Үсік шалу Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60отан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуімен қоршаған орта ылғалдығының өсуіне сәйкес атта түседі.
Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйісырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі және т.б.
Үсікке аяққолдың, құлақтың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.
Организм қатты суынған кезде (қан тамырлары түйіліп тығындалады) қан айналымы, айырбас процестері бұзылады (тамақтану бұзылып, артынша ауыр жағдайға алып келеді). Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі темератураның созылымдығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалған ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстардың негізгі себептері осы төңіректе коректенетін қан тамырларының кең таралып, қатты тығындалуы жетілетін тромбоз болып табылады.
Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша төрт дәрежеге бөлінеді:
I дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяққол мұздайды. Негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домығады.
II дәрежеде теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші едәуір ауыртпалықты сезінеді.
Үсік шалудың осы дәрежесінде температураның көтерілуі есінеу, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады. Осы жері көгеріп тұрады, сезімталдық әлсірейді, тырнақтың түсуі, сүйектің сырқырауы, тамырдың соғысы байқалады.
III дәрежеде негізгі тамырлар соқпайды, зақымдану тереңдігі біртіндеп анықталады. Алғашқы күндері терінің домығуы байқалады, көпіршік пайда болады терінің жабылмаған бөлігінің ісіну жолағы пайда болады.
Тереңдігі ұлпалардың зақымдануы қалың ірің түрінде 3-5 күнде байқалады. Ұлпалар мүлдем ештеңе сезбей аурулар азапты сырқаттан азап шегеді. Үсік шалудың осы дәрежесінде қатты көрінеді әуелі дене қатты қалтырайды іле шала қоршаған ортаға селқостықпен қарау ахуалы жайлайды.
IV өте ауыр. Ұлпалардың барлық қабаттарының оның ішінде сүйектің жансыздануымен сипатталады.
Дененің зақымдалған бөлігін жылыту мүмкін емес, ол суынған және мүлдем сезімсіз күйінде қалады, терінің бетін қара сұйықты көпіршік жабады, нақты ажырату жолағы 10-17 күннен кейін пайда болады.
Зақымдалған аймақ тез қарайып құрғай бастайды. Аяққолдың ажырау процесі ұзақ (1,5-2ай), жараның жазылуы өте баяу. Бұл кезеңде организмнің жалпы күйі күрт нашарлайды, органдарда дистографиялық
өзгерістер (бұзылу) байқалады.
Алғашқы медициналық көмек- зардап шегушіні әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде бұны жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ысыну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады. Дененің үсінген бөлігін қармен ысқлау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан қауіпті теріске шығарылды, өйткені суықты күшейтеді, ал мұздақ теріні жаралап, үсінген төңіректі асқындырады.
Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40о дейін біртіндеп артырған жөн. Бұл жағдайда аяққолды кірқоқыстан мұқият жуған дұрыс. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп таза таңғышпен жауып, қандай да бір жылы жамылғымен қымтау қажет.
Сырқатқа ыстық шай, кофе жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді.
Бет үсінген кезде үлбіреген жерлерді иіс сумен сүртіп, вазелин немесе антисептикалық крем жағады, одан кейін иіс сумен шайылған таңғыш қояды.
Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.
Аяққол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.