Жаратылыстану факультеті


Оқыту жағдайының оқушылар денсаулығына әсері мен оқыту ғибраттарына қойылатын талаптар



бет39/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Оқыту жағдайының оқушылар денсаулығына әсері мен оқыту ғибраттарына қойылатын талаптар.
1.Тері қабаты мен оның бездерінің атқаратын қызметі.
2.Кеуде бездері дамуындағы ауытқулар.
3.Шаш гигиенасы. Шаш пен тері эпидермофитиясы.
Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру - рационалды тамақтану, күн тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп санайды. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:

- қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу;


- денені белге дейін және аяқтарды жуу;
- тісті күту;
- шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау;
- бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру;
Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап алуы, құрал-саймандарды дұрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. Барлық жастарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Сыртқы ортаның организмге әсері. Организмнің дурыс дамып еңбек етуіне қажетті сыртқы ортаның колайлы жағдайлары - оқушылардың денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары әсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себебі әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пайдалана отырып, адамның денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады. Мысалы, суықтың әсерін дұрыс пайдаланып, организмді шынықтырып, оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері адамның сырқаттануына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.
Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азықтың құрамындағы заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне, денсаулығына қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөлшерден асса не азайса, сырқаттың пайда болуына себеп болады. Мысалы, тамақтың құрамындағы йод жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруының пайда болуы немесе таулы жердегі ауаның құрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының, немесе ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамның улануы мүмкін.
Физикалық әсерлерге температуралық, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, күн радиациясы, айқай-шу, электромагниттік өріс т.б. жатады. Бұлардың да көпшілігі организмнің өмір сүруіне қажет. Ал қажетті мөлшерден артық болған жағдайда, мысалы, ыстық ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең болу, не құлақтың мүкістенуі т. с. с., жағымсыз әсер етеді.
Биологиялық әсерлер - ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар, құрттар т.б. олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразиттік ауруларды тудырады.

Лекция №13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет