Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету



бет4/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3.2.4 Күйіктер
Күйік - жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
Термиялық күйік - денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т.б.) әсерінен пайда болады.
Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттарының әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю - адролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінрек анықталады.
Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және денесімен зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:
I  дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.
II  дәрежелі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады.
II  дәрежелі күйік кезінде терінің тереңдігі қабатттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, онда бір аптадан соң терінің қабаттары кедірбұдырсыз қалпына келеді.
III  дәрежелі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.
IV  дәрежелі күйікте аса қуаіпті жоғарғы темпеатураның әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.

15сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер
III және IV  дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.
Күйік ауруының алғашқы кезеңі күйіктен ес шығу деп аталады. Күйіктен ес шығу кезінде сырқат әуелде қозады, ыңырсиды, іші бұрап аурады, бұдан кейін селқостық басталады. Әдетте ес шыққан кезде құсық, шөлдеу, тамырдың әлсіз жалдам соғысы байқалады. Күйіктен естен танудың басты белгісі кіші дәреттің күрт азаюы, ал кейде мүлдем тоқтауы болып табылады.
Күйіктен ес шығудан кейін өте ауыр күйік азабы, яғни денеге улы заттардың түсүінен қанның улануы басталады. Бұл кезеңде жарадан қаңға ұлпаның ыдырау өнімдері сорылады одан кейін жүйке жүйесінің бұзылуы қозуға (ұйқысыздыққа, бұлшық еттердің шоршуына) немесе еңсенің түсуіне алып келеді.
Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек- зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Жалын қаулаған киімді әсіресе, егер оған жылдам тұтанғыш сұйық түссе, ең алдымен, зардап шегушіні тығыз матамен орап тастау жолымен сөндіруге болады, сонда отқа ауаның баруы тоқтап жалын өшеді. Бүкіл киімді, әсіресе жылдың суық мерзімінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.
Алғашқы көмектің келесі міндеті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады.
1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға жәнен алуға, сондай-ақ күйген жерге қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға немесе басуға көмектеспейді есесіне жұқпалылардың енуіне жол ашады ал бұл өз кезегінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қыиндық келтіреді.
Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек- химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі - стакандағы суға бір шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады.
Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су (ем- домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады, таңғышты ерітінділермен ылғалдауға болады фосфордан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфар ауада тұтанады және күйік аралас - термиялық және химиялық (қышқыл)болып шығады. Дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесектерін таяқпен және мақтамен кетіреді. Фосфор кесегін қатты су ағынымен шаюға болады. Сумен шайғаннан кейін күйген жерді мыс купоросының 5% ерітіндісімен тазалайды, бұдан кейін терінің үстін тазаланған таңғыштармен жабады. Май мен мазды пайдалану жағымсыз әсер етеді,
өйткені олар фосфордың сорылуына көмектеседі. Напалмда фосфор болатындығын ұмытпау қажет, сондықтан ол күйдерген кезде ол фосфорлық күйік тәрісздес болуы мүмкін.
Сөндірілмеген әктен болған күйікті емдеуді маймен жүргізеді. Әктің барлық кесектірін алғаннан кейін ғана жараға маз жағылған таңғыш қоюға болады.
Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.
Есіңізде болсын!
Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.
Екінші тәртіп - целлофан пакеттері, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.
Үшінші тәртіп - зардап шегушіге екі - үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).
Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.
. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астында қойып 10-15 минут ұстау.
2. Таза құрғақ матамен жабу.
. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).
2,4дәрежелі көмек көрсету кезінде жасауға болмайды: 
. Сумен шаюға.
2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабуға.
. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қоюға.

16сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай


1,2дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет