Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

7. «Old sport» 
«They can't get him, old sport. He's a smart man». 
 – «Достым, ештеңені дәлелдей алмады. Оны құрықтау оңай емес». 
Мысалдан  сөйлеушінің  өзінің  тыңдаушысына  деген  жағымды  қатынасын,  ал  өз 
пікірінің нысанына тіпті ирониялық қатынасын байқауға болады. Сәйкесінше «old sport» 
тіркесі  айтушының  өзінің  пікірінде  жағымды  күйді  жеткізуіне  қызмет  ететін 
психологиялық мәнге ие болады.  
8. «Fine»  
«The grass looks fine, if that's you mean». 
 – «Егер сіздер шөп жайлы айтып тұрсаңыздар, ол тамаша».  
Сөйлеуші өзінің сұхбаттасушысына үйдің айналасындағы шалғынның әдемілігін, 
оған  бағбанның  мұқият  қарайтын  көк  шөптің  балғындығының  ұнайтындығын  жеткізу 
арқылы  жағымды  көңіл-күй  тудырмақшы.  Сәйкесінше,  бұл  пікірде  негізгі  экспрееивті 
жүктемеге «fine» сын есімі ие болып тұр.  
 Қорытындылай  келе,    көркем  мәтіндегі  эмоцияны  талдай  отырып  адам   
эмоцияның  көмегімен  біз  бір-бірімізді  жақсы  түсінеміз,  сөзді  пайдаланбай-ақ 
басқалардың жағдайы жайлы біле аламыз, ортақ әрекет пен қарым-қатынасқа бейімделе 
аламыз.  Әр  мәдениет  өкілдері  адамды  жүзіне  қарап  қабылдап,  бағалай  алады.  Тіпті 
қуаныш,  ашу,  мұң,  қорқыныш,  жеккөру,  таңқалу  сияқты  эмоционалды  күйді  қатесіз 
аңғарып қабылдай алады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Анохин П.К. Эмоции. - В кн.: энциклопедия, т. 35. М., 1964. 
2.Апресян Ю. Д. Лексическая семантика: (Синонимические средства языка). 
М., 1974. 
3.Арнольд И. В. Стилистика современного английского языка. Л., 1981. 
4.Артемьева Е. Ю. Психология субъективной семантики. М., 1980 
5. Вилюнас В. К. Психология эмоциональных явлений. М., 1976. 
6.Виноградов В. В. О теории художественной речи. М., 1971. 

     
 
 
53 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
7.Виноградов  В.  В.  Русский  язык:  (Грамматическое  учение  о  слове).  М.,  Л., 
1947. 
8.Витт Н. В. Речь и эмоции. М., 1984. 
 
 
ӘОК519.876.5 
 
MACROMEDIA FLASH БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ҚҰРУ 
 
Кулекенова Г.А., Жиембаев Ж.Т. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ, 
Green_eyes1991@list.ru

Jomart73@mail.ru
  
 
Ұсынылып отырған мақалада Macromedia Flash  бағдарламасында анимация 
құру.    Жұмысқа  арналған  теориялық  мәліметтер,  әр  дәріске  арнайы  құрылған 
лабораториялық  жұмыстар,    және  өткен  тақырып  бойынша  білімін  тексеруге 
арналған  тесттер  мен  бейнесабақтар  қамтылады.  Бұл  бағдарлама  біріншіден, 
жалпы  оқыту  жүйелерін  құруда,  мысал  ретінде  қолдануға  болатын,  көрнекті 
құрал  бола  алады;  екіншіден  мектептерде,  сол  сияқты  жоғарғы  оқу 
орындарында  «Flash  анимациялары»  курстары  оқуда  студенттер  мен 
оқытушыларға көмегін тигізеді. 
We intended the article of methods numeral ravine to the requirement of epoch aim 
our of work is "Macromedia by a help  program of Flash" - to do animations. Innovation 
of  work  diploma  research:  Macromedia  used  possibilities  program    of  Flash  from  the 
article of methods numeral electronic textbook doing practice hundredth offers to the use 
be. 
Importance  of  experience  work  research:  according  to  to  the  article  of  methods 
Numeral electronic textbook doing he is entered on places of what high educational, to the 
use be. 
В  статье  рассматиривается    создание    анимации  программы  Macromedia 
Flash,  возможность  использования  программы  Macromedia  Flash  при  создании 
анимации  и  дать  возможность    употреблению  в  практике.  Значительность 
опытности  работы  исследования:  Это  пособие  во  первых  может  служить 
наглядным пособием, во вторых  в школох, а также в высших учебных заведениях 
может  окозать  посильную  помощь  студентам  и  преподавателям  при  изучении 
предметов. 
 
Кілт сөздер: кілттік кадр, кадрлық анимацияда, дыбыс нұсқағыш. 
 
Macromedia  Flash бағдарламасында екі  түрлі анимацияларды ұйымдастыруға 
болады – кадр бойымен және есептелген кадр бойынша.  
Кадр бойымен ұйымдастырылатын анимацияда барлық кадрлар бірінен кейін 
бірі қолмен қойылады. 
Есептелген  кадр  бойынша  анимация  ұйымдастырғанда  бейненің  тек  қана 
бастапқы  және  соңғы  кадрлары  анықталады.  Мұндай  анимацияның  өзі  екі  түрлі 
болады – қозғалыс анимациясы және форма анимациясы. Қозғалыс анимациясында 
орналасу орны, көлемі, бірінші кадр үшін айналу объектісі анықталады және соңғы 
кадр  үшін  осы  қасиеттер  жаңа  мәндер  бойынша  беріледі.  Форма  анимациясында 
бірінші кадр үшін фигура салынады, ал соңғы кадрда фигура формасы өзгереді. Әрі 
қарай  программа  қозғалыс  қасиеті  мәндерінің  немесе  форма  үшін  анимация 
кадрларының аралық өзгерісін интерполяциялайды. 

     
 
 
54 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Macromedia  Flash  бағдарламасында  кадрлар  екі  типті  болады:  «keyframe» 
(кілттік)  және  «frame»  (қарапайым).  Кілттік  кадрда  –  анимациядағы  өзгерістер 
беріледі. Мұндай кадрмен кез-келген анимация басталады және аяқталады. 
Есептелген  кадр  бойынша  ұйымдастырылған  анимацияда  фильмнің  негізі 
нүктелеріндегі  кілттік  кадрлар  ғана  анықталады,  ал  басқа  кадрларды  программа 
автоматты  түрде  құрады.  Кадрлық  анимацияда  барлық  кадрлар  кілттік  болып 
табылады. 
Кілттік кадр «TimeLine» уақыт өлшемі терезесінде тіктөртбұрыштың төменгі 
бөлігінде  кішкене  дөңгелек  түрінде  бейнеленеді.  Әрбір  қатпарда  бірінші  кадр 
автоматты  түрде  кілттік  болып  табылады.  Сонымен  бірге,  сахнадағы  қандай  да  бір 
өзгеріске  қатысты  әрбір  кадрда  кілттік  болып  табылады.  Қарапайым  кадр  бос 
тіктөртбұрышпен  белгіленеді  және  ол  алдындағы  кілттік  кадр  мамұнымен 
толтырылады. Егер кадр бос болса, ақ түспен, ал егер онда қандай да бір бейне болса 
сұр түспен белгіленеді. 
Мәтінге 
анимация 
қолдану 
үшін 
«Modify Convert 
to 
Symbol» 
(Модифицировать Преобразовать  в  символ)  командасы  қолданылады.  Егер  әріп 
белгілі траектория бойында қандай да бір нүктеге жетпесе, онда кілттік кадр қосып, 
осы кадрда әріпті қажетті нүктеге жеткізу керек. 
Форма анимациясы дегеніміз – бір объекті формасының, түрінің және түсінің 
екінші  бір  объектіге  ауысуы.  Мұндай  әсерді  қолдану  үшін  «Рroрerties»  (Свойства) 
панелінің «Tween» (Дублировать) бөлімінен «Shaрe» (Форма) қасиетін таңдау керек. 
Сонда «TimeLine» панеліндегі аралық кадрлар жасыл түске боялады. 
Flash бағдарламасында фильмге дыбыстық әсер берудің 2 түрі қолданылады:   
«event» (іс-әрекеттік) және «stream» (ағымдық)
Іс-әрекеттік дыбыс қолданушы компьютерінде толық жүктелген болуы керек 
және тоқтатқанға дейін орындала береді. Егер іс- әрекеттік дыбысты қайталау қажет 
болса,  онда  оның  көшірмесі  жүктеусіз  орындала  береді.  Бағдарламада  іс-әрекеттік 
дыбыстық  әсердің  3  түрі  қолданылады:  «Event»  (іс-әрекет)  үнсіздік  бойынша 
қолданылады, «Start» (Бастау) және «Stoр» (Тоқтау). 
Ағымдық  дыбыс  бірінші  кадрларды  дыбыстауға  қажетті  қандай  да  бір 
мәліметтер  жүктелгеннен  соң  барып  іске  қосылады.  Егер  дыбысты  қайталау  қажет 
болса, онда оны жаңадан орнату қажет. 
Фильмге  дыбыстық  әсер  беру  үшін  ең  алдымен  қажетті  файлды  
«File Imрort Imрort  to  Library»  (Файл Импорт Импортировать  в  бибилиотеку) 
командасы арқылы импорттаймыз. 
Қарапайым  анимация  ретінде  еден  бетінен  секірілген  доп  бейнесін 
тұрғызайық. Ол үшін: 
1)Жаңа құжаттың бірінші қатпарында кішкене дөңгелек сызайық (15-сурет); 
  
15-сурет. 
 
2)  «TimeLine»  терезесінде  40  кадрды  шертемізде  F6  батырмасын  басамыз 
немесе жанама мәзірден «Insert KeyFrame» командасын таңдаймыз. Сол жақтағы ең 
жақын  кілттік  кадрдан  мазмұны  көшірілетін  екінші  кілттік  кадр  құрылады  (16-
сурет); 

     
 
 
55 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
 
 
 
 
 
16-сурет. 
 
3)40  кадрда  тұрған  бойы  дөңгелекті  сахнаның  оң  жақ  бөлігіне  орнын 
ауыстырамыз. Ал дыбыс нұсқағышты бірінші кадрға апарамыз;  
4)Уақыт өлшемінде бірінші  кадрды нұсқаған бойда жанама мәзірден  «Create 
Motion Tween» (Қоғалыстың есепті анимациясын құру) командасын таңдаймыз (17-
сурет); 
 
 17-сурет. 
 
5)Бірінші  және  екінші  кадрлар  арасында  қозғалыс  анимациясының 
құрылғандығын білдіретін көк түсті фонға ие бағыттауыш сызық пайда болады (18-
сурет); 
   18-сурет 
 
6)Бірінші  кадрда  дөңгелекті  ерекшелеп  алып,  қасиеттер  бөліміне  көңіл 
бөлетін  болсақ,  онда  қарапайым  графикалық  объектінің  автоматты  түрде  эталонды 
«Graрhic»  типіне  ауысқан  және  оған  стандартты    «Tween  1»  атауы  берілген  (19-
сурет); 
 
Фильмнің алғашқы 
қатпары 
Алғашқы 
кілттік кадр 
Екінші кілттік 
кадр 
Дыбыс 
нұсқағышы 

     
 
 
56 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
  
 
19-сурет. 
  
7)Анимацияның екінші кадрындағы (40 кадр) дөңгелекті белгілесек, мұның да 
графикалық  символға  айналғанын  және  оған  үнсіздік  бойынша  Tween2  атауы 
берілгенін байқаймыз; 
8)Window
Library (Окно Библиотека) командасы көмегімен екі символдың 
кітапханаға енгізілгеніне көз жеткізуге болады; 
9)  «Control Рlay»  командасы  арқылы  немесе  «Enter»  батырмасын  баса 
отырып  анимацияны  көруге  болады.  Дөңгелек  сол  жақ  сахнадан  оң  жақ  сахнаға 
қарай жылжып барады (20-сурет); 
 
 
20-сурет. 
 
10) «Control
Test Movie» (Басқару Фильмді тестілеу) командасы арқылы 
немесе «Ctrl+Enter» батырмалар көмегімен кеңейтілмесі  *.swf типті Flash-фильмді 
көруге болады (21-сурет). 
  
21-сурет. 
 
Бірінші кадр Tween1 типті 
графикалық символ 

     
 
 
57 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Сонымен  бірге  графикалық  объектіні    аралық  кадрларға  ауыстыра  отырып 
қосымша анимациялық кадрларды қосуға болады. Мысалы, доптың еденнен секіруін 
көрсететін жоғарыдағы анимацияға қосымша үш кілттік кадр қосайық. Ол үшін: 
1)Дыбыс нұсқағышты 10 кадрға әкелеміз;   
2)Фильм  сахнасында  дөңгелекті  оңға  жылжытамыз  және  төмен  түсіреміз, 
сонда  10  кадрда  кілттік  кадр,  яғни  оған  келетін  және  одан  шығатын  бағыттауыш 
сызықтар пайда болады. Бағыттауыштар аралық кадрдың бар екендігін білдіреді (22-
сурет); 
 
  
22-сурет. 
 
3)Нақ  осы  жолмен  20  және  30  кадрларда  аралық  кадрлар  ұйымдастырайық 
және ол объектіге қандай да бір әсерлер беруге болады (мысалы, айналдыруға); 
4)Соңғы  өзгерістерді  сақтаймыз  және  фильмді  тестілеуден  өткізуге  болады 
(23-сурет). 
 
  
23-сурет 
 
Flash    бағдарламасында  объектіге  анимациялық  әсерлер  және  фильтрлер 
қолдануға  болады.  Кез  келген  Flash  фильмін  құратын  кезде  объекті  –  бағытталған 
жолды  қарастырамыз.  Әрбір  қойылым  қандай  да  бір  анықталған  қабаттар 
байланысынан  тұрады.  Жай  фильмдер  үшін,  бір  қабаттан  тұратын  жай  ғана 
қойылымнан  жасайды.  Күрделі  фильмдер  әр  түрлі  дайындалған  қойылымдардан 
тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту  уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді 
пайдаланды.  Әйтпесе  олар,  орналасқан  реті  бойынша  ойнала  береді.  Фильм  егер 
көрік  пен  тартымды  күрделі  құрылымдармен  ерекшелеу  керек  болса,  ActionScript 
пайдаланылады. 
 
Аралық кадрдың 
бағыттауыш сызықтары 

     
 
 
58 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Литтлджон Бинджер. “Macromedia Flash MX 2004”, 2004, издательство 
“ BHV. 
2.
 
Г. Миллер. “Сети и мультимедиа”. Издательство “Ноллидж”, 2003 г. 
3.
 
Крис  Касперски.  “Хакинг:  в  шутку  и  всерьез”.  Издательство 
“Роадстар”, Москва, 2001 г. 
4.
 
Р.  Гардиан.  “Мультимедия  и  коммуникация”,  1998  г.,  Киев,  “КГУ-
Диалог-Наука”. 
5.
 
 «Глобальные  сети:  информация  и  средста  доступа»  -  издательство 
ПГТУ. 
6.
 
Гиттель Э., Джеймс С., «ISDN просто и доступно» - 1999 г. 
7.
 
Олифер  В.Г.,  Олифер  Н.А.,  «Macromedia  Flash  6»  -  Издательство 
«Питер» 2000 г. 
8.
 
Фролов  А.В.,  Фролов  Г.В.,  «Глобальные  сети  компьютеров. 
Практическое введение в Internet» - 1998 г. 
9.
 
Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ.1997 г. 
10.
 
Кенин  А.  М.,  Печенкина  Н.  С.,    IBM  PC    для  пользователей.  – 
Екатеринбург,  1993 – 1997 г.г. 
11.
 
Журналы «Компьютера» за 1999-2000 г.г.   
12.
 
HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. - СПб: Питер, 2000.  
 
 
УДК 378 
 
ТРИЗ   ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУМЕН 
ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ 
 
Мамекова  Ұ.М. 
Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№7 ясли-бақшасы» мемлекеттік  
коммуналдық  қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі,  Талдықорған қ. 
 
Бұл  мақалада  триз  технологиясының  мектепке  дейінгі  тәрбиелеумен 
оқытудағы  тиімділігі  қарастырылған.  Бұл  технология  мектепке  дейінгі  жастағы 
балалардың ойлау қабілетін дамытуға  және қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 
Из этой статьи воспитатель получает сведения о методике ТРИЗ. Педагог 
в  учебно-воспитательной  работе  используя  технологию  ТРИЗ  сможет  обучать 
детей  дошкольного  возраста  решать  противоречивые  задания  и  прививать 
творческое мышление. 
In this article, the teacher will receive information on the methods of TRIZ. Teacher 
in  the  educational  work  using  technology  TRIZ  can  teach  children  to  resolve  conflicting 
assignments and instill creative thinking. 
Кілт сөздер: педагогикалық технология, «ТРИЗ» технологиясы, техникалық 
шығармашылық әдістемесі, педагогикалық технология. 
 
ТРИЗ  әдістемесінің  негізін  қалаушы  -  Генрих  Саулович  Альтшуллер  1926 
жылы  15  қазанда  Ташкент  қаласында  дүниеге  келген.  Кейінірек  бес  жасында  Баку 
қаласына көшіп барып сол  қалада  өмірінің аяғына дейін тұрған. 
ТРИЗ  -  бұл  обьективті  заңдылықтардың  даму  жүйесін  зерделейтін  және 
проблемалық  шешу  әдістемесін  әзірлейтін  ғылым.  Техникалық  шығармашылық 
әдістемесі  өндірістегі  интеллектуалдық  өнімділікті  жоғарлату  үшін  қажеттіліктен 
туындаған  әдіс.  Ол  екі  концепцияға  сүйенеді.  Бірінші  жағдайда  ерекше  ойлайтын 

     
 
 
59 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
дарынды  адамдарда  шабыты  келген  кезде  ойлап  табатын  ерекше  туынды.  Бұл 
көбейтуге зерделеуге келмейді.Екінші жағдайда жасанды жүйенің өзгеруі адаманың 
субьективті еркіне сүйене отырып жүргізілмейді, обьективті заңдылықтаға сүйенеді. 
Бұл технологияның негізгі ойы, техникалық жүйелер қалай болса солай емес белгілі 
бір  заңдылықтарға  сүйенеді.  Ол  заңдылықтарды  танып  білуге  болады.  ТРИЗ  жаңа 
ойларды  нақты  бір  ғылымға  айналдырады.  Себебі  ол  логикалық  шешімдерге 
сүйенеді.  Қазіргі  заман  талабына  сай  тәрбиелеумен  білім  берудің  негізгі  мақсаты 
баланың  шығармашыл  жеке  бас  болып  дәстүрден  тыс  әр  саладағы  мәселелерді 
шешуге  бейім  әрекет  ете  алатын  баланы  тәрбиелеу  болып  табылады.  Сол  себепті 
оқытумен тәрбиелеуде дәстүрлі түсіндіру көрсету әдісін қазіргі даму заңдылықтарын 
ескере  отырып  жеке  бастың  дамуына  бейімделген  белсенді  әрекет  етуші 
технологияға ауыстыру уақыт талабы. Педагогикалық технология ұғымына шетелдік 
және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық 
технология  ұғымының  қалыптасу  мен  дамуының  тарихында  оның  оқыту 
технологиясын  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  деп  ұғынудан  бастап 
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. 
Олар  педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  Б.Блум,  Ф.Фрадкин, 
П.Я.Гальперин, 
М.Кларин, 
Л.В.Занков 
т.б. 
ғалымдардың 
еңбектерінде 
қарастырылған.  
«Технология»  термині  алғаш  рет  1940-1950  жылдары  шет  елдерде  пайда 
болды  және  ол  педагогикалық  құралдар  мен  оқыту  бағдарламаларын  пайдалануға 
байланысты болды.«Технология» - techne- өнер, шеберлік және logos-ғылым, заң бір 
сөзбен  айтқанда,  технология  дегеніміз  -  шеберлік  (өнер)  туралы  ғылым  екенін 
көреміз  [1].  Оқу  тәрбие  жұмысында  тиімді  технологияларды  қолдану  тек  мектепті 
ғана  қамтып  қойған  жоқ,балабақшаныда  қамтыды.  Қазіргі  мектепке  дейінгі 
мекемелер  жаңа  технологияларға  белсенді    бейімделіп  араласып  келеді.  Мектепке 
дейінгі жас- ерекше жас. Бұл кезде әр баланың шығармашылық қабілетін өз еркінен 
тыс  ашуға  мүмкіншілік  бар.  Мектепке  дейінгі  тәрбиеге  бейімделген  ТРИЗ 
технологиясы  «Барлық  жағынан  да  шығармашылдық»  ұранымен  жұмыс  істейді. 
ТРИЗ  бұл  тәрбиешіге  нақты  әдістемелік  ұсыныстары  бар  сабақ  құрылымдары  мен 
ұжымдық  ойын  бағдарламасы.  Триз  бағдарламасын  нақты  іске  асыру  үшін  балаға 
ойын,тақырып  таңдауда  еркіндік  беру  керек.  Сол  кезде  ғана  ол  заттардың 
құрылысымен  танысып  қарама-қайшылықтарын  түсінеді,  түйіткілдерін  шешуге 
үйренеді.  Мектепке  дейінгі  баланың  қарама-қайшылықтарды  шешіп  үйренуі  –
шығармашылық  ойлаудың  кілті  болып  табылады.  Балалармен  жұмыстың  негізгі 
әрекеті  педагогикалық  ізденіс.  Педагог  балаларға  дайын  білімді  бермейді.  Сол 
білімге  жету  тәсілдерін  көрсетіп,  өз  еңбектерімен  жетуге  тәрбиелейді.  ТРИЗ 
әдістемесі бойынша төрт деңгейден өту арқылы біз мақсатқа жетеміз: 
1.  Алдымызға мәселе аламыз, сол мақсаттың нақтылығын анықтаймыз. 
2.  Қарама-қайшылықтарды  анықтау. 
3.  Қарама-қайшылықтарды  шешу. 
4.  Қарама-қайшылықтарды  шешу  үшін  баланың  алдына  амалдарды 
ұсынамыз [2]. 
Мысалы:  Сүзгішпен  суды  қалай  тасуға  болады.  Сүзгіш  болғандықтан  ол  су 
болмау  керек.  Ендеше  су  қандай  жағдайда  болғанда  тасуға  келеді.  Су  өз  бетімен 
ағып кетеді.  Не істейміз? Жауабы біз суды қатырып сүзгішке салуымыз керек. Бұл 
деңгейде бала өз бетімен бір жаңалық ашып шығармашылық қиялы дамиды. Өздері 
шешім айтуға үйренеді. 
Соңғы  деңгейде  бала  әр  түрлі  әрекеттерді  қолдана  отырып  өзінің  білімін 
болжампаздығының  мәселені  шешу  жолдарын  білуінің  арқасында  кез  келген 
жағдаяттан  шығуды  үйренеді.  Бұл  деңгейде  тәрбиеші  тек  бақылаушы  қызметін 

     
 
 
60 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
атқарады.Бала  тек  өз  күшіне  ғана  сенеді.  Сондай-ақ  тексеру  үшін  эксперименттік 
жағдаяттар ұсынуға болады, бұл жағдайда бала өзінің тапқырлығын көрсету керек. 
Бірқатар 
зерттеушілердің 
ойынша 
заманауй 
интеллектуалдық 
әрекеттің 
педагогикалық  және  психологиялық  ойдың  негізі  белсенді  ізденімпаздық  әрекет 
әдістеріне  негізделсе,  мектепке  дейінгі  баланың  интеллектуалды  әрекеті  табиғи 
үйреншікті  болуы  мүмкін.  Бұл  ата-анамен  педагогтың  күнделікті  тәрбие  беру 
барысында  баланың  танып  білуге  қызығушылығын  ояту  қажеттілігін  туғызу,  өз 
беттерімен  мәселені  шешу,  нәтижеге  жетуге  тәрбеленуінің,  бағыт  беруінің 
арқасында туындайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын алғашқы 
математикалық  түсініктерін  қалыптастыруда  тиімді  екені  байқалды.  Мысалы: 
«Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын 
тауып айту керек. 
«Не  жетіспейді?»  деген  ойын  арқылы  баланың  есте  сақтау  қабілеті 
шынығады. 
Қазіргі  кезде  техникалық  триз  әдіс-тәсілдері  балабақшада  балалардың 
диалекті  ойлауын  шығармашылық  қиялын,  ой  ұшқырлығын  дамыту  үшін  кеңінен 
қолданылуда. Балабақшадағы триздің мақсаты – баланың ой қиялын дамыту, жүйелі 
ойлауға  баулу,  болып  жатқан  жағдайды  тереңнен  түсіну  ғана  емес,  тәрбиешінің 
қолына  нақты  дамыту  тәрбиелеу    құралын  беру.  Тәжірибе  жүзінде  баланың  білім 
сапасын көтеру, шығармашыл жеке бас болып дамуына, айнала қоршаған ортадағы 
бірлікпен  қарама-қайшылықтарды  түсінуіне  өздерінің  кішкентай  проблемаларын 
шешіп білуге үйрену. 
«ТРИЗ»  технологиясы    баланы  ғана  емес,  тәрбиешіні  де  шығармашылық 
педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе  – дайын 
формуланы  балалармен  сабақ  өткізуде  схемалық  түрде  қолдану  ниетінен 
сақтандыру.  Балалар  тумысынан  үлкендердің  ақпараттарын  талдай  отырып, 
өздерінің  қандай  да  бір  жүйесін  құруға,  өзінің  пәктігі  мен  аңғалдығын  көрсете 
отырып,  жүріп  жатқан  үдерістердің  заңдылықтарын  ұғынуға  талпынады.  ТРИЗ 
оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне қарай 
танысуды  ұсынады.  «ТРИЗ»  технологиясы  балалармен  тарихи  тақырыпта 
әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; 
дөңгелек,  шам,  радио,  робот  және  т.б.  тарихы.  Объектіні  даму  тұрғысынан  қарау 
үнемі  жетілдірудің,  ойлап  табудың  себептерін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Балалар 
ойлап  табу  –  бұл  қайшылықтарды  шешу  дегенді  түсіне  бастайды  [3]  «ТРИЗ» 
бағдарламасы  тәрбиешілер  мен  балаларға  адам  өзінің  жасына  тәуелсіз  меңгеретін 
шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана 
отырып,  балалар  мен  ересектер  бір-бірімен  тіл  табысуы,  түсінісуі  жеңіл  болады. 
ТРИЗ  –  бір  рет  құрылып,  өзгермейтін  шығармашылық  педагогикалық  жұмыстар 
жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет