Жануарлар этологиясы


Жүйке  жүйесінің  типтері



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Жүйке  жүйесінің  типтері.  Жануарлардың  бір  түріне  әсер  ететін  бір 
тітіркендіргіш  немесе  тітіркендіргіштердің  комплексі  біртекті  реакцины 
тудырады. Бірақ бұр жалпылама алғанда ғана дұрыс болады. Егер әрбір жануарға 
жеке  қарасақ,  олардың  реакцияларында  бір-  біріне  ұқсамайтын  индивидуалды 
өзгешеліктері бар екендігін байқаймыз. Мысалы, атқорада тұрған жылқылар сұлы 
тұрған  қойманың  кілтінің  шылдырын  естігенде,  кісінеп  мазасыздана  бастайды.  
Бұл  дыбыс  шартты  азықтық  тітіркендіргіш  болып  табылады,  себебі  одан  кейін 
шартсыз  қосымша  күш,  яғни  сұлыны беру  болады.  Басқаша  айтсақ,  жылқыларда 
кілттің  шылдырына  шартты  рефлекс  қалыптасқан.    Егер  сұлы  тұрған  қойманың 
есігін  ашу  барысында  жылқыларға  дұрыстап  назар  аударсақ,  бұл  дыбысқа 
барлығының  бірдей  реакция  бермейтінін байқаймыз.   Олардың бірі өжіре ішінде 
мазасыздана  жүріп  іргелес  жылқылармен  қабырға  арқылы  төбелесе  бастайды, 
есікті  тұяғымен  тебеді,  кейбіреулері  сұлыны  әкелетін  жаққа  қарай  қарап,  басқа 
жылқыларға,  адамдарға,  дыбыстарға  және  т.б.  мән  бермей  тұрады.  Кейбір 
жылқылар қозғалыссыз тұрса, кейбіреулері торға біресе жақындап, біресе алыстап 
мазасыз  күйде  болады.  Бұл  реакциялардың  өзгешеліктері  жануарлардың  жүйке 
жүйесінің қасиеттерімен  ,   немесе,  И.П.  Павлов  айтқандай,  оның  жоғарғы  жүйке 
жүйесінің типімен анықталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас  ми  қабығында  ұдайы  екі  үрдіс  өтіп  жатады:  қоздыру  және  тежелу.   
Жануарлардың  барлық  жоғарғы  жүйке  жұмысы  осы  екі  үрдістің  өзара 
әрекеттесуінің нәтижесінде жүзеге асады. Бірақ барлық жануарларда қоздыру мен 
тежелу  прроцестері  бірдей  болмайды.  Олар  бір  –  бірінен  күші,  қозғалғыштығы 
мен біркелкілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйке үрдістерінің әр түрлі әрекеттесулері 

 
78 
 
жоғарғы  жүйке  қызметінің  типологиялық  ерекшеліктерінің  айырмашылықтарын 
анықтайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүйке үрдістерінің күші бас ми қыртысының жасушаларының жұмыс істеу 
қабілеттілігмен анықталады. Жүйке үрдістері әлсіз және күшті болып келеді. Егер 
сыртқы  ортада  шектен  тыс  күшті  тітіркендіргіштер  пайда  болса,  күшті  жүйке 
үрдістері бар жануарлар тиісті жұмысымен жауап қайтара алады, немесе, тежеліп 
және осындай тітіркендіргіштің әсерін басады.  
 
 
 
 
 
Жүйке  үрдістерінің  біркелкілігі  қоздырушы  мен  тежеуші  үрдістердің 
күштерінің  өзара  әрекетіне  байланысты,олар  бірдей  (біркелкі)  болуы  мүмкін, 
немесе екеуінің біреуінің күші басым (біркелкі емес) болуы мүмкін.  Күшті жүйке 
жүйелері  бар,  бірақ  қоздыру  үрдісінің  артық  болуы  жануарлардың  қатты 
қоздырушылығымен сипатталады, олардың жүйке үрдістері беркелкі емес болады.
 
Жүйке  үрдістерінің  қозғалғыштығы  олардың  пайда  болуы  мен 
қозғалысының жылдамдығы, қоздырудың тежелумен ауысу жылдамдығы арқылы 
сипатталады 
және, 
керісінше, 
сыртқы 
ортаның 
өзгерісіне 
Мінезқұлықреакциясының  өзгеруінің  жылдамдығымен  сипатталады.    Жүйке 
үрдістері  жылжымалы  (лабильды)  немесе  инертті  болуы  мүмкін.    Жүйке 
үрдістерінің  жоғарғы  жылжымалылығы  сыртқы  ортаның  тез  өзгеріп  отыратын 
өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.    
 
 
 
 
 
 
Жүйке  үрдістерінің  қасиеттері  тиісті  жануардың  жүйке  жасушаларының 
ұйымдастырылуының    индивидуалды  ерекшеліктеріне  тәуелді  болады.  И.П. 
Павлов бойынша, жүйке жасушалары «әр түрлі функционалдық заттардың қорын» 
жинайды  және  оларды  жұмыс  істеу  барысында  (қоздырылған  күйінде) 
жасушалармен жұмсайды.   Күшті жүйке жасушалары функционалдық заттардың 
көптеген  қорын  иемденген  және  жоғарғы  дәрежеде  ұзақ  әрі  қиналып  жұмыс 
істеуге  мүмкіндіктері  бар.    Әлсіз  жүйке  жасушалары  төменгі  жұмыс  істеу 
қабілетімен  ерекшеленеді,  функционалды  заттардың  шығыны  аздаған  жүйке 

 
79 
 
үрдістерінің  күш  түсіруінен  де  пайда  болады.    Бұл  жасушалар    жұмыс  істеу 
қабілетінің  шегіне  тез  жетеді  және  шамадан  тыс  күш  түсіруінен  зардап  шегуі 
мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қозғалғыштығының  дәрежесі  жүйке  жасушаларының  қоздыру  үрдісінен 
тежелу  үрдісіне  немесе  керісінше  ауысуындағы    әр  түрлі  қабілеттіліктерін 
анықтайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Э. 
Асратянның 
тұжырымдамасы 
бойынша, 
жүйке 
үрдістерінің 
қозғалғыштығы (олай болса, жүйке қызметінің типінің қандай дәрежеде екендігі) 
тек  жүйке  жасушаларының  қасиеттері  мен  ұйымдастырылуымен  ғана  емес, 
автономды  жүйке  жүйесінің  тонусының  жағдайымен  және  тиісті  гуморальды 
механизмдермен  ескертіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
Жүйке  үрдістерінің  қозғалғыштығы,  біркелкілігі  және  күші    комплексте 
жүйке  жүйесінің  типологиялық  ерекшеліктерін  тудырады,  олар  ағзаның 
Мінезқұлықреакцияларында, жалпы оның тонусында, өнімділігі мен жұмыс жасау 
қабілеттілігінде байқалады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүйке  үрдістерінің  күшінің,  біркелкілігінің  және  қозғалғыштығының  ара 
қатынасына байланысты И.П. Павлов жоғарғы жүйке қызметінің төрт негізгі типін 
ажыратқан және күшті жүйкелік үрдістері бар нұсқаларын  ұсынады.    
 
 
И.П.  Павлов  бойынша  жоғарғы  жүйке  қызметінің  типтерінің 
классификациясы  Гиппократ  бойынша  темперамент  классификациясына 
сәйкес келеді: 
И.П. Павлов бойынша жоғарғы жүйке қызметінің 
типтерінің классификациясы 
Гиппократ бойынша 
темперамент 
1.Күшті біркелкі қозғалмалы (лабильді)      
Сангвиник 
2.Күшті біркелкі инертті     
Флегматик 
3.Күшті  біркелкі  емес  (тежелуге  қатысты  өткір  қоз-
дырудың болуымен) – ауыздықсыз 
Холерик 

 
80 
 
4.Әлсіз 
Меланхолик 
И.П.  Павлов  жүйке  үрдістерінің  негізгі  үш  қасиеттерінің  әр  түрлі  
комбинацияларының  мүмкіндігін  ескеріп,  негізінде  типтердің  саны  одан  да    көп 
екендігін атап айтқан.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғарғы  жүйке  қызметінің  күшті  типтеріне  қарама  –  қарсы  екі  жүйке 
үрдістерінің әлсіздігімен ерекшеленетін  әлсіз типі қойылады. Осы типке жататын 
жануарлар, күшті типтегі жануарлар сияқты, біркелкілік пен қозғалғыштықтың әр 
түрлі дәрежелеріне ие, бірақ қоздыру үрдісінің әлсіздігі осы айырмашылықтардың 
мәнін  деңгейлестіреді.  Олар  жоғарғы  сезімталдыққа  ие,  бірақ  жұмыс  істе 
қабілеттілігі мен төзімділігі төмен болып келеді. Қоршаған ортаның жағдайларына 
қиындықпен  бейімделеді,  жиі  ауырады,  оларда  қатты  тітіркендіргіштердің 
әсерінен  невроздар  оңай  дамиды.Ауыздықсыз  типтегі  жануарлардың  бастапқы 
біркелкі еместігі  тежеуіш үрдісінің жаттығуы мен тиісті тәрбиенің әсері арқылы 
едәуір  дәрежеде  тегістелуі  мүмкін.  Тәрбие  арқылы  әлсіз  типке  жататын 
жануарлардың  кей  жағдайда  жүйке  үрдістерін  күшейтуге  болады,  бірақ  бұл  тек  
қолайлы,  өзгермейтін  ортада,  И.П.  Павлов  айтқандай  «жылыжайлық»  жағдайда 
ғана мүмкін болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоғарғы  жүйке  жұмысын  обьективті  түрде  оқып  үйрену  мен  ауыл 
шаруашылық  жануарларының  жүйке  жүйесінің  типтерін  анықтау  үшін  көптеген 
әдістемелер  қолданылады.  Жануарлардың  табиғи  жағдайларына  едәуір  келетіні 
және  өндірістік  жағдайларда  оңай  қолданылатын  жануарлардың  азыққа  оңай 
қозғалуына негізделген қозғалмалы-азықтық әдістемесі қолданылады.  Ол тек бір 
қозғалысты  ғана  емес,  сонымен  қоса  барлық  бостандықта  жүрген  жануарлардың 
қозғалысын ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда  жануарларда шартты 
қозғалғыш  рефлекстерінің  туындауы  өте  тез  өтеді  және  рефлекстері  де  тұрақты 
болады.  Табиғи  жағдайларда  жануарлар  сырттан  келген  тітіркендіргіштердің 
әсеріне  байсалдылықпен  жауап  қайтарады,  бұл  уақытта  сол  тітіркендіргіштерге 

 
81 
 
күшті ориентирлік реакция пайда болады.  
 
 
 
 
 
Шартты  рефлекторлық  қызмет  тиісті  жануарлардың  биологиялық  және 
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сай  қалыптасадф.  Тәжірибелерде  шөп  қоректі 
жануарлардың  азыққа  жақындауына  кедергі  келтіретін  теріс  тітіркендіргіштерді 
қолданудың  сәйкессіздігі  көрсетілген.  Шөп  қоректі  жануарлармен  жұмыс 
істегендегі мұндай тітіркендіргіштердің негізінен сәйкес келмеуі табиғи жағдайда 
олардың  азық  іздеу  ерекшеліктерімен  байланысты  болып  келеді.  Жайылым 
кезінде  шөп  қоректі  жануарларға  ұдайы  қозғалыста  болу  тән.  Оларға  тиісті 
мөлшерде азық жинап алу үшін, үнемі қозғалыста болулары керек. 
 
 
 
Ет  қоректі  жануарлар  азығын  басқа  жағдайларда  іздеп  табады.  Олар  өзінің 
жемтігіне  аңду,  ұстау  және  өлтіру  арқылы  қол  жеткізеді.  Жыртқыш  аң  жемтігін 
көрген сәтте бірден оған жақындамайды, білдірмей жақындап, шабуыл жасау үшін 
ыңғайлы  уақытты  күтеді,  яғни  оның  қозғалғыш  азықтық  белсенділігі  қатты  ішкі 
тежелумен  байланыста  болады.    Азық  табу  кезінде  шөп  қоректі  және  ет  қоректі 
жануарлардың реакциялары әр түрлі және жыртқыштар тобына жататын  иттерге 
арнап  жасалған  жоғарғы  жүйке  қызметінің  типін  анықтау  үшін  қолданылатын 
әдістемелер механикалық түрде шөп қоректі жануарларға ауыса алмайды.   
 
Жануарлардың  жоғарғы  жүйке  қызметінің  типін  олардың  мінез  –  құлқына 
тән  ерекшеліктері  арқылы  да  анықтауға  болады.  Бірақ  бұл  анықтама  тек  ұзаққа 
созылған  және  әр  түрлі  жағдайларда  бақыланған  жағдайда  ғана  анықталады.   
Қарапайым  жағдайларда  кейде  ұзақ  уақыт  бойы  жүйке  үрдістерінің  күші,  тепе  – 
теңдігі және қозғалғыштығы жайлы анықтама алу мүмкін болмайды.   
 
 
Қарапайым  орталарда  бақылаудан  бөлек,  типтерін  анықтау  мақсатында 
жануарлардың  ерекше,  жаңа,  бірақ  бәріне  бірдей  орталардағы  мінез  –  құлқын 
зерттеу  керек.  Қиын  емес  тәжірибелерді  жүргізу  салыстырмалы  және  нақты 
нәтижелер береді (Г. В. Паршутин и £. Ю. Румянцева, 1954). 
 
 
Жоғарғы  жүйке  қызметінің  жануарлардың  өнімділігімен  байланысы. 

 
82 
 
Көптеген  авторлардың  жұмысында  жануарлардың  шартты  рефлекторлық 
қызметінің  олардың  әр  түрлі  өнімділігі  арасындағы  байланысы  бар  екендігі 
дәлелденген.    Осылай,  жүйке  жүйесінің  типологиялық  ерекшеліктері  көбінесе 
өндіруші – бұқалар мен сиырлардың лактациясының сипатына қарай қолданудың 
оптимальды  тәртібін  анықтайды.    Сүттің  пайда  болу  үрдісі,  сүт  беру  рефлексі, 
сиырлардағы  сүт  майларының  мөлшері  көбінесе  жүйке  үрдістерінің  сапасына 
байланысты  болып  келеді.    Сүтті  өндірудегі  тұрақты  жоғарғы  дәрежедегі 
өнімділік тек күшті біркелкі қозғалғыш үрдістері бар жануарларға ғана тән болып 
келеді.    Осындай  типтегі  сиырлар  ұстау  ережелері  мен  азықтандыруға    ( 
сауыншылардың өзгеруі,  азықтарды  өзгерту,  басқа  жерге орналастыру  және  т.б.) 
жақсырақ бейімделеді. Осыған байланысты олар жақсы азықтанады және олардан 
басқа  типке  жататын  сиырларға  қарағанда  көбірек  сүт  алынады.    Біркелкі  емес 
жүйке  үрдістері  бар  сиырларда  тұрақты  жоғарғы  лактация  деңгейі  сирегірек 
кездеседі.  Оларда  көбінесе  ішкі  себептермен  шақырылған    сауым  сүтінің 
мөлшерінің төмендеуі  байқалады.   
 
 
 
 
 
 
 
Әлсіз жүйкелік үрдістері бар сиырларға лактацияның төменгі дәрежесі тән, 
лактациялық  кезеңнің  ауытқып  тез  төмендеуі  көбінесе  өздігінен  іске  қосылумен 
аяқталады.  Оларда  тіпті  сауын  сүтінің  мөлшері  мен  майдың  пайыздық  үлесі  бір 
тәулік  ішінде  ауытқулары  болып  тұрады.Әлсіз  типті  бұқаларда  орын 
ауыстырғанда  жаңа  жерге  үйренісе  алмай,  жыныстық  рефлекстері  күшті  ішкі 
тежелуге  байланысты    көпке  дейін  пайда  болмайды  және  олардан  сперманы  алу 
қиындық  туғызады.  Мұндай  бұқаларды  пайдаланған  кезде  оларды  ішкі  тежелуді 
туындататын    әр  түрлі  факторлардың  әсерінен  және  жоғары  жыныстық 
жүктемелерден  қорғау  керек;  осы  типке  жататын  жануарлардың  нақты, 
өзгермейтін жағдайларда ғана жұмыс істеуге қабілетті болатынын ескере отырып 
сперма алудағы уақыт пен реттілігін қатаң түрде сақтау қажет. Мұндай өндіруші – 
бұқалардың типтері жағымсыз болып табылады.Күшті, бірақ біртекті емес жүйке 

 
83 
 
жүйесі  бар  бұқалар  олардың  артығымен  күш  жұмсауына  байланысты  жүйке 
жүйесінің  ауруларына,  олқылықтарға  бейім  болып  келеді.Мұндай  бұқалардан 
сперманы оларға таныс емес кез келген орталарда және кез келген уақытта алуға 
болады.Олар  біртекті  ортада  ұйқы  –  гипнотикалық  тежелуге  бейім  емес,  бірақ 
оларда  ашушаңдық  дамиды  және  жүйке  жүйесінің  шектен  тыс  жұмыс  істеуін 
алдын ала алмайды.  Осы типке жататын жануарларды дұрыс мақсатта қоданбаған 
жағдайда, оларда толық жыныстық әлсіреу пайда болады. Мұндай өндірушілердің 
спермопродукциясы  әдетте  сапасы  мен  көлемі  жағынан  төмен  болып  келеді. 
 
Күшті,  біртекті  және  қозғалғыш  жүйке  үрдістері  бар  бұқалар  қоршаған 
ортаның әр түрлі өзгерістеріне жақсы және тез бейімделеді, бірақ бір ортада ұзақ 
уақыт  қолдану  немесе  сперма  алу  техникасын  дұрыс  орындамау  оларда  ұйқы  – 
гипнотикалық  күйін  дамытады,  немесе  ашушаң  және  тыңдаусыз  болып  кетеді.
 
Күшті  біртекті инертті  типке  жататын  бұқалар  сперма  алу  барысында  баяу 
қозады,  бірақ  әдетте  жақсы  сападағы  эякулят  береді.  Мұндай  өндірушілердің 
жұмыс істеу қабілеттері әлдеқайда жоғары болып табылады. Дұрыс азықтандыру 
мен  рацион  мөлшерінің  жеткілікті  болуы  арқылы  оларды  шамадан  тыс 
жүктемемен қолдануға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
Жоғарғы  жүйке  қызметінің  типіне  қарай    жылқылардың  танып  білудің 
сапасына  тәуелділігі  өте  қатты  байқалады.  Жоғарғы  жүйке  қызметінің  күшті 
біртекті  және  қозғалмалы  типке  жататын  жануарларға  барлық  мақсатта 
қолданғанда  да    жұмыс  істеу  қабілеті  тән.  Жоғарғы  жүйке  қызметінің    күшті 
біртекті  емес  (ауыздықсыз)  типіне  жататын  жылқылар    төменгі  дәрежедегі  
күшпен  желістерге  жоғарғы  жұмыс  істеу  қабілеттілігін  көрсетеді.  Бірақ  
жғарылаған  күштің  дәрменіне  олардың  жұмыс  істеу  қабілеттері  төмен  болады. 
Әлсіз  типті  жоғарғы  жүйке  жұмысына  жататын  жылқылар  төмендетілген  жұмыс 
істеу қабілетімен ерекшеленеді.     
 
 
 
 
 
 
 
Ауыл  шаруашылық  жануарларының  жүйке  үрдістерінің  сапасын  зерттеу 

 
84 
 
мақсатында жүргізілген көптеген жұмыстардың нәтижесінде мынадай қорытынды 
шығаруға  болады:  шаруашылыққа  маңызды  пайдалы  қасиеттері  көбінесе  күшті, 
біртекті және қозғалмалы жүйке жүйелері қалыптасқан жануарларда бар; ал әлсіз 
жүйке  үрдістері  бар  жануарлар  кез  келген  мақсатта  қолдануға  қажеттілігі  төмен 
болып келеді.  
 
Анализаторлар 
Анализаторлар (И.П.Павлов бойынша) – ағзаның қоршаған ортамен тұрақты 
байланысын  қамтаммасыз  ететін  сезімтал  және  күрделі  анатомиялық  – 
физиологиялық,  сенсорлы  жүйелер.  Әр  анализатор  үш  бөлімнен  тұрады  – 
перифериялық, өткізгіш және орталық. 
Рецепторлы  бөлімнің  (перифериялық)  қызыемті  әр  түрлі  энергия  түрлерін 
(жарық,  химиялық,  механикалық,  жылулық  және  т.б.)  қабылдау  және  оларды 
жүйке  импульсінің  энергиясына  айналдыру.  Көру  анализаторларында  бұл 
рецепторлар – жарық; иіс және дәм сезуде – химиялық; есту, вестибулярлы және 
қозғалғыш – механикалық; теріде – бірнеше түрлер болады. 
Өткізіш  бөлімі  импульстерді  рецепторлардан  орталық  бөлімге  өткізуді 
жүзеге асырады.  
Әр  анализатордың  орталық  бөлігінің  қызыметі  –  сәйкес  рецепторландан 
түсетін  жүйке  импульстерін  синтездеу  және  талдау  жолымен  сыртқы  және  ішкі 
ортадан сигналдың бүтін (зат, құбылыс) бейнесін құру. 
Жануарларда  анализаторлардың  мынандай  түрлері  болады:  көру,  есту,  иіс 
сезу, дәм сезу, тері, қозғалыс, интерорецепторлы, вестибулярлы. 
Тері анализаторы.Тері  сезімі  жануар өмірінде  үлкен  маңызға  ие.  Теріде  әр 
түрлі  тітіркенулерді  қабылдайтын  көптеген  рецепторлар  болады.  Теріде 
сезімталдылықтың  келесі  түрлері  болады:  жылу,  суық,  түйсіну,  такстильді. 
Тітіркендіргіштің  күшіне  байланысты  тактильді  түрлерге  бөлінеді:  жақындау 

 
85 
 
сезімі, қысым және ауырсыну. Түйсіну  – теріге әр түрле денелер жанасқан кезде 
туындайтын  сезінудың  барлық  кешені.  Тері  сезімталдығының  әр  түрлі  әр  түрлі 
өткізгіш жолдардан тұрады.  
Иіс  сезу  анализаторы.  Иіс  сезу  анализаторының  көмегімен  жануарлар 
барлық  иістерді  езе  алады.  Көптеген  жануарларда  иіс  сезу  жақсы  дамыған  және 
үлкен  маңызға:  жануарлар  азық  іздейді,  азықты  органолептикалық  бағалайды, 
жауынан  қорғанады,  жынысы  мен  жасын  анықтайды,  аумағын  таңбалайды.  Иіс 
сезу  торшалары  (мұрын  қуысындағы  иіс  сезу  аумағы)  хеморецепторлар  болып 
табылады.  Иіс  сезу  торшалары  газ  түзетін  жағыдайдағы  және  сасық  заттармен 
тітіркенеді.  Иістердің  жіктелуі  нақты  зерттелмеген.  Иісті  заттардың  химиялық 
құрылысы  негізінде  иістердің  жктелу  теориясы  ұсынылған  (Хенинг),  Эймур  – 
негізгі  жету  иісті  анықталы  және  Хейнинкс    иістерді  физикалық  қасиетіне қарай 
жіктеді. Қазіргі уақытта иістердің екі теориясы бар – физикалық және химиялық. 
Химиялық  теория  иістер  негізінде  молекулалар  құрылысы  жатыр  деген  пікірге 
келеді.  Физикалық  –  иістердің  себебі  заттардың  молекулаларының  төменгі 
жиіліктегі  дірілдермен  туындаған  электромагниттік  ауытқулардың  пайда 
болуынан болатынын көрсетеді. Бұл теориялар бірін – бірі толықтырады. 
Дәм сезу анализаторы жануарға азықтың дәмін анықтауға мүмкіндік береді. 
Дәм  сезу  анализаторының  рецепторлы  бөлігі  тілдің  дәм  сезу  бүрлерінде 
орналасқан . Дәм сезу пиязшықтары – хеморецепторлар, олар сілекейдегі еріткіш 
заттармен  тітіркенеді.  Дәм  сезі  анализаторының  дәмді  заттарға  сезімталдылығы 
бірдей емес. Ащы, тұзды, қышқыл, тәтті тітіркендіргіштер анық сезіледі. 
Көру анализаторы.Рецепторлы бөлігі көздің торлы қабығында орналасқан – 
бұл таяқша және шумақша қабаттары. Таяқашалар іңірдегі сәлені, ал шумақшалар 
күндізгі  сәулені  қабылдайды.  Көздің  сезімталдылығы  жануар  тұрған  орынның 
жарықтану  жағыдайларына  байланысты.  Егер  жануардың  көзін  қараңғыда 
жарықтандыратын  болса,  онда  сақирналы  бұлшық  еттің  жиырылуы  салдарынан 

 
86 
 
қарашық  тарылады  және  сәуле  ағыны  азаяды.  Жарық  және  қараңғы  бейімделу 
түрлері болады. Бұл әр түрлі күшпен жарықтануға көздің реакциясы. Жарық сезу 
теориялар  бар  –  үш  компонентті  –  торлы  қабықшаға  реуепторлардың  үш  типін 
өткізеді (қызыл, жасыл, күлгін); екі компонентті – торлы қабықшада жарық сезгіш 
заттар қатары болады (ақ – қара, қызыл – жасыл, сары - көк); полехроматикалық 
торлы қабықшада рецепторлардың барлық түрінің болуына рұқсат етіледі.  Түсті 
көруді  шумақшалар  басқаоады  –  көк,  жасыл  қызыл  сезгіштер,  әр  түрінде 
шумақшалардың  өз  пигменті  болады,  соның  арқасында  үш  негізгі  түсті 
қабылдауға  қабілетті  болып  келеді.  Түс  көрудің  бұзылуы,  яғни  ажырата  алмау 
дальтонизм деп аталады. 
Есту анализаторлар дыбыстық толқындарды қабылдайды және оларды есту 
сезіміне айналдырады. Сүт қоректілердің есту анализаторларының перифериялық 
бөлігі – құлақ, ол үл бөлімге бөлінеді: сыртқы (дыбыс аулаушы), ортаңғы (дыбыс 
өткізуші), ішкі (дыбыс қабылдаушы және трансформациялаушы аппарат)ү 
Анализаторлар бөлімі кестеде көрсетілген. 
 
                                    Анализаторлардың негізгі бөлімі  
Анализаторлар  Рецепторлы 
Өткізгіш 
Орталық 
Көру 
Көздің торлы 
қабықшасының 
таяқшалары мен 
шумақшалары 
Көру жүйкесі 
Желке аумағы, 
сопақша ми 
Тері 
Механикалық 
жылулық,  суықтық, 
ауырсыну 
рецепторлары 
Терінің 
жүйке 
талшықтары 
Жұлын және 
сопақша ми, 
таламус, 
қабықтың шеке 
аймағы 
Есту 
Есту  ағзаларының 
талшықты 
торшалары 
Есту жүйкесі 
Ми қабғы 
Иіс сезу 
Иіс торшалары 
Иіс сезу трактісі 
Иіс сезу 
пиязшықтары 

 
87 
 
  
ЖАНУАРЛАР МІНЕЗҚЫЛЫҒЫНЫҢ ЭТОЛОГИЯСЫ 
«Этология» терминіі гректің «этос» деген сөзінен шығып мінезқылық деген 
мағынаны  береді.    К.Э  Фабри  (1976)  мінезқылықтыағзамнің  қоршаған  ортамен 
байланысуына қажетті жануарлардың қозғалу белсенділігінің тұтас көріністері деп 
түсіндірген.    Этология,  мінезқылықтың  биологиялық  заңдылықтары  туралы 
ғылым  ретінде,  тек  XIX  және  XX  жүзжылдықта  айрықша  дами  бастады,  бірақ 
жануарлардың  мінезқылқын  бақылау,  қарау  бұрыннан  бері  болған.    Ертеден 
адамдар  оларға  аңшылыққа  шығу,  жыртқыштардан  қауіп  төнуін  болдырмау  
мақсатында  жануарлардың  мінезқылқының  ерекшеліктерін  зерттеген.    Үйге 
үйрету де жанкарлардың мінезқылқын білуді талап етті. Біздің заманымызға дейін 
жеткен  аңыздардан  көптеген  ғасырлар  мен  мңжылдықтар  бұрын  адамдар 
жануарлардың  мінезқылқының  ерекшеліктерін  білгенін  айтуға  болады.    Қазіргі 
уақытта  ауыл  шаруашылығы  тәжірибесінде  жануарлардың  мінезқылқының 
ғылыми  зерттеулерінің  нәтижесіне  сүйеніп,  оларды  қолдану  өнімділігін 
арттыруға,  азықтандыру,  көбейту  және  экономикалық  жағынан  тиімді  ағып  қағу 
шараларын жақсартуға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
Өткен  ғасырдың  соңғы  жылдарында  жануарлардың  мінезқылқын  зерттеу 
мақсатында  екі  бағыт  қалыптасты.  Олардың  бірі  жануарлардың  үйренуін 
зерттеумен  байланысты  болса  (И.П.  Павловтың  мектебі),  екіншісі  инстинктивті 
мінезқұлықтызерттеуге (К. Лоренц пен Н. Тинбергеннің мектептері) бағытталған.  
И.П. Павлов пен оның ізбасарлары  Жоғарғы жүйке  қызметінің  негізінде жатқан 
физиологиялық  механизмдерді,  яғни  шартты  рефлекстерді    зерттеген.    Бірақ 
сонымен  қатар  олар  жануарлардың  мінезқылқының  бейімделуінің  негізінде 
жатқан  ағзаның  барлық  жүйке  реакцияларын  зерттеудегі  үлкен  маңыздылығын 
мойындаған.  И.П.  Павлов  мінезқұлықтыңиндивидуалды  қалыптасуын  негізге  ала 
отырып    туа  біткен,  генетикалық,  шартсыз  рефлекстер  –  инстинкттер  туралы 

 
88 
 
мағлұматтардың аз болғанына қатты өкінді. Бірақ кез келген Мінезқылықакті ішкі 
тітіркендіргіштерге  де  реакция  болып  табылады.  Тиісінше,  барлық  мінез  – 
қылықтық  реакциялар  генетикалық  факторлар  мен  сыртқы  ортаның  әсерінен 
қалыптасады.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шартты рефлекстерді зерттеу үшін жүргізілген тәжірибелер жоғарғы жүйке 
қызметінің  негізінде  жатқан  физиологиялық  механизмдерді,  жаңа  жағдайларда 
жануарлардың бейімделушілік мінезқылқын оқып үйренуге бағытталған.    
 
Этологияда  Мінезқылық  жануарлардың  қоршаған  ортамен  сан  алуан  түрлі 
әрекеттесуі  ретінде  қарастырылады.  Этология  ағзаны  бір  бүтін  ретінде  қарап, 
қбақылау арқылы және зерттеу арқылы олардың реакцияларының негізінен  ішкі 
көріністерін  зерттейді.  Физиология  жануарлардың  мінезқылқын  қамтамасыз 
ететін  мидың  қызметінің  жүйке  механизмдерін  зерттейді.  Этологтар,  негізінен 
зоологтар,  қазіргі  уақытқа  дейін  әлемнің  көптеген  жануар  түрлерінің  мінез  – 
қылқын сипаттайтын  мәліметтерді жинаған.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет