261
топтасып кетеді. 2-2,5 ай өткеннен кейін шілденің қатал аяздары кезінде
аналықтар ұялау орындарына қайтып келеді.
Аналық пингвиндер өз
қарындарында сәл қортылған 4 кг жуық балық әкеледі. Қайтып келген аналықтар
өз аталықтарынан жұмыртқасын немесе балапандарын алады, олар оны
қалташаларына салып, ішінен құсып шағаратын
азығымен балапандарын
қоректендіреді. Енді, теңізге аталықтары барады және колонияларға 2 айға жететін
жаңа азық қорымен қайтып келеді. Бұл көктемде өтеді,
Мұздың еруіне
байланысты, колониялар теңізге жақындай түседі және аналары өздерінің
балаларын кезек – кезек қоректендіреді. Бұл кезектерінде олар балық және
кальмар аулап әкеледі. Тірі қалған балапандары емін – еркін өмір сүре бастайды
және некелік кезең басталғаннан кейін 10 ай
өткен соң желтоқсан айында, яғни
жаздың бас кезінде колониялардан кетеді. Император пингвиндері өздерінің
денесінде дене салмақтарымен бірдей май мөлшерінің арқасында осындай қатал
режимге шыдай алады. Олар ашығу кезінде осы резервтерінен айрыла бастайды.
Кезеңнің басында аталықта 40-43 кг-ға дейін тартады. Олар колонияларынан кетке
соң, 4 айдан кейін жұмырталарын немесе балаларын
уақытша аналықтарына
қалдырады, олардың салмағы 25 кг шамасында болады.
Жұмыртқаны бірнеше күндік басу уақытында жылудың бағалы қорын
шығындамау үшін, император пингвиндері біріне – бірі тығыз жанасуға мәжбүр
болады. Ол жерде жүздеген пингвиндер тік тұрады. Зерттеулерде көрсетілгенде,
егер түзілген жанасулардағ құстардың 300-ден
төмен болмаса, мұзды желдің
ызғарында ашығуға шыдамды келеді.
Достарыңызбен бөлісу: