3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию Суға батумеханикалық тұншығудың (асфиксияның) бір түрі. Суға батудың үш клиникалық нұсқасын бөліп көрсетуге болады.
I нұсқа зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлық тоқтауымен және тосын суынудан, аяқасты естің шығуынан құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл жарғағының тесігі арқылы және кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреуімен сипатталады. Осыған байланысты адам тез батады, өкпеге су толып үлгермейді, зардап шегушінің терісінің бет жағыағарадыдене сипағанда суық бет бейнесі көгереді, үстіңгі тыныс алу жолдарынан су шығарылғанан кейін көбік бөлінбейді.
II нұсқауда адам суға баяу батқан кезде яғни судың үстіне бір шығып бір батқан кезде (қажыған уақытта) өкпеге судың толуымен ерекшеленеді.
Бұл жағдайларда тері жамылғыларының көгеруі, мойын мен аяқ қол тамырларының ісінуі, ауыз бен мұрыннан қызғылт түстес көбіктің шығуы байқалады.
III нұсқауда мастық, мидың шайқалуы, талықсу нәтижесінде зардап шегушінің орталық жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады.
Суға батудың бастапқы кезінде дауыс саңлауы қарысып қалады және судың болмашы ғана бөлігі өкпеге кетеді. Бұл жағдайдағы цианоз (кілегейлі қабықтардың көгеруі) бірқалыпты, жоғарғы тыныс жолдарына ұсақ көбіктер түседі.
Тізбеленген нұсқалармен қатар адам кенеттен сырқаттану (миокард инфаргі немесе мидағы қан айналымының күрт бұзылуы) немесе ауыр жарақаттан (сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омытрқаның, мойынның сынуы) нәтижесінде суға батуы мүмкін.
Суға бату механизмін анықтаудың реанимацияны табысты жүргізу үшін үлкен маңызы бар. Егер тыныс алу мен жүректің рефлектролық тоқтауы кезінде (ақ суға батушылар) клиникалық өлім жағдайынан шығару тіпті организм су астында минут болған жағдайда шығаруға болады, ал суға батудың басқа түрлерінде (көк суға батушылар( табысты реанимация үшін су астында болу мерзімі үшалты минуттан аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда қыста суық суға батқан кезде реанимациялық шаралардың табысты болуы үшін адамның су астында 2 минутқа дейін болған кезінде де үміт артуға болады.
Оқиға орынында алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде естің баржоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін тыныс алудың және гемодинамиканың (қан айналымның( сипаты мен көрнісін ескерту керек. Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешу керек, денені құрғағанша сүртіп, оны қымтап тастайды, ыстық сусын береді (шай, кофе).
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алу мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса қа екбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяққол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:
тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;
жасанды тыныс алдыру;
қан айналымын қолдау.
Жоғары тыныс жолдарын босату мынандай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.
Тыныс жолдары мен асқазан су мен көбікті шығару, суға батушыны екбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге баржоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (17сурет).