Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету


Күннің өтуі және ыстық тию



бет6/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию
Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).
Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айниды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.
Басты орамалмен жабу, сондайақ басқа суық су құю алдыналу шаралары болып табылады.
Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысынуыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.
Денеге ыстық тиюдің үш себебі:
. Жоғары сыртқы температура;
2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;
. Ауыр жұмыс істеу.
Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөл мелерде, ыстық цехтарда болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себеп қосылған кезде пайда болады.
Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.
Ыстық тиюдің алғашқы белгілері  аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, мл 10% кофейн ертіндісін, мл кордиамин, мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет