Жануарлар



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Варан (ешкіемер)
Варандар – Африка, Азия және Австралияда кездесетін 
үлкен кесірткелер. Сонымен қатар олар ең ақылды және 
бейімделгіш бауырымен жорғалаушыларға жатады. Олардың 
ұзын дық тары 3 м-ге дейін жетулері мүмкін. Бұл кесірт-
ке лердің ұзын, айыр, жыландікі тәрізді тілдері, ұзын  
мойындары, мықты аяқтары және ұзын, күшті құйрық тары 
бар. Варандар ағашқа жақсы өрмелеп, суда жақсы жүзеді. 
Жасыл игуана
Қураған ағашқа өрмелеп бара 
жатқан ешкіемер
Кесірткелер – терілері қабыршақты болып келетін бауырымен 
жорғалаушылар. Олар жыландардың жақын туыстары болып 
табылады. Алайда жыландардан өзгешелігі – олардың 
төрт аяғы, қимылдайтын қабақтары және сыртқы құлақ 
қалқандары болады. Олар полярлық аймақтардан басқа
 әлемнің барлық жерлерінде кездеседі. Кесірткелер – 
жорға лаушылар арасында ең үлкен топ. Кесірт-
келердің 3 000-нан аса түрі бар. 
Кесірткелер мен жыландар 
барлық бауырымен 
жорғалаушылардың 
95%-ын құрайды.
64

Теңіз игуанасы
Теңіз игуаналары – Галапагос 
аралдарының жергілікті 
кесірткелері. Бұлар – теңізде 
өмір сүріп, сонда қоректене 
алатын жалғыз кесірткелер. 
Ғалымдардың ойынша, 
бұл игуаналар Галапагос 
аралдарына кездейсоқ келген, 
олар Оңтүстік Американың 
құрғақ жерінде өмір сүрген 
игуаналардан шыққан. 
Улы тісті кесіртке
Улы тісті кесіртке – Америка Құрама Штаттары 
мен Мексиканың жергілікті улы кесірткесі. Бұл – 
Америка Құрама Штаттарындағы ең үлкен 
кесіртке. Улы тісті кесірткенің денесі мығым 
және өрнекті келеді, май жинайтын үлкен ауыр 
құйрығы болады. Олардың ұзындықтары  40-
50 см, ал салмақтары 2 кг-ға жетеді. Улы тісті 
кесірткелердің екі түрі бар, олар – торлы улы 
кесіртке және жолақты улы кесіртке.
Комодтық варан
Индонезияның Кіші 
Зонд аралдарында 
кездесетін комодтық 
варан – әлемдегі 
ең үлкен кесіртке. 
Комодтық 
варандар – 
варандардың бір 
түрі. Олардың 
ұзындықтары
3 м-ге, ал 
салмақтары 
150 кг-ға 
дейін 
жетеді.
Көржылан кесіртке
Көржылан кесіртке немесе көржыландар – 
Еуропа, Азия және Америкада кездесетін 
жылан тәріздес кесірткелер. Олардың қабыр-
шақты терісі бар жылтыр денелері болады. 
Жыландар секілді олардың да аяқтары 
болмайды. Алайда жыландардан ерекшелігі – 
олардың қозғалмалы қабақтары мен сыртқы 
құлақ қалқаны бар. Сонымен қатар көржылан 
кесірткелерінің жауларынан қорғайтын ұзын, 
нәзік құйрығы болады. Олар құйрықтарын 
оңай үзіп, қашып құтыла алады. Еуропалық 
аяқсыз кесіртке – ең үлкен көржылан 
кесірткесі. Оның ұзындығы шамамен 1,2 м-ге 
жетеді.
Торлы улы кесіртке 
Комодтық 
варандар бұғы, 
су буйволы 
сияқты үлкен 
жануарларды 
жей алады 
Геккон
Геккондар – әлемнің барлық жерінің жылы 
аймақтарында кездесетін кесірткелер. 
Геккандардың 2000­нан астам 
түрі белгілі. Олар – бір­бірімен 
тілдесу үшін қатты дыбыстар 
шығаратын ерекше кесірткелер. 
Оңтүстік­шығыс Азия 
мен Жаңа Зеландияның 
батысында кездесетін 
геккондар – әлемдегі 
ең үлкен геккондар. 
Олардың  ұзын дық­
тары 35 см­ге дейін 
жетеді.
Токай гекконы
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
65

Тасбақалар – денелері сүйекті-терілі сауытпен қапталған бауырымен жорғалаушылар. 
Олардың тас қабықтары оларды сыртқы жаудан қорғайды. Олар бір нәрседен секемденсе 
немесе қорықса, бастарын сол сауыттарының астына тығады. Мұндай тасбақалар Австралия 
мен Антарктидадан басқа әлемнің барлық жерінде кездеседі. Тасбақалар әсіресе Африка, 
Азия және Оңтүстік Америкада көп таралған.
Тасбақалар
Тасбақалардың сауыттары
Сауыттарының үстіңгі бөлігі қалқанша деп, 
ал астыңғы бөлігі құрсақ қалқаншасы деп 
аталады. Қалқанша немесе сауыт күмбез 
пішінде болып, қабырғалары мен арқасынан 
шығатын сүйектерден жасалады. Алдыңғы 
және артқы аяқтарының арасындағы сүйекті 
жоталар бауыр сауыты мен арқа сауытын 
жалғастырады.
Тасбақалардың қоректері
Тасбақалар негізінен шөппен қоректенеді. Олар 
шөптердің, жабайы гүлдердің және жоғары 
протеинді өсімдіктердің көп түрін жей береді. 
Сонымен қатар олар суды да көп мөлшерде 
пайдаланады. Кейбір тасбақалар жәндіктер мен 
құрттарды да, тіпті өлген үлкен жануарлардың 
қалдықтарын да жейді.
Жұмыртқалары мен балалары
Ұрғашы тасбақалар індер қазып, сонда жұмыртқа 
салады. Олар бір салғанда бір жұмыртқадан елу 
бір жұмыртқаға дейін жетеді. Ал тасбақалардың 
түрлеріне байланысты жұмыртқалар екі ай мен 
бір жылдан астам уақыт аралығында дамып 
жетіледі. Балаларының жынысы ұяның 
температурасына байланысты болады. 
Жылы ұяда, әдетте, ұрғашы балалар, ал 
салқын ұяда еркек балалар жетіледі.  
Жұмыртқадан шыққаннан  кейін жас 
тасбақалар өздігінен өмір сүреді. 
Тасбақалардың өміршеңдігі
Тасбақалар – ұзақ жасайтын жануарлар. 
Көптеген тасбақалардың 150 жылдан астам 
уақыт өмір сүретіндігі туралы жазбалар бар. 
Туи Малила ең ұзақ өмір сүрген тасбақа болды. 
Ол 1965 жылы 188 жасында өлген.
Тасбақаның сауыты
66

Галапагостық алып тасбақа
Тынық мұхитының вулканды Галапагос аралдарында кездесетін 
галапагостық алып тасбақалар – әлемдегі ең үлкен тасбақалар. 
Бұл үлкен, денелі тасбақалардың жасы 100-ден асады. Әдетте, 
олардың биіктіктері 1,2 м-ге, ал салмақтары 230 кг-ға 
дейін жетеді. Тарихта қалған ең үлкен галапагостық алып 
тасбақаның сауыты 1,5 м, ал салмағы 250 кг-ға дейін жетеді. 
Галапагостық алып тасбақаларға жойылу қаупі төніп тұр. 
Альдабра алып тасбақасы
Альдабра алып тасбақасы – әлемдегі ең үлкен 
тасбақалардың бірі. Бұл Сейшельдегі Альдабра 
аралдарында кездеседі.
Мадагаскарлық өрмекші тасбақасы
Мадагаскар аралдарының жергілікті жануары 
Мадагаскарлық өрмекші тасбақасы – әлемдегі ең 
кішкентай тасбақа. 
Африка тасбақасы
Африка тасбақасы – 
үлкендігі жағынан 
әлемдегі үшінші 
тасбақа, бұл – Африка 
жеріндегі ең үлкені. 
Сонымен қатар, ол – 
құрғақтағы өмірге 
толығымен бейімделген 
әлемдегі жалғыз тасбақа. Африка тасбақасы  
Сахара шөлінің және Чад, Эритрея, Эфиопия, 
Мали, Мавритания, Нигерия, Сенегал және 
Суданның жартылай құрғақ аймақтарының 
жергілікті тасбақасы болып табылады. 
Сәулелі тасбақа
Сәулелі тасбақа – әлемдегі ең әдемі 
тасбақалардың бірі. Бұл тасбақаның сауытында 
жұлдыз бейнесіндегі сарғыш сәулелі сызықтар 
бар. Сәулелі тасбақа Мадагаскар аралдарының 
бірнеше аймақтарында кездеседі. Бұл 
жануарлар негізінен шөптермен, жемістермен 
және де шырынды өсімдіктермен қоректенеді. 
Мысырлық тасбақа
Сары немесе жасыл сары мысырлық тасбақа – әлемдегі ең 
кіші тасбақалардың бірі. Бұл Жерорта теңізі бассейнінің 
оңтүстік­шығыс бөлігінен бастап Ливиядан Израильге 
дейінгі аймақта кездеседі. Әдетте, бұлар құмды және 
тастақты аймақтарды мекендейді. Тарихта болған ең 
үлкен мысырлық тасбақаның ұзындығы 128 см болды. 
Мысырлық тасбақа жойылу қарсаңында тұр. Бұл 
жануарлардың жойылуына себеп болып отырған ең басты 
екі себеп – олардың өмір сүру орталарының жойылуы 
және де жануарларды заңсыз сату.
Шөл тасбақасы
Шөл тасбақасы – Солтүстік Американың Сонора 
және Мохаве шөлдерінің жергілікті тасбақасы. Шөл 
тасбақасы – гофер тасбақа. Гофер тасбақалар ін қазатын 
тасбақаға жатады. Олардың жалпақ алдыңғы аяқтары 
ін қазуға ыңғайлы болады. Гофер тасбақаларының төрт 
түрі белгілі. Бұл тасбақалар шамамен 60 миллион 
жыл бұрын Солтүстік Америкада пайда болған. Олар – 
ежелден келе жатқан жануарлардың бірі.
Галапагостық алып тасбақа 
аяқтарында тұрып, мойнын шығаруда
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
67

Теңіз тасбақалары – сүйекті немесе тері сауыты бар жорғалаушылар. Тұщы суда өмір 
сүретін тасбақа, құрлықта өмір сүретін тасбақа және су тасбақалары бір тұқымдасқа жатады. 
Суда өмір сүретін тасбақаларға суды және су жанын мекендейтін тасбақалар жатады. Бұл 
тасбақалардың суда жүзіп, сонда өмір сүруге бейімделген қабыршақты аяқтары болады.
Теңіз тасбақалары
Күшіген тасбақа
Күшіген тасбақа – Солтүстік Американың 
тұщы суларын мекендейтін үлкен тасбақа. 
Оның тұмсық тәрізді жақтары және қалың 
терілі құйрығы бар.
Батпақ тасбақасы
Батпақ тасбақалары – Солтүстік және 
Оңтүстік Американы мекендейтін 
жартылай құрлықта өмір сүретін 
тасбақалар. Олардың сауыттарының 
ұзындықтары 12­14 см­ден сәл ғана асады. 
Бұл тасбақалардың терілерінде қалың 
мұрттары болып, күшті жұпар иісін 
шығарады.
Теңіз тасбақалары
Теңіз тасбақалары судағы өмірге жақсы 
дағдыланған. Олар Солтүстік Мұзды мұхиттан 
басқа мұхиттардың барлығында кездеседі. Бұл 
тасбақалардың денелерінің сүйір болуы және 
де аяқтың орнына жүзбеқанаттарының болуы 
олардың судағы өмірлерінде көп көмектеседі. 
Олардың судағы тіршілігіне  бейімделгендігінің 
тағы бір белгісі – олардың көздерінің 
бұрыштарында, танауларында немесе тілінде 
тұз бездері болады, бұл бездердің көмегімен 
олар артық тұздан арылып отырады. Теңіз 
тасбақаларының жеті түрі белгілі, олар – 
жайпақ арқалы, жасыл, бисса, Кемп Ридлей 
тасбақасы, терілі тасбақа, логгерхед және 
Ридлей зәйтүн тасбақасы. Аталған жеті түрдің 
барлығының да жойылу қаупі бар және де 
көптеген елдерде заңмен қорғалады.
Жасыл теңіз тасбақасы
68

Терілі тасбақа
Терілі тасбақа – суда өмір сүретін ең үлкен 
тасбақа. Сонымен қатар, бұл – суда өмір 
сүретін ең үлкен жорғалаушы. Басқа тас -
бақалармен салыстырғанда терілі тас-
бақаның сауыттары қатты сүйекті емес, 
жұмсақ қабыршақты болып келеді. Бұл тас-
бақалардың терілі тасбақа деп аталу себебі – 
түрлерінің қара тері секілді болуы. Олар алыс 
қашықтықтарға орын ауыстыруларымен 
белгілі. Терілі тасбақалар суда жақсы жүзіп, 
сүңгиді. Олар тіпті 1,4 км тереңдікке дейін 
сүңгіп, су астында бір сағаттан артық уақыт 
бола алады. Терілі тасбақалар медузалармен 
және басқа да жұмсақ денелі теңіз 
жәндіктерімен қоректенеді.
Ридлей зәйтүн тасбақасы
Зәйтүн тасбақалары – су тасбақаларының 
ішіндегі ең кішкентай түрлері. Олар зәйтүн 
тасбақасы деген атқа өздерінің зәйтүндей 
жасыл түстерімен ие болған және олар 
туралы 1887 жылы алғаш баяндама жазған 
Х.Н. Ридлейдің атымен аталған. Бұл 
тасбақалардың ұзындықтары 68 см­ге, ал  
салмақтары 45 кг­ға дейін жетеді. Ридлей 
зәйтүн тасбақалары Тынық, Атлант 
және Үнді мұхиттарының тропиктік 
аймақтарында кездеседі. Бұл тасбақалардың 
сандары көп болғанымен, кейбір аймақтарда  
азайып барады. Тасбақаларға өздерінің 
«аррибадалар» деп аталатын жаппай 
ұялайтын орындарынан айрылу қаупі төніп 
тұр. Кейбір жерлерде бұл аррибадаларды 
климаттық өзгерістер бұзып жатса, кей 
жерлерде адам әрекеттерінің нәтижесінде 
жойылуда.
Кемп Ридлей 
тасбақасы
Кемп Ридлей  тасбақасы – 
жойы лудың сәл алдын­
да тұрған теңіз 
тасбақаларының 
ішіндегі ең кішкен­
тайы. Әлемде Кемп 
Ридлей тасбақасының 
ұрғашысының саны 
шамамен 1000­ға жетеді.
Логгерхед тасбақасы
Логгерхед тасбақасы (ағылшын тілінде «бөрене басты 
тасбақа») басының бөрене тәрізді болғаны үшін осылай 
аталады. Бұл – әдемі түсті теңіз тасбақасы. Логгерхед 
салқын аймақтардан басқа мұхиттардың барлығында 
кездеседі. Бұл тасбақалардың ұзындықтары 1 м-ге дейін 
жетіп, салмақтары 350 кг-ға дейін тартады. Олардың 
қызыл-қоңыр және түрлі түсті сауыты, қоңыр-сары терісі 
болады. Олардың бастарында ішіне қарай кірген үлкен 
мықты жақтары болады, осы жақтарының көмегімен 
ұлулар, семсер құйрықтар және басқа да шаянтәрізділерді 
жей алады.
Бисса
Бисса тасбақасы басының жіңішке және 
аузының тұмсық тәрізді болғаны үшін 
осылай аталады. Мұның түрі қаршығаға 
ұқсайды. Бұл тасбақа жойылудың аз-ақ 
алдында тұр. Биссалар Кариб аралдары мен 
Австралияның тропиктік жағалауларында 
кездеседі. Адамдар бұл тасбақаларды әдемі 
сауыттарынан әшекейлер мен шашқа тағатын 
заттар жасау мақсатында аулайды.
Теңіз жағасында жатқан терілі тасбақа
Спутниктік құрылғы бекітілген  логгерхед теңізге 
қайтып бара жатыр. 
Кемп Ридлей тасбақа-
сының жұмыртқасын 
жинап жүрген 
зерттеушілер
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
69

Гаттерия 
Туатаралар – тірі қалған ең ежелгі жануарлардың бірі. Олар тек Жаңа Зеландияда ғана 
кездеседі. Туатаралар осыдан шамамен 225 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінде пайда 
болған. Олардың жақын туыстары 65 миллион жыл бұрын жойылып кеткен. Туатаралар – 
әлемдегі ең сирек кездесетін жануарлардың бірі. Кезінде бұл жануарлар Жаңа Зеландияның 
барлық аймақтарында кездесетін болса, қазіргі таңда тек Стивенс және Литтл-Барриер 
секілді жағалау аралдары мен материктің өзінде Карори табиғи қорығында кездеседі.
Туатаралар
Түрлері
Туатаралардың екі түрі бар, олар:  
гаттерия және Бразер аралы 
туатаралары. 
Тістері
Туатаралардың өздеріне тән тістері болады. Басқа 
жорғалаушылармен салыстырғанда олардың төменгі 
жақтарында бір қатар тіс, ал жоғарғы жақтарында 
екі қатар тіс болады. Олар ауыздарын жапқан кезде 
астыңғы қатар тіс үстіңгі қатарларымен бекініседі. 
Туатаралардың тістеріне байланысты тағы да бір қызық 
жайт: олардың ескі және шіріген тістерінің орнына 
жаңа тіс шықпайды. Бұған себеп – олардың тістерінің 
шынайы болмауы. Бұл тістер гаттериялардың бас 
сүйектерінің жалғасы болып табылады.
Туатаралардың үшінші көзі
Туатаралардың бастарының төбесінде үшінші көздері 
болады. Бұл көздерді төбелік көз, дөңесті мүше немесе 
орталық көз деп те атайды. Бұл көздері тек жас 
туатараларда ғана көрініп, олар үлкейген сайын қарая 
береді. Көздерінің кристалы, көз торы, қабығы және 
оларды мимен байланыстыратын әлсіз жүйке сызығы 
болады. Төбелік көз жарыққа сезімтал және де жарық 
пен қараңғыны ажырата алады.
Гаттерия 
70

Еуропа
Африка
Аустралия
АҚШ
Оңтүстік 
Америка
Жаңа Зеландия
Туатаралардың құлақтарының 
қарапайымдылығы
Туатаралардың құлақтары өте қарапайым және 
жақсы жетілмеген. Олар жиілігі тек 100-ден 
800 Гц-ке дейінгі дыбыстарды ғана ести алады. 
Олардың құлақ барабандары немесе құлақ 
жолдары болмайды және де ортаңғы құлағы 
сұйықтыққа толы болады.
Туатаралардың қорегі
Туатаралар – етқоректі жануарлар. Олар күйе 
көбелек, қоңыздар және шегіртке секілді жәндік-
термен қоректенеді. Сонымен қатар, олар өрмек-
шілерді, кейбір құстардың балапандары мен 
жұмыртқаларын, кей кездері өздерінің балаларын 
да жей береді.
Көбеюі
Туатаралар – ең баяу көбейетіндердің бірі. Олар 
тек 12-15 жасқа толғанда ғана көбею қабілетіне ие 
болады. Сонымен қатар, тек 4-5 жылда бір рет қана 
ұрпақ әкеледі. Ұрғашы туатаралар бір салғанда 
5-18 жұмыртқа бірден салады. Жұмыртқалар 
13 ай өткеннен соң жетіледі. Балаларының 
жынысы топырақтың температурасына 
байланысты болады. Жылы температурада еркек 
туатаралар пайда болса, салқын температурада 
ұрғашылары шығады.
Тірі қалу тарихы
Шамамен осыдан 85 миллион жыл бұрын 
Жаңа Зеландия Гондвана материгінен 
бөлініп шығады. Осының нәтижесінде елдің 
флорасы мен фаунасы оқшауланып қалады. 
Туатаралар – Гондванадан бөлініп шығып, 
Жаңа Зеландияда пайда болып, тірі қалған 
жануарлардың бірі. Олардың тірі қалуына 
Жаңа Зеландияның жақсы климаты мен 
ауа райы ықпал етті. Сонымен қатар, 
олардың тірі қалуына себеп болған басқа 
да факторлардың бірі – онда иттер мен 
мысықтар, яғни табиғи  жаулары  болмады.
Жаңа Зеландияда туатаралардың таралуы
ОКЛЕНД
Тиритири- 
Матанги аралы
Пур-Найтс аралы
Хэнд-энд-Чикенс аралы
Литл Барриер аралы
Кювье аралы
Меркьюри аралы
Алдерман аралы
Карева аралы
Плейт 
Моутохора 
аралы
Моутохора 
аралы
Гаттерия 
Бразер аралы туатарасы 
Табиғи тіршілік орталары 
Жерсіндірілген жерлері
Табиғи тіршілік орталары 
Жерсіндірілген жерлері 
Туатара
ВЕЛЛИНГТОН
Стивенс/ 
Такапоерюа аралы
Трио аралы
Тити 
аралы
Бразерс
Матиу аралы
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
71

Тері ерекшеліктері
Бақалардың терілері жартылай өткізгіш болып 
табылады. Олардың терілері тек ішкі мүшелерін 
қаптап қана қоймай, газдар мен су алмасуына да 
септігін тигізеді. Терісі су кезде судағы оттегіні өзіне 
тартады. Кей кездері олардың терілері жабысқақ, 
былжырақ болып келеді. Мұның себебі – олардың 
терісі денелерінде ылғалды сақтайтын шырыштың 
бір түрін бөледі. Терілерінің былжырап тұрғанына 
қарамастан, бұл құрбақалар суға жақын болулары 
тиіс. Алайда құрбақалардың терілері бақалардың 
терілеріне қарағанда қаттырақ болады. Олардың 
терілері бақалардың терілерінен гөрі құрғақшылыққа 
төзімдірек келеді. Осының арқасында құрбақалар су 
көзінен алыстау қашықтықтарға бара алады.
Қоректену дағдылары
Құрбақалар мен бақалар – етқоректі қосмекен-
ділер. Олар жәндіктер мен құрттарды жейді. 
Құрбақалар өздерінің ұзын жабысқақ тілдерінің 
көмегімен жәндіктерді ұстайды. Жәндіктер 
жандарынан ұшып бара жатқан кезде 
құрбақалар оны ұстау үшін тілдерін шығарады. 
Сонымен қатар, кейбір құрбақалар ұлулармен 
және кішкентай балықтармен қоректенсе, 
енді кейбіреулері кішкентай тышқандар мен 
кесірткелерді жейді.
Қызыл көзді ағаш бақа
Қызыл көзді ағаш бақасы Мексика, Орталық 
Америка және Оңтүстік Американың 
солтүстігіндегі тропиктік ормандарда кездеседі. 
Күндіз бұл бақалар жапырақтардың астына 
жабысып алып 
ұйықтайды да, бір 
нәрседен қорықса 
қызыл көздерін 
жарқыратады.
Тайлер ағаш бақасы
Тайлер ағаш бақасы немесе оңтүстік көл ағаш 
бақасы Австралияның шығысында кез деседі. 
Бұл – континенттің орталықтарын емес, жағалау 
аймақтарындағы ағаштарды  
мекен дейтін бақа. Тайлер 
ағаш бақасының арқа 
жағының түсі сұр-қоңырдан 
сары-қоңыр түске дейін болса, 
құрсақ жағы ақ сары түсті 
болып келеді.
Алып өгіз бақа
Алып өгіз бақа – Оңтүстік Африкадағы ең үлкен 
бақа. Оның ұзындығы 20 см-ге дейін жетеді. Алып 
өгіз бақалардың түстері зәйтүндей жасыл. Олардың 
бастары өте жалпақ, ауыздары да кең болады. Бұл 
бақалар көп уақыт жер астында көміліп жатып, 
тек жаңбырлы маусымда ұрпақ әкелу үшін сыртқа 
шығады.
Қызыл көзді ағаш ба қа ның қабыршақты 
сары-қызыл аяқтары болады.
Алып өгіз 
бақа
Бақалар мен 
құрбақалар
Бақалар мен құрбақалар – көздері сыртқа шығып тұратын және де ұзын артқы аяқтары бар 
кішкентай құйрықсыз қосмекенділер. Олар – әлемдегі ең көп кездесетін жануарлардың бірі. 
Бақалар Антарктидадан басқа жердің барлығында кездеседі. Құрбақалардың  бақалардан 
ерекшелігі – терілері қатты және артқы аяқтары қысқа болады. Құрбақаларды да  
Антарктидадан басқа жердің барлығында кездестіруге болады.
Ең үлкен бақалар
Голиаф бақасы – ең үлкен бақа. Бұл Батыс-орталық 
Африкада кездеседі. Оның денесінің ұзындығы 20-
32 см, ал салмақтары 3,3 кг-ға жетеді.
72

Шығыстық қызыл бауыр шұбар бақа
Шығыстық қызыл бауыр шұбар бақалар –
бауыр-бел тұстары ашық қызыл немесе сары және 
қара түсті болып келетін бақалар. Бұл әдемі боялған 
бақалар бір нәрседен қорыққан кезде терілерінен 
токсин бөледі.
Әдемі мүйізді Оңтүстік Америка бақасы 
Әдемі мүйізді Оңтүстік Америка бақасы – 
Аргентина, Уругвай, Парагвай және 
Бразилияда кездесетін үлкен семіз бақа. Әдетте 
оның түсі жасыл болып, арқа тұстарында қара 
қызыл және қара түсті өрнектер болады.
Улы құрбақа
Улы құрбақа – Орталық және Оңтүстік 
Американың тропиктік ормандарында 
кездесетін кішкентай ашық түсті құрбақа. 
У ататын құрбақалардың түсі сары, көк, 
алтын, мыс, жасыл немесе қара болып 
келеді. Олардың түстерінің ашық болуы 
жауларынан құтылуларына әсер етеді. 
Олар – әлемдегі ең улы жануарлардың бірі. 
Олардың улары тіпті адам баласын өлтіріп 
жіберуі де мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет