Жануарлар этологиясы


Өмірлік көріністерінің өзгерістері



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
Өмірлік көріністерінің өзгерістері 
Жеке  түрлердің  барлық  өмірлік  көріністері  физиологиялық  функцияларға 
негізделеді.Өмірлік  көріністердің  кез  келген  түрі  сезу  ағзаларының  стимулдарды 
қабылдау,  осы  стимулдардың  жүйке  жүйесі  мен  қозғалғыш  ағзаларының  жауап 
қайтаратын жүйесінен тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
Жалпы  физиологиялық  механизмдерден  басқа,  әр  өмірлік  көріністер  өзінің  
спецификалық  физиологиясына  ие  болуы  мүмкін.  Олар  арнайы  жүйке 
талшықтарынан тарайтын ерекше ішкі импульстардан туындайды. 
 
 
Жабайы жануарларды этологиялық зерттеу барысында, жеке түрлері жылдар 
бойы мінезқұлықтыбасқаратын тәуліктік режимнің белгілі заңдылықтарымен және 
тиісті  дараның  әр  даму  сатысы  арқылы  ерекшеленетіні  анықталған.  Бұл 
заңдылықтар  барлық  жануарлар  үшін  бірдей  болып  табылады.  Жануарлардың 

 
15 
 
мінезқұлқы  белгілі  бір  ортадағы  тәуліктік  режимін  шектемейді.  Жануар  және  ол 
өмір сүретін  қоршаған орта бір тұтас. Жануарлардың қоршаған ортаға деген көз 
қарасы өзгеріп тұрады, бірақ көп жағдайда динамикалық болып келеді. Қоршаған 
ортаның  өзгерісі  жануарлардың  өмірлік  тепе-теңдігін  бұзып,  айналасындағы 
өзгерістерге бейімделуін тудырады. Жануарлардың ағзаның физиологиялық және 
анатомиялық  ерекшеліктері  арқылы  қоршаған  ортаның  өзгерістеріне  бейімделу 
қабілеті  анықталады.  Жануарлардың  қарсы  тұру  қабілеті  олардың  түрлік,  типтік 
ерекшеліктеріне және көбінесе жануардың жасына байланысты болады.  
 
 
Бейімделу 
негізі 
тұқымына, 
жынысына, 
тұқым 
қуалаушылық 
комбинациясына және ағзаның дамуы мен қалыптасуына байланысты.  
 
 
Көптеген факторлардың бір уақытта әсер етуі. Әр түрлі факторлардың 
әсер етуі негізінде жүргізілген талдаулардан ерекше нәтежиілер алынды. Мысалы, 
жануарлардың  белсенділігіне  жарықтың,  уақыттың  және  азықтандыру 
шарттарының  әсер  етуі.  Егер  жануарларды  аз  азықтандырса,  онда  олардың 
белсенділігі  азық  беру  уақытымен  анықталады  және  шешуші  әсері    ретінде 
ағзаның  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайтын  факторлар  пайда  болады.  Егер 
азық  жеткілікті  болатын  болса,  онда  азықтандыру  уақыты  жануаралардың 
белсенділігіне  әсер  етпейді.  Бұл  тышқандарға  қойылған  тәжірибелерде  жақсы 
дәлелденген.  
 
 
Инстинктивті мінезқылық 
Инстинктивті  мінезқылық  жануарлардың  өмірлік  функцияларының  негізі. 
Инстинктивті  мінезқұлық  пен  үйрену  өзара  жеке  жүйе  емес,  олар  тек  бірлесіп 
біріккен  мінезқылық  актін  құрайды.  Бірақ,  инстинктивті  мінезқылық  пен  үйрену 
талдауға арналған жасанды келісімдер дегенді білдірмейді. Мұнда оның бөлімдері 
ғана шартты болып табылады, ал осы компоненттері оның ажыратылатын өмірлік 
функцияларымен қолданылады. 
 
 
 
 
 
 

 
16 
 
 
Қазіргі  заманғы  ғылыми  зерттеулер  бойынша  «инстинкт»  ұғымының 
тұрақты  анықтамасы  жоқ.  Туа  біткен  тұқым  қуалаушы  «инстинктивті  мінез- 
қылық»  әр  түрлі  инстинктті  іс  –  әрекеттер  мен  актілерден  тұрады.  Олар  өз 
кезегінде  жеке  инстинктті  іс  –  әрекеттерден  тұрады  (  дыбыс,  кеңістікте  өзін 
ұстауы  және  т.б.).  Бұл  терминдердің  анықтамасы  жануарлардың  мінезқылқының 
этологиялық  талдауын  жасау  үшін  қажет.  Біз  мінезқылықты  жануарлардың 
ағзасының  «жұмыс  істеуші»  сыртқы  ағзаларының  функцияларының  жиынтығы 
деп  айтқанда,  ол  функцияларды  ажырата  білуіміз  керек.  Бұл  екеуі  де  инстинктті 
түрде  өтеді.  Үйрену  арқылы  бұл  функциялардың  тек  бағыты  өзгереді.  Яғни, 
үйрену  арқылы  генетикалық  құрылған  жануарлардың  мүшелерінің  функциясын 
өзгерту мүмкін емес.Экзосоматикалық ағзалардың функцияларын морфологиялық 
ерекшеліктер  айқындайды,  яғни  әр  жануардың  өзіне  тән  морфофункционалды 
жүйелері  болады.  Бірақ  инстинктивті  іс  –әрекет  белгілі  бір  жағдайда  үйрету 
әдістерімен  бірге  қолданылмайды.  Бұл  айтылғандар  мінезқұлықтың  құрылымы, 
құрылысы,  функциясы  мен  іс-әрекеті  дегенді  білдіреді.  Мінезқылықтың 
биологиялық  шарттылығы,  әсіресе  филогенетикалық  тұрғыдан  алғандағы  
морфологиялық  шарттылығын  эволюция  барысында  мінезқылық  актілерінің 
дұрыс  орындалуына  қажетті  морфологиялық  белгілерінің  қалыптасуын 
айқындады.  Бірақ  нақты  эволюциялық  үрдістер  нәтижесінде  пайда  болған 
инстинктті іс-әрекеттер туралы айтқанда, арнайы морфологиялық құрылымдармен 
анықталатын 
мінезқылықтың  орындалу 
формасы 
мен 
морфологиялық 
туындылардың  функцияларын  да  ескеру  керек.  Анығында,  әр  жануар  өзіне  тән 
арнайы ішкі ағзаларының сол функцияны орындауға арналған құрылымы арқылы 
ғана орын ауыстырады, азық қабылдайды және т.б.   
 
Жануарлардың ағзасы  сыртқы белсенділікпен білінетін өмір әрекеті әр түрлі 
инстинктивті  іс-әрекеттер  мен  реакциялардан  (  термикалық,  электрлік,  түсінің 
өзгеруі, секреттердің бөлінуі және т.б.) тұрады.Бұл реакцияларда жануардың өмірі  

 
17 
 
іс-әрекеттің  басты  бейнесі  болып  табылады.  Олар    жануарларды  ағзасының 
өмірлік функцияларын, зат алмасу үрдісін, көбеюін қамтамасыз етеді. 
Инстинктивті мінезқылықтың ішкі факторлары. Инстинкт және үйрену 
мәселесі мінезқылық мотивациясының ішкі және сыртқы факторларының 
мәселесіне тікелей байланысты. 
Инстинктивті әрекет ішкі, сонымен бірге жасырын себептермен анықталады 
деп ұзақ уақыт есептілінде, сол уақыттарда дара үйрену ретінде ішкі реттегіштерге 
байланысты болды.  
Декарт  заманында  аса  дамыған  механикалық  тәсілдерді  мінезқылықтың 
қозғалмалы ішкі факторлары мойындады.  
Қазіргі  уақытта,  мотивация,  инстинктивті  мінезқылықтың  жылжымалы 
күштері,  мінезқылықтың  өзі  туралы  біз  не  білеміз?  Ең  алдымен,  осыған 
байланысты  күрделі  физиологиялық  үрдістерге  сүйенбей-ақ,  қандай  да  болсын 
мінезқылықтық актіге біріншілік түрткі беретін ішкі факторларға тоқталамыз. 
Жануар  ағзасының  ішкі  ортасы  ассимиляция  және  диссимиляцияның 
тоқтаусыз үрдістеріне  қарамастан, үздіксіз жаңарып  отырады, бұл  орталар өзінің 
физиологиясын  өзгертпейді.  Ішкі  ортаның  тұрақтылығы  –  ағзаның  өміршеңділігі 
үшін  қажетті  жағыдайлар  туғызады.  Тек  осы  кезде  ғана,  қажетті  биохимиялық 
және  физиологиялық  үрдістер  жүзеге  асырылады,  тіпті  қалыптан  азғантай  ғана 
ауытқу  интерорецепторлар  жүйесімен  қабылданады,  өзіндік  реттеудің 
физиологиялық  механизмінің  әрекетіне  алып  келеді,  соның  нәтежиісінде  осы 
бұзылулар жойылады. 
Кеңес  физиологы  академик  П.К.Анохин  өзіндік  реттеудің  осындай 
механизмі  деп  қайтымды  байланыстардың  қағидаттары  арқылы  функцияланатын 
(қайтымды афферентация) және функциональді жүйе ретінде білдірілетін күрделі 
динамикалық құрылыстарды есептеді.  

 
18 
 
Ішкі  ортаның  тұрақтылығы  ағзаның  ішкі  үрдістерінің  өзінен  –  өзі  қалпына 
келетін теңдестігіне негізделген. Осы үрдістердің маңызды ерекшелігі, олар ырғақ 
формасында  жүзеге  асады,  олар  өзіндік  реттеу  жүйесінде  құрылады.  Осы 
ырғақтардың  жылжуы  кезінде  кеңес  зоопсихологы  В.М.Боровский  30-шы 
жылдары,  тәртіптің  біріншілік  мотивациясын  қарастырған.  Инстинктивті  мінез  – 
қылықтың  идеалистік  түсінігіне  қарсы  түсе  отырып,  ол  осы  тәртіптің 
мотивациясын  көрсетті,  яғни  талаптану  немесе  бейімделу  деп  атау  қалыптасқан. 
Ішкі талпыныс – барлық физиологиялық үрдістер ырғақтарының корреляциялану 
жағыдайларында  тиімдірек  жағына  қарай,  ағзадағы  физиологиялық  ырғақтарды 
коррелциялаудың алға басуы болып табылады. 
Ішкі  тепе-теңдіктің  тұрақты  қалыптасуы  кезінде,  орыс  ғалымы  Боровский 
ағзаның  өміршеңділік  негізін  қарастырған.  Оның  айтуынша,  мінезқылық 
мотивациясының  негізі  мен  бірінші  себептері  ағзаның  өміршеңділігін 
қамтаммасыз  ететін  ішкі  ырғақтардың  бұзылу,  физиологиялық  функциялардың 
қалыпты  деңгейінен  біршама  ұзақ  уақыт  ауытқуы  болып  табылады.  Осы  алға 
басулар,  мінезқылық  бағытталған  қанағаттанарлыққа  қажеттіліктің  пайда 
болуында байқалады. 
Мінезқылықтың ішкі мотивациясы үшін бірінші дәрежелі маңызы – орталық 
жүйке жүйесінде жүріп жатқан, ырғақты үрдістер болып табылады.  
Омыртқасыздардың омыртқалы және құрсақ жүйке құрылысыныдағы оның 
бағаналық  бөлігінің  өзіндік  ырғағы  ең  алдымен  бағдарды  қамтаммасыз  етеді. 
Қазіргі  кезде,  автономды,  өздігінен  қозатын  ауытқулы  үрдістер  белгілі  (ішкі 
немесе биологиялық сағаттар), олар ағзаның өміршеңдігінің жалпы ырғақтылығын 
реттейді,  бұл  мінезқылық  жағынан  жануарлардың  ішкі  белсенділігінің  кезеңдік 
ауытқуын  білдіреді.  Ырғақты  қайталанатын  әрекеттердің  бастауы  мен  аяқталуы  
космостық уақытпен үйлестіріген «ішкі сағат» ырғағымен анықталады. Маңызды 
түзетулер  мен  өзгерістер  мінезқылықтық  ырғаққа,  көп  түрлі  ортаның  маңызды 

 
19 
 
биологиялық  факторларымын  енгізіледі,  бірақ  инстинктивті  мінезқылықтың 
жалпы  «арқауы»  шамамен  тәулікке  жақын  кезеңдегі  өзідігінен  қозатын  ауытқу 
үрдістерімен анықталады (тәулік шамасындағы ырғақ, «циркадты» ырғақ). 
Бұл ырғақ қалыпты жағыдайда жердің өз осьінен айналуымен анықталатын 
қоршаған  ортадағы  табиғи  өзгерістермен  үйлестірілген:  бір  тәулік  ішінде. 
Сонымен  қатар,  жануарды  толық  оқшаулаудың  жасанды  жағыдайларында, 
қалыпты  жағыдайлардағы  мерзімдердегі  секілді  белсенділік  формасының 
қарапайым ауысымын бақылауға болады. 
Жануарлар  мінезқылығында  циркадты  ырғақтан  басқа,  бір  күн  ішінде 
бірнеше  рет  қайталанатын  қысқа  мерзімді  ырғақтар  байқалады.  Неміс  этологы, 
В.Шлейд  күрке  тауықтың  қытқылдауының  кезең  сайын  қайталануы  құстың 
сыртқы  әлемнен,  тіпті  естуінен  айырылып,  оқшаулануы  кезінде  толық 
заңдылықпен  қайталанатынын  анықтады.  Әрине,  ішкі  ырғақтардың  қалыпты 
жағыдайларда  өтуі  сыртқы  әсерлердің  (есту,  көру  және  басқада  реттегіштер, 
метеорологиялық  факторлар  және  т.б.)  әсерінен  өзгереді,  сондай-ақ,  жануардың 
жалпы физиологиялық факторына байланысты болады. 
Жануардың  кеңістікте  бағдарлануы  үшін  «ішкі  сағаттар»  қажет.  Осыған 
мысал ретінде құстың ұшуы кезіндегі бағдарлануын айтуға болады. Мысалы, күн 
секілді астрономиялық бағдарын нұсқау етіп, құстар өздерінің жағыдайларын күні 
бойы  көк  аспанда  болатынын  ескерулері  қажет,  ол  циркадты  ырғақ  фазасымен 
күннің жағыдайы туралы қабылданатын салыстыру жолымен жүзеге асады. 
Шлейдтің  жүргізілген  эксперименті,  жүйке  жүйесіндегі  эндогенді 
үрдістердің  белгілі  бір  инстинктивті  қозғалыстарды  қамтаммасыз  етуге  қабілетті 
екендігін  көрсетеді.  Мысалы,  неміс  нейрофизиологы  Э.Хольст  тауықтың  бас 
миының  бағаналық  бөлігінде  әр  функционалдық  маңызы  бар  типті  инстинктивті 
қозғалыстарды  тудыратын  активация  (электрлік  токпен  жүргізген  эксперименті) 
аймақтарының қатарын анықтады. Осыған байланысты, нығайған күшпен мидың 

 
20 
 
сол  аумақтарын  тітіркендірген  кезде,  табиғи  реттілікпен  бір  инстинктивті  әрекет 
басқасымен алмасады. Нәтежиісінде белгілі бір биологиялық маңызды жағыдайда 
тауықтармен  орындалатын  түрлік  типті  тізбек  қалыптасты.  Бұл  кездегі  қозғалыс 
реакцияларының  орындалуы  ғана  емес,  сондай-ақ,  олардың  пайда  болуының 
реттілігі  де  тауықтың  табиғи  мінезқұлығына  сәйкес  келеді:  алғашынды  сәл 
тынышсызданды, кейін көтеріліп, тынышсыздығы ұлғайды және ақырында ұшып 
кетті.  Осының  барлығы  қандай  да  бір  дәлме  –  дәл  сыртқы  тітіркендіргіштердің 
қатысуынсыз  жүзеге  асты.  Осыны  ескере  отырып,  эндргенді  негізден  аса  жеке 
инстинктивті  қозғалыстар  ғана  емес,  сонымен  қатар  инстинктивті  әрекет 
қозғалыстарының  толық  жүйесі  орындалуы  мүмкін  екенін  байқауға  болады. 
Әрине,  табиғи  жағыдайларда  түрлік  типті,  туа  біткен  әрекеттердің  осындай 
жүйелері  сыртқы,  экзогенді  агенттердің  әсерінен  қосылады.  Ол  біздің 
мысалымызда  қабылданған  экстрарецепторлармен  жауының  жақындау  әрекеті 
ретінде  келтірілген.  Осы  жағыдайда  оның  ақырындап  жақындауы  ми 
құрылысының  сәйкес  аумақтарының  тітіркенуінің  күшейуін  тудырады.  Ол 
эксперимент кезінде электр тогының әсерімен жасанды түрде орындалды. 
Олай болса, мінезқылық өзінің негізінде ішкі, сондай-ақ ұйымдасқан болып 
табылады.  Ол  биологиялық  өзіндік  реттеу  жүйесіне  негізделеді,  ағзаның  басқада 
функцияларын  анықтайтын  түрдің  генетикалық  қорына  сақталады.  Осының 
нәтежиісінде  жануар  өміршеңділігінің  барлық  формаларының  бірлігі  пайда 
болады. 
Инстинктивті  мінезқылықтың  сыртқы  факторлары.  Сыртқы  ортадан 
туындайтын  тәуелсіз  мінезқылықтың  ішкі  факторларының  автономдылығы 
туралы  айтқан  кезде,  осы  тәуелсіздік  тек  қана  қатыстық  болып  табылатынын 
ескерген.  Хольстың  келтірген  тәжірибелерінде  белсенділік  өзінен  –  өзі  пайда 
болмайтыны көрінеді: орталық жүйке жүйесіндегі кездей соқ үрдістердің маңызы 
өмірлік маңызды жағыдайлардың туындауына тән алғышарттардан тұрады («неде 

 
21 
 
болмаса  –  барлығы  дайын»).  Нәтежиісінде  жануарлар  бірінші  сигнал  кезінде 
жоғары  таныммен  қоршаған  ортаның  өзгерісіне  әрекеттесуге  қабілеттілігін 
арттырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сыртқы  инстинкті  факторларға  негізгі  тітіркендіргіштер  жатады.  Негізгі 
тітіркендіргіштер  –  яғни  сыртқы  тітіркендіргіштің  организмге  әсері  және 
инстинкті  мінезқылықты  тудыруы.  Өзінің  әртүрлілігі  мен  және  өзіне  тән 
ерекшеліктерімен дағдыланады. Негізгі тітіркендіргіштердің түрлері: 
-  физикалық  (көлемі,  түр  түсі,  иісі)  және  химиялық  (кеңістік  қарым-
қатынастар, стимулдардың векторлары) мыс: аралардың векторлық қозғалысы
-  қимыл  қозғалысқа  келтіруші  яғни  қимыл  қозғалыстың  белгі  түрі 
қалыптасады; 
-  бағыттаушы  белгілі  бір  реакцияға  байланысты  пайда  болатын 
тітіркендіргіштер; 
- әрекетке келтіруші яғни жүйке орталықтарының табалдырығын алдына-ала 
төмендететін тітіркендіргіштер. 
Негізгі  тітіркендіргіштер  сондай-ақ  көптеген  заттың  қасиетін  білдіреді. 
Жануарларда  оптималды  тітіркендіргіштер  де  болады.  Олар  жануарлардағы  тән 
реакцияларды  тудырады.  Мысал  ретінде  Н.Тинберген  анасының  тұмсығындағы 
қызыл  даққа  құстың  баласының  реакциясын  келтіредіТуа  біткен  бастаушы 
механизмдер  үшін  сыртқы  стимулдарға  жауап  қайтарудың  таңдамалығы  тән 
қасиет  болып  табылады:  олар    тек  қана,  биологиялық  толыққанды  реакцияны 
туыдыруы  мүмкін  болатын,  тітіркендіргіштердің  белгілі  бір  комбинацияларына 
ғана тоқталады.  
Басқаша  айтқанда,  сенсорлы  өрісте  басқаша  сүзгіш  функция  болады,  ола 
арнайы бейімделу алдындағы «дайындылықпен» байқалады. Сонымен, туа біткен 
бастаушы  механизмдердің  арқасында  мінезқылықтың  ішкі  мотивациясы  сыртқа 

 
22 
 
шығады, яғни биологиялық маңызды жағыдайларда тәжірибе жасамай-ақ, даралар 
мен түрлерді сақтауға мүмкіндік туындайды. 
Осы айтылғандарды қортындылай келе, туа біткен бастаушы механизм деп 
«бастаушы  жағыдай»  қатынасы  бойынша  дәлме  –  дәл  мінездік  актілерді 
қамтаммасыз 
ететін 
нейросенсорлы 
жүйелердің 
жиынтығын 
айтуға 
болады:спецификалық  тітіркендіргіштерді  қабылдау  үшін  анализаторларды 
баптау,  сәйкес  тітіркенулер  мен  жүйке  орталықтарының  тежелуінің  (немесе 
белсенділенуі) интеграциясы. 
Өзінің 
жиынтығында 
бастаушы 
жағыдайды 
құрайтын 
сыртқы 
тітіркендіргіштер  қаншалықты  өзінің  туа  біткен  бастаушы  механизміне  сәйкес 
келгендіктен,  «кілтті  тітіркендіргіштер»  деген  атауға  ие  болды.  Кілтті 
тітіркендіргіштер  орта  компоненттерінің  мынандай  белгілері  болып  табылады: 
жануарлар  дара  тәжірибеге  тәуелсіз  әрекеттеседі.  Тауықтардың  сипатталған 
тәжірибесінде, бұл анықталған жалпы белгілер болады, олар оның жердегі барлық 
жауларына тән. 
Жануарлар  тасымалдайтын  кілтті  тітіркендіргіштер  жақсы  зерттелген.  Бұл 
тітіркендіргіштер  аса  қызығушылық  тудырады,  ол  жануарлармен  қарым-қатынас 
кезіндегі  бастапқы,  генетикалық  бекітілген  элемент  болып  табылады.  Мысалы, 
голландиялық зоолог Н.Тинбергеннің жүргізілген тәжірибелерінде шағалалардың 
азықтық реакциясы зерттелген. 
Табиғи  жағыдайларда  шағаланың  ашыққан  балапаны  ата-анасының  сары 
қанда  қызыл  дақтарды  шұқиды  және  де  соған  жауап  ретінде,  олар  балапанның 
ауызына азық салады.  Тәжірибеде жақсартылған моделдердің үлгілері көрсетілді. 
Бірінші  модель  кілтті  тітіркендіргіштерді  табиғи  тасымалдағыштардың  сыртқы 
бейнесіне  жаңғырды,  яғни,  сары  қабы  және  қызыл  дақты  үлкен  шағалалардың 
басы.  Одан  кейінгі  модельдерде  сынау  жолымен,  ақырындап  жеке  бөліктері 
жойылды және соның нәтежиісінде үлгілер құстың басына ұқсай батады. 

 
23 
 
Ақыр  аяғында  сопақша  дөңесі  бар  жазық  қызыл  зат  қана  қалды.  Бірақ  бұл 
зат  алғашқы  үлгіге  қарағанда,  балапандардың  күштірек  реакциясын  тудыруға 
қабілетті.  Егер,  бұл  үлгіні  жіңішке  қызы  ала  ақ  таяқшамен  ауыстыратын  болса, 
бұл реакция күшейе түсуі мүмкін. Осы мысалдағы кілтті тітіркендіргіш «қызыл» 
немесе «сопақша» болады. 
Тинбергтің торғайлардың он күндік балапандарына жүргізген тәжірибесінде 
кілтті  тітіркендіргіштердің  басқа  категориясы  анықталды  –  тасымалдаушы 
объектісі  бөлшектерінің  қатыстық  көлемі  және  өзара  орналасуы.  Үлгі  ретінде 
жазық  дискілер  қолданылды.  Егер  балапандарға  осындай  дөңгелекті  көрсететін 
болса,  олар  оның  биік  бөлігіне  қарай  ұмтылады  (құстың  басының  орналасқан 
жеріне).  Егер  үлкен  дөңгелекке  кішкентай  дөңгелекті  қоссағ  балапандар  оған 
ұмтылады.  Егер  үлкен  дөңгелекке  өлшемдері  әр  түрлі  екі  кішкентай  дөңгелекті 
қосатын  болса,  шешуші  мәнді  осы  пішіндердің  қатыстық  өлшеміне  байланысты 
таңдайды. Басының өлшемі денесінің өлшеміне сәйкес келмеуі керек: денесі үлкен 
болған кезде, балапандар үлкен қосымша дөңгелекке ұмтылады (басқа), кішкентай 
болса кішкентайына қарай ұмтылады. 
30-жылдары  Киево  көлінде  Г.А.Скребицкий  Т.И.Бибиковамен  бірге 
қызықты тәжірибелер жүргізді. Олар шағалалардың жұиыртқаға деген қатынасын 
зерттеді.  Жұмыртқа  бір  ұядан  екінші  ұяға  ауыстырылды,  басқа  түрлі,  жасанды 
жұмыртқаларға,  кейін  түсі,  пішіні  әр  түрлі  бөгде  заттарға  алмастырылды. 
Шағалалар  бөтен  жұмыртқаныда,  ағаштыда,  тастыда,  саздан  жсалған 
жұмыртқаныда, шыныныда баса беретін болып шықты және оларды баса бастады. 
Дәл  осындай  көріністер  ұяға  түрлі  түсті  шарлар,  тастар  немесе  картофелиндер 
салынғандада байқалды. Экспериментшілердің айтуы бойынша, осындай заттарға 
отыратын шағалалар өте шынайы бейнені көрсеткен, бірақ ең ғажайып ерекшелігі, 
ұяларынан  қуылған  шағалалар  қайтадан  қайтып  келеді  және  ұясына  отырудың 

 
24 
 
алдында  тұмсығымен  түрлі  –  түсті  шарларды,  тастарды  ұқыптылықпен 
дұрыстаған. 
Шағалалардың  ұясына  шеттері  қисық,  өзгеше  шаршы  тәрізді  заттарды 
салған кезде, құстардың мінезқылығы байқалатындай өзгерген. Ұяның бір жағына 
бір  жұмыртқадан  және  бір  бөгде  заттан  салынған  кезде,  құстар  ұясына  қайтадан 
жұмыртқалармен бірге тек қана пішіні жұмыртқаға ұқсас дөңгелек заттарды ғана 
жинады.  
Зерттеушілер шағалалардың жұмыртқаға деген оң көз қарасы оның бірнеше 
элементарлы  –  дөңгелектік,  томпақтықтардың  болуы  секілді  белгілермен 
анықталады  деген  тұжырымға  тоқталды.  Дәл  осы  белгілері  кілтті  тітіркендіргіш 
ретінде орындалды. 
Кілтті  тітіркендіргіштердің  маңызды  ерекшелігі  суммация  заңдылығына 
бағынады:  олардың  параметрлерінің  ұлғаюымен,  жануарлардың  инстинктивті 
реакциясы  күшейеді.  Экспериментальді  жағыдайларда,  бұл  «супер  оңтайлы» 
реакцияларға  әкелуі  мүмкін.  Бұл  кезде  жануарлар  қалыпқа  қарағанда  жасанды 
тітіркендіргіштерге  күштірек  әрекеттеседі.Біз  бұл  құбылыстармен  шағалалардың 
балапандарына жүргізген тәжірибеде кездескенбіз. Олар сол тәжірибеде нағыз тірі 
құстың тұмсығына емес, көлденең ала қызыл таяқшаларға көңіл аударға болатын. 
Бұл  жерлегі  суммация  қызыл  таңбалардың  бірнеше  реттілігінде  және  үлкен 
кереғарлығында өтеді. 
Супер  оңтайлы  реакциялардың  әсері  эксперимент  жағыдайларында 
жануарлың  биологиялық  абсурды  мінезін  тудыруы  мүмкін.  Мысалы,  егер, 
шағалаға  көлемі  әр  түрлі    жұмыртқыларды  ұсынған  кезде,  ол  ұясына  ірілерін 
тартып алады. Нәтежиісінде кілтті тітіркендіргіштердің супер оңтайлы белгілеріне 
ие  ірі  өлшемді  жұмыртқаның  ағаш  макетін  басу  үшін,  құс  өзінің  жұмыртқасын 
лақтырып жібереді. 

 
25 
 
Келтірілген  мысалдарда  көрсетілгендей,  жануарлардың  мінез  –  қылығына 
кілтті  түрткілер  оларды  белгілі  бір  инстинктивті  қозғалыстарды  орындауға 
мәжбүрлеп  әрекет  етеді.  Бұл  жануар  мінезіндегі  жұмбақ  кезеңдермен 
түсіндіріледі. 
Мысалы, біздің ғасырымыздың басында жануарлар психологиясы бойынша 
антропоморфологиялық  шығармалардың  авторларының  бірі  Т.Целл    ірі 
жыртқыштар қалыпты жағыдайларда кездескен адамдарына неге шабуылдамайды 
деген сұраққа жауап берді: арыстан адам болғандықтан емес, ол өзінің айқасуына 
күмән  тудырғандықтан  шабуылдамайды;  Егер  адамда  қару  болса,  арыстан  ол 
қандай қару деп ойлайды да, өз жолымен кетеді. 
Әрине арыстан басқада жыртқыштар секілді адамға шабулын осындай терең 
ойлармен  жүзеге  асырмайды.  Жыртқыш  аңдардың  адамдарға  деген  шешімі 
келесіге  тоқталады.  Қарыны  тоқ  жыртқыштар  өздері  қоректенетін  жануарлар 
қасында  тұрсада  оған  мән  бермейді.  Қарыны  аш  жыртқыштардың  өз  қоректерін 
іздеуі  және  оларды  аңдуы  жоғарыда  көрсетілген  сыртқы  стимулдар  –  кілтті 
тітіркендіргіштерге  сәйкес  ішкі  факторлармен  орындалады  (бірінші  себебі—
қоректік заттардың жетіспеуі салдарынан ағзаның ішкі ортасындағы теңдестіктің 
өзгеруі) 
Тіпті  ең  суыққанды  жыртқыш  кімге  болсын  және  қашан  болсын 
шабуылдауға ерікті емес. Бұл әрекеттер кілтті тітіркендіргіштермен және басқада 
мінез  –  құлықтық  актілермен  кеңістікте  және  уақыт  аралығында  бағдарланады. 
Басқа сөзбен айтқанда, жануар солай қалайма не болмаса қаламайма деген секілді. 
Егер  жануардың  ішкі  жағыдайы  белгілі  бір  сыртқы  бастапқы  жағыдайға  сәйкес 
келетін  болса,  онда  ол  түрлік  типті  мінездің  генетикалық  бекітілген  кодының 
жағыдайларындағы мәліметтер үшін өзін жабайы ұстауға тура келеді.  
Енді,  эволюция  үрдісінде  ағзаның  ішкі  ортасының  өзгеруі  нәтежиісінде 
тікелей  туындайтын  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  сыртқы  ортаның 

 
26 
 
тұрақты  компоненттеріне  бейімделу  туындайды.  Сыртқы  ортадан  аға  үшін 
маңызды компоненттерді іздеу, осы компоненттердің кілтті тітітркендіргіштерінің 
типтік белгілері бойынша бағдарлану жолымен жүзеге асырылады. 
Осы  бағдарлардың  нәтежиілері  нейросенсорлармен,  инстинктивті  мінездің 
генетикалық  бекітілген,  эндогенді  компоненттерін  қосатын  және  рефлекторлы 
әрекет  ететін  жүйелермен  (туа  біткен  бастаушы  механизмдермен)  жүзеге 
асырылады.  Олай  болса,  туа  біткен  бастаушы  механизмдер  «сыртқа»  қарай  әсер 
етіп белгілі бір сигналды стимулдарға ағзаның сыртқы белсенділігінің таңдамалы 
бағытталуын  қамтаммасыз  етеді;  ал  «ішке»  қарай  әсер  еткен  кезде,  олар 
рецепторлар  арқылы  түсетін  ақпараттарды  өңдеу  мен  бағалауды  және 
инстинктивті  қозғалыстар  мен  әрекеттерді  мотивациялайтын  эндогенді  жүйке 
үрдістерінің  тежелуін,  бұғатталуын  алу  үшін,  сәйкес  жүйке  құрылыстарының 
тітіркенуінің  бастауын  төмендету  мен  активациялау  үшін  шығаруды  жүзеге 
асырады.  Осындай  тәсілмен,  оның  қоршаған  ортасындағы  биологиялық 
өзгерістермен ағзаның ішкі қажеттілігінің корреляциясы туа біткен негізде жүзеге 
асырылады. 
Тек  қана  осы  корреляцияда  мінездің  эндогенді  мотивациясының 
биологиялық  маңызы  бар.  Ішкі  стимулдар  ортаға  қатысты  қозғалысын  ешқандай 
өзіндік  реттеу  жүйесінсіз  жүзеге  асырады.  Сондықтанда,  кең  мағынада  барлық 
жүйке жүйесінің әрекеті әр қашан толығымен рефлекторлы болып табылады.    
Бұл үрдістер ортаның қоршаған ағзасымен тікелей байланысты. Ағза алмасу 
үрдістерінің  қалыпты  өтуі  үшін  қажетті  сыртқы  алғышарттырды  мінездің 
қатысуымен  құрады,  оны  белсенді  әрекеттестіреді.  Осы  қатынаста,  эндогенді 
автоматизмнің,  жүйке  жүйесінің  кездей  соқ  белсенділігі,  өзін  –  өзі  бағдарлау 
қабілеттілігі пайда болады. Осы барлық эндогенді үрдістер сыртқы ортаға тәуелсіз 
болып таббылады. 
 

 
27 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет