Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ  БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ  БОЙЫНША  
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Э.С. Сергазинова,   А.Д. Онгарбаева, А.Ж. Есимбекова  
 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 
sergazinova_elvira@bk.ru

Aliod_80@mail.ru
 
 
Берілген мақала қашықтықтан оқыту технологиясының мәселелеріне арналған. Қашықтықтан 
оқытудың ерекшеліктері және жүйесі,  негізгі ұғымдары, принциптері, артықшылықтары, құралдары 
және технологиялары қарастырылады. 
 
Данная статья посвящена вопросам технологий  дистанционного  образования. 
Рассматриваются  особенности  и  система  дистанционного  обучения,    основные  понятия, 
принципы,  преимущества, средства и технологий.   
 
This article is sanctified to the questions of technologies of the controlled from  distance education.  
Features  and  controlled  from  distance  departmental  teaching,  basic  concepts,  principles,  advantages, 
facilities  and technologies. 
 
Тірек  сөздер:  қашықтықтан  білім  беру,  модель,  технология,  құрал,  білім  беру 
принципі, жүйе. 
 
Қашықтықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары. Оқыту – білім алудың және 
шеберліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырудың  мақсатты,  жүйелі  түрде  ұйымдастырылған 
процесі,  ал  білім  беру  –  бұл  тұлғаны  оқытудың  нәтижесі.  Қашықтықтан  оқыту–бұл 
оқытушы  мен  білім  алушы  бірге  бола  алмаған  жағдайда  белгілі  бір  ара  қашықтықта  оқыту 
тәсілдері.  Тарихи  тұрғыдан  алып  қарасақ  қашықтықтан  оқыту  бұрын  сырттай  оқыту  деп 
аталатын еді.  Ал, бүгінгі  күні бұл – байланыс арналары арқылы байланысатын аудио, бейне 
және  компьютерлік  жүйелерді  қолданатын  оқыту  құралдары.  Күнд ізгі  және  сырттай  оқу 
формалары  сияқты  қашықтықтан  оқыту  да  білім  беру  процесінде  оқытудың  компьютерлік 
және  телекоммуникациялық  технологияларына  негізделген  ең  озық  дәстүрлі  және 
инновациялық әдістері,  формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір  формасы 
болып табылады. 
Қашықтықтан білім беру – қашықтықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі  күнгі 
ғылымда  қашықтықтан  білім  беру  –  бұл  білімді  қолма-қол  беру  процесі  (ол  үшін  оқу 
орталығы  мен  оқытушы  жауапты),  ал  қашықтықтан  оқыту  –  бұл  білімді  қабылдау  процесі 
(бұған  білімгер  жауапты)  деген  ұғым  қалыптасқан.  Қашықтықтан  білім  беруде  білім  беру 
процесінің  негізін  өзіне  ыңғайлы  жерде,  арнаулы  оқу  құралдары  мен  өзіндік  сабақ  кестесі 
және  оқытушысымен  телефон,  электрондық  пошта  арқылы  байланысу  мүмкіндігі  бар 
білімгердің бір мақсатқа бағытталған және бақыланып отыратын қарқынды өзіндік жұмысты 
құрайды.  Қашықтықтан  білім  беру  –  жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен  мультимедиа 
жүйелері  негізінде  күндізгі,  сырттай  және  кешкі  оқыту  жүйелерінің  элементтерін 
біріктіретін,  ерекше,  жетілдірілген  форма.  Қазіргі  заманғы  телекоммуникациялық  және 

     
 
 
27 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
электрондық  басылымдар  құралдары  дәстүрлі  оқыту  формаларының  жағымды  жақтарын 
сақтай отырып, олардың жетіспейтін  жерлерін  толықтыруға  мүмкіндік  береді.   
Білім  беру  процесін  білімгердің  өздігінен  оқу  принциптеріне  негіздеп  жаңаша  оқыту 
да  осы  қашықтықтан  оқытумен  тығыз  байланысты.  Оқыту  ортасы  білімгерлердің  көп 
жағдайда,  кейде,  тіпті  мүлдем  оқытушыдан  кеңістік  және  уақыт  тұрғысынан  алыста 
болуымен сипатталады. Солай бола тұрса да олар  кез-келген  уақытта телекоммуникациялар 
құралдарының  көмегімен  диалогқа  түсе  алу  мүмкіндігіне  ие.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесі 
(ҚОЖ)  қолданушылардың  білімдік  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған 
ақпараттық  ресурстар,  өзара  қарым-қатынас  хаттамалары,  ақпараттық-бағдарламалық  және 
ұйымдастырушылық-әдістемелік  қамтамасыз  етудің  жүйелі  түрде  ұйымдастырылған 
құралдарының  бірлігінен  тұрады.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесі  міндетті  түрде  төмендегідей 
функциялардың  орындалуын қамтамасыз етуі  тиіс:   
 
Білімгерлерге 
ақпараттық 
технологиялардың 
көмегімен 
үйренілетін 
материалдардың негізгі  бөлігін  жеткізу; 
 
оқыту  процесі  барысында  оқытушы  мен  білімгердің  өзара  интербелсенді  қарым-
қатынасы; 
 
білімгерлерге зерттелетін оқу материалын игеруде өзіндік жұмыс мүмкіндіктерін 
қамтамасыз  ету;  
 
оқу  процесі барысында білімгерлердің  білімдері  мен дағдыларын бағалап отыру. 
Қашықтықтан  білім  беру  жүйесін  құру  төмендегідей  жүйеішілік  элементтері  бар 
ерекше  педагогикалық  жүйе ұйымдастыруға негізделеді: 
 
Оқытудың мақсаттары; 
 
оқытудың мазмұны; 
 
оқытудың әдістері; 
 
оқытудың құралдары; 
 
оқытудың ұйымдастырушылық  формалары; 
 
ұқсастыру  (идентификация) – бақылау  жүйесі; 
 
оқыту  материалдары; 
 
қаржылық-экономикалық; 
 
нормалық-құқықтық; 
 
маркетингілік  ішкі  жүйелер. 
Қашықтықтан  білім  беру  жүйесін  құрудың  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктері 
төмендегідей  факторларға  тікелей  байланысты: 
 
Кәсіби  білім  алудағы  шектеулер  (білім  алудың  түрлі  себептерге  байланысты 
мүмкін  болмауы,  оқыту  құнының  жоғарылығы,  уақыт  жағынан  шектеулер  қойылуы  және 
т.б.); 
 
Жоғары оқу орындарының, біліктілікті көтеру  факультеттерінің және т.б. типтегі 
білім  беру мекемелерінің  өткізу  қабілетінің  шектеулілігі; 
 
білімділіктің беделінің артуына байланысты кәсіби білім алуға деген сұраныстың 
және  қазіргі  заманғы  телекоммуникациялық  жүйе  құрал-жабдықтарында  қызмет  ететін 
мамандарды қайта даярлау қажеттіліктерінің  артуы; 
 
сапалық  тұрғыдан  мүлдем  жаңа  ақпараттық  технологиялар  құралдарының  пайда 
болуы мен дамуы және телекоммуникациялық технологияларды ақпараттандыру процесінің 
мейлінше  жылдам қарқынмен жүруі  [1]. 
Қашықтықтан білім берудің принциптері: 
1.
 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің білім беру  процесін жобалаған  кезде оған 
педагогикалық  көзқарастың  үстемдігі  принципі.  Бұл  принциптің  мәні  –  ҚОЖ-ды 
жобалауды  теориялық  тұжырымдамаларды  жасаудан,  яғни 
іске  асырылма қшы 
құбылыстардың  дидактикалық  моделін  құрудан  бастау  керектігінде.  Компьютерлендіру 

     
 
 
28 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
тәжірибесінен байқалғанындай, неғұрлым педагогикалық жағы ретке келтірілген сайын жүйе 
соғұрлым тиімдірек  жұмыс жасайды. 
2.
 
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  педагогикалық  тұрғыдан 
тиімділігі  принципі.  Бұл  принцип  ҚОЖ-ды  жобалау  мен  жасаудың  әрбір  қадамының 
тиімділігін  педагогикалық  бақылауға  алуды  талап  етеді.  Сондықтан  да  алдыңғы  орынға 
техниканы енгізуді емес, оқу курстары мен білім беру қызметтерін мазмұндық толықтыруды 
қою қажет.  
3.
 
Білім  берудің  мазмұнын  таңдау  принципі.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  оқу 
курстары  мен  пәндерінің  мазмұны  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  нормативтік 
талаптарына сай болуы қажет.  
4.
 
ҚОЖ  ағымындағы  ақпараттардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  принципі. 
Қажетті  ақпараттардың  сақталу,  берілу  және  қолдану  кезіндегі  қауіпсіздігін  ұйымдастыру 
және олардың ұзақ  мерзімге  сенімді  сақталуының техникалық  тәсілдерін  қарастыру.   
5.
 
Білім берудің бастапқы (старттық) деңгейі принципі. Қашықтықтан білім беру 
жүйесінде тиімді оқыту – білім,  шеберлік, дағдылардың белгілі бір мөлшердегі жиынтығын 
талап етеді. Мәселен, оқудан білімгер тыңғылықты білім алуы үшін өз бетімен оқу еңбегінің 
ғылыми  негіздерімен  таныс  болуы,  компьютермен  жұмыс  жасаудың  керекті  дағдыларын 
игеруі  шарт. 
6.
 
Оқытудың  технологиясына  сәйкестілік  принципі.  Оқытудың  технологиялары 
қашықтықтан оқытудың моделдеріне адекватты немесе сәйкес болуы тиіс. Мысалы, дәстүрлі 
оқытудың  пәндік  моделдерінде  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  ретінде  дәрістер,  
семинар  және  тәжірибелік  сабақтары,  имитациялық  немесе  іскерлік  ойындар, 
лабораториялық  және  өзіндік  сабақтар,  өндірістік  іс-тәжірибе,  курстық  және  дипломдық 
жұмыстар, білімді игерудің деңгейін бақылау жүргізіледі. ҚОЖ-дың дамуы барысында керек 
болған жағдайда оған қосылатын жаңа модельдер пайда болуы мүмкін. Мұндай моделдердің 
мысалы  ретінде,  объектіге  бағытталған  немесе  жобалық-ақпараттық  моделдерді  атауға 
болады. Бұл модельдердегі оқытудың ұйымдастырушылық формалары ретінде компьютерлік 
конференциялар,  телеконференциялар,  ақпараттық  сеанстар,  телеконсультациялар,  жобалық 
жұмыстар және т.б. қолданылуы мүмкін.   
7.
 
Оқытудың  мобилділігі  принципі.  Бұл  принцип  оқушыға  өз  білім  алу 
бағдарламасын керекті бағытта түзете немесе толықтыра алуға мүмкіндік беретін ақпараттық 
жүйелерді,  қашықтықтан  білім  алуға  арналған  білімдердің  қорлары  банктерін  жасауға 
негізделген. Бұл жағдайда білім берудің басқа да бағыттарына ауысу мүмкіндігін қамтамасыз 
ететін ақпараттық инварианттық білім  беруді  сақтау  талап етіледі.   
8.
 
Қашықтықтан 
білім 
берудің 
қолданыстағы 
білім 
берудің 
басқа 
формаларына  қарама-қайшы  немесе  кедергі  болмауы  принципі.  Жобаланған  ҚОЖ 
енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі  кәсіби білім беру жүйесіне кедергі  келтірмей, 
оған  табиғи  түрде  интеграцияланған  жағдайда  ғана  қажетті  әлеуметтік  және  экономикалық 
тиімділікті  қамтамасыз  ете алады.  
Қашықтықтан білім берудің артықшылықтары: 
Икемділік.  Білімгерлер  көп  жағдайда  дәріс,  семинар  түріндегі  сабақтарға 
қатыспайды.  Әркім  өзі  таңдап  алған  мамандықты  қажетті  деңгейде  игеру  үшін  өзіне  ғана 
керекті  мөлшерде  білім  алады.  
Модулділік.  Қашықтықтан  оқыту  бағдарламаларының  негізіне  модулдік  принцип 
салынады.  Білімгерлер  игеретін  әрбір  пән  немесе  пәндер  жүйесі  белгілі  бір  ғылым  саласы 
туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір-біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке 
немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу  жоспарын құруға  мүмкіндік  береді.   
Параллелділік.  Оқыту  процесі  негізгі  кәсіби  қызметтің  оқумен  қатар  жүруіне 
мүмкіндік  береді,  яғни өндірістен  қол үзбеуге  жағдай жасайды. 

     
 
 
29 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі. Білімгер мен білім беретін мекеме арасындағы 
қашықтық  (байланыс  жүйелері  жұмысының  сапалылығы  жағдайында)  тиімді  білім  беру 
процесіне кедергі  болмайды.  
Қамту.  Бұл  ерекшелікті  кейде  «көпшілікті  қамту»  деп  атайды.  ҚОЖ  жүйесінде 
оқитындар  саны  шектеулі  параметрге  жатпайды.  Олардың  көптеген  оқу  ақпараттары 
көздеріне  (электрондық  кітапханалар,  ақпарат  қорлары)  ену  мүмкіндіктері  бар,  сондай-ақ 
олар  бір-бірімен  және  оқытушымен  байланыс  жүйелері  немесе  басқа  да  ақпараттық 
технологиялар құралдары арқылы байланыса алады.  
Рентабелділік.  Қашықтықтан  оқытудың  бұл  ерекшелігі  оның  экономикалық 
тұрғыдан  тиімділігімен  айқындалады.  Шетелдік  қашықтықтан  оқыту  жүйелерін  бағалау 
олардың  дәстүрлі  жүйеге  қарағанда  10-50%-ға  арзанға  түсетінін  көрсетіп  отыр.  Бұл,  әдетте, 
оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардың техникалық құралдарын тиімді  қолдану, 
сондай-ақ, оқу материалдарының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге  келтірілген 
мазмұнын 
қолдану, 
ҚОЖ 
технологиясының 
өте 
көп 
тыңдаушылар 
санына 
бағытталғандығымен түсіндіріледі  [1].  
Қашықтықтан  оқытудың білім  беру процесінде келесі  оқыту  құралдары қолданылады:   
 
Баспалық шығарылымдар; 
 
электрондық басылымдар; 
 
қарапайым және мультимедиалық  нұсқадағы компьютерлік  оқытушы  жүйелер; 
 
оқу-ақпараттық  аудиоматериалдар; 
 
оқу-ақпараттық  бейнематериалдар; 
 
қашықтықтан  жүргізілетін  лабораториялық практикумдар; 
 
тренажерлар; 
 
алыстан қол жеткізілетін  (удаленный доступ) білімдер  мен ақпараттық қорлар; 
 
электрондық кітапханалар; 
 
эксперттік  оқыту жүйелеріне негізделген  дидактикалық материалдар; 
 
геоақпараттық  жүйелерге негізделген  дидактикалық  материалдар; 
 
компьютерлік  жүйелер. 
Қашықтықтан  ақпараттар  жеткізу  технологиясы  бойынша  қашықтықтан  оқытудың 
мынадай түрлерін бөліп  көрсетуге  болады: 
 
Баспалық  материалдарды  пошта  арқылы  тарату  (дәстүрлі  сырттай  оқыту 
формасына тән); 
 
аудио-бейнетаспаларды және CD-ROM жүйелерін тарату; 
 
интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату; 
 
телеконференциялар, IRC, MOO, MUD  (Internet  жүйесі қорында) арқылы; 
 
электрондық  пошта  және  тарату  қағаздары  арқылы  (Internet  жүйесі  қорында) 
тарату; 
 
WWW арқылы тарату. 
Соңғы  кездерде  Internet  технологиясы  басқа  формаларды  ығыстырып  шығаруда.  Бұл 
құбылыс үш жағдайға байланысты:  
1.
 
Кез-келген  оқу  моделін  неғұрлым  арзан  және  ыңғайлы  құралдармен  бейнелеуге 
мүмкіндік  беретін  Internet  – технологиялардың техникалық  тұрғыда дамуы; 
2.
 
Internet  жүйесіне қосылудың қарапайымдылығы; 
3.
 
Жүйеге қосылу құнының төмендігі. 
Кейбір жүйелер оқу  ақпараттарын алу тәсілдері  бойынша ажыратылады:   
1.
 
синхронды оқу  жүйелері; 
2.
 
асинхронды оқу  жүйелері. 
Синхронды  оқу  жүйелері  оқу  процесіне  білімгер  мен  оқытушының  бір  мезгілде 
қатысуын қарастырады. Бұл жүйелерге:   

     
 
 
30 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
Интерактивті  теледидар;  
 
бейнеконференциялар;  
 
компьютерлік  телеконференциялар; 
 
IRC; 
 
MUD; 
 
MOO жатқызылады.  
Асинхронды  оқу  жүйелері  білімгер  мен  оқытушының  оқу  процесінде  бір  мезгілде 
қатысуын  талап  етпейді.  Оқушы  сабақтың  уақыты  мен  жоспарын  өзі  таңдайды. 
Қашықтықтан  оқытуда  мұндай  жүйелерге  баспалық  материалдар  негізіндегі,  аудио  және 
бейнетаспалардағы,  электрондық  пошталардағы,  WWW,  FTR  курстары  жатады. 
Қашықтықтан  оқытуда,  сондай-ақ  синхрондық  жүйенің  де,  асинхрондық  жүйенің  де 
элементтерін пайдаланатын аралас жүйелер де қолданылады.  
Телеконференциялар  –  бұл  екі  немесе  одан  да  көп  қатысушылардың  өзара  қарым-
қатынасын  ұйымдастыру  үшін  байланыстың  электронды  арналарын  пайдалану  процесі. 
Телеконференция  процесінде  дыбыс,  бейне  немесе  компьютерлік  ақпараттар  жеткізіледі. 
Телеконференцияларға  жіберілетін  хабарлар  оның  барлық  қатысушыларына  бірдей 
жеткізіледі  де,  сол  арқылы  бұл  процесті  дөңгелек  үстел  айналасындағы  сұхбат  алмасуға 
ұқсатып  отырады.  Әрбір  конференцияға  тематиканың,  этикеттің  бұзылмауын  қадағалап 
отыратын  координатор  басшылық  етеді.  Телеконференция  –  аудиоконференция, 
бейнеконференция және  компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға  қатысты 
айтылатын жалпы термин.  
Аудиоконференциялар 
– 
қатысушылар 
дауыстық 
коммуникацияға 
түсетін 
телеконференцияның  бір  түрі.  Аудиоконференцияларды  сандық,  сонымен  қатар  аналогтық 
байланыс 
жүйелерінде 
ұйымдастыруға 
болады. 
Аудиоконференциялар 
біржақты 
бейнеқатынастарда, 
спутниктік 
телевидениеде, 
сондай-ақ 
селекторлық 
кеңестер 
ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.  
Бейнеконференциялар  –  бұл  қажетті  аппараттық-бағдарламалық  кешендермен 
қамтамасыз  етілген  екі  немесе  одан  да  көп  нүктелер  арасында  бейнекөріністермен  немесе 
дыбыстық  ақпараттармен  алмасу  әдісі.  Оған  қатысушылар  бір-бірін  шынайы  уақыт 
аралығында  көре  және  ести  алады,  сондай-ақ  ақпараттар  алмасып,  оларды  біріге  отырып 
өңдей  алады.  Мұндай  жүйе  білімгерлердің  оқытушымен  тікелей  қарым-қатынас  жасауына 
мүмкіндік  беріп,  олардың  уақытын  үнемдейді,  жолға  кететін  шығындарын  болдырмайды, 
жұмысының  нәтижесін  жоғарылатады.  Іс  жүзінде  кез-келген  ақпарат  түрін  тез  және  оңай 
түрде  жеткізе  алу  мүмкіндіктерін  ескерсек,  бейнеконференцияларды  қашықтықтан  білім 
беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді  технология ретінде қарастыруға  болады.  
Компьютерлік  телеконференцияларға  –  жүздеген  және  мыңдаған  Internet  жүйесін 
пайдаланушылар  қатыса  алады.  Конференцияға  қатысу  технологиясы  өте  қарапайым  – 
адресін  теріп  алсаңыз  болды.  Конференцияға  қатысушының  компьютері  экранында  оған 
қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен  айтқан сөздері көрініп тұрады.  Хабарламалар мен 
пікірлер  экранда  өте  тез  пайда  болғанымен  телеконференцияларды  синхронды  құралдар 
қатарына  толықтай  қосуға  болмайды.  Бұл  технология  өте  үлкен  көлемді  хабарландырулар 
тақтасын еске түсіреді. Сол  хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда  ақпарат көздері біраз 
уақыттар  бойына  сақталып  тұрады.  Керек  болған  жағдайда  оған  қайтып  оралып, 
хабарламаларды  қарап отыруға  болады [2].  
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі  құ ралы  болып  ақпараттық 
ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін 
жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты 
таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа 
ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез-келген  нақты  формасында 
тиімдірек  орындалады,  адам  өркениетті  бола  бастайды.  Осы  бағыттың  айқын  көрінісі 

     
 
 
31 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
қашықтықтан  білім  беру  жүйесі,  бұл  еліміздің  әрбір  білім  аламын  деген  азаматына  мекен -
жайы, материалдық жағдайы, қызмет ету бабы, денсаулық  шектеулігі және т.б. өмірлік  қиын 
тұстарына  қарамастан  толыққанды  білім  алып,  дүниенің  төрт  түкпірінде  өркениетті 
қоғамның бір  бөлігі  болуына мүмкіндік  беретіні  айқын. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР   
1.
 
 Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен  оқыту  құралдары.  – 
Алматы, 2007 ж. 
2.
 
Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік  желілер. – Алматы, 2011 ж. 
3.
 
Караев  Ж.А.  Активизация  познавательной  деятельности  учащихся  в  условиях 
применения  компьютерной  технологии  обучения:  автореф.  ...  док.  пед.  наук.  – 
Алматы, 1994. – 45 с.   
4.
 
www.alashainasy.kz
 
 
 
            ӘОҚ 378.124 
 
ADOBE FHOTOSHOP  БАҒДАРЛАМАСЫН  ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ   
БАҒДАРЛАМАНЫҢ   МҮМКІНДІКТЕРІН   АШУ 
 
Л.Ж. Терлікбаева,  Е.С. Хаймулданов  
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., 
Lyayla@mail.ru
 
 
Бұл мақалада ADOBE FHOTOSHOP бағдарламасының мүмкіндіктері мен оның анимациялық 
қызметін    web  беттерін  құруда  пайдалануға  болатыны  ашылады.  Бағдарламаның  оқу  үрдісі  мен 
ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалануға болатындығы айталады. 
 
В статье раскрываются возможности  программы ADOBE FHOTOSHOP и его анимационные 
функции  для  создания  web  страниц.  Превосходствопрограммы  его  в  изучении  и  применении  в 
учебном процессе и в научных исследовательских работах. 
 
The  article  opens  up  the  possibilities  of  the  program  ADOBE  FHOTOSHOP  and  its  animation 
functions  for  creation  of  web  pages.  The  program’s  superiority  is  in  studies  and  its  application  in  an 
educational process and scientific research works. 
 
  Тірек сөздер: Photoshop,  компьютерлік  графика, анимация, каналдар тақтасы (channels 
palette),  ұшақ,  web беттері,  мәзір,  маска, қабат (layers). 
 
Қазір информациялық қоғамның   қалыптасуының негізгі бағыты информация және 
оны  өңдеу  ұғымы  болып  табылады.  Қазақстанда  соңғы  жылдары  компьютерлік 
технологиялардың  қарқынды  дамуы  арқасында  графикалық  бағдарламалар  көптеген 
жерлерде  қолданылуда. 
Компьютерлік  графикамен  жұмыс  дербес  компьютерді  пайдаланудағы  ең  танымал 
бағыттардың  бірі  және  онымен  тек  кәсіби  суретшілермен  дизайнерлер  ғана  айналыспайды. 
Кез  келген  кәспорында  уақыт  өткен  сайын  газеттер  мен  журналдарға  жарнамалық 
хабарландырулар немесе жарнамалық беттер мен буклеттер беруге тура келеді. Ірі  фирмалар 
мұндай  жұмыстарды  арнайы  дизайнерлік  бюро  немесе  жарнамалық  агенстволарға 
дайындаттырады.  Ал  шектеулі  бюджеті  бар  шағын  фирмалар  өз  күштері  мен  қажетті 
программалық  құралдардың  көмегіне  сүйенеді.  Мұнда  тек  бұл  мүмкіндіктерді  қамтамасыз 
ететін құралдарды білу  және оларды кәсіби  қолдана алу керек [1]. 
Компьютерлік графика  пәнін оқытуда білімгерлер бірнеше бағдарламаларды  оқып 
үйренеді.  Сол  бағдарламаның  бірі  -  Adobe  Fhotoshop  бағдарламасы.  Adobe  FhotoShop 

     
 
 
32 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
графиктік  редакторын  Web  беттерін  құруда  қазіргі  кезде  көп  қолдануда.  Себебі  Adobe 
FhotoShop  программасының  мүмкіндіктері  өте  көп  және  де  ең  керемет  анимацияларды  осы 
программасының  көмегімен  жасайды.  Анимациядан  басқа  да  суреттермен  неше  түрлі 
фотоэффект  түрін  жасауға  болады.  Adobe  FhotoShop  бағдарламасын  оқыту  кезінде 
бағдарламаның  мүмкіндігін  жақсы  ашу  үшін  «Ұшақтың  бұлттан  өтуі»  анимациясының 
орындалуы бойынша көрсетуге  болады [1]. 
Photoshop  та  бұл  ұшақтың  бұлттың  арасынан  өтетіні  және  осы  ұшақтың  қалай 
қозғалатыны  көрсетейік.  Кейінірек  біз  ұшақтың  анимациясын  ImageReady  да  қалай 
жасалатынын айтып кетеміз.   
а) Ұшақты аспанға апарып қосамыз. 
Біз  аспан мен бұлттың суретін  осы ұшақтың анимациясына қолданамыз. 
 
 
 
Каналдар  тақтасын  ашып  (channels  palette).  Сонымен  біз    RGB  да  жұмыс  істегенде, 
біз  үш  канал  көреміз;  (R)ed  -  қызыл,  (G)reen  -  жасыл  және  (B)lue  –  көк  Қызыл  каналды 
шерткенде байқайтынымыз, суретте аспан мен бұл арасында анық контраст байқалады. Бұл 
дегеніміз  –  құратын  маскамызға  бұл  канал  өте  ыңғайлы  екенін  көреміз.    Сонымен,  ашық 
көзді  қызыл  каналға  қарама  қарсы  қойып,  соған  тышқанды  бір  рет  шертіп  мәзірге  барып  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет