«жаратылыстан» институты



бет19/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Процесс дегеніміз – кез келген жүйе күйінің, жағдайының өзгеруі.
Оқу дегеніміз – оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалап оқыту, бағдарламалап оқыту, т.б.
Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту репродуктивті түрде, проблемалап оқыту продуктивті түрде оқытуға негізделген.
Әдістеме – белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жетуге бағытталған әдіс-тәсілдердің жүйеленген жиынтығы.
Әдістеме – жеке пәндер бойынша берілетін білімнің көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Олардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Әдістеме ғылымы тек дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, олардың танымдық қабілетін қалыптастыру, арттыру, дамыту мақсатында мұғлімдердің қолданатын әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. 
Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі әдістер, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикалық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
Дәріс №2
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні педагогикалық ғылым ретінде. ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы. Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері.

Мектептерде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің енгізілуіне байлагысты дидактикада «Информатиканы оқыту әдістемесі» атты жаңа сала пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет