8.5.2. Жылқы қарнындағы ас қорыту
Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне ғана тəн құрылымдық
ерекшеліктері болады да, қызметінде өзгерістер байқалады. Өңештің
қарынмен жалғасқан жерінде безсіз кілегей қабықпен қапталған күмбез
тəріздес қарын құрышы болады. Ол қарынның безді фундальдық жəне
пилорус аймақтарынан жіңішке ғана кардиалық белдеумен бөлінеді (83-
сурет). Қарынның жалпы сиымдылығы 10-15 л шамасында.
Қарын құрышы азықтың қоймасы (резервуары) рөлін атқарады. Сонымен
қатар бұл жерде бактериялық ашу процесі жүреді. Қарынның бұл безсіз
бөлігі едəуір аумақ алып, кейде оның 1/3 бөлігін қамтиды.
Қарынның кілегей қабығындағы аймақтардың пішіні, көлемі рацион
құрамына қарай бейімделе өзгереді. Таза шөп, жемге көшкенге дейін барлық
жылқы тұқымының қарындары пішіні жəне кілегей қабығының құрылысы
жағынан өте ұқсас келеді. Ал өсімдік тектес азыққа көшкеннен кейін қарын
құрылысында айтарлықтай өзгерістер пайда болып, оның кілегей
қабығындағы безді жəне безсіз бөліктердің арақатынасы өзгере бастайды.
Мысалы, ауыр салмақты жылқы тұқымдарында қарынның безді бөлігі безсіз
бөлігіне қарағанда əлдеқайда ауқымды келеді, ал қазақ жылқысында
қарынның безсіз бөлігінің көлемі үлкенірек. Мұндай ерекшеліктер
экологиялық факторлар мен азықтандыру типіне байланысты. Құнарлы
азықты көп қабылдайтын ауыр салмақты жылқылардың қарны қоректік
заттарды тез жəне қарқынды қорытуға бейімделген. Сол себепті олардың
қарнында сөл бөлетін безді бөліктер аймағы едəуір үлкенірек. Ал ғасырлар
бойына тек жайылымдағы шөпті қорек етуге бейімделген қазақ жылқысының
қарнында бактериялық ашу процесі мардымды жүретін безсіз бөлік ұлғайған.
Сыртқы ортаның, əсіресе қоректік заттардың құрамы мен құнарлылығының
əсерінен тек қарынның құрылысы ғана емес, оның сөл бөлу қабілеті де
өзгереді. Сұлы, пішен сияқты азықтар қарын сөлінің бөлінуін баяу, ал қияр,
сұлы жармасы, бидай кебегі өте тез күшейтеді. Қарын бездері үшін бидай
кебегі күшті, ал пішен - əлсіз тітіркендіргіш. Бидай кебегі мен сұлыға
бөлінген қарын сөлінің қышқылдығы жоғары, қорыту күші мықты болады.
83-ñóðåт.
Æûëºû º-ðíûíû» êiëåãåé
º-áû¹ûíä-¹û -éì-ºт-ð:
1-¼»åø;
2-º-ðûí
º½ðûøû;
3-
ê-ðäè-ëûº
-éì-º;
4-º-ðûí
т
¾ái
(ôóíä-ëüäûº
-éì-º);
5-
ïèëîðóñ
-éì-¹û
190
Жүгері дəні қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, ал жүгері жармасы оның
қышқылдығын да көтереді. Малды сыңар жақты азықтандыру қарынның сөл
бөлу қабілетін төмендетіп, сөлдің қорыту күшін əлсіретеді.
Жылқыда қарын сөлі толассыз бөлініп, организмнің физиологиялық
күйіне қарай өзгеріп отырады (С.В. Егоров, Н.В.×ередков). Тіпті 2-2,5
тəуліктік аштықтан кейін де қарын сөлінің бөлінуі едəуір азайғанымен толық
тоқтамайды. Ол бірде күшейіп, бірде баяулап отырады (М.А.Тройцкий,
Н.Ф.Попов). Азықтандыру кезінде сөл бөлу процесі əлдеқайда күшейеді.
Тəулігіне жылқы 10-30 л сөл бөледі.
Қарын сөлі құрамындағы пепсин ферменті белоктарды қарапайым
пептидтерге айналдырады. Бұл процесс дұрыс жүру үшін қарын қуысындағы
жылылық 37-38 градус шамасында, қышқылдық (рН) 1,5-2,2 деңгейінде болу
керек. Сөл құрамындағы пепсиннің белсенділігі қабылданған азықтың
табиғатына байланысты өзгереді.
Сөл құрамындағы келесі фермент - химозин. Ол сүт құрамындағы
казеиноген белогын казеинге айналдырып, сүтті ірімтіктейді де, оның
қорытылуын тездетеді. Бұл фермент əлсіз қышқылдық, бейтарап жəне
сілтілік орталарда əрекет ете алады.
Қарын сөлі құрамында аз мөлшерде қарын липазасы да болады. Ол сүт
құрамындағы эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына
ыдыратады. Қарын липазасы əлсіз фермент. Қарынға ол ішек қуысынан келіп
түседі деген пікірлер бар.
Қарын сөлінде көмірсуларды ыдырататын ферменттер болмайды.
Дегенмен,
сілекей
құрамындағы
птиалин
жəне
өсімдіктер
мен
микроорганизмдер ферменттерінің əсерінен қарын қуысында көмірсулардың
едəуір мөлшері ашиды. Оларды ыдырататын ферменттер негізінен сілтілік,
не əлсіз сілтілік орталарда ғана əрекет ете алады. Сондықтан қарын түбі мен
пилорус аймақтарында қышқыл сөлдің əсерінен көмірсулардың ыдырау
процесі тоқтап қалады. Қабылданған азық қарын сөлімен бірден араласып
кетпейді. Сондықтан қарын жынының ішкері, тереңірек орналасқан
бөліктерінде жəне қарын құрышында көмірсуларды ыдыратуға қолайлы
сілтілік орта сақталады. Сілекеймен жақсы шыланған азық үлестері қарын
құрышына түскенде, ондағы микроорганизмдер бөлетін ферменттердің
əсерінен көмірсулардың бактериялық ашу процесі жүреді. Қарын құрышында
лактобациллалар, стрептококктар жəне ашытқылар өніп-өседі де,
клетчатканы ыдырататын микроорганизмдер болмайды. Клетчатка қарында
еш өзгеріске ұшырамай, азық қорыту жолының кейінгі бөлімдеріне өтеді.
Көмірсуларды ашытуда өсімдік ферменттері де маңызды рөл атқарады.
Қарын құрышында көмірсулардың ашуының салдарынан сүт, сірке жəне
майлы қышқылдар түзіледі. Бұл қышқылдар сілекей мен қарын сөлі
құрамындағы гидрокарбонаттардың əсерімен бейтараптанып, қарын
құрышында көмірсулардың ыдырауына қажет қолайлы жағдай сақталады.
Қарындағы жын сөлмен араласқаннан кейін көмірсуларды ыдырататын
191
ферменттердің əрекеті тоқтап, белоктарды қорыту процесі басталады.
Белоктардың ыдырауы, əсіресе, қарын түбі мен пилорус аймақтарында
мардымды жүреді. Қарында белоктар мен көмірсулар толық қорытылмайды,
мұнда олардың тек аралық ыдырау өнімдері түзіледі, ал майдың мардымсыз
бөлігі ғана ыдырайды. Дегенмен, қарында жүрген процестер ас қорыту
жолының кейінгі бөлімдерінің қызметіне көп ықпал етеді. Қорыта келгенде,
жылқы қарнындағы ас қорыту биохимиялық тұрғыдан əртекті аралас процесс
болып табылады, мұнда көмірсулар мен белоктардың ыдырауы қатар жүреді.
Малды мезгілінде азықтандырып отырғанда əруақытта қарынның үлкен
иіні бойында азықтың едəуір қалдығы болады. Жаңа қабылданған азық
үлестері алдымен қарын түбіндегі, соңынан қарын құрышындағы жынның
үстіне қатпарлана орналасады (84-сурет). Қалыпты жағдайда жылқы қарны
еш уақытта толық толмайды да, азықтандыру кезінде пайда болған жын
қабаттары көп уақытқа дейін араласпай сақталады. Оған себеп жылқы
қарнының еттері айтарлықтай күшті жиырылмайды. Қарын тола бастағанда
оның кардиалық жəне түп аймақтарының шекарасында əлсіз толқын тектес
жиырылу пайда болып, ол пилорус бағытында тарайды. Жиырылудың бұл
түрінің белгілі ырғағы болмайды (85-сурет). Ол азықтандыруға қарай өзгере
береді. Азықтандыру үстінде толқын тəріздес жиырылу күшейе түседі де, 1-2
сағат уақыттан кейін тыныштық пен белсенділік кезеңдері алмасып отырады.
Қарын еттерінің жиырылуының арқасында ондағы жын сөлмен жақсылап
араласып, пилорус бағытына қарай жылжиды. Тыныштық кезінде қарын
қуысындағы қысым тұрақталып, су бағанасымен 6 см шамасында болады да,
жиырылу кезінде аздап көтеріледі. Желінген азық қарында көп аялдамай 6-12
минуттан кейін жын қарыннан жеке-жеке үлеспен ішекке өте бастайды.
Жын қарыннан ішекке 200 мл шамасындағы үлеспен толқынданып
өтеді. Əр толқынның арасында 40 секундтан 17 минутқа дейін созылатын
үзіліс болады. Алғашқы бір сағат ішінде жын қарыннан ішекке өте қарқынды
өтеді. Мал жеген бір кг сұлы қарыннан ішекке - 4-4,5 сағат ішінде, ал жарты
кг пішен - 5 сағат ішінде өтіп үлгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |