ӘОЖ 371. 123
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Абдилданова А.К., Каратаева Д.Г.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
Ak.abdildanova@gmail.com
,
Dg.karataeva@gmail.com
Мақала жалпы инновация ұғымы және білім берудегі инновация туралы.
Білім беру жүйесіндегі инновацияның қолданылуы жайлы. Қазақстандағы білім беру
жүйесіндегі инновацияның жүзеге асуы туралы.
Статья о понятии инновация в образовательной сфере. Нововведения, или
инновации, характерны для любой профессиональной деятельности человека
и поэтому естественно становятся предметом изучения, анализа и внедрения.
Инновации сами по себе не возникают, они являются результатом научных поисков,
передового педагогического опыта отдельных учителей и целых коллективов.
This article is about innovation in learning. Innovations, or innovations, are
characteristic for any professional activity of man and naturally become the article of
study, analysis and introduction. Innovations in itself do not arise up, they are the result of
scientific searches, pedagogical advanced experience of separate teachers and whole
collectives.
Кілт сөздер: қоғам, реформа, мемлекет, республика
32
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Бүгінде заман талабына сай оқу орындарында инновациялық әдістерді
қолданып,
шәкірт
тәрбиеу жүйесі
енгізілді.
Бұл
бастама
оқушылар
мен студенттердің тұлға рентінде қаптасуына, жан-жақты жетілуіне, ой-санасын
дамытуға өз септігін тигізеді. Ғылым саласындағы жаңару мен жаңғыру үдерісі
Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауында да айтылып келеді. Инновациялар
– кез келген елдің дамуындағы жаңа иірім және нақ соларға отандық инновациялық
экономиканың қалыптасу жолына үлкен үміт арттырылады. Елдің басты ресурсы
ретінде барлық салалардағы кәсіби сауатты мамандар – адами капитал танылуы тиіс.
Қазіргі заманғы ғылымның міндеті өзіміздің бәсекеге қабілетті және кәсіби
шеберлігі жоғары кадрларды өсіру және дамыту. Егемен елімізде білім берудің жаңа
жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алудамыз. Бұл оқу-
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновация–латын тілінің «novatio» және сөзалды «in» қосымшасының бірігуі
арқылы жасалған термин. Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған
әртүрлі анықтамалар берген. «Инновация – белгілі бір топқа жаңа болып табылатын
идея»
немесе
«Инновация
–
арнайы
өзгеріс».
Ал
елімізде
«Инновация» ұғымына тұңғыш рет зерттеуші Н. Нұрахметов анықтама берді. Оның
пікірінше: «Инновация дегеніміз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау,
меңгеру, қолдану және оларды таратуға қатысты қызметі». Инновация білімнің
мазмұнында, әдістемесінде, технологиясында, оқу үдерісін ұйымдастыру барысында
айқындалады. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме»,
«жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға
болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновациялық
үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл
яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген
материал тәрізді. Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан
инновациялық технологиялар баршылық. Әрине, инновация көкейкесті мәселелердің
тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны
үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.
XXI ғасыр жаһандану, ақпараттандыру, инновациялық экономиканы
автоматтандыру және өмірдің түрлі салаларындағы терең өзгерістер арқылы
адамның өндірістегі және жалпы қоғамдағы маңызының түбегейлі өзгеруі, сонымен
бірге білім және ғылым саласының қоғам өміріндегі маңызының өзгеруі пайда
болатын жаңа өркениеттің басталуы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына
арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім
беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты
өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді». Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
33
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Қазақстан Респуликасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі мемлекет
саясатының басты мақсаты» (6.02.2008) Жолдауында «... қазіргі өмірге cай білім алу
мен алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану мүмкіндігін жасау» туралы атап
көрсетілген. Осыған байланысты жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
қолдану, бір жағынан, оқу әрекетін нәтижелі ететін, екінші жағынан, мамандарды
дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын инновациялық процесс. Сол
сияқты, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты қазіргі
ғылым мен техниканың даму беталысы, автоматтандырылған ақпараттық орта,
мамандардың да заман талабына сай болуын қажет етеді. Сондықтан жоғары оқу
орындарының білім беру процесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының үлесін
көбейту, олардың білімді меңгеру барысында жаңа ақпараттық оқыту
технологияларын қолдануына мол мүмкіндік беру педагогикалық процестің
маңызды міндеті болмақ. Бүгінгі ақпаратпен толықтырылған білім беру ортасының
оқу процесін электрондық қорларды жоғары дәрежеде құрылымдалған және
көрнекіленген электрондық оқулықтар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін (жаңа
ақпараттық коммуникативтік және интернет-конференциялар жағдайындағы
бірлескен танымдық іс-әрекет және т.б.) қолдана отырып, сапалы ұйымдастыру
жөнінде айтарлықтай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Осыған орай
«инновация» терминiнің өзі латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi
бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр
мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. ХХ
ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы
пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыптасты. КСРО-да бұл
термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастағаны белгілі.
Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Олай
болса бүгінде әлемдік педагогика саласында білім беру мен жас ұрпақты
тәрбиелеудің инновациялық технологиялары өмірге еніп жатыр. Қоғамда түрлі
ақпаратты меңгеруге бірінші кезекте жастарды тарту қажеттілігі туындайды. Осыған
орай, еліміздің білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
қарастырылған. Сондағы негізгі міндеттердің бірі оқушылардың ақпараттық
даярлығын жетілдіру болып табылады. Әр сабақта қолданылатын жаңаша
технологиялармен сабақ беру мақсат қоюдан басталады. Заман ағымына қарай оқыту
әдістері де өзгертіліп, жаңаланып отыруы тиіс. Оқытуды жетілдіру ғылым мен
техниканың жетістіктеріне сәйкестендірілуі керек. Сол негізде компьютерлік
техниканы жетік меңгерудің, электронды оқу құралдарын жан-жақты пайдаланудың
маңызы зор. Барлық пәндер бойынша оқу процесін ақпараттандыру - білім беру
жүйесін жаңа сатыға көтеретін фактор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану
арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға,
танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға
машықтануына негіз қаланады./1/ Білім берудегі инновациялық процесстерге
тоқталсақ бұл дегеніміз мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды
аттестациялау, педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Білім
берудегі инновациялар. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік
қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және
тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол
ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық
тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Осы орайда инновацияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет білім сапасы
мұғалімнің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалімдерді
34
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталды жұмысқа тарту қажет, өйткені
ол білім жүйесі дамуының басым түрі болып табылады. Ал жұмыстың
инновациялық бағытына қолдау көрсету, біліктілікті арттыруда мынандай сынды
стратегиялық бағдары болса: білім сапасын басқару, білім мазмұнының жаңаруы,
оқытушы жұмысындағы инновациялық жобалар, бағдарлы дайындық пен бағдарлы
оқыту-білімгер тұлғасының өзін-өзі анықтау факторы, білімгерлерді оқытудың
технологиялық әдісі, білімгерлердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін
дамыту, білімгерлердің шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы қазіргі
технологиялар, тиімді білім технологиялар негізінде мемлекетік тілді оқыту,
мұражай – оқушыларға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру құралы,
техникалық және кәсіби білім беруде тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу-тәрбие үрдісін
жобалауға инновациялық көзқарастар. Көрсетілген бағдарды Шығыс Қазақстан
облысының білім қызметкерлері дәстүрлі секция отырыстарын өткізу үстінде. Бұл
бағдарламаның
мақсаты
–
инновациялық
педагогикалық
тәжірибелерді,
шығармашыл жұмыс істейтін педагогтарды айқындау, қолдау, марапаттау.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты
мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық
енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың
маңызды екі проблемасы құрайды. Олар озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу,
жинақтау, тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың
жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр
оқытушының өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі
керек. Сонымен қатар оқу орнында оқу-тәрбие жүйесі, оқытушы мен білімгер
арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі
өзгерістерді қажет етіп отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми – педагогикалық
негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Оқу процесіндегі инновациялық
модельдің құрылымын былай көрсетуге болады: жалпы инноватикадағы
инновациялық процесс идеялары; педагогикалық инноватиканың пайда болуы,
таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру; оқу процесі кезінде теориялық
талдау жасау немесе іс-әрекет ретінде.
Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды
мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті
жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін,
айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажет. Инноватика мазмұнына талдау
жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева төмендегі негізгі аспектілерді көрсетеді:
1)
Инноватика – жаңа білімді ойлап табу, меңгеру, енгізу заңдылықтарын
зерттейтін гуманитарлық ғылым;
2)
Иноватика – жаңа білімді жасап шығару, меңгеру, енгізу процестерін
зерттейтін ғылыми білім саласы;
3)
Инноватика – қоғамдық тәжірибеде және ғылым мен техниканың түрлі
салаларындағы инновациялық процестің теориясы мен практикасы./2/
Осы орайда ақпараттандыру ғасыры деп танылып отырған XXI ғасырдағы
мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені
ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры
олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында. Елбасы атап
көрсеткеніндей, «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана
лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер
жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы
үйренуге үйретулері керек». Сонымен бірге, бүгінгі таңда институт ұстаздарын
35
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
қатты толғандырып отырған мәселелердің бірі – болашақ мұғалімді балаларды өзіне
үйренуге, одан кейін үйретуге үйрету. Сол себепті институттағы оқу-тәрбие ісін
ұйымдастыруда, жүзеге асыруда, оның қыры мен сырын әрбір студентке олардың
өздеріне тән ерекшеліктерін ескере отыра жеткізіп, иландырып, сіңіруде
қолданылатын инновациялар мен соны технологиялардың пәрменін осы міндеттерді
ойдағыдай орындау ісіне пайдалануға тырысу қажет. Бүгінгі заман талабына сәйкес
жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін
меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған,
әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. Еліміздің
мақсаты да өзін өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты
шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады. Күн талабына
сай айтылған «Дәуір даналарын ілестіреді, ұстаз білімділікті үйлестіреді» деген
қанатты сөз ұстаздық кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп тұрудың қажеттігін еске
түсіреді. Білікті де білімді, мейірімді ұстаз ғана білімді үлестіруші, көш басының
тұлғасы бола алады деп есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Нұр Астана М. Қазығұлова «Ақпараттық технология жаңа сатыға көтереді»,
18.12.2008 жыл.
2. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике.
Монография. – Алматы: Ғылым, 2001.
3. //Егемен Қазақстан – Жаңа тұрпатты ұстаз, 2006-11-21
ӘОЖ 821.512.122 – 31
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП
СӨЙЛЕУ ТІЛІН МӘТІН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Галиева А.Н., филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Жиеналина М., 4 курс студенті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Мақалада бастауыш сыныптардағы баланың байланыстырып сөйлеу тілін
дамытудағы әдіс-тәсілдерді іріктеу, оны оқу үрдісінде пайдалану жолдары
қарастырылмақ.
В статье рассматривается проблема овладения связной речи учащихся
начальных классов посредством использования активных методов обучения в
учебном процессе.
In the article the problem of mastering coherent speech of pupils of primary school
through the use of active learning in the classroom.
Кілт сөздер: сөйлеу тілі, мәтін, әдіс-тәсілдер, қызығушылық.
Сөйлеу үдерісіндегі басты орын алатын – сөз бен сөздің байланысы,
грамматикалық формалар мен мағыналары, сөздердің тіркесі, сөзжасам – осының
бәрі тіл үдерісіндегі басты орын алатын – сөз бен сөздің байланысы, граматикалық
формалар мен мағыналары, сөздердің тіркесі, сөзжасам – осының бәрі тіл білімінің
салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік
қарым – қатынасқа, сөйлеуге де сонша ықпал етеді.
Сөйлеуді меңгерту дегеніміз – оқушының айтайын деген ойын ауызша және
жазбаша түрде екінші адамға түсінікті етіп жеткізуіне мүмкіндік жасау. Ал сөйлеуді
36
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
үйрету – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен
пікірін тұжырымдау; сол ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде
жеткізудің амалдарын игерту. Мұнын өзі оқушының тілдік құралдары мен
бірліктерді, олардың байланысу формаларын жете білуімен қатысты. Сөйлеуші
тілдік бөлшектерді жеке игермей, олардың бір –бірімен тіркесу, қолданылу
заңдылықтарын іс жүзінде түсініп, өз бетімен қажетіне сай пайдаланып үйрену
керек. Бұл тілдегі сөздік қор мен грамматиканы қатар меңгеріп, ойда пайда болған
ұғымды сөйлемге айналдыруды қажет етеді. Осы күрделі үдерістің бәрі (санадағы
ұғым, оны сөзбен бейнелеу, сөздерді байланыстырып, сөйлем құрап айту) бір
мезгілде орындалады. Осылай оқушы екінші адаммен тілдік қатынасқа түсіп, айтар
ойын оған жеткізеді.
Олай болса, сөйлеуге үйретілудегі негізгі мақсат тілдік материалдарды
оқушыларға таныстыру емес, оларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу
кезіндегі дұрыс жұмсауға дағдыландыру болып табылады.
Байланыстырып сөйлеу – оқушылардың бұрын қабылдаған алуан түрлі
сөйлеу шеберлігі мен дағдыларының, соның ішінде орфографиялық және
пунктуациялық жағынан дұрыс, интонация жағынан әсерлі, тартымды (ауызекі
сөйлегенде) тұрғыда іскерліктер мен дағдылардың шоғырланған түрде қолданылған
айту формасы. Сөйлеудің бейнелі, көрікті, сезімге әсерлі және логикалық
байланыстырып айту мен жазуға бірдей қатысты.
Әдістеме саласында байланыстырып сөйлеуді үйретуге арналған жаттығулар
жете қарастырыла қойылған жоқ. Әдетте, мақсатына қарай дайындық, үйрету; өту
орынына қарай сыныпта, үйде; ойды жеткізу формасына қарай жазбаша, ауызша;
ойлау операциясына қарай аналитикалық, синтетикалық, аналитика - синтетикалық,
деп бөлінеді [1]. Сондықтан біз аталған мәселелерге теориялық тұрғыда көңіл бөліп,
педагогикалық, әдістемелік жағынан жетілдіру жолдары бойынша жұмыс түрлеріне
қызығушылық таныттық.
Оқыту - екі жақты күрделі дидактикалық құбылыс.
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың өзіндік қиындықтары
бар. Балабақшадан кейінгі бастауыш мектептегі кезеңде оқушының оқу әрекетін
дұрыс ұйымдастырудың дидактикалық талаптарының бірі - баланың оқу-танымдық
белсенділігін арттыру. Бала не үшін оқитынын бірте-бірте саналы түрде ұғынатын
кезеңі де осыдан басталады. Мұндай жастағы баланың жоғарыда айтқандай оқу
әрекетін қалыптастыруда кездесетін қиындықтардың бірі - зейінінің тұрақсыз болуы.
Сондықтан мұғалім оқушының зейінін тұрақтандырып, білім беруді нәтижелік
моделіне бағыттау жолында оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруы қажет.
Оқу - баланың әрекетіне күрделі талаптар қояды. Балалардың басты
ерекшеліктерінен психологтар «бәрін білуге құштарлықтан туындайтын тамаша
қасиеттің» бар екендігіне мән береді.
Сондықтан адам ойлауының бастапқы формасы ұғым қалыптастырудың
тиімді жолдарын анықтап алу мұғалімнен психологиялық білімді қажет етеді.
Бастауыш мектеп жасындағы баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету – білім
беру мекемелерде жүйелі жүргізілетін үрдіс. Бұл кезеңде сөздік қорды байытып қана
қоймай, сөйлем құрау, өздігінен мәтін құрап, ойын жүйелі, бірізділікпен айтуға
қалыптастыру қажет. Сөйлеу әрекетінің айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым
секілді түрлерін меңгеруге байланысты соған сәйкес жаттығу-тапсырмаларды
орындай білу қабілеттерінің қалыптасуына баса мән беріледі.
Байланыстырып сөйлеу тілін (ауызша және жазбаша) дамытудың негізі
ретінде мәтін алынды.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы
37
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан
қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны
жөніндегі
ой-пікірлер,
зерттеулер
Ф.Ш.Оразбаеваның,
С.Р.Рахметованың,
Т.Әбдікәрімнің, Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның,
Ә.Е.Жұмабаеваның, Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың т.с.с.
көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен бастауыш
сынып жасындағы балалардың жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге
байланысты шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.
Мәселен, бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» жаңа буын
оқулықтарында «Мәтін» ерекшелігін танытатын жеке тарау берілген. Оның белгілері
және құрылымдық ерекшелігі жайлы теориялық мағлұматтар да енгізілген.
Дегенмен «Мәтін» тарауы бойынша енгізілген теориялық мәліметтер мен оған
қатысты жаттығулар тек грамматикалық бағытта қамтылып, оқушының мәтін
құрастыру арқылы өз ойын байланыстырып жазу қабілетін дамыту мәселесі
назардан тыс қалған.
Жұмысымызда мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған
жаттығулар мен тапсырмалар кешені былайша топтастырылды: танымдық талдау
жаттығулары; түзету жаттығулары; шығармашылық ізденіс жаттығулары.
Жаттығуларды іріктеу үшін мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алдық:
баланың теориялық білімін практикада қолдануына бағытталуы; балада
қызығушылық туғызып, олардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасауы; ұшқыр ой,
ұтымды пікір, бейнелі сөздер кездесетін, тәрбиелік мәні бар, қызықты мәтін берілуі;
тапсырманың шығармашылық сипатта болуы көзделді [2,3б.].
Бастауыш сынып оқушысының байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
мақсатында жаттығулар мен тапсырмалар бойынша мынадай жұмыс түрлері
жүргізілді:
1. Танымдық-талдау жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларына
мәтіннің мағыналық, құрылымдық ерекшелігі жайлы, қазақ тілі оқулығындағы тілдік
тұлғалардың қолданылуы туралы теориялық білімі толықтырылады. Бақылау,
салыстыру, талдау, сызба құру т.б. арқылы оқушылардың теориялық ұғымдарды
саналы түрде қабылдап, өз тәжірибесінде қолдана білу дағдысын жетілдіріледі.
Танымдық талдау жаттығуларын орындатудағы басты мақсат – мәтінге
байланысты ұғымдарды саналы түрде қабылдап, өз тәжірибесінде қолдана білу
дағдысын жетілдіру. Бұл тапсырмалар мен жаттығулар мәтіннің мазмұндық
құрылымдық ерекшелігін танытуға құрылады. Оқушылар мәтіндегі тілдік тұлға
бірліктердің қолданысын түсініп, тақырып пен негізгі ойдың байланысын, ондағы
сөздер мен сөйлемдердің байланысын ажыратады. Мәтіндегі тұтастық сақталу үшін
байланыстың қалай жүзеге асатынын аңғарады, ой қорытындысын жасайды.
2. Түзету жаттығулары арқылы белгілі бір тақырып, негізгі ой бойынша
дұрыс түзілмеген мәтінді қайта жөндеу, түзету дағдысы қалыптастырылады. Тілдік
құралдар арқылы өз мәтінін түзу үрдісінде ой жүйесін бір-бірімен байланыстыра
білуге үйретіледі. Белгілі бір тақырып, негізгі ой бойынша дұрыс жазылмаған
мәтіндегі қатені тауып, түзетуге үйрену арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеудің
логикалық құрылымын танып біледі.
Түзету жаттығулары ауызша және жазбаша сөйлеудегі ой байланысын, оқиға
желісін дұрыс құруға, өңдеуге құрылады. Қате құрылған мәтінмен жұмыс істеудің
тиімді жағы, қатені іздеген кезде оқушы оны бірнеше рет оқиды. Мәтінге бірнеше
рет қайта айналып келу, қайта оқу ерікті түрде әрі жеңіл орындалады. Егер оқушыға
«мәтінді екі рет оқып шығыңдар» дейтін болсақ, тапсырма қызықсыз әрі еріксіз
орындалар еді. Қатені түзету мақсатымен оқитын кезде бала ойланады, ізденеді.
Біреудің қатесін жөндеу арқылы бала байқағыштыққа үйренеді, біртіндеп өз сөзін де
38
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
қадағалауға жаттығады.
Мәтінді түзету, қалпына келтіру тапсырмасын «Сырлы сандық», «Шатасқан
шумақтар» деп аталатын ойын әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы,
сандықтың бір жағына белгілі бір мәтіннен алынған бір сөйлемді, екінші сандыққа
екінші сөйлемді жазып, бірнеше сандықты пайдалануға болады. Сандыққа жазылған
сөйлемдерден мәтін құрастыруға әртүрлі тапсырма беруге болады. Олар: берілген
тақырып бойынша мәтін құру; бірінші сөйлем бойынша мәтін құру т.б. осы сияқты
тапсырмаларды орындау барысында оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлемдерді
жинақтап, мәтін тұтастығын қалпына келтіруді үйренеді. Мәтіннің ішкі логикасын
түсінуге үйрету үшін, ұйқасы бұзылған өлең мәтінін редакциялап, түзету
тапсырмасы беріледі. Мұны « Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы жүргізуге
болады. Екі түрлі өлеңнің тақырыбы беріледі де, ондағы өлең жолдары орны
ауыстырылып беріледі. Оқушының міндеті осы өлең жолдары қай өлеңнің
тақырыбына сәйкес келетінін анықтап, түзетіп жазады. Тапсырма топтық немесе
жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде
оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы арқылы коммуникативтік қарым-қатынас
жасауына мүмкіндік туады.
3. Шығармашылық ізденіс жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер
мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар жатады:
1) өлең мәтінін құрастыруды үйрету;
2) теңеуді құрастыруды үйрету;
3) жұмбақ мәтінін құрастыруды үйрету;
4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік
болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек кездеседі. Сондықтан
да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-түсін, пішінін, әр түрлі
белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім сөздерді қолдануға үйретуді теңеу,
жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға үйрету арқылы жүзеге асырылады.
Өлең, жұмбақ, ертегі құрастыру барысында оқушының алған білімі мен
білігін мәтін құру үрдісінде қолдану арқылы өз ойын жүйелі жазуға,
шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |