетсең қайтер едiм. «Бiрақ сенiң қуанышыңды бiлдiрiп 
жазбағаныңа бiраз өкпем бар...» Сенiң балаларды Семейге 
тастап кеткенiңдi өзi қайтiп асыраса, сүйтiп асырасын де-
ген сөз екен деп түсiнiп, бүгiн Семейге қарай шықтым. 
Балаларды алып қайтам. Уақытым тар. Сенен сұрайтын 

178
Жанат Ахмади
өтiнiш «өлiм бар да қаза бар, ақиретке таза бар» деген ғой. 
Ана орысша жазылып жiберiлген қағазды көшiрiп жазып, 
қол қойып жiбер. Еш жерiн өзгертпе. Менiң осы сыбағамда 
жетер. Олай-пұлай деп толқып, закөн iздеудiң жолына түспе. 
Сен жаңадан байға тидiң, үй iшiң бар. Тағы да балаларың 
болар... Iлияс та бұрын құр алақан емес қой. Мен өзiм қатын 
алуды қоям. Сондықтан маған бала керек. Баланы алғаннан 
кейiн қарекет керек.
Менiң басыма кедейшiлiктiң түскенiн мына болып 
отырған оқиғадан көрiп отырмын. Айыма алатын жалақым 
250 сом-ақ. Ол неме жетедi! Алғашқы уақытта балаларды үй 
нәрселерiн сатып, асырамасам болмайды. Сондықтан киетiн 
киiмнен басқа үй нәрселерi менде қалуы керек. Үйдегi азын-
аулақ алтын-күмiс секiлдi асыл заттарды алып кеткен болсаң 
қайтаруың керек. Бұл ойды қасыңда отырған Iлияс та жек 
көрмес. Егерде өзiң келем десең келерсiң. Бiрақ келгенiңнен 
әзiрше келмегенiң қайырлы болар. Мен барғанша Семей 
барып қалсаң, амалсыз жолығып қалармыз. Артық жазар 
сөз жоқ. Iлияс әнегүнгi телеграммаға жауапты толық қылып 
жазар. 
 Біләл.13.12.32
Балаларды Алматыға көшiрiп алып кетiп қалған болсаң, 
онда да барып қайтам. 

179
 Әдебиет – жан нұры 
БАРЫС ТОН КИГЕН,  
БАРЫС  ЖҮРЕК – ҚАЛИБЕК  ХАКIМ 
Өткен жылдардың бiрiнде (2004 жыл болса керек) «Қазақ 
әдебиетi» газетiнiң бетiнде, бала жасынан Шығыс Оңтүстiк 
Азияны көктеп өтiп айтарлықтай жаһанкез болған, өсе ке-
ле Мұстафа Шоқайдың жолын қуған, тағдыры талқы дан 
тұратын, Хасен Оралтайдың бiр хикаясы жарияланған-
ды. Оқиға барысымен менiң есiмде мықтап орнап қалғаны 
– дөңгелек дүниенi дүркiреткен Қалибек хакiмнiң салт 
атпен түскен суретi болатын. «Ат кекiлiн кескен» демек-
шi, айбынды батырдың тақымында кекiлi шорт кесiлген,  
мойны құрықтай, талыс танау, салпы ерiн сәйгүлiгi. Үс-
тiндегi ба 
ласын алдырған барыстай ызалы иесiмен қоса 
күндiз-түнi жер кезген қаракер тұлпар да әлденеге қыжылы 
бар дай, шатынаған шаралы көзiнен от шаша, құлағын да 
жым 
қырыңқырап алған. Жаугершiлiктегi сенiмiн ақтап 
жүр ген бәсiре дүлдүлiне мiнiп, ат үстiнде тәкаппар отырған 
Қалибек хакiмнiң асқақ көрiнiсi көз тартады. Алақандай 
оймыш-оймыш теңбiлдерi бар, ақшұбар барыс терiсiнен 
тон киген құрыш жiгерлi қайсар адам, осы сұлбасының 
өзiмен-ақ, дауылпаздық мiнезiн байқатып тұр. Өзгеде жоқ, 
ерекше тұрпат. Үзеңгiнiң таралғысын кере, шiрей теуiп, 
атының басын қақита, тiзгiндi қымти тежеп, қамшы ұстаған 
қолымен бiр бүйiрiн таяна, әлдебiр биiк тау басына алыстан 
көз тiгiп айбаттана, құшырлана қараған. (Бұл 1953 жылы 
Үндiстандағы Кәшмiрдiң Сұнмарак тауында түсiрiлген 
 
сурет едi). Өз басын патша орнында бiлетiн жауына қар сы 
жаужүрек адамның күмiс ер-тұрманы; өмiлдiрiк, жүген, 
үзеңгiбау, таралғысына дейiн күмiс үзбелермен айшық-
талғаны көрiнiп тұр. Сондай бес аспап ынсан дәл осынау 
жанпида қалпында ненi ойлап тұрды екен. Шықшытын 
тiстенiп, мағыналы көзiн ызалы оймен сығырайта, қы сың-
қырай қадап, айбаттанған барыс жүрек баһадүр жан өзiнiң 
осынау нұсқасымен дүниедегi ешқандай әулиеңiзден кем 
соғып тұрмағандай. Бұл өзге емес, қазақ саңлағының бiр 

180
Жанат Ахмади
бекзаттық, тектiлiк белгiсi едi. Қалибек хакiмнiң бұл суретi 
қаным қазақ дегенге дес бередi. Рухыңды жаңғыртып, 
жiгерiңдi жаниды. 
Сезiмiң солғын, қарымсыз пақыр болмасаң, зердеңдi сiл-
кiп, зейiнiңдi қайрайды. Өмiрдiң күнделiктi күйкi тiрлi гi-
нен шаң басқан момақан көңiлiңдi өрге тартып, намысыңды 
шабақтайды. 
Мен газеттен қиып алған осы суреттi кiмге айтып, кiм-
ге дәрiптерiмдi бiлмей жүрдiм. Орайы келсе әдемiлеп, үл-
кейтiңкiреп үйiмдегi көрнеу бiр орынға көркейтiп сақтау 
талабым да жоқ емес-тi. Тек соның сәт-сағаты ендi келiп, 
қолыма уақытша «Елiм-айлап өткен өмiр» кiтабы түсе қал-
ған соң, сыртындағы суреттi компьютердiң көмегiмен ойым-
дағыдай шығартып, рамкалап, отбасымыздағы көзге ұрар 
ескерткiштiң бiрi ретiнде орнықтырып қойдым. (Тегiнде Қа-
либек хакiм мен Тәкiман батыр туралы менiң тарихи роман-
дилогиямның екiншi кiтабы «Шырғалаңда» бiраз орын 
берiлген болатын). 
Жасанған жауға жалаң аттың жалымен, жалаң жасақ 
қолымен қарсы тұрған Қалибек хакiмнiң бұл тұрпаты 
оның басынан кешкен нелер қанды оқиғаларға үйлесiп-
ақ тұр. «Батыр» деп, «баһадүр» деп қазақ кiмдердi айтып 
жүр?.. «Елiм-айлап өткен өмiр» атты кiтапты былай қоя 
тұ рып, әлгi «Қазақ әдебиетi» бетiндегi бiр ғана хикаяның 
өзiн оқып шыққан кiсi оқиғаның қақпанына қабылатыны 
даусыз. Гималай та уындағы «Ыс» деп аталатын улы газ... 
Кенеттен соның құрбаны болатын қайран ғазиз, жазықсыз 
жандар. Әсiресе, өмiрге көзiн ендi ашқан балалар, сәбилер! 
Ата қонысынан ауа босқандағы Қалибектей нағыз бiртуар 
батырларға, оның қасындағы жандарға қанат бiтiрген ат-
көлiк малдардың, жүк артқан түйелердiң аяқ астында бақ 
етiп өлiп жатуы. 
Мұздай темiр от қарумен бақайшығына дейiн жасақтала 
құрсанған жаумен қасық қаны қалғанша айқасып, атын 
шығарар перзентi бар екен, соған шүкiр. Қалибек хакiмнiң 
атын айдай әлемге паш еткен «Елiм-айлап өткен өмiр» атты 

181
 Әдебиет – жан нұры 
том-кiтап рудың емес, ұлттың намысы десек болады. Бұл 
кiтаптың оқиғасына енген қазақтар бiздiң ұлтымыздың 
мына жалпақ жаһандағы ең қайсар, ең көнбiс, ең төзiмдi, 
ғажайып жұрт екенiн әйгiлеген. Адам баласының төзiмдiлiгi 
деген осыдан артық болмас. Жан бергенше тiрескен күрес 
атаулы осындай-ақ болар. 
Қалибек көшiнiң Индияға жол тартқан адам төзгiсiз 
қиямет сапарындағы, Гималай шоқыларындағы улы газдан 
(1950 жылы) қаза тапқан отбасылардың күйзелiсi жан түр-
шiктiрерлiк. Қалибектiң өзi өте жақсы көрген кiшкентай 
перзентi, Мариямның өлiм алдындағы қайғылы көрiнiстерi 
жаныңызды жаралайды. Жүрегiңiздi сыздатып, ет бауы-
рың ды езедi. Осының алдында Мариямның ағасы Қапан-
ның, әпкелерi Шарбанның, Нұржамалдың және кiшкене 
iнiсi Iскендiрдiң улы газдан қасiреттi қазаға ұшыраулары 
отбасы мүшелерiнiң жан дүниесiн шайлықтырып, жүрегiн 
ұшырған. Олардың артында бауыр етi қан болып езiлген, 
Ханымша ана үн-түнсiз, өз iшiнен қан қақсап зарлап қалған. 
Бiрi ар тынан бiрi кетiп отырған перзенттер қазасы ауыр-ақ 
едi. Ол аз болғандай солардан кейiн, ендi тағы мына баласы 
жан үзуге айналған Қалибектiң жүрегi мүйiз болса да 
күйзелтпей қоймаған. Жазықсыз, кiнәсiз, арманды өлiмге 
беттеп бара жатқан қылығы тәттi, сүйкiмдi бүлдiршiнi, 
Мариям сол аға-iнi, әпкелерiнiң барлығын iштей еске алып 
жатып, әкесiне шерге толы соңғы ақтық арызын айтып: 
– Аға! Бiздi неге осы жерге әкелдiң?! – деп өзiне ғана тән 
әлсiз, нәзiк наразылығын бiлдiредi. Өлiм қорқынышынан 
iш-өзегiн жегiдей жеген қайғысын арнайды. Әке көңiлiнде 
өмiрлiк айықпас арман-дерт қалдырады. «Аһ» десе, аузынан 
жалын шығарлық өкiнiш үрей арнаған. Наза мен налаға  
толы қасiрет арманын өксiткен. Балалық пәк қалпымен 
ақырғы рет осылайша жалынышты мүсәпiрлiкпен тiл қат-
уы – қайран әкенiң көзiне ерiксiз ыстық жас келтiрген. 
«Қасыйын десең қан шығып, қасымайын десең жан шы-
ғатын» кереғар iс өткен. Осынша бала-шағасын құрбан еткен 
Қалибек бұл әрекеттi кiм үшiн, қандай жағдайда iстедi. 
Ойлап көрiңiз. Бүгiнгi қарын тоқ, уайым жоқ заманда, 

182
Жанат Ахмади
мамырайхан-маңғаз заманда бiз жырлап отырған бұл ақуал 
тек айтуға ғана жеңiл. Жоғарыдағы суретке көп тоқталып, 
көп қадала айтып отырғанымыз, соншалық ауыр азаптың 
Қалибек тұл ғасындағы қорытындысындай едi. Қалибектей 
адамның алмас қылыштай өткiр тұрпатының тартымы едi. 
«Елiм-айлап өткен өмiр» кiтабында оқиға 1933 жылы 
Тарбағатайдың Майлы-Жайыр тауында дүниеге келген, 
Хасен Оралтайдың әкесi Қалибек хакiм 1935 жылы Манас-
Сауан өңiрiндегi аты әйгiлi Қызылөзен деген жерге көшiп 
барып, тұрақтаған тұстан қозғалады. (Қалибек батыр Тар-
бағатайдан да аз ұлтты езушi гоминдан үкiметiне жақпай 
ауып келген). Арада оншақты жыл өтiп, 1944 жылдың 
күзiн де гоминданның езгiсiне қарсы, Iле-Құлжада ағайынды  
Әкбар-Сейiт батырлар бастаған ұлт-азаттық көтерiлiс бұрқ 
ете түседi. Бұған дейiнгi аралықта 1938–1939 жылдардан 
бастап Алтай аймағында Ырысқан Ноғайбайұлы, Есiмхан 
Иманбайұлы, Ақтеке, Сүлеймен мергендер бастаған көте-
рiлiстi ары қарай Оспан батыр жалғастырып, Шығыс Түр-
кiстандағы гоминдан үкiметiнiң төбесiнен жәй түскендей. 
(Алтай көтерiлiсi әйгiлi жазушы Жақсылық Сәмит ұлы-
ның «Сергелдең» эпопеясында өте көркем, әрi тарихи нақты 
деректер желiсiмен суреттелген). 
Аталған 1944 жылғы Iле көтерiлiсiнiң әсерi 1945 жыл-
дың көк темiнде Қалибек үкiрдай басқарып отырған Манас-
Са уан ауданының Қызылөзен өңiрiне ұласқан. Бұл жердегi 
елден тыныштық кете бастайды. Сол көктемде 12 жасқа кел-
ген Хасен Оралтайдың, яғни Қалибек хакiмнiң отбасында 
қиянкескi тағдыр тауқыметi басталады. Басына күн ту ған 
Қалибек өзiнiң қарауындағы елiмен Қызылөзен яки «Қа-
либектiң дөң жайлауы» атанған мекеннен ауа көшiп, Көклік 
деген тауға, одан босқындарға Тибетке қарай жол ашып 
беретiн, Қарашәрi аймағына, одан Такламакан шөлiн көктей 
өтiп, арғы жағы Гаскөл, Гималай тауы арқылы қияметтiң 
қыл көпiрiн басып жүрiп, Тибетке, одан Үндiстанға жетедi. 
Қалибек елiнiң әр түрлi себеппен жолда өлгеннен қалған, тiрi 
жұрнағы пәкiстандатып жүрiп, арғы түбiмiз бiр – Түркияға 
жетiп iлiнедi. 

183
 Әдебиет – жан нұры 
Қалибектiң өкiнiшi де өз елiнiң бiразын шығынға ұшы-
ратып алуы едi. Бұл жағдай Жақсылық Сәмитұлы жазып 
отырған Ақтеке, Есiмхан, Ырысқандардың көтерiлiсiнде 
және Шәмiс Құмардың «Бөке батыр», «Көз жасы сар-
қылмайды» романдарында да осылай болған. 
Қаһарман Қалибек хакiм етектеп жиып, ел еткiсi келген 
сол жұрттың ұрпағы қазiр Түркияда, Германияда жасап жа-
тыр. «Бесiктегi баланың бек боларын кiм бiлсiн» дегендей, 
жер кезiп босқан елмен Түркияға бiрге келген Хасен бала едi. 
«Азаттық радиосы» қазақ бөлiмiнiң негiзiн қалаған да, сол 
Хасен Оралтай десек артық болмайды. 
Тегiнде, осы Керей деген елдiң арғы-бергi жазба тарихына 
қарап отырсаңыз, қай-қай заманда да, басынан қызыл қыр-
ғын кетпеген ел екенi бiлiнедi. Тарихи деректерге сүйенген, 
Шыңжан Жазушылар одағын басқарып отырған, көрнектi 
жазушы Шәмiс Құмардың шығармашылығын алып қара-
саңыз да солай. Тарихи романдары «Бөке батыр», «Көз 
жасы сарқылмайды» атты кiтаптарында, осы мына Қалибек 
хакiмнiң елi босып өткен жерлерге мұнан бұрын тағы бiр 
дүркiн өз елiн бастап, Бөке батырдың да табаны тиген. 
Манас Сауаннан шыққан қос батыр, Қалибек хакiм мен 
Тәкiман өз елдерi үшiн күресте құс ұшпас, құлан жортпас 
таулардың мәңгi мұзарт заңғарларында табан жолдарына 
киiз төсеп; үзiк-туырлық, текемет-сырмақтарының бiр бе-
тiн сулап, соны мұз тауларға бiртiн-бiртiн қатыра отырып, 
қияметтiң қыл көпiрiндей мимырт, қиын жол кешкен. 
Мұзарттарға тiрелiп, қарсы алдыдағы керме тастарға маңдай 
тiреп, тоқтап қалған жерлерде ат-көлiктерiнiң белiнен арқан 
байлап, өздерi ер, әйел демей, үстiңгi жағынан жабылып, 
тартып шығарып отырған. Шығара алмағандарын құз, арт-
қан мүлік-мүкәмал жүгімен шатқалға жiберген. 
Әйел демекшi, қазақ әйелдерi сонау жоңғар заманынан 
бергi жаугершiлiктiң қай-қайсысында да ерлерi жаумен 
айқасып жатқанда, мына жақта үйiн жығып, жүгiн артып, 
дем арада дұшпанына көшкен жұрттарын сипатып кетiп 
отырған. Қалибек хакiманның соғысында да осы әйелдер 

184
Жанат Ахмади
бала-шаға қасында, еркектер жоқтығын бiлдiрмей, мен-
мен деген азамат iстер iстi қылаусыз атқарған. Қалибек 
көшiнде де бiр шетi жаудан қырылып жатса, бiр жағынан 
табиғат апатына ұшырап, қақаған қыста Гималай тауының 
улы газының ысынан өлiп жатқан ұл-қыздарына қарай 
алмай, тiптi өлiктi жерлей алмай көлiкке артып, көштi алға 
жылжытқан. Тибет үстiртiне жақындағанда, соңынан жау 
қуалап атқылағанда адамды былай қойып, көп жылдан 
бергi жаугершiлiкте жүк артар көлiктiң басы болып келген, 
құтты жануар, ақ бас атан үстіндегі жүгімен сазға батып 
қалып, Ханымша Ана жылаған тұста да, оқырман жаны 
құлазып кетедi. Дәл өзiңнiң шаңырағың қирап, сүйiктi жеке 
көлiк атаның оққа ұшқандай боласың. Көш адамдарының 
көрмегенi қалмайды. Адам баласына осыдан артық, мұнан 
асқан жапа бола ма? 
Қалибек хакiмдi осыған жеткiзген қара басының қамы 
ма едi? Жоқ, ұлт намысы едi. Елдiң ертеңi едi. Айналасына 
деген әкелiк борыш, парызы едi. Соның бар азабына қасқая 
қарсы тұрып бас тiккен, Қалибек хакiмдей қаһарман ердiң 
қайталанбас, болаттай берiк серттiлiгi едi. Соның мына 
ХХ–ХХI ғасырларға ұласып, бүкiл Азия-Еуропаны жалт 
қаратқан нәтиженiң басы едi. Тiптi, мынау жұмыр жердiң 
сонау екiншi қабатындағы асқақ әлем – Әмерикаға үнi жетiп, 
азуын айға бiлеген Кеңес өкiметiн құлатуға күш қосқан 
әкелi-балалы, Қалибек хакiм мен Хасен Оралтайдың ұлтқа 
деген қайталанбас мұрагерлiк еңбегi, адал төккен маңдай 
терi едi. «Атадан ұл туса игi, ата жолын қуса игi» деген осы 
едi. 
Мейiрiң қанша тас болса да, кiтапты оқып отырып, 
әке мен бала ортасындағы бiр сәттiк көрiнiске бажайлап 
қарасаңыз, адам жанын ауыртып, көзiңе жас келтiрерлiк 
жағдай ұшы расады. Ол былай. 
Қызылөзеннен шыққан босқын көш; Көклікке, одан оң-
түстiк Шыңжандағы ұйғырдың Қарашәрi аймағына, Так-
ламакан тандыр өлкесiне, Гаскөлге, Гималай тауына жеткен-
де жоғарыда аталған улы газдан көш жөнекей мал-жан, адам 
қырыла бастайды. 

185
 Әдебиет – жан нұры 
Арты жау, алды апат, анық қиын кезең едi. Сондай 
жағдайға кiрiптар болып кездескен, Қалибек хакiм өзi де 
өкiнiшке қалғандай едi. Жұрттың обалына қалдым ба? 
– деген сондай өкiнiштi сәтте, өз соңынан iлескен елге 
«қаламын десеңдер қалыңдар» деген шынайы тiлегiн осы 
кезде бiлдiредi. Әсiресе, алдыңғы жақта көпе-көрнеу ажалға 
кiрiптар еткен жағдайды көре тұрып, шынымен қайтқысы 
келген бiр бөлiм жұртқа ықтияр берiп, ақ тiлек тiлеп, жолға 
салады. Осындағы ең ғажабы, өзiнiң бiрден-бiр арқа сүйер, 
қиын жолында көңiлiне тiрек көрген, 16 жасар сенiмдi 
 
ба ласы Хасен Оралтайға да осы ерiктi берiп: «балам, қа-
ламын десең, сенiң де қалуыңа рұқсат қылайын, жассың 
ғой, Қытай сенi кешiрер» деп тығырыққа тiреледi. Бұл сөзге 
мүлде қосыла алмайтын сүйiктi перзентi: «әке, мен сен 
өлген жерде бiрге өлемiн!» дейдi... оқырманның кеңсiрiгi 
қақ айырылардай дуылдап кетедi. Оларға жеңiл болған 
ба?! Екеуiнiң де жүйесi босап, iшiнен егiле, мүжiлетiн анық 
бiр шерлi сәт осы болған. Бұл – әке мен бала ортасындағы 
шексiз трагедиялық қайғы сағаттардың куәсi едi. Өмiрдегi 
– әке, бала ортасындағы өлмес, өшпес классикалық қарым-
қатынас деп осыны айтуға болар едi. 
Қалибек хакімнің туған інісі Ілияс қытай құрсауында 
қалып, ал өзінен үлкен ағасы Әділбек жолда – Такламакан 
шөлінде адасып өліп, Қалибектің бір басына жалпақ жаһан 
құлап түскендей жалғыздық көрген кезі еді. «Жүрек іштен 
жыласа, ақыл іштен жұбатады» деген күн туған. 
Осындай тұста «жығылғанға жұдырық» болып әрi күйеу, 
әрi жылқышысы мен тағы бiр ертеден сенiм артқан қуаяқ 
екеуi опасыздық көрсетедi. Қалибек ол екеуiн жылқыға 
жұмсап, баласы Хасендi қосып берiп, өзiнiң ең сенiмдi се-
рiк атын ертоқымымен соларға жетелетiп, «шылбырынан 
ұстап оттатыңдар, егер жау сыбысы бiлiне қалса, өзiме тез 
жеткiзiңдер» деп бередi ғой... Ана екеуi сiлелеп шаршап 
жүрген, Хасен балаға «сен екi-үш күннен берi ұйықтаған 
жоқсың, бiраз көзiңнiң шырымын ал», деп тiзеден келетiн 
омбы қарды тепкiлеп, астаушылап, қуыс орын шығарып 

186
Жанат Ахмади
берiп, қалың киiнген баланы қамқорсып жатқызады. Ха-
сен әрине, жамбасы жерге тиiсiмен қалың қар мамықтай 
көрi нiп, қатып ұйықтап қалады… Соны күткен ана екеуi  
жақсы аттарды таңдап мiнiп, зытып отырады. Қалибекке 
жасаған бiр қайырымы, оның ерттеулi атын бiр жерге байлап 
кетiптi. Тек бөктерiншегiндегi қоржыны толы қазы-шұжық 
тәрiздi жаугершiлiк тамағын шешiп әкетедi. Күнi бұрын 
жағдай келген жерде, пiсiрiп дайындап алған осындай 
құрғақ тағам болмаса, ақ қар, көк мұзда ас әзiрлеп алу да 
оңай емес-тi. 
Тамақтан бұрын ең қиын болғаны, Қалибек хакiмнiң 
сонау Қызылөзеннен берi мұнан былай Тибет, Үндiстанға  
жол көрсететiн гео-картасы қоржынында екен, соның кет-
кенiне қатты күйiнген Қалибек «иттердi ұстап әкелiңдер, 
карта керек» деп, соңдарынан қуғын жiбередi. Бiрақ жыл-
қыдан жақсы аттарды таңдап мiнген қашқындар қарасын 
көрсетпей құтылып кетедi. 
Мiне, осы сапарда Қалибек хакiм мен бәйбiшесi, Ха ным-
шаның 8 перзентiнен Түркияға аман жеткенi Хасен Орал  тай 
мен оның iнiсi Бiләл Хакiм ғана болады. 
800 беттiк кiтаптың қай бетiн ашып оқысаңыз да, Хасен 
Оралтайдың өмiрлiк жиған-тергенiн көрiп, бiлгенiн дәл өз 
басыңнан өткендей қанық түрде жүрекке түйесің. Кiтап 
оқиғасы сiзге етене кiрiгiп кетедi. Тағы бiр сөзбен айт-
қанда, бұл ұзақ хикаяны өзiңнiң әлдебiр қандас, қимас жа-
қындарыңның басынан өткен оқиғадай қабылдайсың. Бұл 
кiтап мен қазақпын деген адамның барлығына да жат емес, 
қайта, әрбiр қандас, бауырлас дос-жаранның төрiнде тұрса 
қаныңды қозғап, намысыңды тасытарлық рухани қазы наң 
бола алатыны сөзсiз дер едiм. 
ХI бөлiмге жiктелген томның қай тақырыбына көз сал-
саңыз да, соқпағынан адастырмай жетелеп тартып отырды. 
Ой әлемiңдi шырмап алады. 
Сөз басында айтылғанындай, «Елiм-айлап өткен өмiр» 
кiтабын дүниеге келтiрген және көп жыл «Азаттық» ра-
диосының қазақ бөлiмiн басқарып, демократияға күш салған 

187
 Әдебиет – жан нұры 
Хасен Оралтай қазақ халқының «елiм» деп өткен, кешегi 
Мұстафа Шоқайлары тәрiздi саңлақтарының бүгiнгi көзi, 
iзбасарының бiрi десе болғандай. 
Осының барлығын қысқа түйiп айтқанда, бұл кiтап туған 
жерiнен ауа көшiп, шiлдей тозып босқан қазақтың рухани 
жетiмдiгiнiң энциклопедиясы десе боларлық. Тек осындай 
мұраларға иелiк етерлiк Егемендi елiмiздiң қорымал мұ-
рагерлерi болғайда. 
Президентiмiздiң Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Еуро-
Азия мәселесiн нығайтып, әсiресе айналамыздағы туыстас, 
қандас, дiндес елдердi бiрлiк-ынтымаққа шақырып отырған 
болса, «Елiм-айлап өткен өмiр» хикметiнiң де көздеп 
отырғаны сол ғаламдық мәселенiң өзi емес пе? Өйткенi, 
бұл кiтап Шығыс Еуропа мен Орта Азия көлемiнде бүгiнгi 
демократияның орнауына жеткiзген мәселенiң егжей-тег-
жейiне арналып отыр. ТМД елдерiнiң Тәуелсiздiк алуына 
«Азаттық» радиосының қазақ бөлiмiн ұзақ жыл басқарып, 
кеңестiк-тоталитарлық түзiмнiң жер бетiнен жойылуында, 
Хасен Оралтайдың еңбегi аз болмағаны зиялы қауымның 
бәрiне де мәлiм. Олай болса, бұл кiтаптың бүгiнгi қазақ 
қоғамында алатын орны да ерекше екенiн айтуымыз керек. 
Мұндай iстi мыңның бiрi, тiптi миллионның бiрi атқарып 
жатқан жоқ. 
Атамыз қазақтың «мыңның қамын бір ойлар, бірдің 
қамын кім ойлар» немесе «мың адам жей алмаған қамыңды 
бiр адам жейдi» деген тәмсiлiне жүгiнсек, бiр өңiрден 
сыпырыла ауған қазақтың заманы қинаған кезiн, кәмүністік 
зұлмат табанына таптаған қанды кезеңін автор қапысыз 
еңбектенiп айтып бере алған. Әрi оны бүгiнгi ғаламдық 
толғақты мәселемен табиғи түрде ұштастырған. 
Кiтаптың 323-бетiнде Американың бұрынғы президентi 
Билл Клинтонның Хасен Оралтайға жазған мына хатынан 
бiраз нәрсенi аңғаруға болады. 
«Ақ үй, Вашингтон, Хасен Оралтай мырза, «Азат Еуропа 
– «Азаттық» радиосы, Мюнхен-Германияға». 

188
Жанат Ахмади
Қадiрлi Хасен: «Азат Еуропа» мен «Азаттық» радиосы-
ның қызметкерi ретiнде атқарған қызметiңiз үшiн, қа-
йырымды бiр ел атынан рақмет айтамын. «Азат Еуропа» мен 
«Азаттық» радиолары Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес 
Одағында демократиялық күштердiң дамуында шешушi рөл 
атқарды және сiз оның мақсатына жету iсiне түрлi жақтан 
құнды үлес қостыңыз... Сiздiң адал қызметiңiз бен азаттық 
жолына шынайы берiлiп қызмет iстеуiңiз қол жеткiзген 
жағдайды әлем алдағы жылдар бойы есте сақтайды. 
Тамаша iстерiңiз үшiн рақмет. Шынайы адалдықпен»
 
     
Билл 
Клинтон 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет