«жаратылыстан» институты


Сонымен білім дегеніміз не?



бет17/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Сонымен білім дегеніміз не?
Ақпаратты алушы өзі еңбектеніп, өзі ізденіп ақпарат алса және алған ақпаратын саралап, талқылап, ары қарай қолмен жасап үйренсе және ол өзіне алдағы уақытта пайдалы, нәтижелі болатындай, керегіне жарата алатындай болса ғана білім болады.
Жоғарыда айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?
1). Айтып беру, түсіндіру, жаттату арқылы есте сақтауға (репродукцияға) бағытталған дәстүрлі оқыту бүгінгі күнде жарамайды. Мұндай әдістер өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін нәтижелі болған. Өйткені ол кездерде ақпарат көлемі аз болған. Біздің ата-әжелеріміздің, әке-шешелеріміздің мектеп кезіндегі оқыған, жаттаған оқу материалдарын әлі күнге дейін есте сақтап қалуының себебі ақпарат көлемінің аз болуында.
Мысалы, мынадай әзіл бар: «мұғалім не үшін тозаққа барады, ол біреуге білім берді ғой» десе, «ол өзі білгенді басқалардан сұрай бергені үшін барады» депті. Бұл әзілдің астарында терең мағына жатыр. Шындығында да, мұғалім өзінің білгенін неге басқадан сұрайды, мүмкін білмейтінін сұрау керек шығар. Ал ондай жағдайда, «өзі білмесе несіне мұғалім болып жүр?» деген сұрақ пайда болады.
Мұғалім өзінің жүргізетін, оқытатын пәні тұрғысынан алғанда көп нәрсені біледі, көп нәрсеге қанық. Бірақ, сол білгенін ой елегінен өткізіп, саралап, өмірде пайдалануы кезінде қателесуі мүмкін. Өйткені, әр адамның ойлау, тұжырымдау қабілеті әртүрлі. Сондықтан да, мұғалім оқушыларға оқу ақпаратын ұсынумен қатар, оларға алған ақпаратын талдай, тұжырымдай білуге, содан қорытынды шығара білуге үйретуі керек. Сол кезде ғана ол білім болады.
Ал оқушылар оқу материалын мұғалімнен дайын күйінде ала салуға бейім. Өйткені олар үшін мұғалім бас ауыртып, ізденіп жатыр, ал мұғалімге сол үшін мемлекет тарапынан ақша төленеді. Бұл мектептің жағдайында. Ал, жоғары оқу орнының жағдайында ақылы негізде оқитын студенттің ата-анасы мұғалімге ақша төлейді. Бұл жағдайда оқушыларға, студенттерге ізденудің, ойланудың, толғанудың қажеті жоқ. Сол себептен де, ақпарат ағынының қазіргідей көп жағдайында білім сапасы төмен болып отыр. Содан келіп күнделікті өмірде кездесетін қандай да бір мәселеде өздігімізден шешім қабылдай алмай жатамыз. Біз үшін үлкендер немесе тәжірибесі, көргені көп басқа адамдар шешім қабылдайды. Мысалы, мамандық таңдауда.
Тағы бір мысал. Мұғалімнің алдында сабақ айтып тұрған оқушы сабақты мұғалімге қарап тұрып айтады. Егер мұғалім «дұрыс» деп қолдап отырса, ары қарай өзінің жаттап алғанын айта береді. Егер «дұрыс емес» десе сол жерден тоқтап қалады. Неге? Себебі, ол өзі білімді ізденіп оқып, оны талдамаған. Тек дайын тұрғанды жаттап ала салған. Егер оқушы өзі ізденіп оқыған болса, ол мұғаліммен таласар еді.
Білім беруді репродуктивтіліктен продуктивтілікке ауыстыру керек. Яғни, білімді басқадан дайын күйінде алып, өзіңде есте сақтау емес, өзің іздену арқылы білімді болу, тапқан біліміңді пайдаңа жарату, оны өнім ретінде пайдалана білу маңызды.
Не үшін бізге білім керек? Бұл сұраққа жауап іздеу үшін мынадай мысал қарастырайық. Адамдар неге балалық шағын аңсайды, егер мүмкін болса балалық шағыма қайта оралар едім дейді?
Себебі, балалық шақта сен үшін барлығын ата-анаң жасады. Сен не ішемін, не киемін, ертеңгі күнім қалай болады деген жоқсың. Есейгеннен кейін өз күніңді өзің көруің керексің, жанұялы, балалы-шағалы болсаң олар үшін де жұмыс жасауың керек. Яғни, ізденуің керек, ал ізденістің нәтижесі білімге келіп тіреледі. Білім сол үшін керек.
Үлкендер қулық, сұмдығы жоқ балалық пәк шағын аңсаумен қатар өз мәселесін ата-анасы шешетін, өзі үшін ата-анасы шешім қабылдайтын уақытты да сағынады екен. Американдық ақын Уитмен Уолт «Мен де, басқа да, сіз үшін сіздің жолыңызды жүріп өте алмайды» деген. Яғни, әр адам өз өміріне өзі жауапты. Сол сияқты әр оқушы, әрбір білім алушы білім алуға өзі жауапты. Еліміздегі жаңашыл педагог-ғалым Асхат Әлімов: «Оқушылар мен студенттер білім менің тарапымнан ешқандай алға ұмтылыс пен ықтиярлық болмаса да автоматты түрде игеріледі деген ойдан аулақ болуы керек» дейді.
Педагогикада білімнің бір-біріне қарама-қарсы екі түрі бар: репродуктивтік (дәстүрлі, есте сақтау) және конструктивтік (құрастырылған). Ғалымдар білімнің түрлерін әртүрліше жіктейді, мысалы, дәстүрлі және прогрессивтік деп, репродуктивтік және жүйелі білім деп, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет