Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету



бет2/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

3.2.2 Қан ағу
Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді.
Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Қан ал қызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

2сурет. Қанның күре тамырдан ағуы
Көк тамырдан аққан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

3сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.
Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі  зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу. Қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін тұстан жасаған оңай.

4сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер


Саусақпен қанды тоқтату. Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынынан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканның, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды (5асурет).
Шықшыт күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сұқ саусақпен шықшыттың бұрышына қысады (5бсурет).
Самай күре тамырын баста қанауға бейім жара болғанда бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады. Саусақты одан 1-1,5 см қашықтықта ұстау керек (5всурет).
Тақымдық күре тамырды бұғананың астындағы шұңқырда бірінші қабырғаға қысады, бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынының маңайында немесе қолтықтың астында болғанда қолданылады (гсурет).
Иық күре тамырын, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бө лігінде немесе білекте болса, екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады (5дсурет).
Қолтық күре тамыры иықтың орта және төменгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шығыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сұқ саусақты тіреніш өте отыра қалған саусақпен күре тамырды қысады), (5есурет).
Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын орта және төменгі тұтас сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жұдырықпен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады (5жсурет).

5сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
Кәрі жіліктің күре тамырының ұшы зақымданғанда бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.
Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяққол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішекқарын тамырлары зақымданғанда пайда болады. Ішкі қан ағу кеуде, іш, бас, куысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.
Аяқ қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату: сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.
Қан тамырын саусақпен басу едәуір күшжігерді қажет етеді және оны күшті жақсы адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық ұстап тұра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болатын болса күйдіргі немесе бұрауды жылдам қою қажет.
Тамшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты, мүмкін болса қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан көбірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүгу арқылы жабуға болдаы (6сурет).


6сурет. Аяқ қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату
Күйдіргі және бұрау қою арқылы қанды тоқтату. Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде әдетте қатты тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяққолды көтеріп қояды.
Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтататуға болады.
Қан тоқтататын күйдіргі ені (1,5-2 см) жалпақ, иілмелі резина кесіндісі. Оның бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген (7сурет).

7сурет. Күре тамырдан аққан қанды күйдіргі қойып тоқтату
Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі›
. Күйдіргі аяққолдың кезкелген жеріне қойылуы мүмкін.
. Күйдіргі қоярдан бұрын оның астына жаралының киімін төсейді немесе бинттің бірнеше қабатын орайды.
3. Күйдіргіні салар алдында тартады, сонан кейін тартуды әлсіретпей аяққолға салады, бұл жағдайда күйдіргі қабатының әрбір орамын алдын ала салады.
4. Қысудың жеткіліктілігін бақылау күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғысының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. "лсіз қойылған күйдіргі қан ағуын күшейту мүмкін, ал қатты тартылған күйдіргі жүйкені зақымдау мүмкін.
5. Күйдіргі жазда 2 сағаттан артық, ал суық уақытта 0,5-1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе күйдіргі қойылған жердің жоғары жағындағы аяққолдың жансыздануы мүмкін.
6. Суық уақытта күйдіргі қойылған аяққол жылытылуға тиіс (мақта, жылытқы қойылады).
7. Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс, ал қағазддың өзі күйдіргінің астына қойылуы немесе аурудың киіміндегі көрмек жерлері түйруеішпен бекітілуі қажет. Күйдіргі қойған жаралы төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетілуі тиіс.
Күйдіргі қою кезіндегі қателер: айғақтың жоқтығы, яғни оны көк тамыр мен ұсақ тамырлардан қан аққан кезде қою, жарадан ашық дененің ашық жеріне қою, әлсіз немесе шеттен тыс қатты тарту, күйдіргінің ұшын бос бекіту.
Күйдіргінің үстіне таңғыш, орамал қоюға болмайды. Күйдіргі көзге түсетіндей болып жатуға тиіс.

Күйдіргі ретінде шалбар белбеуін де пайдалануға болады, оны қос ілмек түрінде аяққолға кигізіп тартады.


Күйдіргі болмаған жағдайда тамырдан қанның ағуын бұрау қою арқылы немесе аяққолды қатты бүгіп, осы күйде ұстай тұру жолымен тоқтатуға болады. Бұрау үшін арқан, ширатылған орамал, мата кесіндісі пайдаланылуы мүмкін (8сурет).

8сурет. Күре тамырдан аққан қанды бұрау қойып тоқтату
Дөрекі қатты заттар жүйені тез зақымдауы мүмкін. Бұрау үшін қолданылған затты қажетті деңгейінде байлайды. Жасалынған ілмекке таяқ өткізеді және оны айналдыра отыра ілмекті қан толық тоқтағанға дейін бұрайды, одан соң таяқты аяққолға мықтап байлап тастайды (9сурет).

сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату реті
Бұрау қою сайсүйекті сырқырататын рәсім, сондықтан түйіннің астына қандай болсын бір зат қою керек. Күйдіргі қою кезінде байқалатын барлық қателер, қауіп пен асқыну бұрауға қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет