Жарқанаттардың көбеюі
Ұрғашы жарқанат жылына бір рет ұрпақ алып
келеді. Жас жарқанаттар әдетте мамырда
немесе маусымда туылады. Негізінен,
жарқанаттар балаларын топпен өсіреді. Тек
кейбіреулері ғана ұрпақтарын жалғыз өсіреді.
Жас жарқанаттар 2-4 апта болғанда ұшып
үйрене бастайды.
Жарқанаттар және тозаңдану
Көп елдерде адамдар жарқанаттарды еттері
үшін немесе жай қызық үшін аулайды.
Алайда көбіміз жарқанаттардың өсімдіктерді
тозаңдандыруда атқаратын қызметі туралы
ұмытып кетеміз. Жарқанаттар көптеген
тропикалық өсімдіктер мен ағаштарды
тозаңдандырады. Әдетте, олар түнде гүлдейтін,
шырышты гүлдерді тозаңдандырады.
Қоректену дағдылары
Жарқанаттардың көбі жәндіктермен қоректенеді.
Олар түнде ұшатын жәндіктерге шабуыл
жасайды. Кейбір жарқанаттар жемістерді,
тозаңдар мен гүл шырындарын да пайдаланады.
Кей үлкен жарқанаттар балықтарды,
кеміргіштерді, құстарды, тіпті жарқанаттарды да
жеуі мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
55
Жұмыртқа салғыш жануарлар
Қолтырауын тұқымдастары – жұмыртқа
салатын жорғалаушылар. Барлық түрлерінің
ұрғашылары өсімдік қалдықтарының астына
немесе құмдарға 20-90 жұмыртқа салады.
Жұмыртқалар шіріп жатқан өсімдіктің немесе
күннің жылуымен дамиды. Әдетте ұрғашы
қолтырауындар жұмыртқаларға қарап,
жауларынан қорғайды. Сонда да олардың
жұмыртқаларын жаулары алып кетеді. Жас
қолтырауын жұмыртқадан шыққаннан соң
аналары оларды суға алып барады.
Қолтырауындар гавиалдар (ганга гавиалы), каймандар және аллигаторлар қолтырауындар
тұқымдасына жатады. Олар – тропиктік және субтропиктік орталарда өмір сүретін үлкен
етқоректі, жартылай суда өмір сүретін, кесіртке тәрізді жорғалаушылар. Қолтырауындар –
осыдан шамамен 200 миллион жыл бұрын пайда болған ежелгі жануарлар. Қазіргі заманғы
қолтырауындардың арғы тектері құрғақ жерде өмір сүріп, бірте-бірте суға ауысқан.
Қолтырауындар
Қолтырауын
Қолтырауындар – ең үлкен бауырымен
жорғалаушылар. Олар әлемнің тропиктік
және субтропиктік аймақтарының тұщы су
айдындарында батпақтарда кездеседі. Олардың
ұзын үшбұрыш тәрізді танаулары және үшкір тісті
алып жақтары болады. Олардың денелері мүйізді
қалқандармен қапталған, құйрықтары ұзын
бұлшық етті болып, аяғындағы саусақтарының
арасы жарғақты болады. Олар суда жүзу үшін
құйрықтарын пайдаланады. Сонымен қатар
құйрықтарында май жиналады, ол азық азайған
кезде қуат көзі болады.
Теңіз суы қолтырауындары
Теңіз суы қолтырауыны – тірі қалған ең үлкен
қолтырауын. Мұның ұзындығы 5 м-ден асып,
салмағы 500 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл
қолтырауын Үндістанның, Оңтүстік-шығыс Азия
мен Солтүстік Австралияның тұзды және тұщы
суларында мекендейді.
Куба қолтырауыны
Куба қолтырауыны Кубаның Запата батпағы мен
Ювентуд аралында кездеседі. Оның ұзындығы
3,5 м-ге дейін жетеді, ал тұмсығы басқа
қолтырауындарға қарағанда қысқалау келеді.
Бұл – ең сирек кездесетін қолтырауындардың бірі,
қазіргі кезде саны 3000-мен 6000-ның аралығында
ғана.
56
Ніл қолтырауыны
Ніл қолтырауыны – африкалық
қолтырауындардың ішіндегі ең үлкені. Мұның
ұзындығы 6 мден асып, салмағы шамамен
250 кгға жетеді. Бұл қолтырауынды Ніл өзенінің
өне бойынан және Мадагаскар өзендері мен
батпақтардан кездестіруге болады.
Морелет қолтырауыны
Морелет қолтырауыны немесе Мексика
қолтырауыны – қолтырауындардың
ішінде жойылу алдында тұрған түрі. Оны
Мексикадан, Белизден және Гватемаладан
кездестіруге болады.
Аллигатор
Аллигаторлардың өте үлкен денелері, жалпақ
«u» пішінді танаулары және жуан құйрығы
болады. Олар суда жақсы жүзеді және суда
жылжу үшін құйрықтарын пайдаланады.
Аллигаторлардың екі түрі бар, олар – Америка
аллигаторы және Қытай аллигаторы. Екеуінің
ішінде Америка аллигаторлары үлкен.
Олар Алабама, Арканзас, Солтүстік және
Оңтүстік Каролина, Флорида, Джорджия,
Луизиана, Миссисипи, Оклахома және Техас
штаттарының батпақтары мен ылғалды
жерлерінде кездеседі. Қытай аллигаторлары –
жойылу алдында тұрған жануарлар. Олар
Қытайдың Янцзы өзені бассейнінде кездеседі.
Ганга гавиалы
Ганга гавиалы – қолтырауындар тұқымда
сының ішіндегі ең үлкен түрі. Олардың
ұзындықтары 6 мден асуы мүмкін.
Гавиалдардың түсі қара жасылсұр түсті
және де құрсақ тұсы сарғыш болып келеді.
Оларды ұзын жіңішке танаулары арқылы оңай
тануға болады, танаулары қартайған сайын
жіңішкере түседі. Гавиалдарды Үндістан
мен Непалдан көруге болады. Кезінде оларды
Үндістан субконтинентінің өзендерінен көптеп
кездестіруге болатын. Алайда қазіргі таңда
табиғаттағы олардың саны тек 1300дей ғана.
Доғал тұмсықты қолтырауындар
Доғал тұмсықты қолтырауындар – тірі қалған
қолтырауындардың ең кішкентайлары. Олардың
ұзындықтары 1-1,5 м-дей ғана болады. Олар Батыс
Африка мен Орталық Африка аймақтарында кездеседі.
Америка қолтырауыны
Америка қолтырауындарын Атлант және
Тынық мұхиттарының Орталық Америкадан
Оңтүстік Американың Перу және Венесуэла
және Кариб жағалауларына дейінгі
алқаптарынан кездестіруге болады. Олардың
бірнешеуін Құрама Штаттарының Флорида
штатынан да кездестіре аламыз. Бұл түр
жойылу алдында тұрған жануарлар қатарына
енгізіліп, заңмен қорғалады.
Америка аллигаторының ұзындығы
4,2 м-ден асуы мүмкін
Еркек гавиал
Доғал тұмсықты қолтырауын
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
57
Айдаһар жыландар, питондар және анакондалар – үлкен улы емес
жыландар. Бұл жыландар өз құрбандарын қысу және тұншықтыру
арқылы өлтіреді. Құрбандарын өлтіріп болған соң оны бүтіндей
жұтады. Айдаһар жыландар, питондар және анакондалар, сонымен
қатар, ең қарапайым жыландар қатарына жатады. Олардың екі өкпесі
бар артқы аяқтары және жамбасының жұрнақтары кездеседі. Бұлар
қарапайым жыландардың басты ерекшеліктері болып саналады.
Айдаһар жыландар мен анакондалар айдаһар жыландар тұқымдасына
жатса, питондар питондар тұқымдасына жатады.
Айдаһар жыландар,
питондар және анакондалар
Боа кәдімгі айдаһар жыланы
Боа констриктор Орталық және Оңтүстік
Америка мен Кариб аралдарында
кездеседі. Олардың ұзындықтары
шамамен 1,5 м-ге жетеді. Әдетте
ұрғашылары еркектеріне
қарағанда ұзынырақ келеді.
Боа констриктордың он
түр тармағы бар. Олардың
түстері қоңыр, жасыл,
қызыл немесе сары
болып, тері өрнектері әр
түрлі болады. Олардың
түстері айналасына
ұқсас болып кетуіне
септігін тигізеді.
Дюмерили айдаһар
жыланы
Дюмерили айдаһар жыланы –
Мадагаскар мен Үнді мұхитының
Реюньон аралдарындағы жартылай
құрғақ аймақтарда кездесетін жыланның
түрі. Әдетте бұлардың ұзындықтары 2 м-ге дейін
жетеді. Оның түсі сұрғылт-қоңыр және қара
өрнектері болады.
Тынық мұхит айдаһар жыландары
Қисық мұрынды айдаһар жылан немесе шабақ қабыршақты айдаһар жылан
кішкентай айдаһар жыландарға жатады. Олардың ұзын жіңішке басы және
ұзын тұтқыр құйрығы болады. Оларды Тынық мұхиттың Жаңа Гвинея,
Соломон, Фиджи аралдарынан және бірнеше Индонезия аралдарынан
кездестіруге болады.
Дюмерили айдаһар жыланы
құстар, кесірткелер
және кішкентай
сүтқоректілерден басқа
жыландарды да аулайды.
Боа кәдімгі айдаһар
жыланы
Құрбанын жұтып жатқан питон
58
Анакондалардың дене сипаттамалары
Анаконданың бүкіл денесі мықты бұлшық
еттен тұрады. Бұлшық еттері олардың жерде
және суда қимылдауына мүмкіндік береді. Бір
жерден екінші жерге қозғалғанда анакондалар
қос бүйірлеріндегі бұлшық еттерін жиырып,
қайта босатып отырады. Осының әсерінен
жылан алға қарай жылжиды. Анаконда тілінің
көмегімен иіс сезеді. Иісті сезу үшін тілін ауаға
шығарып тұрады. Анаконданың тағы да бір
қызық мүшесі – оның еріндері. Олар еріндерінің
көмегімен жақын маңда құрбанының бар-
жоқтығын анықтайды. Анаконда еріндерінің
айналасындағы жылу сезгіш ойыстар арқылы
айналада жануарлардың бар-жоқтығын сезеді.
Қара дақты анаконда
Қара дақты анаконда немесе дешауенсея
анакондасы Оңтүстік Америкада, Бразилияда және
франциялық Гвианада кездеседі.
Сары анаконда
Сары анаконда – үлкен
анакондалардың бірі.
Мұның ұзындығы
3-3,5 м-ге дейін жетеді.
Сары анакондалардың
жасылдау-сары терілерінде
қара қоңыр немесе
қара дақтар, теңбілдер
немесе жолақтар
болады.
Жасыл анаконда
Жасыл анаконда – әлемдегі ең үлкен жылан.
Оның ұзындығы 9 м-ден асады, ал салмағы
225 кг-дай болады. Ол Оңтүстік Америкадағы
Амазонка мен Ориноко бассейндеріндегі жай
ағыстарда, иірімдерде кездеседі.
Питон
Питондар Азияда, Африкада және Австра
лияда кездеседі. Олардың ұзындық тары
1 мден 10 мге, салмақтары 150 кгға дейін
жетуі мүмкін. Питондардың 32 түрі бар.
Оңтүстікшығыс Азияда кездесетін торлы
анаконда – олардың ішіндегі ең үлкені.
Сары анакондалар үлкен
құстармен, балықтармен,
бақалармен, кішкентай
каймандармен және құс
жұмыртқаларымен қоректенеді
Құм айдаһар жыланы
Құм айдаһар жыланы – қоңыр түстi (ұзындығы 60 см),
құйрығы қысқа доғал болып келеді. Қазақстанның батысы
мен оңтүстiкбатысында – Қызылқұм мен Шығыс
Каспий маңы шөлдерінде мекендейді. Құмдардың астына
кіріп жатады, ал сазды жерлерде атжалманның немесе
қосаяқтың ініне тығылады. Таңертең және кешке қарай
белсенді болады. Құм айдаһары улы емес, өзінің жемтігін
орап алып, тұншықтырып ұстайды. Екінші түрі – шығыс
айдаһары Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына
дейінгі аралықтағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді
өңірде кездеседі. Олардың ұзындығы 8090 см, түсі қоңыр,
бауыры қара қоңыр не қара дақты болады.
Амазондық ағаш айдаһар жыланы
Амазондық ағаш айдаһар жыландары немесе бақша
айдаһар жыландары Анд тауларының шығысынан
бастап, Оңтүстік Америка аймағындағы Атлант
мұхиты жағалауларында кездеседі. Әдетте, олардың
түсі сұр немесе қара болып келеді. Алайда, кейбіреулері
қызыл, қызғылт немесе сары болулары да мүмкін.
Олардың денелері жіңішке және бастары үлкен болады.
Кейбір айдаһарлардың ұзындығы 2 мден асып түсуі
мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
59
Әбжыландар, крайттар және
теңіз жыландары
Су әбжыланы
Су әбжыландары – Орталық және Оңтүстік
Африкада кездесетін жартылай суда өмір сүретін
жыландар. Су әбжыландарының екі түрі белгілі,
олар: сақина тәрізді су әбжыланы және кристи су
әбжыланы. Сақина тәрізді су әбжыланы – Африкада
кездесетін ең үлкен жыландардың бірі. Оны Батыс,
Орталық Африка өзендері мен бұлақтарынан,
көлдері мен батпақтарынан және де Конго өзенінің
бойынан кездестіруге болады.
Қалқанды әбжылан
Қалқанды әбжыландардың
бұлай аталу себебі – олар-
дың мұрын дарында
үлкенірек қабыр-
шақ болады. Бұл
жыландарды
Африкадан
кез дестіруге
болады. Қалқанды
әбжыланның ба-
сын дағы қалқаны
пат ша әбжыланда ры -
ның қалқанындай
жетілмеген.
Бас қалқанын
көтеріп, керіп алған
әбжылан
Қалқанды әбжыландар жер
асты жыралары мен індерде
өмір сүреді
Әбжыландар, крайттар және теңіз жыландары – улы
жыландар. Олардың ұзындықтары 10 см-ден 5 м-ге дейін
болады. Бұл жыландар шөлдерден бастап тропиктік
ормандарға дейінгі барлық жерлерде кездеседі. Барлық
аспидтердің уды бөлетін екі азу тісі немесе ұзын үшкір тістері
болады. Әдетте жыландардың бастары жіңішке келеді. Кейбір
аспидтердің ашық түсті жолақтары болады.
Әбжыландар
«Әбжылан» деген атау Африка мен Азияның кей бөліктерінде
кездесетін жыландардың шамамен 30 түріне қатысты
айтылады. Бұл жыландар өздерінің бас қалқанымен және
улы тістерімен белгілі. Олардың бастарының артқы
жағында жалпақ бос тері болады, осының себебінен
бастарында қалқан бар секілді көрінеді. Олар бір
нәрседен қорыққан немесе секемденген кезде
денелерінің алдыңғы бөлігін көтеріп алып, қалқаны
көрінердей етіп мойындарын тік ұстайды.
Патша әбжыланы
Оңтүстік және Оңтүстікшығыс Азияда
кездесетін патша әбжыланы – ең үлкен
улы жылан. Мұның ұзындығы 5,5 мге дейін
жетеді. Барлық басқа әбжыландар секілді
патша әбжыланы да қорыққан кезде қалқанын
көтеріп, қатты ысылдаған дыбыс шығарады.
Басқа аспидтермен салыстырғанда патша
әбжыландардың көру мүшелері өте жақсы
дамыған. Олар тіпті 100 м қашықтықтағы
заттарды да көре алады.
60
Маржан жыландар
Маржан жыландардың қызыл, сары, ақ немесе қара
түсті жолақтары болады. Олар екі топқа бөлінеді:
ескі әлем маржан жыландары және жаңа әлем
маржан жыландары. Бұл жыландар уақыттарының
көп бөлігін жапырақ төсеніштерінің астында
өткізеді. Кейбір маржан жыландар суда да өмір
сүреді. Сондай жыландардың бірі – баяу ағатын
суларды мекендейтін суринам маржан жыланы.
Крайттар
Крайттар Оңтүстік-шығыс Азияда кездеседі. Олардың
ұзындықтары шамамен 1,2-2 м-ге жетеді. Оларды өзде-
рінің қара-ақ немесе қара-сары жолақтары арқылы оңай
тануға болады. Крайттар – түнде белсенді жыландар.
Кәдімгі крайттар түнде адамдардың үйлеріне кіріп, үй
ішіндегілерді еденде ұйықтап жатқан жерлерінен шағып
кетулері мүмкін. Олар жылдам шағып, көп жағдайларда
құрбандары тіпті шаққанын байқамай да қалады.
Крайттардың тағы басқа да қауіпті түрлеріне көп жолақты
крайттар мен малайзиялық крайт жатады.
Теңіз жыландары
Теңіз жыландары
Австралия мен Азия
өзендерінің жағалаулары
мен сағаларында кездеседі, тек
сарыбауыр теңіз жыландары
ғана Тынық мұхитының барлық
жерлерінде кездеседі. Теңіз
жыландары судағы өмірге
бейімделген. Олар суда өте
жақсы жүзіп, су астында
тыныстарын ұзақ уақытқа
ұстап тұра алады. Денелерінің
жалпақ және құйрықтарының
ескек секілді болуы олардың
оңай жүзуіне көмектеседі.
Олар – жыртқыш жыландар,
негізінен балықтармен және
жыланбалықтармен қоректенеді.
Тұмсықты теңіз жыланы
Тұмсықты теңіз жыландары – өте
қауіпті жыландардың бірі. Бұл Парсы
шығанағынан бастап Австралияның
солтүстік жағалауларына дейінгі алқапта
кездеседі. Басқа теңіз жыландарына
қарағанда тұмсықты теңіз жыландары
өте жылдам шабуылдайды. Олар аса улы
болғандықтан, уланып өлгендердің көбі
осы жыландардың еншісінде.
Теңіз крайты
Теңіз крайттары – қос
мекенді жыландар.
Олар уақыттарының
көп бөлігін суда
өткізіп,
құрғаққа тек
жұмыртқа
салу үшін
шығады.
Олар – өте улы
жыландар.
Қалқантұмсық су жыланы
Қалқантұмсық су жыланы – аузының іші ақ,
мақта түсті болып келетін үлкен жылан. Бұл –
мыс басты жыланның өте жақын туыстасы.
Сонымен қатар бұл жыланды су қалқантұм
сығы, су сұр жыланы немесе мақта ауыз деп те
атайды. Қалқантұмсық жыландар Америка
Құрама Штаттарының оңтүстікшығыс бөлік
терінде кездеседі. Олар уақыттарының көп
бөлігін судың ішінде немесе маңында өткізеді.
Сарыбауыр теңіз
жыланы
Қара және ақ
жолақты теңіз
крайты
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
61
Сұр жыландар мен ойықбасты жыландар сұр жыландар тұқымдасына жатады. Бұл
тұқымдастарға 180-нен астам түр кіреді. Бұл жыландардың үстіңгі ауыз жақтарында улы,
ішке қарай майысқан екі тісі болады. Ойықбасты жыландардың басының екі жағында
жемтігін сезе алатын кішкентай ойық болады. Ойықбасты жыландардың екі түрі бар, олар:
тек Америка континенттерінде ғана кездесетін сылдырмақты жыландар және құйрығында
сылдырмағы жоқ жыландар.
Кәдімгі сұр жылан
Кәдімгі сұр жыландарды
тек Африкадан және
Еуропа мен Азияның
жылы немесе тропиктік
аймақтарынан кездестіруге
болады.
Сылдырмақты жыландар
Сылдырмақты жыландардың құйрықтарында дыбыс
шығаратын мүйізді бунақтар болады.
Олар бір-бірімен соқтығысып дыбыс
шығарады. Сылдырмақтылардың
29 түрі белгілі. Қара шұбар
сылдырмақты жылан ең үлкен
сылдырмақты жылан болып
табылады. Оның ұзындығы
шамамен 2,5 м-ге жетеді. Ол –
Америкада кездесетін ең үлкен
және ауыр жылан. Олар Америка
Құрама Штаттарының оңтүстік-
шығысында кездеседі.
Сылдырмағы жоқ
ойықбасты жыландар
Мұндай жыландардың
көбі тропиктерде өмір
сүреді. Ферделанс және
бушмейстер жыландары –
сылдырмағы жоқ үлкен
жыландар. Олар әлемдегі
ең үлкен ойықбасты
жыландар қатарына
жатады.
Азу тістері
Барлық сұр жыландардың азу тістері деп аталатын ұзын, қозғалмалы
бос тістері болады. Азу тістерінің ұзын болғандығы соншалық, оларды
қолданбайтын кезде ауыздарының үстіне бүгіп қояды.
Сұр жыландар мен
ойықбасты жыландар
62
Азиаттық сұр жылан
Азиаттық сұр жылан немесе
жапырақ мұрынды сұр жылан
Азияның Белуджистан шөлді
аймағында кездеседі. Бұл көптеген
басқа сұр жыландарға қарағанда
кішілеу, ұзындығы 60 см болады.
Бұл сұр жыландардың қысқа жалпақ
тұмсықтары және қос кішкентай
танау тесіктері бар.
Секіргіш ойықбасты жылан
Секіргіш ойықбасты жылан Орталық
және Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл –
шабуылдағыш жылан, оның ұзындығы
60 см-дей болады.
Аруба аралының сылдырмақты жыланы
Аруба аралының сылдырмақты жыланы Кариб теңізі
алабындағы Аруба аралының тастақты, құрғақ оңтүстік
бөлігінде кездеседі. Оның ұзындығы 90 см-ге жетеді.
Мохаве сылдырмақты жыланы
Мохаве сылдырмақты жыланы – Солтүстік
Америкадағы ең қауіпті жыландардың бірі. Бұл Мохаве
шөлінің барлық жерінде және Сонора мен Чиуауа
шөлдерінің кей бөліктерінде кездеседі. Олар құм асты
індерінде өмір сүреді. Бұл – үлкен денелі шабуылдағыш
жылан. Оның уының құрамында нейротоксиндер
болады, жылына бірнеше адамды шағып өлтіреді.
Мыс басты жылан
Үлкен басты жылан немесе мыс
басты жылан – Солтүстік Америкада
кездесетін жыландар. Мыс басты
жыландардың бес түрі бар. Бұл
жыландардың ұзындықтары 1 мге
дейін жетеді. Олар аса улы емес.
Өздігінен шабуылдамайды және
шаққандары да қауіпті болмайды.
Малайзия ойықбасты жыланы
Малайзия ойықбасты жыланы Оңтүстік-
шығыс Азияда Тайландтан бастап
Малайзияның солтүстігіне дейінгі алқапта
кездеседі. Оның ұзындығы 75 см-ге дейін
жетеді. Кейбіреулерінің ұзындықтары
тіпті 1 м-ге дейін жетуі мүмкін. Малайзия
ойықбасты жыландары жағалаудағы
ормандарда және бамбукты алқаптарда
мекендейді. Сонымен қатар олар егіндіктер
мен пайдаланылмайтын фермалардың
жанындағы ормандарда да кездесуі мүмкін.
Гюрза
Гюрза – Солтүстік Африка мен Азияның
кей бөліктерінде кездесетін үлкен сұр
жылан.
Мохаве сылдырмақты
жыландары өзде рінің
қаһарлы қимыл дары-
мен белгілі
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
бауырымен жорғалаушылар
63
Кесірткелер
Хамелеон
Хамелеондар Африкада, Азияда және де
Еуропаның кейбір елдерінде кездеседі. Сонымен қатар оларды Америка
Құрама Штаттарының бірнеше штатына жерсіндірген. Хамелеондар
өздерінің түстерін өзгерте алу ерекшеліктерімен белгілі. Олардың
терілерінде хроматофор деп аталатын арнайы жасушалары бар, солар
терілерінің түсін жарыққа, температураға және басқа да қоршаған
орта өзгерістеріне байланысты реттеп отырады. Сонымен қатар
олар қорыққанда да терілерінің түстерін өзгертулері мүмкін.
Хамелеондардың тағы бір ерекшеліктері – олардың көздерінің
қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады және ұзын, жіңішке
сыртқа шығатын тілдері болады.
Игуана
Игуаналар – Америкада Канададан
Аргентинаға дейінгі территорияда
кездесетін үлкен кесірткелер.
Америкадан бөлек игуаналарды
Мадагаскар, Фиджи және Тонгадан
кездестіруге болады. Олардың
ұзындық тары 1,8 м-ге дейін
жетеді. Игуа налардың
денелерінде қара,
қоңыр немесе жасыл
қабыршақтары
болады, арқа
омыртқасы ұзынынан
созылып жатады.
Барлық игуаналардың
тамақтарының астында
салбырап тұратын жалпақ бос тері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |