Дәстүрлі немесе репродуктивтік білім деп мұғалімнің берген ақпаратын оқушының пассивті, еріксіз түрде қабылдауын айтамыз. Репродуктивті іс-әрекет алдын ала жасалған үлгі, алгоритм боынша орындалады. Мұндай жағдайда оқушы берілген ақпаратты механикалық түрде есте сақтайды.
Репродуктивтік білімнің көрсеткіштеріне жоғарғы жақтан күштеу, еркіндікке жол бермейтін қатал тәртіп, кітаптар бойынша оқыту, қайталау арқылы жүйеленбеген біліктіліктер мен дағыдыларды қалыптастыру, өзгерістерге ұшырамайтын (статикалық) материалдарды ұсыну жатады.
Құрастырылған немесе конструктивтік білім деп оқушының іздену, ойлау, талдау, сараптау секілді белсенді әрекеттері арқылы игерілетін білімді айтамыз. Конструктивтік білімнің көрсеткіштеріне тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі, тәжірибе арқылы үйрену, мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану, еркіндікте ізденіс жұмыстарын жүргізу, әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасымен ілесіп отыру жатады.
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты. Яғни, білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Олардың барлығын үйренуші іздену мен ойлану арқылы қалыптастырады, «құрастырады». Мұнда мұғалімнің қызметі оқушының ізденуіне жол көрсетіп, жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, білім – адамзаттың жинаған тәжірибесі, заттармен құбылыстардың, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы – талдау, сылыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұ,ыну қажет. Білім алушы ойлау арқылы өз білімін практикада шындыққа айналдырады.
Біз жоғарыда тек «білім» ұғымы туралы айттық.
Енді «оқыту», «әдістеме» ұғымдарына тоқталамыз.
Оқыту – дидактиканың негізгі салаларының бірі.
Оқыту дегеніміз – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында мұғалім мен оқушының ынтымақтастық іс-әрекеттері негізінде жүзеге асырылатын екі жақты процесс.