Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету


Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу



бет3/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқыншақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады (10сурет).

10сурет. ақолдың жабық сынығы, 
баяқтың ашық және жабық сынығы
Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріңдеуқабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.
Сүйектің сыну белгілері:
Жабық сынған кезінде:
   сүйек сынған жердің сырқырауы;
 аяққол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
 сүйек сынған жердің қанталауы мен домығуы;
 аяққол қызметінің бұзылуы;
 буындар арасындағы аяққол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.
Ашық сынық кезінде:
 аяққол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
 жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;
 жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;
 аяққолды қозғалтқан кездегі сырқырау.
Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады, сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.
Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешуге, олдарды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрідәрмек беріліп, бұдан кейін қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.
Сырқатқа қарсы дәрідәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы анальгетиктердің, шприцтүтіктерді (анальгин, пенталгин, трепан, баралгин және т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
Аяққол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: таяқ, тақтай т.б. заттар қолданылады.
Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяққолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.
Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.
Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.
Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым данған аяққолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.

11сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау
Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:
. Иммюбилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.
2. Шинаны бірден жалаңаш аяққолға қоюға болмайды.
3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек (мысалы сирақ сынған кезінде сирақ табан және тізе буындары бекем байланады).
. Сан сынған кезде аяқ қолын барлық буындармен бекем байлау қажет (тізе, сирақ табан, санжамбас).
Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұру үшін дәкімен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға іліп қояды.

Білек сүйектері сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.

12сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байлап орайды.
Бұғана сынғанда кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақтадәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.
Табан сүйектері мен сирақтабан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар құрал пайдаланылады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяққолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тірек бұрышпен сираққа мығым байлануға тиіс.
Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың үстіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екіншісін сыртқы жағынан, содан соң табанды мықтап бекітіп аяққолға орайды. Шығыңқы сүйек ұшына кесінділер тиетін жерге мақта қояды.
Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақтабан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақтабан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.
Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяққолды сау аяққолға байлап тастау керек.
Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Дитерикс шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады. Бұл шинаны киімнің үстіне қояды және ағаш өкшені сырқат аяқтың табанына байлаудан бастайды. Зардап шегушінің бойына қарай шинаның сыртқы жағы (ұзын) сабы мен қолтықтың арасына тіркелуге тиіс. Ал оның қарсы жағы өкшеден 12-15 см шығуы қажет. Бүйірдегі шинаны әуелі ағаш өкшенің ілгек арқылы өткізеді, содан кейін шаптың төңірегімен қолтықтың астына қояды. Өкшенің астына шинаның төсемдері қиғаш тақтайшамен бекітіледі. Шинаны аяқ пен денеге енді бинтпен, белбеумен, орамалмен және т.б. орайды. Табан сирақ және тізе төңірегендегі сүйектің шығыңқы жері не мақта түйнегін немесе мата орамын қояды. Ағаш өкшеден саптың түйістіретін қуысына мықты екі қабат бау өткізеді оны байлау арқылы аяққолды түзейді.

13сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау
Омыртқаның сынуы  қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орынында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді.
Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті. Жұлын, әсіресе оның жоғары тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алу тарылады.
Жарақат кезінде жұлын мен оның қатпары сыдырылуы, қысылыуы және үзілуі мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек- жұлының зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар, ал егер арнайы шина жоқ болса, сырқатты екбетінен жатқызады.
Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойынды қозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (қалыңдығы 2 см дейін) қажет. Мақтаны екіге бүкітейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілмен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қаңқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.
Иммобилизациялаудан, қатты байлайтын жаға қоюдан, зардап шегушіні сауатты тасымалдаудан басқа ауруды әлсірету немесе жазу үшін шаралар қабылдау аса маңызды.
Зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериан тұнбасынан 20 тамшы, аналгин, димедрол ішкізген дұрыс.
Жүрек тамыр жолдарының әлсіреуін ескерту қажет. Бұл үшін сырқатқа валокордин, корвалол, кордиамин сияқты жүрек дәрмектерін беру қажет. Зардап шегуші жақсы қымталуға және суықтан қорғалуға тиіс. Оның аяқтарын орамалға бүктелген ыстық жылытқы мен ыстық су құйылған шөлмек арқылы жылыту қажет.
Жамбас сүйектерінің сынулары. Жамбас сүйектерінің зақымдалуы әдетте санның айналасына қандай да бір заттардың тиюі, заттардың соққысы, құлауы санның әртүрлі бағытта сәтсіз қысылуының салдары болып табылады.
Осыларға байланысты жамбас сүйектерінің ашық және жабық сынықтары болады.
Жамбас сүйектерінің сынуымен қатар жамбас органдары зақымдалуы мүмкін. Жамбас сүйектерінің зақымдануы төрт топқа бөлінеді. Жамбас жүзікшесінің бұзылуынсыз болған сынық кезінде көбінесе сынған жердің айналасы сырқырайды. Сыныққа жанасқан бұлшық еттің кернеуі сырқырауды күшейте түседі. Мысалы, құймышақ сүйегі сынған кезде сырқырау зақымдалған сүйекті сипаған кезде де, сондайақ бұлшық еттің кернеуі немесе созылуы кезінде де пайда болады.
Жамбас жүзікшесінің тұтастығы қоса бұзылатын сынықтардың анық белгісі бар, бұл тірек қызыметінің бұзылуына, қанның көбірек кетуіне және анық байқалған сырқатқа байланысты, аратұра естен тануға соқтырады.
Жамбас шұңқыры сүйектерінің сынуы буын шеміршегін қоса зақымдайды. Зақымдану дәрежесі үлкен болған сайын ауру асқынып кетеді. әсіресе, сынықтардың қозғалуы, шеміршек шұңқырындағы жамбас буынының таюы қатар болатын сынықтар кезіндегі сырқырау дәрежесіне төзуі өте қиын.
Жамбас буындарының сынығы сегізкөзмықын сүйек буындалатын жердегі жамбас сүйектерінің ажырауы кезінде пайда болады.
Алғашқы медициналық көмек- жамбас сүйектері сынған кезде таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрідәрмек (промедол, морфин) беру арқылы көрсетіледі.
Зембілге салынған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді.Санды қажетсіз оңдысолды қозғаудың қажеті жоқ, оны сырқат үшін ыңғайлы күйде қалдырады.
Сырқаттың жамбасын дәкімен қатты тартпай орап тастаған дұрыс.

14сурет. Жамбас сүйегі сынған кезде сырқатты әкету
Терінің айтарлықтай беріктік қаситеі бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.
Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәргерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.
Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.
Тарамыстың созылуы секірген, құлаған ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері  буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.
Буынның шығуы  бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарымқатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.
Буынның шығу белгілері: домығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буынның төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.
Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстуаға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет