Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету



бет7/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

3.2.6 Улы заттармен улану
Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бірбіріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.
Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.
Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.
Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.
Асқазан, ішекқарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.
Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.
Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.
Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.
Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.
Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.
Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.
Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішікізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәргер келгенше жасанды демалдыру жасау қажет.
Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазлайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфацилінің (альбуцид) еріітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.
Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.
Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырмағанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.
Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне,
көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.
Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. әктің қосапларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут). 
Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері: басында уланған адам ауырады, содан соң көзі ашиды, көзінен жас ағып қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел пайда болады. Содан соң дауыс қырылдап, кеуде тұс, асқазан ауырады. Бас айналады, ауыз қуысы күлдірейді (күйеді). Аммиактың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.
Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.
 сірке қышқылының 5%ды ертіндісін иіскету керек;
 уланған адамға респиратор кигізу немесе кезкелген қышқылдың (бор, сірке, лимон( 5%ды ерітіндісіне шыланған мақтамата таңғышты таңу керек;
 у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;
 қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;
 осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;
 осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;
 тамағына қыша қағазын қою керек.
Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 23 сағаттан кейін өкпе ісінеді.
Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақтадәке таңғышты тағу керек.
 зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;
 зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;
 көзді ас содасының 2%ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;
 зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;
 ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;
 егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауызданауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.
Күкірт қышқылымен улану кезіндегі алғашқы белгілері: кезкелген қаныққан қышқылдар мен сілтілердің буы арқылы уланғанда демалу жолдарының қозуы, жөтел, ауыр тыныс алу байқалады. Құсқың келу, қан аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер болады. Бұл тыныс алу жолдары мен ішек  қарын асқазаның шырышты қабатының химиялық күюінің салдары болып табылады. Жасырын мерзімнен кейін (2-24 сағатқа дейін) улы өкпе қабынады, содан соң өкпенің улы ісінуі пайда болады.
Алғашқы медициналық көмек:
 зардап шеккен адамға тез арада респиратор кигізіп немесе мақтадәке таңғышты таңып, зақымданған аумақтан алып шық;
 оны отырғызып көзін және терісінің ашық жерлерін шайып, аузын сумен шайғыз;
 жасанды жолмен құстыруға болмайды, өйткені қышқыл немесе сілтіні құсқанда өңеш қайта күюі мүмкін;
 егер зардап шеккен адамның дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында‚ ауызданауызға‚ демалу және жүрекке жанама сылау жасау арқылы дем алу қызметін қалпына келтіру;
 ағзаның өмір сүруге керекті жүйелерін қалпына келтірген соң, оны зақымдалған аумақтан көшір;
 «таза» аумақта зардап шеккен адамның ластанған киімін шешіп, оны таза киімге ауыстыр;
 егер зардап шеккен адам тұншығып жатса, тамағына қыша қағазын қою керек.
Сірке қышқылымен уланған кезіндегі алғашқы белгілері: адамның ағзасына сірке қышқылы ауыз арқылы түссе ауыздың, ерінің айналасындағы тері, тіл, ауыз қуысының шырышты қабаты күйіп қалады. Ал ауызда ішіне су толған көпіршіктер пайда болады. Жұтқанда қатты ауырады. Дауысы шықпай, зардап шегуші әрең, сыбырлап сөйлейді. Жұтқыншақтың күюі көмейді ісіндіреді, ол көмейдің бітелуіне әкеп, зардап шегушінің тұншығып өлуіне әкелуі мүмкін.
Асқазан ішек жолдары жағынан жүрек айну, қан аралас құсу, асқазаннан қан кету байқалады.
Алғашқы медициналық көмек:
 ауырсынуды басатын егу жасау;
 зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.
Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшәнәмен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, Жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазанішек жолдарынан қан кету.
Бір мезгілде асқазанішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.
Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазанішек жолдарының шыршты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у дем алу органдары арқылы түссе, дем алу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.
Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяққолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
 зардап шеккен адамға мақта дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;
 таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;
 терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;
 егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;
 оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;
 асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін  ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;
 зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниі бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;
 зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырсу қажет.
Көміртектің тотығымен уланған кезіндегі белгілеріжеңіл деңгейде уланған адамның терісі өзгермейді, түшкіріп, құрғақ жөтел, бастың сақиналы қатты ауыруы, жалпы әлсіздік, бас айналу. Жүрісі бұзылады. Жүрек тамырының соғуы, дем алысы жиіленіп, артериалды қысымның, дене қысымының көтерілуі.
Жеңіл уланған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмек:
 тезірек уланған адамды түтіндеу аумағынан таза ауаға шығарып,
өкпесін тазарту мақсатында терң дем алдыру керек;
 зардап шеккен адамға шай беріп, оны көрпеге орапжылыту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет