Select - All (Выделение - Все) таңдаймыз.
Содан кейін, мәзірдегі Edit - Copy (Редактирование - Копировать) таңдаймыз. Бұл
қызыл каналдағы суретті жұмыс үстеліне апарады. Бұл жерден байқайтынымыз осыны
орындағаннан кейін жұмыс үстеліндегі суретті басқа жерге көшіруге болмайтынын
байқаймыз. Ал көшіретін болсаңыз жасап отырған жұмысыңызды жоғалтып алуыңыз
мүмкін.
Select - Deselect (Выделение - Снять выделение) мәзір командасын таңдау арқылы әлі
белсенді болып тұрған суретті белсенді етпеу командасы немесе Ctrl + D клавишасын
қолданамыз. (А) канал панеліндегі RGB- ға шертіп, содан кейін (В) панеліне көшсек
бастапқы сурет жұмыс терезесінде пайда болады.
Қазір біз суретке ұшақты қосамыз
Ұшақ тұрған буманы ашып ұшақтың суретін алып Move инструментін
панельдер
тақтасынан таңдаймызда ұшақ тұрған суретке шертеміз.
33
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
мына белгіге басып layers панелінің төменгі жағына қабат маскасын қосу кере к
(Add a layer mask) Alt клавишасын басып және laye rs панеліндегі (А әрпімен белгіленген
суреттегі) маскаға шерту керек.
Бұл бізге жұмыс терезесіндегі маска қабатын ашуға мүмкіндік береді. Ал енді терезе
ақ түсті болады. Енді қызыл каналдағын біздің маскамызға кою ұшін Мәзір Edit - Paste,
(Редактирование - Вклеить) командасын таңдаймыз. Ctrl + D
Image / Adjustments / Invert (Изображение - Коррекция - Инвертировать) таңдап
алып осы масканы инверттірлейміз.
Бұл жерде бір мәселені есте сақтау керек: маскадағы қара түс инвертірленгенін
білдереді, яғни ол дегеніміз ұшақтың кейбір жерлері бұлттан көрінбейтін болады. Ең
керектігі бізге осы болатын.
Мәзірдегі Image / Adjustments / Levels... (Изображение - Коррекция - Уровни)
командасын таңдап алып маскамыздың қарама-қайшылығын жоғарлатуымыз керек [1].
ә) Болмас істің болуы
Move қозғалту құрал-сайманын таңдап аламыз.
Енді тышқанның көмегімен ұшақты кез-келген бағытқа жылжыта аламыз. Ең
қызықтысы ұшақ бұлттардың арасынна көрінгені дұрыс болар еді. Оны да қазір айтып
кетеміз.
құрал-саймандар тақтасынан қыл-қаламды таңдап аламыз. Терезені ашып қыл-
қаламның параметрлерін белгілеп алып, (А) әрпімен белгіленген ұшбұрышты таңдаймыз.
Дөңгелек қыл-қаламды алып (В) өлшемін
20%
, (С) қатаңдығын
0%
, (D) мөлдірлігін
100%
деп көрсетеміз. Енді бұл терезені жабу үшін тағы да А ны басамыз.
Келесіде ұшақ көрінбеуі үшін Fill қабатының толтырылуының мәнін өзгертіп
0%-ға
өзгертеміз.
Мына суретте кейбір бұлттар ұшақтың арғы жағында қалғаны көрініп тұр.
б) Ұшақтың ізін қосамыз
Ұшақтың жолын бұлттың арғы жағынан жаққыштың (смазка) көмегімен саламыз.
Қыл-қаламды алып және оны бағыты бар батырмаға басамыз. Ашылған терезедегі
кішкентай үшбұрышты шертеміз және Load Brushes командасын таңдаймыз немесе Replace
34
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Brushes-ты таңдауға болады. Мәннің өлшемін 7 (D) деп береміз. Қыл-қаламның
мөлдірлілігін 100% (E) деп береміз.
Енді бұл суретке ат беріп сақтауға болады.
Қабат палитрасынан
жаңа қабат құрамыз да D әріпін басамыз сонда палитра
мынадай түрге келеді:
Ал енді ұшақтың ізін салайық:
Shift батырмасын басып тұрып түзу сызық саламыз. Тышқанның курсорын суреттің
сол жақ ортасынан бастап оң жақ шетке дейін сызамыз да shift батырмасын жібере саламыз.
Ұшақ тұрған терезені таңдап
батырмасын шертеміз. Енді ұшақты бұлттың арғы
жағына апарып суреттің сол жақ ортасына қойып өзінің ізіне сәйкес келетін етіп
орналастырамыз. Орналастырғаннан кейін белгіленген орынмен (B) әріпін басып қабаттың
сызылған белгісін көреміз.
Бұл жол тек қана Photoshop программаның нұсқасына ғана арналған.
35
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Енді екі қабат та бекітілді және бұл деген «із» ұшақтың артынан оң жақтан сол жаққа
жүріп отырады. Ең керектігі бізге анимация үшін осы еді. Осы суретті сақтаймыз File / Save
(файл - сохранить)[2].
ImageReady программысының көмегімен анимациялар құру.
ImageReady программысының көмегімен ұшақтың анимациясын жасап, оны аспан
бұлтынан ұшырамыз.
Анимация панеліне қарасақ сол жағында 1 деген реті бар бір ғана сурет бар. Ең
бірінші жасайтынымыз Duplicate сurrent frame-дегі (А) әрпін таңдап аламыз. Қазір бізде екі
анимация бар, біріншісі ұшақтың ұшуының басталуы ал екінші аяқталуы. Енді пайда болған
терезде Selection батырмасы орнатылғанын көреміз. Ең керектігі бізге осы болған және бізге
қанша слайд керек екенін біліп алғанымыз дұрыс болар. Бұл жерде неғұрлым слайд көп
болса соғұрлым анимацияның көлемі де үлкен болады. Осы жұмыс істеп отырған сурет кіші
болса жұмыс істей жылдамдығы да жақсы болады. Ал енді слайдтағы (К) әрпі тұрған жердегі
слайд арасындағы жылдамдығының уақытын 2 секунд деп белгілейміз.
36
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Қазір енді анимацияның қозғалысын Play
батырмасы арқылы көре аламыз. Анимация
осы терезеде көрсетіледі. Мен осы анимацияны құру үшін GIF форматын пайдаландым өйткені
бұл формат анимацияны қабылдай алады. JPEG форматы да қабылдайды, бірақ кей кездерде бұл
формат анимацияны оқымай қалуы да мүмкін. Сол себепті GIF форматы біздеанимация үшін өте
қолайлы формат болып саналады. (В) түстерді көрсету үшін мен 256 мәнін алдым. Бұл бізге
анимацияның түсін өте жоғарғы сапада сақтайды, бірақ сақтағанда көлемі кішкене болса да
көбірек болады. Мен алдында айтып кеткендей GIF форматтыңкөлемі 403.1K аспағаны дұрыс
болар еді [3].
Бұл мысалды келтіру себебіміз, Adobe Fhotoshop бағдарламасының мүмкіндіктері мен
оның анимациялық қызметін web беттерін құруда пайдалануға болатынын ашуға тырыстық.
Adobe Fhotoshop бағдарламасының оқу үрдісінде барлық мамандық білімгерлеріне үйренулеріне
болатындығын және осы бағдарламаны үйренген білімгерлер өз мамандықтарында пайдаланып,
ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға мүмкіншілік алатындығын жеткізгіміз келеді.
Осы анимацияны қорыта келгенде өте ыңғайлы және де адамды жалықтырмайтын
жұмыстардың бірі деп санауға болады. Осы көрсеткен жұмыс арқылы кез-келген компьютер
қолданушыға көмегін тигізеді деп ойлаймыз.
Adobe FhotoShop графиктік редакторында суреттерді өңдеу арқылы Web құжаттарын
Microsoft Publisher офистік бағдарламасы қолданылды. Бұл программамен жұмыс істегенде
көптеген қажетті мәліметтерді білдіңіздер және Adobe FhotoShop-тың да мүмкіндіктерін аша
білдім. Яғни бұл деген Web беттері қазіргі кездегі ең сұраныстағы жұмыстардың бірі болып
саналады. Кез-келген қандай да мекеме немесе фирма болмасын өзінің жеке Web беттін қажет
ететіні белгілі. Сол себепті Web беттерін құру бізге көп көмегін тигізеді деп айтуға болды [4].
Компьютерлердің, телевизиондардың және кинотехникалардың түйісуімен компьютерлік
графика және анимация туды. Осыған байланысты Wed беттерін қай бағытта құрсақ та Adobe
FhotoShop графиктік редакторын қолдануға тура келеді.
Web- құжатты құру процесі програмалаумен пара-пар және сонымен қатар қателікке
жақын болады. Құжатты қандай әдіспен дайындасақ та әртүрлі браузерлерде оларды құрастыра
отырып, қалауымызша сәйкестікке алып келуге болады. Пайда болған беттің көркемдік бағасын
беру үшін тәуелсіз ойға жүгіну керек. Қорыта келгенде, Adobe Fhotoshop бағдарламасының
мүмкіндіктері білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына нәтижелі жұмыстар жасауға көмегін
береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Использование Adobe Photoshop и Illustrator. Специальное издание. П. Бойер; Пер. с
англ и ред. П.А.Минько.- М.: Вильямс, 2006.- 1312с.
2. Инженерная и компьютерная графика: Учебник / Б.Г. Миронов, Р.С. Миронова,
Д.А. Пяткина, А.А. Пузиков.- 4-е изд., испр. и доп.- М.: Высшая школа, 2004.- 334с.
3. Корабельникова Г.Б. Adobe Photoshop 7 в теории и на практике / Г.Б.
Корабельникова.- 2-е изд.,испр.- Мн: Новое знание, 2003.- 560с
4. Солоницын Ю. Photoshop 7 для Web - графики: Учебный курс / Ю. Солоницын.-
СПб.: Питер, 2002.- 336с
37
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ
И МЕТОДИКА ОБУЧЕНИЯ
38
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
ӘОЖ 581.1 (075.8)
ЭТНОПЕДАГОГИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
доц. Н.Б. Әужанова, магистр Д.М. Мукашева
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., nasqul@mail.ru
Бұл мақалада этнопедагогикаға негізделген қазіргі заман талабына сай сыныптан тыс
жұмыстарда пайдалану жолдарын зерделеу жұмыстары ашылған. Осы жұмыстар барысында
оқушылардың дүниетанымын дамытудың жолдары көрсетілді.
В этой статье представлены результаты исследования о возможности организации и
проведения внеклассной работы на основе использования этнопедагогики.
In this article research results are presented about possibility of organization and realization of
extracurricular work on the basis of the use of folk pedagogics
.
Кілт сөздер: этнопедагогика, сыныптан тыс жұмыстар, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы,
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық
ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес қазына болып табылады.
Оқушыларды биология ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан
биологиялық құбылыстармен таныстыруда, оны көруге, сезінуге, түсінуге халықтық
педагогика элементтерін пайдаланудың маңызы зор.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi
мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың
керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина,
М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс
елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының
зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп
қарастырамыз [1,2].
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi (ХIХ ғ. 2-жартысы), оның Қазақ
этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi (1920-1930 жж.) және Қазақ этнопедагогикасының
дамуының үшінші кезеңi (1970-1995).
Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери,
А.Левшин, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, В.В.Радлов т.б. қатар қазақтың зиялы
ақын-оқымыстылары: С.Торайғыров, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Әуезов,
С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев,
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, И.Бөлеев, З.Ахметова,
М.Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев, К.Қожахметова т.б. атауға болады [3, 4].
Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық тәжірибелік зерттеу жұмыстарында
мектептерде халық тағылымдары негізінде оқушы дүниетанымын дамытудың жәй-күйі
зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізілді:
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгергенінің
бастапқы және соңғы деңгейі көрсетілді.
б)
Мектеп
тәжірибесінде
оқушылардың
дүниетанымын
қалыптастырудың
олқылықтары мен себептері нақты анықталды.
39
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында өз тәжірибемізге сай сыныптан тыс
шаралар, өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық
сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т. б. жұмыс түрлері
арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысында байқалғандай бүгінгі қолданыста жүрген оқу
бағдарламалары мен оқулықтарда халық тағылымдары негізінде оқушылардың
дүниетанымын дамытуға онша көп көңіл бөлінбеген. Соңғы жылдары ғана біршама зерттеу
жұмыстары жүргізіліп жүргендігі байқалады. Осы бағытта өткізілген сыныптан тыс
жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ұйымдастырылған шара
барысында байқалды.
Тек эксперимент жүргізілген сыныптарда нәтиже көрсеткіштері төмендегідей:
сауалнама жүргізген уақытта оқушылардың 19% пайызы ғана ұлттық дүниетаным туралы
білсе, «Атадан қалған асыл сөз» деп аталатын сыныптан тыс шарада оқушылар бойында
өзіне деген сенімділік пайда болуда, ой-пайымдаулар жасауға дағдыланды. Сынып
оқушылары сапа көрсеткіш тұрғысынан алғанда 10-оқушысы толыққа жуық дағдыланды.
Яғни бұл көрсеткішсыныптың 38% пайызына жетті. Сонымен бірге өткізілген «Менің
Республикам» атты шарасында сыныптың 20-оқушысы ұлттық дүниетаным туралы толық
меңгеріп шықты оны анықтау қиынға соқпайды, оқушылардың рухани жан-дүниесі
молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген ұмтылыстары байқалады. Осы аталған
шарада оқушылардың сапасы 77% пайызға көтерілді. Осындай шаралар сынып оқушылары
арасында көрсеткіштердің көтерілгенін көрсетіп отырды. Бұл нәтиже төмендегі 1
диаграммада келтірілді.
1 Диаграмма
Зерттеу барысында үш деңгей есепке алынды.
Олар: жоғары, орта, төмен.
Жоғары деңгей – халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның әлеуметік
түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және оның тәрбиелік
мүмкіндіктерін түсініп, бағалай алуы.
Орта деңгей – халық тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге
құлшынысы бар, бірақ тұрмыс-тіршілікте пайдалануы әлі де жүйелі қалыптаспаған.
Төмен деңгей – халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді, тұрмыс-
тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8 – сынып оқушыларының арасында
сауалнама жүргізілген болатын.
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
"Атадан қалған асыл сөз"
"Менің республикам"
40
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Сауалнама
1.Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?
2. Отбасы туралы түсінігің?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?
6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет?
7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?
8. Қарашаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?
9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?
10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?
11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?
12. Маусымдық мерекелерді ата?
13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?
14. Той түрлерін ата?
15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер?
Сауалнама мақсаты – оқушылардың дүниетанымын анықтау бағытында таратылды.
Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде 8 В сыныпта 26 оқушы тапсырған болатын,
нәтижесі 2 диаграммада көрсетілді.
Нәтижесінде
оқушылар
дүниетанымын
халық
тағылымдары
негізінде
қалыптастырудың мынадай олқылықтары байқалды: қоғамда, отбасындағы тіршілікте
баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.
2 Диаграмма
Халықтың салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпын, ырымдар мен тыйымдарды атап беруде,
танымдық тәрбиелік мәндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен көрінді. 26 оқушының 5
озаты ғана жауап берді. Нәтижесі сапа көрсеткішпен көрсетсек, 26 оқушыдан 19% пайыз
болды.
Халық педагогикасы материалдарын пайдалану эксперимент барысында байқалған
ерекшелік оқушылардың сабақта да, үй тапсырмасын орындауда да шығармаларды, ауыз
әдебиетін, аңыздарды білуге ынталанғаны анықталды. Егер оқушылардың алғашқы
қызығушылығы 11 пайыз болса, эксперименттің нәтижесінде ол 52 пайыз болды, сонда өсу
көрсеткіші 41 пайызды құрады.
Сөйтіп, халықтық педагогика материалдары оқытудың тиімді түріне айналып,
оқушылардың биологияға қызығу деңгейін және білу ынтасын, оның сапасын тиянақтап,
сабақ үлгерімін арттырады.
0%
20%
40%
60%
80%
100%
1
2
3
41
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Тәрбие сағаттарының тақырыптары келесі болуы мүмкін: «Ас – адамның арқауы»,
«Жан сұлулығы – тән сұлулығы», «Қызы бардың қызығы бар, ұлы бардың ұлығы бар», «Салт
– дәстүрді білесің бе?» т.б.
Мақсат-міндеттері: Білімділік мәні: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани
байлығын сіңіру, ұлтымыздың басты құндылығы – дәстүрлерінен үлгі ету. Олардың киген
ұлттық киімдері жайлы білімдерін толықтыру. Оқушыларды дастарқан басында сақталатын
рәсімдермен, ырым-тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және
ұлттық ыдыс-аяқтармен таныстыру. Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойына тән
өнерлік, тәлімдік қасиеттермен қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжанды, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Қыз
бала мен ұл бал тәрбиесі қашанда халық назарында екенін естен шығармауға, мейірімділік,
қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да тағамдарды
қастерлеуге, ас ішу тәртібін әркез есте сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен
байланыстырып тілдерін, сөздік қорларын байыту, қазақ жігіттері мен қыздарының
дағдыларын дамыту
Көрнекіліктер: 1. Нақыл, қанатты сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.
2. Қазақтың ұлттық қолөнерлері.
3. Тұрмысқа қажетті заттар.
4. Буклеттер, альбомдар, сөзжұмбақтар, сөзөрімдер, ыдыс-аяқ суреттері, суреттер
көрмесі.
«Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең ұйқы басар»
«Таспен атқанды, аспен ат», «Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең
негізгісі де осы нан байлығы».
Тәрбие сағаттарының соңында «Сыр сандық» ойыны ойнауға болады. Оқушылар
салт-дәстүр, ұлттық салт, музыкалық фольклор, қол тума т.б. ұлттық таным бойынша
сайысқа түседі. Осы сайыстарға қажетті материалдар төменде келтіріледі [9].
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тәрбие сағаттарына материалдар
Салт – дәстүрлердің түрлері
Діни әдет-ғұрыптар
Отбасылық той-томалақтар
мен жиындар
Маусымдық халықтық
мерекелер
1 Ырымдар
мен
нанымдар
1 Үйлену тойы
1 Жалпы халықтық тойлар
2 Діни рәсімдер мен
мейрамдар
2 Бала тәрбиелеу
3 Кәсіптік мейрамдар
3 Жерлеу салты
Ырымдар мен нанымдар. Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды
емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май құю, дуалау, бәдік, алғыс-қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажылыққа бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой (мизам),
Соғым басы.
Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау,
шашыратқы, уызқағанақ және т.б.
Қазақтың төрт тойы.
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады.
Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады.
42
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын
«тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды [5,6].
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын
үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-
жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар,
жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той). Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той.
Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы
кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін-бірі қонаққа шақырады.
қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа
батырады.
Достарыңызбен бөлісу: |