Қосымша әдебиеттер:
Информатика : Оқу құралы / Н.В. Королева, И.Н. Кайдаш;- Алматы: Бастау, 2012.-504б.
Информатика: Оқулық / К.М. Беркімбаев.- 2-ші бас.- Алматы: Заң әдебиеті, 2010.-422б.
Бекова, С.М. Ақпараттық мәдениет негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Бастау, 2011.- 232б.
Методика решения учебных задач средствами программирования: Методическое пособие / Р.Р. Сулейманов.- Көкшетау: Келешек-2030, 2012.- 188 с.
Дедлайн
Білім алушының лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:
№
|
Бағалау критерийлері
|
Балл (max)
|
апталар
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Cабаққа
қатысу
|
20
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Конспект
|
10
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Белсенділік, сыни ойлау және басқа критерийлер
|
70
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Білім алушының практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:
№
|
Бағалау критерийлері
|
Балл (max)
|
апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Cабаққа
қатысу
|
20
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Белсенділік
|
10
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Конспект
|
10
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Тапсырма орындау
|
60
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Білім алушының БӨЖ бағалау критерийлері:
№
|
Бағалау критерийлері
|
Балл (max)
|
апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Глоссарий
|
25
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Конспект
|
25
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Реферат
|
50
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Пәннің академиялық саясаты
Білім алушылар пәнді игеру барысында келесі ережелерді қадағалаулары тиіс:
1. Білім алушылардың сабақтарға (Платонус АЖ-де онлайн-сабақтарға) қолжетімдігі болуы тиіс, яғни, барлығының – оқытушының да, білім алушылардың да сабақтарға (онлайн сабақтарға) бірмезгілде қолжетімдігі болуы тиіс.
2. Сабақтардың (онлайн-сабақтардың) бекітілген кестесінде көрсетілген уақытта сабақтарға қатысу және уақытынан бұрын шығып кетпеу.
3. Сабаққа (онлайн-сабаққа) қатысу үшін білім алушылар алдын ала сұрақтар құрастырып, алған тапсырмаларына жауаптар дайындайды;
4. Сабақтарға (онлайн-сабақтарға) қатысқан кезде білім алушылар алдағы конференцияның өткізу күні мен уақытын және конференцияда қаралатын сұрақтардың тізбесін жазып (жүктеп) алады.
5. Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
6. Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Прокторинг арқылы аралық бақылаулар, емтихан өткізу кезінде көшіру, шпаргалкалар пайдалану, басқа біреулер шығарған есептерді көшіру, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол беру және пәннің кез келген ақпаратын бұрмалау, интернетке рұқсатсыз кіру фактілері анықталған жағдайда білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.
ДӘРІСТІК КЕШЕН
Дәріс №1.
Кіріспе. Білім берудегі «білім», «оқыту», «әдістеме» ұғымдары
Информатика пәнін оқыту әдістемесін қарастырмас бұрын «білім», «білім беру», «оқыту», «әдістеме» ұғымдарын, олардың өзара байланысын, ерекшеліктерін қарастырайық.
Не үшін оқытамыз? Не үшін оқимыз? Білімді болу үшін оқытамыз немесе оқимыз. Ал «білім» деген не? Дәстүрлі оқыту жүйесінде білімді «ақпарат» деп санайды, оны ақпаратпен байланыстырады. Бірақ, бұл түсінік дұрыс емес. Өйткені, бұл түсінік оқыту мен оқудың және үйрету мен үйренудің мазмұнын ұстаз тарапынан «ақпарат берумен», оқушы тарапынан «ақпарат алумен» шектейді. Ондай жағдайда есінде, жадында көп ақпарат сақтайтын адамды «білімді» деп айта аламыз ба? Мысалы, әлемнің кереметтері туралы немесе мұхиттар мен теңіздер туралы есінде көп ақпарат сақтаған адамды білімді деп айта аламыз ба? Ал мұндай көп ақпарат адамға пайдасын әкеледі ма, жеке өмірін жақсартуға ықпалын тигізеді ма? Дәстүрлі оқытуда осылайша есте сақтауға, репродуктивтілікке баса мән беріледі. Мысалы мұғалім өзінің бүгінгі түсіндірген сабағын ертең оқушыдан қайталап айтып беруін немесе кітаптағы жазылғанды оқып, есінде сақтап, соны айтып беруін сұрайды. Егер оқушы мүлтіксіз қайталап айтып берсе, оған «жақсы», «өте жақсы» деген баға қойылады.
Бірақ бұл есте сақталған ақпараттар келешекте уақыт өте келе ұмытылып кетуі мүмкін. Мысалы, ҰБТ-да есте сақтау қабілеті тексеріледі. Белгілі бір уақыттан кейін ол есте сақталғандар ұмытылып қалады. Бұдан шығатын қорытынды: ақпараттардың барлығы білімге жатпайтындығы, білім емес екендігі.
Екінші дәлелді қарастырайық. Әлемдік ғалымдардың айтуынша, ақпарат 1800-1900 жылдар аралығында, яғни 100 жылда екі есеге өскен. Одан кейін 1900-1950 жылдары 50 жылда, 1950-1970 жылдары 20 жылда, 2010 жылдары әрбір 2 айда екі есеге өсіп отырған. Дәл бүгінгі таңда әрбір апта сайын екі есеге өседі.
Ақпарат көлемінің дәл осындай қарқынды дамуы жағдайында адамның миы оның бәрін есте сақтай алмайды. Ғалымдардың келтірген дерегі бойынша адам миының есте сақтау қабілеті қалыңдығы 3 см кітаптан 300 миллион кітапты есте сақтауға жетеді. Мидың есте сақтау көлемінің біршамасын күнделікті тірлікке байланысты ақпараттар (адамдармен сөйлескен, естіген әңгімелерің, жүріп-тұруға, тамақтануға байланысты ақпараттар, т.б.) құрайды. Уақыт өте келе ақпараттар біртіндеп ұмытыла бастайды. «Адамның табиғи қасиеті – есте сақтау емес, ұмыту» деген философиялық тұжырым бекер айтылмаса керек. Өйткені, адам күнделікті өмірінде өзі қаламаса да түрлі жағдайда түрлі ақпараттармен кездеседі, ол біраз уақыттан кейін ұмытылып қалады. Бұл да ақпараттардың бәрі білім емес екендігін көрсетеді.
Ақпараттың білім емес екендігінің үшінші дәлелі. Ақпараттың бірнеше түрі бар: вербальды ақпарат (сөз сөйлеу арқылы), дыбыстық, бейнелік, т.б. Осы ақпараттардың бірі сөйлеу арқылы берілетін ақпарат. Күнделікті отбасылық әңгіме сөз ақпаратына жатады. Егер ақпаратты білім дейтін болсақ, онда осы отбасында айтылған сөздер, әңгімелер, яғни, сөз ақпараты неге бізге білім болып қалыптаспайды.
Алайда, «Күн бар жерде көлеңке бар» деген сияқты кез келген пікірге қарсы пікір туғызуға болады. «Әлемді сөз билейді, сөзді оның қадірін білетін адамдар билейді» деген ұғым бар. Біздің бабаларымызда «сөздің құдіреті» деген ұғым бар, сөзге айрықша мән берген. Сөзге тоқтаған. Бір ауыз сөзбен елдердің арасындағы жауласуды тоқтатып, татуластырған.
Бірақ педагогикада сөзбен жеткізу арқылы оқыта алмайсың. Конфуцийдің айтқаны бар ғой «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Оның үстіне бүгінгі қоғамда сөз арзан құндылыққа айналды. Сөзімізге мән бермей айта саламыз, сөзімізде тұрмаймыз, сөзімізге жауап бермейміз, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |