Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

 
ӘОЖ  902/904 
 
КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДАҒЫ БЕСШАТЫР ҚОРҒАНДАРЫ  
(ПАТШАЛАР ОБАСЫ) 
 
Рахимбеков Б.Д., магистрант 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдыкорған қ., 
bahyt-rahimbekov@mail.ru 
 
Бұл мақалада Жетісу жеріндегі сақ тайпаларының әлеуметтік, тұрмыстық 
және  саяси  құрылымы  қарастырылады.  Ерте  замандағы  тарихи  оқиғаларды 
талдау  негізінде  сақ  тайпаларының  әлемдік  тарихтағы  ролі,  шекаралас 
тайпалармен саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастары айқындалады. 
В данной статье рассматриваются социальный быт и политический строй 
сакских  племен,  населявших  территорию  Жетысу.  В  результате  анализа 
исторических  событий  тех  времен  выявлено,  что  сакские  племена  выполняли 
особую  роль  в  мировой  истории,  рассмотрены  политические  и  социально-
экономические отношения с приграничными племенами. 
This  article  discusses  the  social  life  and  political  system  of  Saka  tribes  that 
inhabited the Zhetysu area. An analysis of the historical events of the time revealed that the 
Saka  tribes  performed  a  special  role  in  the  history  of  the  world,  considered  the  political 
and socio-economic relations with neighboring tribes. 
Кілт сөздер: Бесшатыр, сақтар, археология, К.А.Ақышев, Орта Азия, Жетісу, 
қорым, архитектура. 
 
Жетісу  жерінде  ежелгі  сақ  тайпалары  өз  патшалары  қайтыс  болғанда,  бүкіл 
халық  болып,  оған  үлкен  тастармен  үйіп  қорған  жасаған.  Сақ  тайпаларын  бастаған 
патшаларын  көп  жерлеген  жері  Жетісу  өңіріндегі  Бесшатыр  қорымы  болып 
табылады.  Сол  заманда  қорғандардың  көбісі  тоналған.  Археология  ғылымда 
Бесшатыр  қорымын  патшалар  қорғандары  деп  есептейді.  Қазақтың  археологы 
К.Ақышев  жетекшілігімен  Бесшатырды  зерттеу  арқылы  бұрынғы  ата-бабаларының 
мәдениетті  іс  қалғандығы    әлемге  жаңалық  болды.  Бесшатыр    кешенін  тұрғызған 
біздің    ежелгі  замандағы  бабаларымыз  –сақтардың    асқан  еңбекқорлығын  атап 
айтпаса болмайды. 
50-жылдардың  аяғы  К.А.Ақышев  өмірбаянында  атақты  Бесшатыр  обасын 
қазумен  байланысты  болды.  1954,  1957-1961  ж.ж  Іле  өзені  бойында  зерттеген 
сақтардың  Бесшатыр,  Қызылауыз,  Жуантөбе,  Қадырбай,  Қарашоқы,  Алтынемел 
ескерткіштерінің  материалы  негізінде  «Древняя  культура  саков  и  усуней  долины 
реки Или» атты монографиясының кіріспесінде сақтардың шығу тегі туралы шетел 
және  сол  кездегі  кеңес  археолог  ғалымдарының  пікірлеріне  жан  жақты  талдау 
жасаған. Ғалымның мұндай ерен еңбегін қола дәуірінен кейінгі сақтар туралы бүкіл 
дүниежүзілік  ғалымдардың  еңбектеріне  жасаған  библиографиялық  саяхаты  болды. 
Алынған  материалды  жан-жақты  сараптау  негізінде  К.А.Ақышев  1963  жылдың 

     
 
 
118 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
өзінде-ақ  сақтардың  таза  көшпенді  болмағаны,  өздерінің  үнемі  қыстаулары  мен 
жылы жайлары болғаны туралы айтуына негіз болады. 
Сақ  кезеңінде  Жетісуда  жайылымдық  көшпелі  жүйе  орнаған.  Осы 
монографияда  археологиялық  деректер  негізінде  К.А.Ақышев  сақтардың  Орталық 
Қазақстанның андронов тайпаларынан шыққанын айтады және Қазақстандағы қола 
жебелер  ұштарының  классификациясы  мен  хронологиясы  келтіреді.  Осылайша 
ғалымның ғылыми ізденісінің тағы бір бағыты – сақ өнерінің шығу тегі проблемасы 
пайда болды. 
К.Ақышев  сақтар  мәдениетін  талдауда  Алдыңғы  Азиялық,  Үнді  Ирандық 
мәдениет  болмысына  жүгіну,  солармен  салыстыра  отырып  сөйлету  бағыты  басым 
болатын және ежелгі дүниеде Жетісуда металлургия мен қола еріту өндірісін жүргізу 
болғанын  айтады.  Қазақстанның  оңтүстік  аймағында  ғана  (әсіресе  Жетісуда) 
осыншама  қорғандардың  шоғырлануы  К.А.Ақышевтың  жазуынша:  «Орталық  Азия 
үшін  феноменді  көрініс    туралы»  болып  саналады.  Бүкіл  Еуразия  кеңістігінде 
элиталық  қорғандардың  мұндай  шоғырлануының  өзге  көріністері  жоқ.  Мұның  өзі 
ерте  мемлекеттік  құрылымдар  қалыптасу  кезеңінде  Жетісудың  тарихи-мәдени 
ерекшелігі,  Жетісу  халқының  сақ  дәуіріндегі  жоғары  әлеуметтік  экономикалық 
деңгейін көрсетеді [1, 312б.]. 
Археолог  К.Ақышев  айтуынша  батыс  тарихшылары  мен  социологтарының 
ғылыми  еңбектерінде  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  өмір  сүрген  көшпелілер  туралы 
ғылымға  жат  пайымдаулар  кездеседі.  Олардың  пікірінше  көшпелілер  мәдени 
құндылықтарды  жасаушы  емес,  тек  құртушы  варварлар  деп  қарастырылған. 
Буржуазиялық  шығыстану  ғалымдары  дүние  жүзін  нәсілдік  топтарға  бөліп,  ең 
төменгі  сатыға  моңғол  нәсілін  қойды.  Сондай-ақ  тарихы  жоқ,  мәдениеті  төмен 
елдердің  жазу  тарихын  немесе  олардың  болғанын  зерттеуге  талпыныс  білдірмеді. 
Қазір  Қазақ  даласынан  археология  арқылы  неше  түрлі  заттар  табыла  бастады. 
Археология  қазба  жұмыс  арқылы  ерте  заманда  сақтарда  мемлекет  болғандығы 
дәлелденді.  Жетісуда  сақтардың  мелекет  болғандығы  Бесшатыр  қорғанның  қазу 
барысында дәлелденді. 
Бесшатыр  қорымның  біздің  заманымыздан  бұрынғы  VI-V  ғасырларда 
салынғанын  көрсетеді.  Іле  өзеннің  оң  жағалауындағы  Желшағыр  тауларының 
етегіндегі,  Шылбыр  шатқалына  кірер  тұстағы  Бесшатыр  қорымы  археологтар 
тарапынан тыңғылықты зерттелген. Қорым солтүстіктен оңтүстікке екі киллометрге, 
шығыстан батысқа бір километрге созылып жатыр және ол отыз бір обадан тұрады, 
олардың  жиырма  бірі  тас,  қалғандары  қиыршық  тас  пен  топырақ  үйіндісінен 
түрғызылған. Қорымдағы жүйесіз орналасқан, бірақ оңтүстік жіне солтүстік топтарға 
бөлінеді.  «Үлкен»  деп  аталған  ең  ірі  оба  қорымның  солтүстік-шығысында 
орналасқан.  Оның  диаметрі  104  метр,  орташа  биіктігі  17  метрге  жетеді.  Үйінді 
жамылғысы диаметрі отыз екі метр қиық конус түріндегі үсті жайпақ төбе. 
Обаның  тас  жамылғысы  табан  бөлігінде  бірнеше  тығыз  қатардан  тұрады  да, 
орасан  зор  үйіндіден  тұратын  шығыңқы  ірге  (цоколь)  секілді  болып  көрінеді. 
Үйіндінің  солтүстік  және  оңтүстік  жағынан  төбеден  төменге  түскен  орлар 
байқалады. Үйіндіні айналдыра белдеулік жал соғылған. 
Үйіндімен  қатар  тас  бағандардан  (менгирлерден)  және  үлкен  қойтастардан 
тұратын  «қоршаулар»  деп  аталатын  дөңгелек  құрылыстар  орналасқан.  Мұндай 
қоршаулар  саны  94  және  жоспары  бойынша  олар  оба  маныңдағы  бұранда  сымды 
еске түсіреді. Қоршаулардың ғұрыптық мәні болғандығы анықталған, сірә олар отқа 
табынушылықпен байланысты болса керек. 
Басқаларынан  солтүстікке  қарай  орналасқан  диаметрі  52  м,  биіктігі  7  м-ден 
астам.  Бірінші  Бесшатыр  обасы  толыққанды  түрде  зерттелген.«Үлкен»  оба  секілді 
оның  да  үсті  жайпақ.  Үйінді  үш  қабаттан  тұрады.  Жоғарғы  қабаты  үстінің 

     
 
 
119 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
қалыңдығы  1  м,  табанының  қалыңдығы  3  м-ге  дейін  тас  жамылғысынан  тұрады. 
Екінші қабат өте қалың, топырақ пен қиыршық тастан тұратын оның қалыңдығы 3,5 
м-ден 13 м-ге дейін жетеді. Үшінші әрі төменгі қабаттың қалыңдығы 1,5 м-ден 12 м-
ге дейін болатын ірі тастардан тұрады. Бұл қабат астында өңделген бүтін Тянь-Шань 
шыршаларынан тұрғызылған үлкен ағаш құрылыс орналасқан. 
Осы  құрылыс  жер  бетіне  соғылған  «патша»  қабірі  болды.  Сағана  дәлізден 
(дромостан),  кіре  ауыз  құрылысынан  және  жерлеу  бөлмесінен  тұрады.  Дәліз  ұзын 
биік  және  төбесі  жабылған,  ол  жерлеу  бөлмесінің  шығыс  қабырғасына  тақай 
орналасқан. Дәліз көлденеңінен тұрғызылған кеспелтек ағаш арқылы екіге бөлінген. 
Жерлеу бөлмесі бұрыштары әлемнің төрт тарапына бағытталған биіктігі 4 м 
бұрыс  шаршы  түрінде,  ол  Тянь-Шань  шыршасының  16  қатар  бөренелерінен 
қойылған.  Олар  7-8  бөренелік  қатардан  тұрады.  Қабырғасын  сыртқы  және  ішкі 
жағынан  бір  шеті  жерге  тігінен  көмілген  16  тіреуіштерге  бекітілген.  Барлық 
бөренелер  жақсылап  өңделген,  бұтақтары  шабылып,  қабығы  аршылған.  Бөлме 
қабырғасына  пайдаланған  бөренелер  мұқият  сүргіленген  және  бір-бірімен  тақап 
қиюластырылған. 
Олардың  кейбір  бөліктерінде  қашау  мен  пышақтың  іздері  сақталған. 
Бөренелерді  тасымалдауға  бір  шеті  мен  ортасына  арқан  байлау  үшін  тесіктер 
ойылған. Қамыстан жасалған жалпақ төсеніш жіппен буылған. 
Жерлеу  ғұрпынан  кейін  бөлмеге  апаратын  есікке  ірі  тастар  қаланып,  дәліз 
бөлігі қиыршық тас араластырған кесек тастармен төбесіне дейін бекітіліп тасталған 
болуы  ықтимал.  Осыдан  кейін  ғана  жерлеу  құрылысының  үстіне  тас  пен  қиыршақ 
тас аралас зор үйінді үйілген. 
Үлкен  обалар  тобының  ең  оңтүстігіндегі  Алтыншы  обадағы  құрылыс  та 
осындай.Оның  үйіндісі  таспен  жабылған.  Обаның  диаметрі  –  52  м,  биіктігі  –  8    м. 
Үйіндінің  астында,  ертегі  жер  беті  деңгейімен  шамамен  2  м  тереңдікте  жерасты 
жолдарының жүйесі болған. 
Олар  жерден  қазылған  және  орталық  бағыттағы  есік  пен  бүйірдегі 
тарамдардан  тұрады,  негізгі  жолдан  түрлі  бағыттарға  бүйірге  қарай  жеті  тармақ 
кетеді,  олардың  батыс  жақтағы  екеуі  жарым-жартылай  топырақпен,  ал  солтүстік-
шығыс  жақтағы  біреуі  ірі  тастармен  толтырылған.  Жолдардың  күмбезі  жарты 
шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75-
80  см.  Қабырғалардың  көптеген  жерлерінде  кішкене  ойықтар  жасалған,  олардың 
айналасындағы ысіздері оларда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық 
беретін  май  шырағдандар  тұрғанын  дәлелдейді,  бүйірдегі  тарамдардан 
жануарлардың  сүйектері-құрбандық  шалудың  қалдығы  табылды.  Бүйірдегі 
тармақтарымен  қоса  алғанда  негізгі  жолдың  жалпы  ұзындығы-55  м.  14  -  обаны 
қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. 
Обаның  жерлеу  құрылысының  негізі  –  ұсақ  қиыршық  тастар  араластырып 
топырақпен  тұрғызылған  қабырғалар.  Қабырғалар  бөренелермен  үш  қатар  етіп 
жабылған,  бөренелердің  төменгі  екі  қатары  Тянь-Шань  шыршасынан,  ал  жоғарғы 
қатары  жиде  бөренелер.  Бөренемен  жабылған  төбесінде  тас  пен  бұтадан  және 
сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. 
Мазардың  негізі  төртбұрышты,  ал  төбесі  дөңгелек  күмбез  сияқты  болған. 
Қабірдің  шығыс  жағында  есігі  болып,  есіктің  екі  жағында  жерге  тігінен  көмілген 
қос-қостан  екі  бағана  тұрған.  Қос  бағаналар  бір-бірімен  қазықтармен  бекітілген, 
мейлінше  берік  болу  үшін  бөренелер  шиден  өрілген  жуан  арқандармен  баайланып 
тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі 
қабат төсенішпен жапқан. Қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөрененің 
кесіндісі қойылған. Лақыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр. 

     
 
 
120 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Бесшатырдың  хронологиясы  кіші  обалардың  бірінен  табылған  заттар  
бойынша  айқындалады.  Оның  үйіндісі  астындағы  ұзын  жағы  батыстан  шығысқа 
қаратылған үлкен қабір шұңқырында (3,50 де 2 м) жерленген екі адамның қаңқалары 
жатты.  Сүйектер  бірінің  жанында  бірі  шалқасынан  созылып,  бастары  батысқа 
қаратып  қойылған.  Жерленгендердің  әрқайсысының  жанына  оң  жағынан  қысқа 
семсер-акинактар  қойылған,  ал  сол  жағында  қола  ұшты  жебелер  салынған 
қорамсақтардың қалдықтары жатыр (қорамсақтардың барлығы 20 қысқа сапты және 
ұіғылы жебе ұштарының он екі түрі бар). Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы 
бүлінген.  Солтүстік  жақтағы  сүйектің  сол  жағында  темір  умбон  жатыр,  тағы  бір 
жатқан  нәрсе,  сірә,  кішкене  ағаш  қалқанның  қалдығы  болуы  мүмкін,  бел  түсында 
темір  тоға  жатты.  Сүйектердің  арасынан  төрт  ақық  моншақ  және  біріне-бірі 
дәнекерленіп  жапсырылған  іші  қуыс  алтын  түйіршектерден  жасалған  екі  моншақ 
табылды [2, 5-6 бб.]. 
Бесшатыр  обаларынан  қанжарлар,  жебе  ұштары,  материалдық  мәдениеттің 
көптеген  көптеген  археологиялық  заттар  табылды.  Қоршаулар  жанынан  саз 
балшықтан  жасалған  ыдыстардың  ұсақ  сынықтары  табылды;  қыш  қазандардың 
тұтқалары  кездеседі.  Жер  бетіне  жақын  тұстардан  қазылған  қоршаулардың 
көпшілігінен ошақтардың орны, екі жерден кальцийленген сүйек, қыш ыдыстардың 
сынықтары  мен  моншақтар  шықты.  Бұл  шарбақтардың  діни  рәсімдік  мәні 
болғандығы  және  олардың  құрбандық  шалу  ғұрыптарымен  байланысы  айқын 
аңғарылады.  Бесшатыр  жерлеу  орны  өз  уақытында  ағаштан  құрастырылған  өте 
күрделі  құрылыс  болған.  Ол  бірнеше  бөліктен;  құдықтан,  кіре  беріс  пен  лақатқа 
(мәйіт қойылатын орын) арналған бөлмеден тұрады. 
Барлық  бөренелер  жақсы  өңделген  бұтақтары  мұқият  кесіліп,  қабығы 
аршылған. Бөлме қабырғаларын құрастырған бөренелер теп-тегіс етіп жонылып, бір-
бірімен  саңылаусыз  қиюластырылған;  бүкіл  құрылыс  мықты  болуы  үшін 
бөренелердің  түпкі  басы  екі  жаққа  кезектестіріліп,  қарама-қарсы  ауыстырылып 
салынған.  Бұрыштағы  бөренелер  сәл-пәл  ғана  жанастырылып,  бір-біріне 
бекітілмеген.  Бөренелерде  қашау  мен  пышақтың  ізі  жақсы  сақталған,  олардың  екі 
басында  және  орта  тұсында  ойықтар  бар.  Жерлеу  бөлмесінің  тегістелген 
бөренелерден  құрастырылған  жазық  төбесі  жоғарғы  жағынан  шимен  буылған  бір 
қабат қамыс сабақтарымен жабылған. 
Жерлеу  рәсімі  аяқталған  соң  мәйіт  қойылған  бөлменің  кіре  берісіне  үлкен 
тақта  тастар  қойылып,  құдықтың  жоғарғы  жиегіне  дейін  жаңқа  арластырылған 
тастармен  толтырылуы  ықтимал.  Осыдан  соң  ғана  бейіт  үстіне  тас,  кесек  және 
топырақ үйіліп, оба жасалған. 
Бесшатырдың  тарихи  жасы  кіші  обалардан  табылған  заттар  бойынша 
бағытталған.  Ұзын  білікпен  шығыстан  батысқа  қарай  белгіленген  үлкен  қабір 
лақатынан  екі  мәйіттің  қаңқалар  табылды.  Марқұмдардың  бастары  батыс  жаққа 
қаратылып,  қанқалары  ұзынынан,  бір-бірінің  жанында  шалқасынан  жатыр. 
Жерленгендердің екеуінің де оң жағынан шолақ қанжарлар, ал сол жағынан қоламен 
ұшталған жебелері бар қорамсақ қалдықтары табылды. Қорамсақтардан он екі түрлі 
50  жебенің  ұшы  шықты.  Қанжардың  көбелек  тәріздес  үзбесі  бар,  сабы  шіріген. 
Соңдай-ақ қалқан, темір тоға, сердоликтен жасалған төрт түйеуіш және іші қуыс етіп 
құйылған  алтын  дәндерден  құрастырылған  екі  түйеуіш  қалдықтары  жиналып 
алынды.  
Оның  маныңдағы  қоршау  тізбектеріне  3  шақырым  жердегі  карьерден 
дайындалып  әкелген  мыңға  жуық  қалақтас  жұмсалған.  Осындай  ірі  обалардың 
ішіндегі  тайпа  көсемдері  мен  қолбасшылар  қабірінің  қабырғаларын  тұрғызуға 
жұмсалған  Тянь-Шань  шыршасының  бөренелері  бар.  Олар  қорымнан  200-250 
шақырым қшықтықтағы Алатау бөктерінде дайындалып, өзен арқылы аққан салмен 

     
 
 
121 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
жеткізілген.  Ал  кешеннен  табылған  археологиялық  құндылықтаға  келсек,  олардың 
ішінен  қоршау  қалақтастарындағы  қазақтың  «көз»  таңбасына  ұқсас  көне  тайпа 
адамдарына тән күн рәмізін, қабірлердегі көбелек тәрізді бейнесі бар қысқа семсерді 
(акинакты),  іші  қуыс  алтын  түйіршіктерді  қосақтап  дәнекерленген  моншақтарды 
айтуға болады . 
Қорымның  төңірегінедегі  бұл  құрылыстардың  орналасуы,  олардың  сыртқы 
түрі,  құрылымдары  мен  көлемінің  бірдейлігі  оларды  Бесшатыр  қабірлерімен  бір 
мезгілде  салынған  және  олармен  байланысты  деп  санауға  негіз  береді. 
Менгирлерден  қорымдар  төңірегіне  қарай  ашық  салынған  қоршаулар-Бесшатыр 
обаларына  байланыссыз,  қайта  негізгі  обьектіні  толтыратын  сияқты.  Бесшатыр 
кешені  Іле  өзенінің  аңғарында  мекендеген  Жетісу  сақтарының  киелі  орны  болса 
керек. [3,107-109 бб.]. 
Орасан  зор  Бесшатыр  патшалық  обалары  орналасқан  жерге  сақтар  ғасырлар 
бойы  келіп  табынып,  сансыз  көп  құрбандықтар  әкелген,  ас  беріп,  бата  қылған,  әр 
түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілген 
орындарға  менгирлер  мен  қойтастардан  үлкен  қоршаулар  тұрғызылған.  Бесшатыр 
қорымының  барлық  обаларына  –  үлкендері  мен  орташаларына  да,  кішілеріне  де 
біркелкілік  тән,  олар  тастар  мен  ірі  қиыршық  тастартардан  үйілген,  төбесі  жалпақ 
(трапеция  тәрізді),  етегіне  тас  тығыз  қиюластырып  қаланған  болып  келеді.  Үлкен 
обалар  құрылымының  ерекшелігі  -  үйінділер  етегіндегі  ордың  терең  болуы, 
обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны 
тұрғызу  жоралғылары  жасалғаннан  кейін  жер  асына  кіретін  есік  бата  қылу, 
құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан 
соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса 
керек. 
Сәулет  өнерінің  ескерткіші  ретінде  Бесшатырдың  әрбір  үлкен  обасы 
құрылыстың  екі  түрінен:сыртқы  және  ішкі  түрлерінен  тұрады.  Сыртқы  құрылыс-
тығыз  қаланған  тастардан,  тас  дуалдардан  және  үйінділер  төңірегіндегі  менгирлер 
мен  қойтастар  тізбегінен  тұратын  үйдің  үстіңгі  қабатында  орнатылған  сияқты 
жалпақ  төбелі үшкіл үйінді. 
Үйінді  архитектурасында  жер  астына  түсетін  ор  және  ішкі  құрылыстары- 
ағаш    қабір  мен  қуыстар  маңызды  ескерткіштер  болып  табылады.  Мұның  бәрі  сақ 
тйпаларында 
Бесшатырдағы 
ғұрыптық 
құрылыстар 
салынғанға 
дейін-ақ 
архитектуралық  құрылыс  тәсілдері  мен  түрлері:  төрт  бұрышты  және  дөңгелек  етіп 
жоспарлау,  тас  қалау  әдісі,  ағаш  өңдеу  дағдылары  мен  ағаштан  құрылыс  салу, 
құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің 
ертеде-ақ  орныққанын  дәлелдейді.  Сәрі  мұндай  құрылыс  тәжірибесі  ғұрыптық 
ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-
қопсылар  салу  кезінде  де  жинақталған  болса  керек.  Бесшатырдың  ғұрыптық 
құрылыстары  тайпаларының  көсемдерін  мәңгі  есте  қалдыруға  тырысқанын 
көрсетеді.  Құрылыс  салғанда  оларды  бүлінбейтіндей  (тонамай)  ету  ғана  емес, 
сонымен бірге «мәңгі» тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі 
бойынша,  ескерткіш  өзінің  көлемі  жағынан  көсемнің  құдіреті  мен  байлығы  сай 
келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды. 
Бесшатыр  обалары  өздерінің  көрнектілігімен  зор  әсер    қалдырады.  Үлкен 
обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас қиыршық  тас 
пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан 3 шақырым жердек орналасқан ең жақын 
таулардан  мыңға  жуық  тақта  тастар  мен  қойтастар  тасып  әкелген.  Үйінділердің 
көлемі  жағынан  қорым  обалары  үлкен,  орташа  және  кіші  болып  бөлінеді, 
үйінділердің  осы  үш  тобына  қабір  құрылыстарының  әр  алуан  түрі:  үлкендері  мен 
орташаларына  –  бөренелерден  тұрғызылған  қабір,  киіз  үй  тәрізді  бейіт,  ал  барлық 

     
 
 
122 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
кіші  обаларға  жерден  қазылған  шұңқыр  (кейде  оған  салынған  тас  жәшік)  сәйкес 
келеді. Кіші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше 
ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс. 
Бесшатыр  құрылыстарын  салуға  қажетті  бөренелер  оба  орналасқан  орнынан 
шамамен  200-250  шақырым  болатын  Іле  өзенінің  арғы  бетінен,  Іле  Алатауының 
сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтақтары мен бұдырларынан 
тазартылып,  жасалған  кертпелер  арқылы  оларды  өзенге  сүйретіп  апарып,  салмен 
құрылыс  салынатын  жерге  жеткізілген.  Бұл  орайда  қыл  арқандар  мен  ши 
талшықтарынан  есілген  арқандар  пайдаланылған.  Ағаш  кесу  бөренелерді  қысқарту 
және  басқа  да  ауыр  жұмыстар  жүзі  тез  мұқалатын  ауыр  қола  балталармен 
орындалған.  Бөренелерді  өңдеу  сан  алуан  шоттар,  қашаулар,  үскілер, 
шапашоттармен жүргізілген болса керек. 
Бесшатыр  обаларын  қазғандағы  материалдар  Жетісудың  сақ  тайпаларының 
мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көпжылдық тәжірибенің, жоғарыда 
атап  өтілгендей,  жерлеу  қабірлерін  салу  кезінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  тұрғын 
үйлер  салу  кезінде  де  жинақталғанын  дәледейді.  Бұдан  Жетісу  сақтары  «таза» 
көшпелі болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен 
қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды 
шығады.  Тұрғын  үй  салғанда  олар  ағаш,  тас,  қамыс,  бұта  сияқты  жергілікті 
материалды пайдаланған [5]. 
«Қазір кезде «Бесшатыр» сақ қорғандарының жағдайы қандай болып жатыр?» 
-    2009  жылы  Алматы  қаласында  БАҚ  өкілдерімен  бас  қосқан  «Табиғат» 
экологиялық  одағының  төрағасы  Мэлс  Елеусізов  дүйім  жұртшылыққа  осындай 
үндеу  тастады.  Соңғы  уақытта  Мэлс  Қамзаұлын  қазақ  халқы  тарихының 
ажырағысыз  бір  бұтағы  болып  табылатын  «Бесшатыр»  сақтар  қорғанының  бүгінгі 
жайы алаңдатып жүр  
 «Ең  өкініштісі,  сақтар  патшалығының  үрім-бұтағы  жерленген  осынау  баға 
жетпес  тарихи  қорғанның  үшеуі  кешегі  Кеңестік  кезеңде  бульдозермен  бұзылып, 
жермен-жексен  болды.  Біздің  мақсатымыз  –  Бесшатыр  қорғаны  кешенін  қаз-
қалпында  сақтап  қалу,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу.  Осы  мақсатта  былтырдан  бастап, 
осы  қорғанды  қамқорлыққа  алып,  қираған  қорғандарды  қалпына  келтірудеміз»  [4, 
2б.]. 
Сөйтіп  2008  жылы  150  шақты  жасөспірімді  ұйымдастырып  аталмыш  қорған 
аймағында тазалық, қалпына келтіру шараларын жүзеге асырылды. Алдағы уақытта  
бастап  арнайы  топ  тағы  да  Бесшатыр  қорғанына  аттанбақ.  Бұйыртса,  бұл  жолы 
игілікті іске 300-дей жасөспірімді тартпақпыз. Негізінен бұл жерге Алматы қалалық 
және  Алматы  облыстық  ІІД  жасөспірімдер  ісі  жөніндегі  бөлімдерімен  бірлесе 
отырып, тәрбиеге көнбейтін қиын балаларды апарған болатын. 
Себебі  мұнда  жасөспірімдердің  дала  қосында  өмір  сүріп,  табиғаттың  дүлей 
күшімен бетпе-бет  келуі де мүмкін. Демек,  мұндағы ауа райының  қолайсыздығына 
кез  келген    жасөспірім  шыдамайды.  Сондықтан  да  Бесшатыр  қорғанында  жұмыс 
жасауға бел байлаған жастардың әр тобы 10 күн сайын кезек-кезек ауысып отырады. 
Оның  үстіне,  қайсыбір    жасөспірімдер  «біз  де  барамыз»  деп  ниет  білдіріп  жатса, 
оларды қатарымызға алуға дайынбыз», - деп «Табиғат» экоодағының төрағасы Мэлс 
Елеусізов ойын ортаға салды. 
Бесшатыр  қорғаны  Томирис  ханымның  басқару  кезеңінде  сақтардың 
мемлекеттік саяси орталығы болған. Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев т.б 
пікірінше Бесшатыр, Есік, Берел, Мұртты обалар т.б көлемді ескерткіштерді тұрғызу 
қазіргі  қазақ  халқының  ас  беру  дәстүрі  тәрізді  аса  үлкен  қоғамдық-саяси  мәні  бар 
үлкен жиынсыз тұрғызылуы мүмкін емес. К.А.Ақышев есебі бойынша бір ғана үлкен 
Бесшатыр қорғанын салу үшін 65000 мыңға жуық адам күші жұмсалған. 

     
 
 
123 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Б. з. б. I мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан — болжамдардың бірі 
бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған 
Орта  Азия  мен  Қазақстанның  этномәдени  сақ  қауымының  өзіндік  жарқын 
мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Орталық және Алдыңғы Азияның 
мәдениеті  мен  өнері  жетістіктерінің  бірегей  синтезі.  Оба  қорымдары  мен 
петроглифтер  топографиясы  және  олардың  көп  болуы  ерте  кезде  Қазақстан 
аумағының  оңтүстік-шығысы  мен  оңтүстігінің  толық  игерілгенін  көрсетеді.  Қазіргі 
таңда  ескерткіштерді  аялап  ұстау  бүгінгі  біздің  басты  міндетіміз.  Тәрбиенің  көбі 
отбасынан  басталады.  Сондықтан  ата-бабалардың  басына  іштей  рухани  тазаланып, 
жүрекке  үлкен  мақтаныш  ұялатып,  зор  жауапкершілікпен  барсақ,  нұр  үстіне  нұр 
болар еді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки 
Или. – Алматы, 1963. – 328 с. 
2 . Көркемсуретті Қазақстан тарихы. – Алматы, 2006. – 312 б. 
3.  Молдахметұлы  Ж.  Бесшатырды  сақтап  қалу  қажет  //  Айқын 
(республикалық қоғамдық–саяси газеті). – 2009. – № 581. - 5-6 бб. 
4.  Қазақстан  тарихы»  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  1-том.  — 
Алматы: Атамұра, 2010. - 544 бб. 
5. Қажет А. Ескерткіштер ескерусіз қалмасын // Жетісу (Алматы облысының 
қоғамдық-саяси газеті). – 2011.– № 1174. - 2 б. 
6. Сақ мәдениеті // kk.wikipedia.org/wiki  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет