Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету


Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау



бет13/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау

Кеудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды. Спиральді таңғыш үшін ұзындығы 1,5 метрге жуық бинттің ұшын түйеді, сау білекке таңып, кеуденің оң жағынан қисық күйінде қалдырады. Бинтпен арқанның төменгі жағынан спиральдік жүріспен оңнан солға кеуде клеткаларын орайды, бұдан кейін биннтті сол қолтыққа орай отыра оң иық арқылы бос ұшымен байланыстырады.



сурет. Кеудеге спиральды және масақ тәріздес таңғыш қою
Крест тәріздес таңғышты кеудеге 2-3 айналдыра орап төменгі жағына қояды, содан соң арқа жақтан сол білекке оң білектің төменгі жағы арқылы орай отыра әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, содан соң білектерді ауыстыра таңғышты кеуде клеткасының жанынан айналдыра орап, соңғы орамдағы бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді.
Кеуде клеткаларының ішкі жарасына мүмкіндігінше жылдамырақ сыртқы тазартылған жағымен резинадан істелген жабдықты орау қажет, ал оған жеке таңу пакетіндегі тазартқыш жастықшаларды қойып, қатты байлап тастайды.
Пакет жоқ болса, герметикалық таңғышты, жапсырғышты пайдалану арқылы қоюға болады. Жапсырғыш жолақтарын жарадан 1-2 см жоғары етіп теріге желімдейді, сөйтіп жараның бүкіл үстін жабады. Жапсырғышқа тазартылған салфетка немесе 3-4 қабатты тазартылған бинт қояды, бұдан кейін мақта қабатын қатты байлап тастайды.
Құрсақ қуысы жеңіл сыдырылған зардап шегуші дәрігерлердің қарамағына жіберіледі.
Сырттай қараған кезде тері жамылғыларының бозаруы, суық тер, іштің керуі байқалады. Шарбының, ішек ілгегінің түсуі жарақаттың іш жақта екендігін көрсетеді.
Алғашқы медициналық көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен тазарту органдарын түзеуге болмайды, оларды тазартылған жастықшамен жабады және сақтықпен қыспай, шеңберлі таңғыш қояды.
Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі

Иық пен білекке бинтті төменнен жоғары орай, бүктей отыра спиральды таңғыш қояды.



25сурет. Иық буынына таңғыш қою
Шынтақ буынға таңғышты шынтақ шұңқыры арқылы бинтті екіүш ораудан бастайды және бұдан әрі бинтті спиральды орамдармен айқастыра орай оны білекке және иыққа шынтақ шұңқырында айқастыра байлайды.
Иық буынына таңғышты кеуденің қолтық шұңқырының сау жағынан және иыққа, қолтық шұңқыры арқылы зақымдалған иықтың артынан сыртқы жақ үстіне сау қолтық арқылы арқаның үстімен кеудеге апарады және бүкіл буынды жапқанша бинт орамдарын қайталай отыра оның үшін түйреуішпен кеудеге бекітеді.
Қолға, білек пен аяққа спиальды, масақ тәріздес, крест тәріздес таңғыштар қояды.
Саусаққа спиралды таңғышты білезік төңірегін ораудан бастайды, бұдан әрі бинтті қол шашағының асты бойынша тырнақтың маңайына апарады және бинттің спиралды орамдарын аяғынан негізіне дейін және керсінше ораммен қол шашағының асты бойынша бинтті білезікке бекітеді.

Алақан немесе қол шашағының асты зақымданған кезде крест тәріздес таңғышты білезікке орап бекітуден бастап бұдан әрі, білезіктің асты бойынша алақанға жеткізіп қояды. 



26сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою

Дененің төменгі жағында спиралдық таңғыш сырғып кетеді, сондықтан іш пен шап төңірегіне масақ тәріздес таңғыш қойылады, ол іш төңірегін айнала ораудан басталады, бұдан кейін бинт орамы санның үсті бойынша оның жанынан өтеді және бұдан әрі іштің маңайынан шеңберлі орамдар қайталанады.



27сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
масақ тәріздес таңғыш қою
Сирақ пен санға білекпен иықтағыдай спиралды таңғыш қояды.
Тізе буынға таңғышты тізе астындағы шұңқыр арқылы шеңберлі орамды жүргізе бастайды, бұдан кейін бинт орамдары кезекпен жоғары төмен жүргізіліп тізе астындағы шұңқырға айқастырылады.

28сурет. Тізе буынына таңғыш қою
Өкше маңайына таңғышты (29сурет), оның шығып тұрған бөлігі арқылы бинттің алғашқы орамымен қояды (1), бұдан әрі кезекпен бинттің алғашқы орамын жоғары (2) және төмен (3) рет орайды, ал оны бекітіп байлау үшін бинтті қиғаштай (4) сегіз тәріздес (5) байлайды.

29сурет. Өкшенің айналасына таңғыш қою
Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қояды (30сурет). Бинттің алғашқы байлайтын орамын жіліншіктен жоғары жүргізеді, бұдан әрі төмен табанға және табанның айналасына апарады, бұдан кейін табанның астымен бинтті өткізіп жіліншіктен жоғары апарып табанға қайтарады, бұдан кейін жіліншікке апарып бинттің ұшын шеңберлі ораммен жіліншіктен жоғары бекітеді.


30сурет. Сирақтабан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет