Жаратылыстану факультеті


Несептің түзілуі және құрамы



бет36/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Несептің түзілуі және құрамы. Heceп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп пайда болады.
Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал
мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан
тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағыңдағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.
Қуыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқыл. Құрамының негізі - су (98-99 пайызы), қалған 1-2 пайызы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері - 1300-1500 мл.
Астың құрамындағы ақуыз ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпыны келтіруге негіз болып табылады. Ақуыздан жасушалар мен ұлпалар құралады және ферметтер мен кейбіргормондар түзіледі. Жасушалардың орнына басқа заттар (майлар, көмірсулар ) колдана алмайды. Ақуыз асқорту мүшелері жүйесінде аминқышқылдарда дейін ыдырайды және ол аш ішектен қанға өтеді.
Осы әр түрлі аминқышқылдарынан жасушалар мен ұлпалардан адам ағзасына тән ескі ақуыз ағзада ыдырап отырады. Сөйтіп ағзада ақуыз үнемі жаңарып тұрады. Мысалы, бұлшықет жасушаларында – миозин, ал сүт бездерінде казеин деген ақуыз түзіледі. 1г зат ыдрағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді және ақуыздың ыдырау заттары –су, көміртегінің қостотығы, аммиак, мочевина және т.б. пайда болады. Бұлар қажетсіз заттар, олар сыртқы шықарылады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті ақуыз мөлшері 100-118г.
Балалар мен жас өспірімдерде ақуздың түзілуінен гөрі ыдырауы көп болада. Сондықтан оларға тамақтану мөлшерінен есептегенде мұны естен шығармаған жөн.
Май. –ағздағы негізінен энергия бөлінетін өнім және плпстикалық материал. Май жасушалары мен ұлпалары құрамына кіреді. Мысалы, жасушалар қабықшасындағы ақуыз молекулаларын қоршап, олардың қозғалысына жеңілдік туғызады. Бұл жасушалардың қозу, тежелу, өткізгіштік қасиеттеріне әсер етеді. Май асқорту мүшелерінің жүйесінде глицирин май қышқылдарына ыдырайдыда , аш ішекте сіңірулердің алдында адам ағзасында тән майға айналады, аш ішектен лифаға өтеді, одан қанға түседі де, ағзаға таралады. Май маңызды энергия қоры. Май тотыққанда көміртегінің қостотығы, су және энергия бөлінеді. 1г май ыдырағанда көміртегі мен ақуыздан түзіледі. Бір тәуләктегі ересек адамға қажетті майдың мөлшері 100г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет