Еуропалық бұлан
Еуропалық бұландар – бұғылар отбасының ең
үлкен мүшелері. Олар – салмақтары
800 кг-ға дейін жететін алып
жануарлар. Олардың ұзын
аяқтары, ұзын тұмсығы, үлкен
басы бар, иегінің астында
салбырап тұратын жүн қаптаған
ұзын терісі (қоңырау деп аталады)
болады. Еркек бұланды бұқа деп,
ұрғашы бұланды сиыр деп атайды.
Жас бұландар бұзаулар деп аталады.
Бұқалардың үлкен жалпақ мүйіздері
1,2-ден 1,8 м-ге дейін өседі. Бұландар
биік шөптер мен бұталарды жегенді жақсы
көреді. Қыс кезінде олар қарағай бүршіктерін
жеп, мүктер мен қыналарды іздейді. Бұландар
суда жақсы жүзеді. Қыс кезінде олар көбіне
көлдердегі, өзендердегі немесе ылғалды жерлердегі
су өсімдіктерімен қоректенеді.
Вапити
Вапити немесе канадалық бұлан – Солтүстік-батыс
Америкада кездесетін үлкен қызыл-қоңыр бұғы.
Бұл – еуропалық бұланнан кейінгі екінші алып
бұғы. Еуропалық бұлан секілді мұның да ерекше
мүйіздері бар. Еркек бұландардың мүйіздері
1,2 м-ге дейін ұзын болып өсуі мүмкін.
Үлкен бұлан бұқасы
Бұғылар ескі жүндерін
тастап түлеуде
36
Елік
Еліктердің екі түрі бар – еуропалық елік және
сібірлік елік. Сібірлік немесе шығыстық елік
Солтүстікшығыс Азияда Сібірден Қытайдың
кей бөліктеріне дейінгі алқапта кездеседі.
Еуропалық елік Еуропа мен Азия бөліктерінде
кездеседі. Жаздыгүні олардың терісі қызыл
қоңыр болса, қыстыгүні сұр қоңыр немесе
қара қоңыр түсті болады.
Мунтжак
Мунтжак бұғылары – Оңтүстікшығыс
Азияда кездесетін кішкентай мығым
бұғылар. Мунтжак бұғысының 11 түрі бар,
олар – үнділік, ривалық мунтжак, қара,
феалық мунтжак, борнейлік сары мунтжак,
рузвельттік мунтжак, Гонгшань мунтжагы,
алып мунтжак, чыонгшон мунтжагы,
путаолық және суматралық мунтжак.
Вьетнамда кездесетін алып мунтжак – осы
топтардың ішіндегі ең алыбы.
Марал
Марал – жұптұяқты асыл текті бұғылардың
ең ірі өкілі. Маралдың дене тұрқы –
аталығының бойы 175245 см, шоқтығы 120
155 см, салмағы 120415 кг.
Ұрғашы маралдар біраз кіші болады.
Мүйіз тек аталығында болады. Маралдар
Қазақстанда Іле Алатауын, Күнгей
Алатауды және Теріскей Алатауды,
Кетмен, Тарбағатай жотасын, Оңтүстік
Алтай тауларын мекендейді. Қазақстанда
10 мыңнан аса марал бар. Олар аршалы,
шыршалысамырсынды, жапырақты және
балқарағайлы ормандарда жүреді. Аналығы
бір ғана лақ туады. Марал шаруашылығымен
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай,
ҚатонҚарағай өңірі шұғылданады. Бұрынғы
жылдары бұл өңірде марал мен теңбіл бұғы
саны 10 мыңнан асып, олардан 66,5 т шығыс
медицинасының аса бағалы шикізаты – пант
өндірілген.
Ақ құйрықты бұғы
Ақ құйрықты бұғы – Оңтүстік Америкада
кездесетін ең кіші бұғы. Мұның ақ құйрықты
аталу себебі оның құйрығының төменгі жағы
ақ болып келеді. Бұл бір нәрсеге алаңдаған
кезде құйрығын көтереді, сол кезде ақ бөлігі
көрінеді. Ақ құйрықты бұғыны Канада мен
Америка Құрама Штаттарының кейбір
бөліктерінен кездестіруге болады. Жаздыгүні
оның түсі қоңыр болса, қыстыгүні сұрғылт
қоңыр болып келеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
37
Қуысмүйізді күйіс қайыратын
жануарлар
Қуысмүйізді күйіс қайыратын
жануарлар – осы тұқымдасқа
жататын кез-келген жұп-
тұяқты сүтқоректілер. Әлемде
қуысмүйізділердің шамамен
140 түрі белгілі, оларға бөкендер,
горалдар және ірі қара (үй ірі
қарасы және жабайы ірі қара)
жатады.
Су буйволы
Су буйволы немесе азиялық буйвол –
Үндістан мен Азияның басқа да
аймақтарында кездесетін үлкен
сиыр тұқымдас жануар. Мұның сирек
кездесетін сұрғылт қара түсті терісі
болады және де олардың бойы иық
тұсында 2 м-ге дейін жетеді. Еркек су
буйволдарының үлкен крест тәрізді
мүйіздері бар. Ұрғашы буйволдардың да
мүйіздері болады, алайда олардың мүйіздері
еркектерінікіне қарағанда кішірек келеді.
Су буйволдарының бұлай аталу себебі – олар күндерінің
көп бөлігін ылғалды жерлер мен батпақтарда малынып
өткізеді. Оларды сүті, терісі және еті үшін қолға үйреткен.
Сонымен қатар, олар жер жырту және тасымалдау құралы
ретінде қолданылады. Су буйволдарының жабайыларын
сирек кездестіреміз. Олар Үндістан, Непал, Бутан және
Тайландтың кейбір бөліктерінде ғана кездеседі.
Гаур
Гаур – Оңтүстік Азия мен Оңтүстік-шығыс
Азияның жергілікті үлкен ауыр денелі жабайы
ірі қарасы. Бұлар – жабайы ірі қаралардың
ішіндегі ең үлкендері. Бұлардың бойы
иықтарының тұсында 2 м-ге дейін,
ал салмағы 1 тоннаға дейін жетеді.
Қодас
Қодас немесе тибеттік бизон Гималай бойымен
Орталық Азиядан Моңғолияға дейінгі аймақта
кездеседі. Қодастар 4-6 км-ге дейінгі
биіктіктерде өмір сүреді. Олар – ұзын
түктері бар, қалың терілі алып жануарлар,
бұлардың қалың терісі денесінің жылуын
сақтап тұрады. Қодастардың ұзын
мүйіздері және де ұзын түгі, алба-жұлба
құйрығы болады. Олардың биіктігі
шамамен 2 м-ге дейін жетеді, ал
салмағы 1 тоннадан асады.
Тоғанда шомылып жүрген бір
топ су буйволы
Гаур
Қодастар терлегенде
тері арқылы арнайы
жабысқақ зат бөледі,
сол зат олардың
жылуын сақтап
тұрады.
38
Қодастарды қолға үйрету
Қодастарды осыдан шамамен 10 000 жыл бұрын
Қытайда қолға үйреткен. Әлемде 14 миллионнан
астам қолға үйретілген қодас бар. Оларды сүті,
талшығы және еті үшін пайдаланып, олармен жүк
тасымалдайды. Сонымен қатар, қодастарды ауыл
шаруашылығында жер жырту үшін қолданады. Үй
қодастары қызыл, қоңыр, қара және ақ түсті болып
келеді.
Бизон
Бизон – Солтүстік Америка мен Еуропада
кездесетін алып сүтқоректілер. Еуропалық
бизондардың жабайы түрлері жойылып кеткен,
тек зообақтарда сақталып қалған. Бизонның
басы үлкен және иық тұсы бүкірейген. Солтүстік
Америка бизонының биіктігі шамамен 1,8 м
және де салмағы 1 тоннадан асады. Еуропалық
бизон Солтүстік Америка бизонына қарағанда
биігірек және ұзынырақ. Алайда мұның салмағы
Солтүстік Америка бизонына қарағанда аздау.
Қара буйвол
Қара буйвол Африканың батпақтарында, өзен алқаптарында және
таулы ормандарында кездеседі. Бұл – күшті және қаһарлы жануар,
ол адамдарға да шабуыл жасайды. Ұрғашы буйволдар өздерінің
бұзауларымен бірге үлкен топтар құрса, еркек буйволдар жалғыз
жүреді. Қара буйволдың екі түр тармағы белгілі –
орман буйволы және африкалық буйвол. Орман
буйволдары кіші топтарда өмір сүрсе,
африкалық буйволдар 1000 дараға жететін
үлкен топтарда тіршілік етеді.
Бантенг
Бантенг – Оңтүстікшығыс Азияның жергілікті
жабайы ірі қарасы. Бантенгтердің үш түр
тармағы белгілі, олар – явалық бантенг,
борнеолық бантенг және бурмандық бантенг.
Бантенгті Австралияға 1849 жылы жерсіндірді.
Қазіргі таңда Австралияда 8 000нан 10 000ға
дейін бантенг мекендейді.
Ньяла
Ньяла – Оңтүстік Африкада кездесетін
шиыршық мүйізді бөкен. Еркек ньялалардың
биіктіктері 1 мдей болса, ұрғашыларынікі
90 см және мүйіздері болмайды.
Волоклюилер – Африкадағы Сахара
маңын мекендейтін кішкентай
құстар. Олар африкалық буй-
волдардың арқаларында жүріп,
олармен симбиозды өмір сүреді.
Америка бизоны
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
39
Бөкендер
Бөкендер – мүйіздері бар жұптұяқты сүтқоректілер. Олардың мүйіздері тіке немесе иілген
болуы мүмкін, алайда ешқашан да тармақталмайды. Әдетте еркек бөкендердің үлкен
мүйіздері болады, ал кей түрлерінің ұрғашыларының мүйіздері болмауы да мүмкін.
Бөкендер – қой, ешкі және ірі қара секілді жайылымдық жануарлар. Олар Африка мен
Азияның ашық жайылымдары мен ормандарын мекендейді.
Канна
Канналар – тірі қалған ең алып бөкендер.
Олардың биіктігі 1,8 м-ге дейін жетіп,
салмақтары 1 100 кг-нан да асады. Олар
Орталық және Оңтүстік Африканың
жайылымдары мен бұтақты аймақтарын
мекендейді. Олардың бұрауыш секілді айналып
біткен ұзын мүйіздері болады. Еркектерінің
мүйіздері ұрғашыларының
мүйіздеріне қарағанда
қысқарақ және
ауырлау болып
келеді. Канналардың
екі түрі бар – кәдімгі
канна және алып
канна. Алып канна –
екі түрдің
ішіндегі
үлкендеуі.
Бейза
Бейза – Африканың жергілікті алып бөкені.
Бейзаның үш түрі белгілі – араб бейзасы,
сахаралық орикс және
шығысафрикалық бейза.
Осы үш түрдің ішіндегі
ең кішкентайы –
араб бейзасы. Бұл
жойылу қарсаңында
тұрған жануарлар
қатарына жатады.
Оның жабайы түрлері
1972 жылы жойылып кетіп,
алайда 1982 жылы
қайтадан көбейе
бастады. Қазіргі таңда
жабайы табиғатта
олардың саны мыңға жетпейді.
Гну
Гну Африканың жазықтары мен орманды
алқаптарын мекендейді. Гнулардың үлкен тобын
Танзаниядағы Серенгети ұлттық саябағы мен
Кенияның Масаи-Мара қорығынан көруге болады.
Гнулар өздерінің жыл сайынғы көшіп-қонуымен
белгілі. Жыл сайын шамамен 1,5 миллион гну шөбі
көбірек жайылымдар іздеп қоныстарын ауыстырып
отырады.
Көшіп бара жатқан гнулар табыны
40
Мендес
Мендес – Сахара шөлінің жергілікті бөкені. Бұл ең сирек
кездесетін бөкендердің бірі және де жойылу қаупі бар
жануарлар қатарына кіреді. Жабайы табиғатта өмір
сүретін мендестердің саны 500ге де жетпейді.
Геренук
Геренук – Шығыс Африкада кездесетін ұзын
мойынды бөкен. Оның ұзын мықты мойны және
ұзын жіңішке аяқтары болады. Олар артқы екі
аяқтарымен тұрып, тепе-теңдікті сақтай отырып,
ұзын ағаштардағы жапырақтарды, жемістерді және
гүлдерді жей алатындығымен ерекшеленеді.
Импала
Импала – Африкада өмір сүретін орташа өлшемді
бөкен. Олардың бойы шамамен 80 см-ден 1 м-ге
дейін, ал салмақтары 75 кг-ға дейін жетеді.
Импалалардың терісінің түсі қызыл қоңыр,
жандарына қарай ақшылдау, ал құрсақ тұсы аппақ
болады. Еркек импалалардың мүйіздері ұзын, қара
және лира пішінді болып келеді.
Қарақұйрық
Қарақұйрықтар – Африканың
шөлдерінде, жайылымдары
мен саванналарында
кездесетін кішкентай аң.
Сонымен қатар оларды
Азияның кей бөліктерінен
де көруге болады.
Қарақұйрықтар –
топталып тіршілік ететін
жануарлар. Қарақұйрықтың 16 түрі бар.
Сахара қарақұйрығы, Грант қарақұйрығы және
сомалийлік қарақұйрықтар – барлық түрлердің
ішіндегі ең үлкен түрлері.
Дукер
Дукерлер – Орталық және Оңтүстік Африканың
ормандарын мекендейтін кіші-орташа өлшемді
бөкендер. Еркек дукерлердің қысқа, түзу және
шамалы иілген мүйіздері болады. Ал ұрғашы
дукерлерде мүйіз болмайды.
Куду
Куду – үлкен бөкен.
Кудулардың екі түрі
белгілі, олар –
үлкен куду және
кіші куду. Үлкен
куду Шығыс және
Оңтүстік Африкада
орманды алқаптарды
мекендейді, ал кіші
куду Шығыс Африка
мен Араб түбегінің
оңтүстігіндегі ор-
мандарды ме кен-
дейді.
Сонымен қатар
мендес «аддакс» деген
атпен де белгілі
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
41
Керіктер мен окапилер
Қорегі
Керіктер
мен ока пилер – күйіс
қайырушы шөпқоректі
жануарлар. Керіктер жа-
пырақтармен, гүлдермен
және жемістермен қоректенеді.
Олардың басты азықтарының
бірі – қараған ағашының жапы-
рақтары. Олар дың ұзын мойындары
осы ағаштар дың жапырақтарына
жетуіне көмек теседі. Ал окапилер
болса аласа өсімдіктермен, шөппен,
қырық құлақпен, жемістермен және
тіпті саңырауқұлақтармен қоректенеді.
Сонымен қатар, керіктер мен окапилер
өздерінің минералдар мен тұзға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
топырақты да жеп тұрады.
Терісі
Керіктер – әлемдегі терісі ең әдемі
жануарлар. Олардың түрлі түр
тармақтарындағы тері өрнектері де
әр түрлі болады. Кейбіреулерінде
ұсақ дақтар болса, кейбіреулерінде
орташа-үлкен дақтар болады. Олардың
терілерінің өрнектері өмір бойы бірдей
болып қала береді. Алайда олардың
денсаулық жағдайларына байланысты
терісінің түсі өзгеруі мүмкін.
Керіктер мен окапилер – керіктер тұқымдасына жататын
жануарлар. Олар – Африканы мекендейтін тұяқты
сүтқоректілер. Керіктер Африканың жайылымдары
мен саванналарын мекендесе, окапилер (окапилер
керіктерге қарағанда өте сирек кездеседі)
ормандарды мекендейді.
Керік
Керіктер – әлемдегі ең ұзын жануарлар.
Олардың бойы 5,5 м-ге дейін, ал салмағы
2 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Еркек
керіктер ұрғашы керіктерге қарағанда
ұзынырақ келеді. Олардың үлкен
тұяғы бар ұзын аяқтары, өте
ұзын мойны және ұзын
құйрығы болады. Сонымен
қатар, олардың түкпен
қапталған екі мүйізі
бар. Еркек керіктерде
бұл екі мүйізден
бөлек ортаңғы мүйіз
өседі. Олар басқа
еркек керіктермен
ойнағанда
мүйіздерімен
сүзісіп ойнайды.
Тоғыз түр тармағы
Керіктердің тоғыз түр
тармағы бар: торлы керік,
анголалық керік, кордофан
керігі, масайлық, угандалық,
нубиялық, оңтүстікафрикалық
керік, Торникрофт керігі және
батысафрикалық керік.
Төлі
Ұрғашы керіктер 457 күнге созылатын буаздықтан
кейін мамыр және тамыз айларының арасында
бір ғана төл дүниеге әкеледі. Егіз болып туылу
өте сирек кездесетін жағдай. Керік тұрған бойда
туатын болғандықтан, оның туылған төлі 2 м
биіктіктен түседі. Бірақ туылғаннан кейін
15 минут өткен соң аяғына тұрып кетеді.
Әдетте ұрғашы керік баласын шабуыл-
даушылардан қорғау үшін күндіз оны
жасырып ұстайды.
Керіктің төлі
42
Керіктер мен окапилер
Окапи
Окапи тек Конго Демократиялық Республикасының
тропикалық ормандарында ғана кездеседі. Бұл керік
сияқты ұзын емес. Мұның терісінің түсі қара қызыл
қоңыр түсті, аяқтарында зебралардікі сияқты
жолақтары бар және де басы жылқының басына
ұқсайды. Оның бойы шамамен 1,7 м, ал салмағы
240 кгдай болады. Керіктер секілді окапилердің де
бастарында кішкентай мүйіздері бар.
Керіктер мен
окапилердің тілі
Керіктер мен окапилер
бірдей физиологиялық
ерекшеліктерге ие. Бұл
екі жануардың да ұзын,
мықты және тұтқыр
тілдері болады, сол
тілдерінің көмегімен олар
жапырақтарды жей алады.
Керік өзінің тілін 45 см-ге
дейін соза алады, ал окапи
тілін созып, құлағын
тазалайды.
Керіктердің топтары
Керіктер – топталып тіршілік ететін жануарлар. Олар 10-20 дары кіретін үлкен табындарда өмір
сүреді. Кейбір табындардың құрамына 70 дараға дейін кіруі мүмкін. Ересек еркек керік топты
басқарады. Әдетте табын үлкен алқапта жайылып, тіршілік етеді.
Өзін-өзі тазалап
жатқан окапи
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
43
Қалталы жануарлар
Қалталы жануарлар – денелерінде қалтасы болатын сүтқоректілер. Барлық сүтқоректілер
секілді олар да жас төлдерді дүниеге әкеледі. Алайда ұрғашы қалталылар жас төлді дүниеге
әкелген соң оларды қалталарында ұстайды.
Қалталы жануарлар Орталық және Оңтүстік
Америка, Австралия, Жаңа Зеландия және
де Тынық мұхитының бірнеше
аралдарында кездеседі.
Жаңадан туылған қалталылар
Жаңадан туылған қалталылардың көзі көрмейтін,
түксіз және артқы аяқтары мен құйрығы толық
жетілмеген болып туылады. Олар өте қысқа
мерзімде дүниеге келіп, туылғанда кішкентай
ғана болады. Туылған кезде олардың салмағы
1 граммдай ғана тартады. Туылғаннан кейін
олар анасының калтасына түсіп, сонда жеті
немесе тоғыз ай бойы емшек емеді. Кейбір
қалталылардың балалары тіпті олар толық
жетілгеннен кейін де қалтада ұйықтап жата
береді.
Америкалық қалталылар
Американдық қалталылардың 85 түрі бар. Олар
пішіндері кішкентайдан орташаға дейін болатын,
жалғыз жүретін түнгі жануарлар. Олар Оңтүстік-
шығыс Канададан Америка Құрама Штаттарына және
Орталық Америкадан Аргентинаға дейінгі алқаптарда
кездеседі.
Виргиниялық опоссум
Виргиниялық опоссум немесе қарапайым опоссум –
жалғыз солтүстікамерикалық опоссум. Оның
өлшемі үй мысығының өлшеміндей ғана. Бұл
жануардың терісі қатты, ақшыл сұрғылт түсті,
үшкір, беті ақ және ұзын құйрықты болып келеді.
Опоссум ағашқа жақсы өрмелейді және де ағаш
үңгірлерінде, діңдерінде не ағаш тамырларының
астында өмір сүреді. Опоссум – тағам талға
майтын жануар, олар жемістерден бастап,
кішкентай жәндіктерді және сүтқоректілерді,
тіпті дәнді дақылдармен де қоректенеді.
Қалталары
Барлық қалталылардың қалтасы болады.
Алайда олардың кейбіреулерінде уақытша
қалта болады. Буаздық кезеңінде бауырындағы
терісі жиырылып, қап секілді төмпешік пайда
болады. Ұрпағы сонда қоректенеді. Қоректендіру
мерзімі аяқталған соң қалта қайта тартылып,
жойылып кетеді. Әдетте шұбар қалталы сусар,
жіңішке табанды қалталы қосаяқ және қалталы
көртышқан секілді жануарлардың уақытша
қалталары болады.
44
Кенгуру
Кенгурулер макроподтар тұқымдасына жатады,
сонымен қатар, бұл топқа валлаби-кенгуру, ағаш
кенгуруы, тау кенгуруы, филандерлер және басқа да
көптеген түрлер кіреді. Кенгурулер тұқымдасында
барлығы 63 түр бар. Кенгурулер – осылардың
ішіндегі ең көп тарағаны. Олар тек Австралияда
ғана кездеседі. Барлық кенгурулердің ұзын
табандары бар мықты артқы аяқтары болады.
Сонымен қатар жүгіргенде бесінші аяқ рөлін
атқаратын ұзын жуан құйрығы бар. Құйрығы
кенгуру секіріп жүрген кезде тепе-теңдікті сақтауға
көмектеседі.
Шұбар қалталы сусар
Шұбар қалталы сусар – Австралияда кездесетін
жыртқыш қалталы. Сонымен қатар оларды
«жергілікті мысықтар» деп те атайды. Шұбар
қалталы сусарлардың төрт түрі бар, олар –
солтүстіктік, дақты құйрықты, шығыстық және
батыстық сусарлар.
Валлаби-кенгуру
Валлаби-кенгурулер басқа кенгурулерге
қарағанда кішірек келеді. Оларды
Австралияның барлық аймақтарынан және
де Жаңа Зеландияның кей бөліктерінен
кездестіруге болады. Валлаби-кенгурулерін
олардың мекен ету орталарына байланысты үш
топқа бөледі: бұтақ валлабилері, қызғылт сұр
валлабилер және тау немесе тастақ валлабилері.
Тастақ валлабилері су маңайындағы
тастақтарда өмір сүреді
Австралиялық қалталылар
Қалталылар – Австралияның басты сүтқоректі жануарлары. Австралиялық қалталылардың 300-ден
аса түрі бар. Кенгурулер, коалалар және вомбаттар – Австралияда көп кездесетін қалталылар.
Қызыл кенгуру
Кенгурулердің түрлері
Кенгурулердің үлкен төрт түрі белгілі, олар –
қызыл кенгуру, бөкен тәрізді кенгуру,
шығыстық сұр кенгуру және
батыстық сұр кенгуру.
Осылардың ішіндегі
ең үлкені – қызыл
кенгуру.
Коала
Коалалар – Австралияның жергілікті ағаш басында
өмір сүретін қалталылары. Олар бар өмірін эвкалипт
ағашының басында эвкалипт жапырағын жеумен
немесе ұйықтаумен өткізеді. Коалалар күніне
шамамен 454-680 грамм жапырақ жеп,
күніне 18-20 сағат ұйықтайды.
Коалалардың екі түрі бар,
олар – солтүстік коаласы
және оңтүстік коаласы.
Оңтүстік коаласы
солтүстіктік
коалаға
қарағанда
үлкендеу
болады.
Коала эвкалипт
ағашының
басында жа пы-
рақ жеп және
ұйықтап өмір
сүреді
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
45
Итбалықтар, сойдақтістілер және
теңіз арыстандары
Итбалықтар, сойдақтістілер және теңіз арыстандары – ескекяқтылар тобына жататын
жартылай суда тіршілік ететін сүтқоректілер. Олардың үлкен сырғанақ, бөшке пішінді
денелері және үлкен жүзбеқанаттары болады. Олар уақыттарының көп бөлігін ашық
теңіздерде өткізіп, жағалауға тек жас төлдерін қоректендіру және өмірге алып келу үшін ғана
шығады.
Қоректері
Итбалықтар әр түрлі балықтар мен шаянтә-
різділермен қоректенеді. Кейбіреулері
сегізаяқтар мен кальмарларды да қорек етуі
мүмкін. Теңіз қабыланы секілді алып жыртқыш
итбалықтар пингвин және басқа да теңіз
құстарына шабуыл жасайды. Теңіз арыстандары
мен сойдақтістілер кей кездері басқа да теңіз
арыстандарын өлтіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |