Жануарлар этологиясы


Үлкен ми сыңарларында қозу мен тежелудің өзара қатынасы



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Үлкен ми сыңарларында қозу мен тежелудің өзара қатынасы. 
Қоздыру 
мен  тежелудің 
иррадиациясы 
мен 
концентрациясы.          
Қоздырушының  немесе  тежелудің  иррадиациясы  деп  осы  үрдістердің  пайда 
болған ошағынан басқа қабаттарына жайылуын айтамыз. Қоздыру мен тежелудің 
концентрациясының  мәні  бұл  үрдістер  белгілі  бір  шекке  жеткенде,  бастамасына 
қайтып келе алатындығында жатыр. 
 
 
 
 
 
 
Қоздыру  үрдісінің  иррадиациясына  мысал  ретінде  шартты  рефлектердің 
генерализациясы құбылысын жатқызуға болады.  Бастапқыда шартты рефлекстің 
дамуында  тек  шартты  тітіркендіргіш  қана  емес,  басқа  да  сырттан  келген 
тітіркендіргіштер  реакция  тудыра  алады.  Бұл  құбылыстың  болуының  себебі, 
шартты  тітіркендіргішпен  шақырылған  қоздырғыш  қабыршақтың  әр  түрлі 
аймақтарында  иррадиацияланады  және  шартсыз  тітіркендіргіштің  қабыршақ 
орталығымен  уақытша  байланысына  басқа  да  көптеген  қабаттарының  пункттері 
кіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шартты рефлекстердің ары қарай өңделуінде қоздырушының иррадиациясы 
шектеле бастайды. Қоздырғыштар бір жерге топталады, шартты тітіркендіргіштің 
жасушаларының 
топтарында 
концентрацияланады. 
Бұл 
қоздырушының 
концентрациясының  үрдісі  шартты  тітіркендіргіштен  басқаларының  байланыс 

 
67 
 
орнатпауының  нәтижесінде  және  де  қоздырушыны  шектейтін  ішкі  тежелудің 
дамуынан  пайда  болады.  Қоздырушы  мен  тежелу  үрдістерінің  іс  -  әрекетінің 
сипаты  олардың  күшіне  тәуелді  болады.  Әлсіз  үрдістер  әдетте  алыс  емес 
қашықтықтарды  салыстырмалы  түрде  баяу    иррадиациялайды.  Орташа  күшті 
үрдістер  мүлдем  иррадиацияламайды  немесе  болмашы  шектеулерге  ғана 
таралады, 
күшті 
дәрежедегі 
үрдістер 
ең 
жоғарғы 
жылдамдықпен 
иррадиациялайды.  Бұл  үрдістердің  концентрациясы  иррадиацияға  қарағанда 
әлдеқайда баяу өтеді. Үлкен ми сыңарларындағы жүйке үрдістерінің іс - әрекеті өз 
жолында  иррадиациялайтын  үрдіспен  жолығатын    қабыршақтың  жасушаларына 
да тәуелді болып келеді. Егер нейрондар тұйықталған жағдайда болса, ол қоздыру 
үрдісінің енуіне кедергі жасайды және керісінше, егер олар қоздыру жағдайында 
болса,  тежелу  оларды  қиындықпен  қамтиды.  Жүйке  үрдістерінің  иррадиациясы 
мен  концентрациясының  жылдамдығына  жүйке  жүйесінің  типі  мен  дара 
ерекшеліктері  де  өз  ықпалын  тигізеді.  Бірақ,  егер  қоздыру  импулсьтары  мен 
олардың  таралуы  оларға  тәне  электрлі  құбылыстарға  сай  табылатын  болса,  ал 
«тежелу импулсьтарын» әлі де табыла қоймаған болып саналады.  Сондықтан да 
тежелудің  таралу  механизмі  әлі  анық  емес.  Қазіргі  уақыттағы  көптеген 
физиологтардың 
ойынша, 
тежелу 
өз 
бетімен 
таралмайды 
және 
иррадиацияланбайды.Егер,  мысалы,  үлкен  ми  сыңарларының  белгілі  бір 
аумағында  монотонды  тітіркендіргіштердің  әсер  етуінен  тежелу  туындайтын 
болса,    онда  осы  қабаттарының  аймағынан  импульстер  ретикулярлы  формацияға 
барады  және  олардың  әсерінен  импульстардың  келуі  шектеле  бастайды, 
нәтижесінде  қабыршақтық  нейрондарының  қызметінің  тоқтауына  әкеп  соғады. 
Демек,  бұл  жерде  тежелудің  таралуы  емес,  оқшаулауы,  қоздырушының 
иррадиациясының шектелуі байқалады.   Ми 
қыртыстарындағы 
индукция. 
Орталық  жүйке  жүйесінің  төменгі  бөлімдеріндегідей,  үлкен  ми  сыңарларының 
қабаттарында  индукция,  яғни  қоздыру  мен  тежелудің  өзара  қатынасына  сай 

 
68 
 
байқалады.  Нәтижесінде  оң  немес  теріс  индукция  көрінетін  белгілі  бір  баланс 
пайда  болады.  Оң  нәтижелі  индукцияға  мысал  ретінде  келесі  тәжірибені  айтуға 
болады.  Иттердің  алдыңғы  аяқтары  терісінің  механикалық  тітіркенуіне  шартты 
азықтық  рефлекс  тән.  Жануардың  артқы  аяқтарының  механикалық  тітіркенуі 
тежеуіш ретінде жасалған. Егер оң нәтижелі шартты тітіркендіргішті тежеуіштен 
кейін қолданса, шартты рефлекстің тез арада артуы байқалады (сілекей бөліну бір 
жарым есеге ұлғаяды).  Теріс  нәтижелі  индукцияға  мысал  ретінде  ориентирлік 
реакциямен шақырылған ішкі тежелуді айтуға болады.   Кез келген кенеттен әсер 
еткен  жанама  тітіркендіргішке  жақсы  өндірілген  шартты  рефлекстер  де  жауап 
қайтармайды.  Бұл  жағдайда  кенет  пайда  болған  қоздырушының  ошағы  басқа  да 
қабаттардың  орталықтарында  тежелу  күйін  индукциялайды  және  шартты 
рефлекторлы жұмыстың орындалуына кедергі келтіреді.    
 
 
 
 
Жүйелі,  немесе  уақытша,  индукция  дәл  сол  қабыршақ  орталығында 
қоздырғыштың  немесе  тежегіштің  тоқтауынан  кейін  қарама  –  қарсы  жүйке 
үрдістерінің пайда болуымен сипатталады.  
 
 
 
 
 
Индукция өз көріністеріне қарай иррадиацияға қарама – қарсы болып келеді. 
Егер  иррадиация  бір  мағыналы  үрдістерді  таратудан  тұрса,  ал  индукция, 
керісінше,  қарама  –  қарсы  сипатта  әсер  туғызады  және  иррадиацияны  шектейді. 
Ол жүйке үрдістерінің концентрациясына  ықпал тигізеді.   
 
 
 
Ми  қыртыстарының  жасушаларының  қоздыру  жағдайынан  тежелуге  өтуі 
бірнеше өтпелі фазалардан тұрады.  Оларды И.П. Павлов гипнотикалық фаза деп 
атаған.  Бұл  фазалар  өзінің  пайда  болу  сипатына  қарай  қоздырудан  тежелуге  өту 
кезіндегі 
перифериялық 
жүйкелерде 
туындайтын 
Н.Е. 
Введенскийдің 
парабиотикалық  фазаларына  ұқсас  болып  келеді.  Қалыпты  жағдайларда  шартты 
рефлекстің үлкендігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты.  Қоздырудан тежелуге 
өту  кезінде  ең  алдымен  теңдестіруші  фаза  туындайды.    Ол  әлсіз 
тітіркендіргіштерге  де,  күшті  тітіркендіргіштерге  де  шартты  реакция  бірдей 

 
69 
 
болуымен  сипатталады.    Қабыршақтың    тежелу  жағдайының  тереңдеуінен  
теңдестіруші фазаның келесі – парадоксті фазаға өткенін байқауға болады.  Әлсіз 
тітіркендіргіштер    күшті  тітіркендіргіштерге  қарағанда  көп  мөлшерде  шартты 
рефлексті  тудырады.    Тежелудің    одан  әрі  күшеюі  нәтижесінде  барлық  оң 
нәтижелі  тітіркендіргіштерге  шартты  рефлекстер  мүлдем  жойылады,  тежегіш 
шартты тітіркендіргіштердің әсері оң нәтиже бере бастайды. Бұл фаза түрі үлкен 
ми  сыңарларында  ғана  байқалады.  Оны  ультрапарадоксті  фаза  деп  атайды. 
Ақырында, толық тежелу формасы пайда болады және барлық тітіркендіргіштерге 
шартты рефлекстер жоғалады.  
Бас ми қабығының аналитико – синтетикалық қызметі. Жануарлар өмір 
сүру  барысында  шартсыз рефлекстердің  негізінде  көптеген  шартты  рефлекстерді 
тудырады  және  басқа  да  шартты  тітіркендіргіштермен  байланысады.  Осыған 
қарамастан  шартты  тітіркендіргіштер  (сигналдар)  қоршаған  ортаның  жеке 
элементі  ретінде  болады,  немесе  тиісті  элементтерден  әр  түрлі  күрделі 
комплекстерді  ұсына  алады.    Бұл  белгілер  әр  түрлі  сезімдік  ағзаларға  қоршаған 
ортаның температурасының өзгеруін, жарықты, формасын, зарттардың қозғалысы 
мен  қашықтығын,  әр  түрлі  дыбыстарды  және  т.б.  жеткізіп  отырады.  
Анализаторлардың  перифериялық  бөлімдері  –  рецепторлармен  шақырылған 
барлық айтылған тітіркендіргіштер  ортаға тартқыш нейрондар арқылы үлкен ми 
сыңарларының  қабықтарына  жеткізіледі,  олар  келіп  түскен  белгілерден  жеке 
элементтерді  ажырата  алу  қасиетіне,  оларды  бір  –  бірінен  ажыратуға,  тиісінше 
талдау  жасау  қабілетіне  ие  болып  табылады.      Барлық  қабылданған  белгілердің 
ішінен  жануарлар  тек  қана,  ағзаның  белгілі  бір  функциясына  қатысы  барларын 
ғана таңдап алады: азықты іздеуде, ағзаның бүтіндігін сақтауда, көбеюге және т.б. 
Осы  тітіркендіргіштерге  жауап  ретінде  тиісті  эффекторлы  ағзаларға  (  қозғалғыш 
немесе секреторлы) импульстар беріледі.  
 
 
 
 
 
 
Бас ми қабығы бөлек тітіркендіргіштерді бір бүтін етіп біріктіре алады, яғни 

 
70 
 
синтездеу  қасиетіне  ие.Демек,  шартты  рефлекторлы  қызметтің  пайда  болу 
үрдісінде тітіркендіргіштердің талдауымен қоса, ішкі және сыртқы ортадан түскен 
синтездеуі де жүзеге асады.    
 
 
 
 
 
 
Рецепторлық  аппараттағы  талдау  және  синтездеу  үрдістерін  тудырған 
тітіркендіргіштердің  қабылдауы  ағзаның  тиісті  реакцияларын,  ең  бастысы 
шартсыз  рефлекторлық  реакцияларын    қамтамасыз  етеді.  Анализаторлардың 
перифериялық  ұштарымен  жүзеге  асатын  талдау  мен  синтез,  қарапайым  талдау 
және синтез деп аталады. Бірақ рецепторлардағы қоздырушы талдау мен синтездің 
күрделі  түрлері  өтетін  анализаторлардың орталық  қабыршақты  ұштарына  түседі. 
Шартты  рефлекстің  пайда  болу  полроцесіндегі  қоздырушы  басқа  қабыршақтың 
көптеген    қоздырушы  ошақтарымен  байланысады  және  олар  көптеген 
тітіркендіргіштерді 
бір 
бүтінге 
қосуға 
мүмкіндік 
береді, 
қарпайым 
тітіркендіргіштерді  ажыратуда  да  маңызы  зор.  Анализаторлардың  қабыршақты 
ұштарымен  жүзеге  асатын  талдау  мен  синтез  жоғарғы  талдау  мен  синтез  деп 
аталады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Қабыршақтың аналитикалық міндетінің негізінде тежелу үрдісі жатыр, олар 
қоздырушының  иррадиациясын  шектейді.  Қабылданатын  тітіркендіргіштерінің 
талдауының  нәтижесінде  олардың  дифференциациясы,  яғни  жіктелуі    болуы 
мүмкін. Жануарлар тек әр түрлі анализаторларға бағытталған тітіркендіргіштерді 
ғана  жіктемейді,  сонымен  қоса  егер  тітіркендіргіштер  сапасы  мен  саны  жағынан 
бір – бірінен ажыратылса да дифференциациялайды.  
 
 
 
Қоршаған 
ортада 
оның 
жеке 
элементтерінің 
(тітіркендіргіштер) 
биологиялық  мәні  және  тиісті  элементтердің  басқаларымен  байланысы  ұдайы 
өзгеріп отырады. Осыған байланысты бас ми қыртысында ылғи талдау мен синтез 
арасындағы ара қатынасы өзгеріп отырады.  Екі үрдіс те ұдайы өзара әрекеттеседі, 
сондықтан  оларды  бүтін  аналитико  –  синтетикалық  үрдісі  деп,  бас  ми 
қыртысының  аналитико  –  синтетикалық  қызметі  ретінде  қарастырады.

 
71 
 
 
Қабыршақтың  синтетикалық  қызметі  тітіркендіргіштердің  комплексіне 
шартты  рефлекстердің  және  екінші  және  одан  да  жоғары  дәрежедегі  шартты 
рефлекстердің    пайда  болуын    қамтамасыз  етеді.  Соңғы  нәтижесінде  иттердің 
үлкен  ми  сыңарларында  ұдайы  әр  түрлі  дәрежеде  оларға  әсер  ететін 
тітіркендіргіштердің  талдауын  мен  синтездеуін  қарапайым,  нақты  ойлау  деп 
атауға болады. Бұл ойлау, осылайша, қоршаған орта мен  ағзаның тепе – теңдігін 
қамтамасыз ететін бейімделуді тудырады.   
 
 
 
Динамикалық стереотип.   Қоршаған  ортаның  ағзаға  әсері  әдетте  белгілі 
бір ретпен орындалатын тітіркендіргіштердің  кешенімен жүзеге асатын.  Көп рет 
қайталана,  мұндай  тітіркендіргіштердің  стереотипті  комплексі    үлке  ми 
сыңарларының қабығында қоздырушы мен тежелудің  нақты ретпен орындалатын 
ошақтарының бір үлкен жиынтығын құрайды.   Олай болса, тітіркендіргіштердің 
стереотипті әсері  үлкен ми сыңарларының қабаттарының қызметінде жүйеліліктің 
немесе  И.П.  Павлов  айтқандай  динамикалық  стереотиптің  пайда  болуына  әкеп 
соғады.   Жануарлар бір тітіркендіргіштер жүйесіне, нақты бекітілген қызметімен  
бірдей  жауап  қайтарады.  Мысал  ретінде  мынадай  фактіні  келтіруге  болады. 
Қызметтегі  иттердің  тәжірибесіз  жаттықтырушылары  кейде  түсіне  алмай  қалып 
жатады:  «отыр»  бұйрығы  берілгеннен  кейін  ит  отырады,кейін  өз  бетімен  жатып 
және кедергілерден секіріп жатады. Бұл жаттықтырушының бұйрығы бірнеше рет 
осындай ретпен берілген, нәтижесінде динамикалық стереотип пайда болады және 
ең  алғашқы  берілген  бұйрық  иттің  барлық  іс  -  әрекетінің  белгісі  ретінде 
қалыптасуымен  түсіндіріледі.  Жаттықтырушы  бұйырған  басқа  да  нұсқаулары 
бірден  қалыптасқан  стереотипті  бұза  алмайды,  тек  иттің  ақырындап  кез  келген 
ретте жеке нұсқауларға дұрыс жауап қайтара бастайды.    
 
 
 
 
Динамикалық  стереотиптің  пайда  болуы  қабыршақтың  синтездеуші  
қызметінің  нәтижесі  болып  табылады  және  өзімен    жүйке  жүйесі  үшін  қиын 
тапсырманы  ұсынады.  Бірақ  егер  стереотип  орнатылса,  жануар  үшін  оны  қолдау 

 
72 
 
қиындық  тудырмайды,  стереотипті  бұзу  немесе  қайта  өзгерту  бұл  жерде  қиынға 
соғады.    Бір  нәрсені  қайта  оқыту,  яғни  қалыптасқан  стереотипті  бұзып  жаңадан 
құру  қайтадан  үйренуге  қарағанда  әлдеқайда  қиынырақ  болады.    Кейбір 
жағдайларда  берік динамикалық стереотипті қайта қайта қалыпқа келтіруі мүмкін 
және ол жануарларда жоғарғы жүйке қызметінің қалыптан ауытқуына әкеп соғуы 
мүмкін. Сондықтан жас жануарлармен жұмыс істегенде ұстаудың және жұмыстың 
білгілі  бір  орнатылған  тәртіпке  үйрету  кезінде  барлық  бұйрықтардың  дұрыс 
орындалуын  қадағалау  қажет,  өйткені  жануарлардың  тәжірибеде  қолданылуын 
қиындатып, олардың ауыл шаруашылығында сапасын төмендетуі мүмкін.    
 
Ұйқы және гипноз.   Бас  ми  қыртыстарының  жасушаларының  үздіксіз 
жұмыс істеуі олардың шаршауы мен әлсіреуіне әкеп соғады. Ұйқы қабыршақтың 
жасушаларын  әлсіреуден  қорғайды  және  қайта  қалпына  келтіруге  жағдай 
жасайды. Ұйқы, немесе тыныштық күйі, уақыт өте барлық тірі ағзаларда қызметін 
атқарады.  Бұл  тірі  табиғаттың  әмбебап  құбылысы  болып  табылады,  ол  орталық 
жүйке  жүйесі  жоқ  жоғарғы  сатыдағы  жануарларда  ғана  емес,  төменгі  сатыдағы 
жануарларда да кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
И.П.  Павлов  иттерге  шартты  рефлекс  әдісімен  тәжірибе  жүргізе  отырып, 
ішкі  тежелудің  дамуы  жануарлардың  әлсіреуін  және  ұйқышылдығын 
тудыратынын дәлелдеді. Кей кезде иттер дифференциялаудың өңделуінде немесе 
тежеуіш  тітіркендіргіштерді  көп  қолданған  жағдайда  ұйқыға  кеткен.  Осылайша, 
И.П.  Павловтың  айтуынша  ұйқы  мен  тежелу    бірдей  үрдіс  болып  табылады.  Бас 
ми  қыртысының  жұмыс  істеуші  жасушаларында  шаршаудың  шекті  дәрежесінен 
асқанда  осы  жасушалардың  жұмысын  тоқтататын  тежелу  үрдісі  басталады.  Бұл 
тежелу  бартық  қабыршақты  сонымен  қатар  қабат  аралық  орталықтарды  қамтып 
иррадиациялайды,  нәтижесінде  жүйке жасушаларының  жаңа  сапалы  күйі  – ұйқы 
қалыптасады.  Ұйқы  барысында  сезімдік  ағзалардың  қоздыру  әрекеті  төмендейді, 
тыныс  алу  мен  тамырдың  соғуы  баяулайды,  ас  қорыту  бездерінің  жұмысы 

 
73 
 
төмендейді және т.б.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
И.П.  Павловтың  айтуынша,  ұйқы  жүйке  жасушаларының  әрекетсіз  күйі 
емес,  керісінше  сергек  кезіндегі  жұмыс  істеу  қабілеттілігін  қайта  құру 
мақсатындағы  нейрондардың  зат  алмасуын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  үрдіс 
болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үлкен  ми  сыңарларында  ұдайы  қоздыру  мен  тежелу  ошақтары  болады. 
Ұйқы  барысында  ішкі  және  сыртқы  ортадан  таралатын  тітіркендіргіштер 
төмендейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас  ми  қабыршақтары  жасушаларының  тежелуі  оларды  бұзылулардан 
сақтап, жұмыс істеу барысында жұмсалған заттардың қайта құрылуына әсер етеді. 
Ұйқы барысында бас миының электрлік белсенділігі өзгереді. Сергектік жағдайы 
бета-ритмдері  бар  энцефалограмманың  болуымен  сипатталады,  ал  ұйқы 
барысында  тежелуге  апаратын  дельта-толқындары  (баяу  толқындар)  әсер  ете 
бастайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйқының дамуында қыртыс асты түзінділерінің де маңызы зор. Сергектену 
кезінде  ретикулярлы  формацияның  спецификалық  емес  қоздыру  әсерлері 
қабыршақтың жасушаларының белсенділігін арттырып, ұйқының дамуына кедергі 
келтіреді.  Егер  белсенді  әсерлерді  жойып  немесе  алып  тастаса,  ұйқы  үрдісі 
дамиды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
П.К.  Анохиннің  концепциясы  бойынша,  ұйқы  дамуының  бастапқы 
сатысында  қабыршақтағы  тежелу  гипоталамикалық  «ұйқы  орталықтарынан» 
қабыршақ 
жасушаларының 
ұстаушы 
әсерін 
жояды: 
гипоталамикалық 
орталықтардың белсенділігі  артып,  ми  бағанасының басқа  бөлімдеріне  таралады, 
үлкен ми сыңарларының белсенділігін арттыратын ортаға тартқыш импульстарды 
таламус  деңгейіде  тұйықтайды.  Осыдан  қабыршақ  тонусы  төмендейді  де  терең 
ұйқы дамиды.  Белсенді үрдіс ретінде басталған ұйқы бейтарап күйге енеді. Олай 
болса,  сергектік  күйі  мен  ұйқының  алмасуы,  ұйқының  тереңдеуі  қабыршақтың, 

 
74 
 
гипоталамус пен таламоретикулярлы жүйелердің  өзара күрделі ара қатынасының 
нәтижесінде жүзеге асады.   
 
 
 
 
 
 
Электроэнцефалограммалық  зерттеулердің  нәтижесінде  ұйқының  екі  түрі 
ажыратылған.Олардың біреуі мидың электрлі белсенділігінің баяу толқындарымен 
(тета- және дельта-толқындар) сипатталады.  Ол баяу немесе ортодоксальды ұйқы 
деп  аталады.  Мұндай  ұйқы  барысында  тыныс  алу  мен  жүрек  соғысы  баяулайды 
және т.б. Бірақ түнде 4-5 рет баяу ұйқы жылдам немесе парадоксальды ұйқымен 
алмасады.    Электроэнцефалограммада  сергек  күйі  кезіндегідей  жылдам  төмен 
вольтты  толқындар  пайда  болады,  бірақ  ұйқы  тоқтатылмайды,  керісінше  терең 
ұйқыға  ауысады.  Мұндай  ұйқы  барысында  қаңқа  бұлшықеттерінің  тонусы 
төмендейді,  бірақ  вегетативті  үрдістер  жылдамдайды:  тыныс  алу  мен  жүрек 
соғысы  жиілейді,  қан  қысымы  жоғарылайды,  гормональды  белсенділік  артады.  
Парадоксальды ұйқы қысқа мерзімді болып келеді, жануарларда бар болғаны 3-4 
минутқа  ғана  созылады.  Кейін  қайтадан  50-80  минутқа  созылатын  баяу 
(ортодоксальды)  ұйқы  басталады.    Парадоксальды  ұйқы  кезінде  әр  түрлі 
сезімдерді,  галлюцинациялар,  түс  көруді  қабылдайтын  жағдайлар  жасалады; 
осыған  орай  жануарларда  аяқтарын,  құйрығын    қозғалту,  мұрттарының, 
құлақтарының қимылы байқалады.   
Ауыл  шаруашылық  жануарларда  – 
жылқылардың,  ірі  қара  мен  ұсақ  малдардың,  шошқалардың  орта  есеппен 
ұйқысының ұзақтығы күніне 5-7 сағатты құрайды. Күніне олар 7-8 рет ұйықтайды.  
Жылқылар тұып ұйықтай алады.Жаз мезгілінде табында олардың ұйқысының көп 
мөлшері  ыстық  түскі  уақытқа  келеді,  ал  қаста  атқораларында  –  түнгі  уақытта 
ұйықтайды.  Бір  табында  жылқылардың  бір  бөлігі  ғана  ұйықтайды,  ал  қалғаны 
сергек жүреді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ірі қара малдардың ұйқысыны уақытта болады. Ұйқы және қалғу барысында 
көптеген  вегетативті  функциялары  өзгереді:  тыныс  алу  мен  жүрек  соғысы 
жиілейді және т.б. Күйіс қайыратын малдардың қарынының жұмысы баяулайды. 

 
75 
 
Ересек  жануарлардың  парадоксальды  ұйқысы  (барлық  ұйқыдан  пайызбен 
өлшегенде):  иттерде  10-15,  шошқаларда  8-9,  күйіс  қайыратын  маладрда  Ъ-А 
созқылады.  Жас  малдардың  парадоксальды  ұйқысы  ұзағырақ  болады.  Мысалға, 
сегіз күндік қозылардың ұйқысы 16% құраса, он екі күндік қозыларда бір күндік 
ұйқының 3,7% ғана бөлігін  құрайды. 
 
 
 
 
 
Гипноз.Ұйқының  тәжірибе  жүзінде  зерттеу  И.П  Павловқа  гипноз 
құбылыстарына физиологиялық анықтама беруге мүмкіндік  берді. Гипнотикалық 
жағдайда үлкен ми сыңарларының көптеген бөлігі тұйықталған  жағдайда болады 
және  гипноздаушыдан  шығатын  тітіркендіргіштер  (сөздер,дене  қимылдары) 
қабыршақтың  белгілі  бір  аумақтарында  ғана  қатты  қоздыруды  тудырады.    Өзара 
әсерлескен индукция барысында тұйықталған бөлімдері  мұндау қоздыруды одан 
әрі  күшейтеді  және  теріс  индукция  нәтижесінде  қоздыру  ошағы  қабыршақтың 
басқа бөлімдерінде тежелуді күшейтеді.   
 
 
 
 
 
 
Осылайша,  гипноз  ішінара  ұйқы  болып  табылады,  яғни  үлкен  ми 
сыңаралрының  белгілі  бір  аумақтары  сергек  күйде  ал  қалғаны  терең  ұйқыда 
болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
Жануарлардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері 
Жануарлардың жоғарғы жүйке жұмысы әр түрлі тітіркендіргіштердің – ішкі 
және  сыртқы  ортадан  келіп  түскен  әсерлердің  туындауымен  қалыптасады. 
Жануарлар белгілі  бір  жағдайларда  ғана  талдау  мен  синтез  жасайды  және  нақты 
ойлауыдың бар болуымен ерекшеленеді.  
 
 
 
 
 
Мидың  осындай  жұмысын  жануарлар  мен  адамдарға  ортақ  болып  келетін 
болмыстың алғашқы сигналды жүйесі деп атауға болады   
 
 
 
Ми  қызметінің  адамдарға  ғана  тән  формасы  бар,  оны  И.П.  Павлов 
болмыстың  екінші  сигналды  жүйесі  деп  атаған.    Ол  ауызша  белгі  беруге 
негізделген.    Бұл  сөз  «сигналдардың  белгісі»  болып  табылады.  Жануарларда 

 
76 
 
реакция  тудыру  үшін,  оның  рецепторларына  ғана  әсер  ететін  физикалық  немесе 
химиялық сипаттағы белгілер қажет; адамдарда мұндай сигнал ретінде  басқалары 
секілді  шартты  тітіркендіргіш  болып  табылатын  оның  ауызша  мағынасы  болуы 
мүмкін.  И.П.  Павлов  адамдардабастапқы  сигналдардың  белгілері  –  айтылатын, 
естілетін  және  көрінетін  түрінде    екінші  дәрежелі  сигналдар    пайда  болды, 
дамыды  және одан әрі жетелдірілген деп жазған.Осылайша, адамдардың жоғарғы 
жүйке  қызметінің  ерекшелігі  ретінде  бастапқы    белгілердің  негізінде  құрылған 
екінші  дәрежелі  болмыстың  сигналды  жүйесі  болып  табылады.  Бірақ  бастапқы 
сигналды  жүйелері  қызметін  тоқтатқан  жоқ.  Бізде  сөздерді  түсінуге  арналған 
арнайы  рецепторлар  жоқ,  олар  басқа  дыбыстар  сияқты  есту  жасушаларымен 
қабылданады.  Осылай,  таныс  емес  шет  тілі  басқа  дыбыстар  сияқты  бастапқы 
сигналды жүйемен қабылданады,  тек оқып үйренгеннен кейін ғана, яғни түсінікті 
сөздерге айналғанда, бұл тіл тиісті есту жасушаларына әсер ете, екінші дәрежедегі 
сигналды жүйенің мағынасына енеді. Демек, сөздер өзінің дыбысымен емес, оған 
тиісті мағынасымен әсер етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
Екінші сигналды жүйе әлеуметтік бастамасымен пайда болады, ол адамдар 
мен  оны  қоршаған  әлеуметтік  орта  арасындағы  ара  қатынастың  нәтижесі  болып 
табылады.    Адамдарда  ауызша  сигнал  беру,  сөйлеу,  тіл  қатынасу  мен  ұжымдық 
жұмыстар барысында дамыған.  Басқа адамдармен  қатынаспаған  жағдайда  екінші 
дәрежелі  сигналды  жүйелер  дамымай  қалады.  Бірақ  дамудың  қаншалықты  биік 
сатысында  тұрған  жануар,  адам  тектес  маймыл  немесе,  піл,  жылқы  немесе  ит 
болсын  олар  күрделі  сөйлеу  тітіркендіргіштеріне  адекватты  түрде  әсер  ету 
жағдайында  болмайды.    Егер  жолда  кетіп  бара  жатқан  адам  жан  – 
жағындағылардан  тиісті  жерге  қалай  бару  керектігін  сұраса,  берілген  жауап 
арқылы керек жеріне жетеді.  Ал жануарлар болса жолды тек арнайы иістер, іс – 
қимылдар, дыбыстар және т. б. арқылы бастапқы сигналды жүйемен табады. 
 
Адамдардың  екінші  дәрежелі  сигналды  жүйесінің  бір  ерекшелігі  шартты 

 
77 
 
байланыстарды туындатудың жылдамдығы: кейде бір нәрсе туралы бір рет естіген 
немесе  оқыған  жеткілікті  болып  табылады  және  олар  ұзақ  уақытқа  ешқандай 
қайталанусыз  сақталады.  Екінші  дәрежелі  сигналды  жүйенің  негізі  адамдардың 
қоршаған ортаға жоғарғы бейімделуі туралы ғылымның дамуына ықпал етті.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет